Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.8 Кб
Скачать

Мазмұны Бірінші Бүкіл қазақ съезі[өңдеу]

Тыл жұмысына қатысушылардың бірі 1917 жылы жаздың басында Каменец-Подольск ауданынан Жетісуға қайтқан Жүсіп Бабаев былай деп жазды: «Біз ауылға Уақытша үкіметке деген жек көрушілікті... және өз алдымызға кедейлер мен батрақтарға ұйымдасу қажет деген түсінікті ала келдік. Біз өзімізбен бірге... Кеңес өкіметі үшін болып жатқан орыс пролетариатының күресі туралы хабарды елге жеткіздік».[2].

1917 жылы мамырдың аяғы мен маусымнын басында ғана Омбы арқылы Ертісті жоғары бойлай Шығыс Қазақстанға 300 тыл жұмысына қатысушылар қайтып келе жатты.[3]. Көпшілігі Ресейдегі революция туралы хабарды ғана емес, ол туралы жазылған кітаптар, тіпті қару да әкеле жатқан еді. Мәселен, 1917 жылы 5 маусымда Омбыда «Нор-Зайсан» кемесіне отырғызу кезінде тыл жұмысынан қайтқан қазақтардан қару тәркіленген. Павлодар облысының Ермак селосы маңында бір кеменің үстінде олардан 100-дей винтовка тартып алынды. Сол кездің баспасөзі хабарлағанындай, тыл жұмысынан қайтқан қазақтар «далаға құрлық арқылы пулемет апара жатқан». 1917 жылы маусымның басында тыл жұмысына қатысушылар Павлодар арқылы «Петроград» кемесімен винтовкалар, қылыштар және оқ-дәрі алып өткен.[4].

Мұндай жағдай өлкенің басқа өңірлерінде де орын алған. 1917 жылы 26 маусымда Түркістан әскери округі Қазалы, Перовск, Түркістан, Ташкент теміржолы стансаларындағы барлық гарнизондық теміржол комитеттеріне мынадай бұйрық берді: «Жергілікті тұрғын жұмысшыларға (яғни тыл жұмысынан қайтқандарға. - авт.) мұқият қараңдар, атылатын және басқа да суық қарулары болса, алынсын... Жолаушылар пойызын алып жүретін әскери тексерушілер мен әскери күзетшілер майдан жұмысынан қайтып келе жатқан жергілікті адамдардың жүк-багажына ерекше назар аударсын».[5].

Тыл жұмысына қатысушылардың белгілі бір бөлігінің бұдан арғы қызметі қазақ еңбекшілерінің арасына большевиктер идеясын жеткізуге арналды, жұмысшы және шаруа депутаттары жергілікті Кеңестерінің белсенді мүшелері және Кеңестерге жақын келетін еңбекшілердің бұқаралық ұйымдарын құрудың бастамашылары болды. Өз ауылы мен қаласына келісімен олар Уақытша үкіметке, оның жергілікті органдарына қарсы пиғылдағы күштердің қатарын толықтырды. 1917 жылы 14 маусымда Уақытша үкіметтің Ақмола уездік комиссары облыстың орталығы Омбыға тыл жұмысынан қайтқан қазақтардың үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті қазақтарды Уақытша үкіметке қарсы қойып отырғанын жеткізді, ал Уақытша үкіметтің Астрахан губерниясының комиссары міндетін атқарушы шенеунік өзінің Ішкі істер министрлігіне жіберген жедел хатында Бөкей Ордасының тыл жұмысынан қайтқан қазақтары Уақытша.үкіметтің жергілікті ұйымдарына қарсы сөйлегендерін хабарлады.[6]. 1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тыл жұмысына қатысушыларды біріктіретін ұйымдар, жұмысшылар мен Кеңестерді қолдайтын революцияшыл-демократиялық жастар одақтары — «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» («Қара жүмыста істейтіндер одағы»), Жаркентте «Жұмысшы одағы», Түркістан өлкесіне қарайтын Қазақстанның оңтүстік облыстарында «Мұсылман еңбекшілерінің одағы» құрылды.

«Қара жұмыс істейтіндер одағын» ұйымдастыру мен нығайтуға және оны Жетісудың жергілікті халықтары арасында большевиктердің тірегіне айналдыруда А. Розыбакиев, Ж. Бабаев, X. Фариденов және т.б. үлкен рөл атқарды. Верныйлық «Қара жұмыс істейтіндер одағы» Құрылтайға, яғни мұсылман саудагерлер мен кәсіпорын иелерінің қалалық комитетіне қарсы шықты. 1917 жылы маусымның аяғына қарай «Одақ» құрамындағы қазақ, ұйғыр жне татар жұмысшыларының саны 600-ге жетті. А. Розыбакиевтың айтуынша, «Одаққа» мүшелікке барлық ұста дүкендері, кірпіш зауыттары мен ұсақ кәсіпорын жұмысшыларының басым көпшілігі, қолөнершілер мен қызметшілер кірген. Одақтың бөлімшелері Шелек, Малыбай, Лавар және Верный уезінің басқа да елді мекендерінде ұйымдастырылған.[7].

«Одақ» өз мүдделерін қорғау және ресми биліктің халыққа қарсы әрекетін әшкерелеу мақсатымен еңбекшілерді топтастыру идеясын кеңінен насихаттады. Халық арасында Жетісудың барлық қалаларында, тіпті кейбір ауылдар мен қыстақтарда жаздырып алушы оқырмандары бар сатиралық «Садақ» журналы кеңінен пайдаланылды. Журналда жергілікті басшылар мен діни қызметкерлердің жағымсыз істерін сын қаламымен түйреген О. Жандосов қызмет етті.

Қазақстанда кәсіподақ қозғалысы жылдам epic алды. 1917 жылы наурызда-ақ Семейде кәсіподақ ұйымдастыру қажет деп тапқан тау-кен жұмысшыларының жиналысы өтті. Жиналыстың шешімімен екі комиссия ұйымдастыру және үгіт-насихат комиссиялары құрылды. Ұйымдастыру комиссиясына кәсіподақ ережесінің жобасын жасау тапсырылды. 1917 жылы сәуірде Оралда «Құрылысшылар мен тау-кен жұмысшыларының кәсіподағы» ұйымдастырылды, ал Гурьевте (қазіргіАтырау) «барлық мамандық жұмысшыларының кәсіподағы» қызмет етті. 1917 жылы жазға қарай Семейде кәсіподақ ұйымдарының 11 саласы өз қатарына 3000 жұмысшыны біріктірді.[8].

Елдегі болып жатқан осы оқиғалардың әсерімен Қазақстанның шаруалар бұқарасы да өлкенің саяси өміріне белсенді түрде қатыса бастады. Мұның айқын куәсі 1917 жылы жазда шаруалардың, қазақтар мен қазақ депутаттары Кеңестерінің ұйымдастырылуы болып табылады.

Наурыздың аяғында-ақ (1917 жыл. 30 наурыз) Ташкентте басылып шығатын «Түркістан уалаяты» газеті Сырдария облысы Перовск уезінің қазақ тұрғындары 35 адамнан тұратын қазақ депутаттарының Кеңесін ұйымдастыруға және уездің ішкі өміріндегі «оқу-ағарту, әкімшілік, шаруашылық, жер және су» мәселелерін шешуді соған беруге қаулы қабылданғанын хабарлады. Кеңестің басшылығына X. Ибрагимов тағайындалған.

1917жылы сәуірде Петербургтен Перовскіге (Ақмешіт) келген Мұстафа Шоқайдың айтуы бойынша, ол кезде Ақмешіттегі (қазіргі Қызылорда) X. Ибрагимов басшылық еткен қазақ депутаттарының Кеңесі қаладағы жалғыз ғана қоғамдық-саяси ұйым емес еді. Сонымен қатар, - деп жазады Мұстафа Шоқай 1917 жылы бұл оқиға туралы өз естелігінде, - қалада Ералы Қасымов басқаратын «Ақмешіт аудандық ұлттық кеңесі» және Серәлі Лапин басқаратын «Акмешіт халық өкілдерінің аудандық кеңесі» де құрылған.  М. Шоқайдың айтуынша, X. Ибрагимов басқарған кеңес жұмысшы және солдат депутаттарының жергілікті қалалық. Кеңесінің ықпалында болған. Е. Қасымов басқарған «кеңес» қазақ жұртшылығын кедей мен байға бөлместен, жалпы ұлттық мәселелерді алға қойып, оны шешуге талпынған, ал С. Лапин басқарған «Ақмешіт халық өкілдері аудандық кеңесінің» бағдарламасы шым-шытырық және халыққа түсініксіз болған.[9].

Түркістан өлкесінің орталығында және Сырдария облысының Ташкент қаласында саяси өмір жандана бастады. Тұтастай еуропалықтардан тұратын және жергілікті (мұсылман) халықтардың өмірімен санаспайтын жұмысшы, солдат депутаттарының ташкенттік Кеңесіне қарама-қарсы өлкеде әрқайсысы өз алдына Түркістанның жергілікті халықтарының мүдделерін қорғайтын екі саяси партия құрылды. Олардың алғашқысы жәдиттердің, яғни ұлттық-демократиялық қозғалыстың күшімен құрылып, «Шура-ислами» («Ислам кеңесі») деп аталды. «Шура-ислами» басшыларының арасында өздерінің саяси белсенділіктерімен М. Карры, У. Хожаев, М. Бехбуди және Түркістанның басқа да белгілі азаматтары көзге түсті.[10]. «Шура-исламидің» жұмысына 1917 жылы сәуірде Петроградтан Түркістанға оралған М. Шоқай да араласты. «Шура-исламилықтар» тұтастай алғанда Уақытша үкіметтің саясатын қолдады және Түркістанның демократиялық жолмен дамуын құптады. «Шура-ислами» партиясының ұйымдары өлкеде кеңінен ашылды және Сырдария облысының қалаларында ғана емес, Жетісуда да өз топтары болды.

Өзбек зерттеушісі С. Ағзамходжаев атап көрсеткеніндей, «Шура-исламидің» құрылуы Түркістан (Қазақстаннын оңтүстік облыстары да кіреді. — К.Н.) өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды, бұл партия қалыптаса келе «Түркістанда ресейлік үлгідегі қосөкіметтілікті қолдамады. Сөйтіп Түркістанның саяси аренасында үш өкімет орнықты» [11]. : Кеңестер, Уақытша үкіметтің билік органдары және өзін жергілікті (мұсылман) халқының сайланып қойылған үкіметі деп атаған «Шура-ислами» партиясы.

Екінші бір партия — өзін «Шура-улема» («Діни кауым кенесі») деп атап, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен 1917 жылы маусымда «Шура-исламидің» құрамынан шыққан мұсылмандардың топтасуымен құралды. Бұл әлсіз әрі мүшелерінің саны аз ұйым іс жүзінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының өміріне айтарлықтай ықпалын тигізе алған жоқ.

Егер салыстырмалы түрде Түркістанда «үш өкімет» құрылды десек,онда Қазақстанның; өз жағдайында да «көп өкіметтілік» орнықты деп айтуға болады. Мұнда«үш өкіметтің» жоғарыда аталған тармақтарына қосымша БатысСолтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағында орналасқан Орал, Орынбор және Жетісу қазақ станицалары тұрғындарының үкіметін, сондай-ақ облыстық қазақ комитеттерін және Ә. Бөкейханов пен оның серіктері ұйымдастырған, жалпы халықтық «Алаш» партиясын қосуға болады.

Осының бәрі өлке саяси өмірінің күрделі екендігін және оның қоғамдық-саяси өмірін басқаруға Уақытша үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері органдарымен қатар үмітті болған көптеген ұйымдардың барын куәландырады. Олардың қатарына әдетте 1917 жылы көктем мен жаздың басында өткен облыстық және уездік съездерде сайланған шаруа депутаттарының Кеңестері де кіреді. ОралАқмолаАқтөбеПавлодарСемей облыстары шаруа және қазақ депутаттарының облыстық Кеңестері, Өскемен шаруа және қазақ депутаттарынын уездік съезі және басқа да Кеңестер осылайша құрылған болатын. Алғашында олардың Уақытша үкіметке деген сенімі соншалықты күшті болды, осы кезеңде өткен барлық шаруа съездері Уақытша үкіметті қолдау, «соғысты жеңіспен аяқтағанға дейін» жүргізу туралы шешім қабылдады.

Саясатқа жастар да тартылды: өз қатарына оқушы жастар мен ауыл мүғалімдерін біріктірген қазақ жастарының ұйымдары мен үйірмелері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Іс жүзінде Ақпан төңкерісінен сон іле-шала Қазақстанның қалалары мен ірі елді мекендерінде түрліше аталатын 20-дан астам ұйымдар пайда болды. Олардың қатарына Омбыдағы «Демократиялық жастар кеңесі», Ақмоладағы «Жас қазақ», Спасск зауытындағы «Жас жүрек», Петропавлдағы «Талап», Семейдегі «Жанар», Әулиеата уезінің Мерке ауылындағы «Қазақ жастарының революциялық одағы» ұйымдары жатады.

Алғашында жастар ұйымдарының көпшілігі алдына мәдени-ағартушылық міндеттер қойды. Уақыт өте келе қоғамдық-саяси қозғалыстардың өрістеу барысында олар саяси, әлеуметтік және таптық мәні бар мәселелер қоюға және шешімін табуға біртіндеп жақындап келе жатты. Мәселен, ақмолалық «Жас қазақ» ұйымы бұрынғы болыстардың билікке жіберілмеуін талап етті, қазақ халқын белсенділік танытуға шақырды, өз іс-қимылын большевиктермен байланыстыруды ұсынды. Осы ұйымның басшысы Сәкен Сейфуллиннің атап көрсеткеніндей, оның ережесінде мына тұжырым нақты айтылды: «Жас қазақ» ұйымы төңкерісшіл партияны Ресейдегі ең сенімді партия деп есептейді және онымен тізе қоса отырып әрекет жасайды».[12].

«Жас қазақ» ұйымының басшылық құрамын С. Сейфуллиннен басқа кейін коммунистік партияның мүшелері болған және Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан А. Асылбеков, Б. Серікбаев, Е. Бекмұхамедов, Ж. Нұркин және басқалар толықтырды. «Жас қазақ» ұйымын құру кезінде оның қатарында 50-дей адам болды, кейін ол сан біртіндеп өсе берді.

Т. Рысқұлов құрған «Қазақ жастарының революциялық одағының» құрамына қазақ және қырғыз жастары кірді, олар барлығы — 30-дай адамды (К. Сарымолдаев, И. Әсімов, Т. Тоқбаев, С. Абыланов т.б.) құрады. Одақ әулиеаталық большевиктер С.К. Хмелевский, Н.И. Чернышев, С.А. Федоров-Заводскийлермен тығыз байланыс орнатты. Олардың ықпалымен «Қазақ жастарының революциялық одағы» уездегі қазақтар мен қырғыздар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы жастар ұйымы қатарынан Тұрар Рысқұлов және Қабылбек Сарымолдаев тәрізді кеңестік Қазақстан мен Түркістанның ірі қоғам қайраткерлері өсіп шықты.

Саяси жағдайлардың шиеленісе түсуіне орай кейбір жастар ұйымдары большевиктер басқаратын кеңестерге қосылып кетті, ал басқалары мәні жағынан ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының жастар филиалдарына айналды.

Монархия күйрегеннен кейінгі кезеңде «Алаш» көсемдері қазақ халқының болашақ мұраттары — еркіндік пен бірігу идеяларын кеңінен насихаттай бастады. Сонымен бірге халықты өз мемлекетін орнатуға шақырды. «Қазақ» газеті арқылы олар қазақтар үшін қабылдауға тұрарлық мемлекеттік басқару принциптерін түсіндірді. 1917 жылы 11 маусымда «Алаш» көсемдері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Жәнібеков, М. Дулатов, С. Қадырбаев, Е. Ғұмаров, И. Әлімбеков, Н. Бегіметовтер қол қойған «Шорай ислам» атты мақала жарық көрді. Олар мұнда Мәскеудегі бүкіл мұсылмандар съезінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелер көтерді.[13].

1917 жылы шілденін басында елдің орталығында саяси жағдай күрт өзгерді. Петроградта 4-5 шілдеде большевиктер ұйымдастырған еңбекшілер, солдаттар мен матростардың үкімет билігіне қарсы шеруін Уақытша үкімет қару қолдану арқылы қуып таратты. Уақытша үкімет елді төніп келе жатқан Азамат соғысы мен оның алдағы уақытта Ресейдің солшыл радикалдық саяси күштерінің басшылары — питерлік большевиктерді талкандайтынымен деп ашықтан-ашық қорқыта бастады. 7 шілдеде В.И. Ленинді тұтқындау туралы бұйрық шықты, большевиктерді майданда да, тылда да қудалау басталды. 1917 жылы 11 шілдеде Уақытша үкіметке шексіз өкілеттілік берілетіні, оны заңды түрде бекіту үшін қосөкіметтілік жойылатыны туралы мәлімдеме жасалды.

Осындай қиын-қыстау сәтте қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері жағдайдын және саяси күштердін тез өзгеруін есепке ала отырып, жалпы қазақ съезін өткізуді жылдамдату туралы шешім қабылдады. Бұл негізінен кадеттер басқарып отырған Уақытша үкіметтің шын мәнінде Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жалғастырып отырғандығымен, ұлттық мәселені шеше алмағанымен және аграрлық мәселені шешуге құлықсыз екендігімен түсіндірілді. Өз жолын өзі анықтау немесе басқа да езілген ұлттардың тағдыры сияқты қазақ халқына келгенде, Уақытша үкімет оны шешуді тіпті ойластырған да жоқ. Қазақстан мен Түркістанның автономия алуына Ресейдегі «екінші үкімет» — Петроград Кеңесі де қарсы шықты. Мұстафа Шоқайдың айтуынша, 1917 жылы сәуірде ол Петербургтен отанына қайтар алдында жұмысшы және солдат депутаттары петербургтік Кеңесінің басшысы, Уақытша үкіметтін іс-қимылын бақылап отырған Н.С. Чхеидзеге қоштасып кету үшін кіріп шығады. «Әңгіме барысында, — деп еске алады М. Шоқай, - Н.С. Чхеидзенің «Сіз Түркістанда жұмысты неден бастайсыз?» деген сұрағына мен «Түркістанның автономия алуына күш саламын» деп жауап бердім. Менің жауабымнан сескеніп қалған Чхеидзе былай деді: «Құдай үшін, жолдас Шоқаевич, өз жерлестеріңіздің арасына автономия туралы әңгіме таратпаңыз. Біріншіден, қазір ол туралы айтуға ерте. Екіншіден, Түркістан тәрізді немесе басқа осы тәрізді автономия беру іс жүзінде одан (Ресейден. — К.Н.) тәуелсіздік алу және бөліну дегенді білдіреді».[14].

Осындай себептерден келіп, ұлттық-демократиялық интеллигенция көсемі Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатынын және қазақтың жалпы ұлттық партиясын құрғысы келетінін ашықтан-ашық мәлімдеді. Осы мәселеде ол үш жайтты нақты атап көрсетті: «Кадеттер партиясы жерді жеке меншікке беру керек деп отыр. Біздің жағдайымызда жерді жеке меншікке беру, біраздан кейін, бұл Башқұртстанда болғаны сияқты, жеріміз көрші мұжықтың қолына өтеді де, қазақтар жерсіз қалып, қайыршылыққа ұшырайды. Кадеттер партиясы ұлттық автономияға қарсы шығып отыр. Біз Алаш туын жоғары көтеріп, ұлттық автономия құруға ұмтыламыз... Кадеттер партиясы шіркеуді мемлекеттен белуге қарсы, ал мен шіркеудің мемлекеттен бөлінуін қолдаймын. Осы ұстаным бойынша келіспеушілік... айқын байқалды. Сол себепті мен кадеттер партиясынан шығып, «Алаш» партиясын ұйымдастыру қажет деген шешімге келдім».[6].

1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық қозкарастағы қазақ интеллигенциясы өкілдері ұлттық партия құру мәселесі бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Олар қазақ халқын тап пен жікке бөлмей бүкіл ұлттың мүддесін көздеді, буржуазиялық-демократиялық бостандық атауын пайдалануға күш салды.

Бұл жерде олар ресейлік буржуазиялық басты партия — кадеттерге идеялық жағынан жақын екендіктерін жасырған жоқ, билікке келуінің алғашқы айларында Уақытша үкімет сөз жүзінде қолдау көрсетіп тұрған еді.

Алайда бұдан арғы оқиғалар көрсеткеніндей, Уақытша үкімет Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жүргізуді жалғастыра берді. Империалист мазмұнға жақын тұрған ол ұлттық мәселені шынайы демократиялық жолмен шеше алмайтын және аграрлық мәселені шешуге тіпті талпынбағанын да жоғарыда атап өттік. Басқа да езілген халықтар тәрізді қазақтардың болашақ саяси даму жолын өзі айқындауы немесе автономия мәселесін тіпті сөз еткісі де келмеді. Бұл Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатыны туралы «Қазақ» газетінде ашықтан-ашық мәлімдеуіне себеп болды.[15].

Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдері жағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып, жалпы қазақ съезін өткізуді тездету туралы шешім қабылдады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]