- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Мемлекет қалпы
- •Жергілікті бостандық
- •Жоба жасаушылар:
- •Мазмұны
- •Мазмұны Бірінші Бүкіл қазақ съезі[өңдеу]
- •Бірінші Бүкіл қазақ съезінің шешімдері[өңдеу]
- •16) Екінші жалпықазақ съезі[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Мәселелер[өңдеу]
- •Баяндамадар[өңдеу]
- •Нәтижесі[өңдеу]
- •Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
- •17) Қазақстан азамат соғысы жылдарында[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Антикеңестік күштер[өңдеу]
- •Әскери коммунизм саясаты[өңдеу]
- •Кеңестерге қарсы күрес[өңдеу]
- •Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі[өңдеу]
- •18) 1920-30 Жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]
- •Қазақстан бейнелеу өнері[өңдеу]
- •Музыка өнері[өңдеу]
- •Театр өнері[өңдеу]
- •Кинематография[өңдеу]
Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі[өңдеу]
Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башқұртстан ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді...
Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа хат жаздым... Онда мына төмендегілерді айттым: «Жақын күндері кеңестер жағына өтпекпіз... Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр... Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардын айтқан сөзіне сенуге болмайды».[26].
Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады.
Ұлттық қозғалыс көсемдері трагедиясының мәні, басқа түскен қос ауыртпалықтың қайсысының қасіреті аздау көрінгенін амалсыз тандауында жатыр.
Сол кездегі елдегі аса күрделі саяси жағдай Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың көздеген ойының жүзеге асуын аса күрделендіріп жіберді. Солай бола тұра, оның көрсеткен үлгісі босқа кетпеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға әзірлік жасау жөнінде шешімге келді. Ә.Т. Жангелдин кейін айтып кеткендей, большевизм жағының және Алашорданың өкілдері, яғни тең дәрежедегі ұлттық қайраткерлер ұсынған бұл органды Мәскеу оң қабылдады. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ. - К.Н.) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» («Казревком») құру туралы декретке қол қойды.
Казревком құрамына С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, С. Пестковский (төраға), кейінірек Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, В. Лукашев, К. Сидоров және басқалар енгізілді.
Казревком төрағасының орынбасары ретінде А. Байтұрсынов «Жизнь национальностей» («Ұлттар өмірі») газетіне «Революция және қазақтар» деген мақала жариялап, онда Алаштың басшылығы мен белсенділерінің саяси табансыздық танытуының себептерін түсіндіруге тырысты, ол қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылысының өзгешелігінен, жергілікті жерлердегі кеңестік басшылардың саяси мәдениетінің төмендігінен және қазақ интеллигенциясы большевизмнің мәнін жете түсінбеуінен болғанын айтты. «Осы жолдарды жазып отырған мен де қазақ интеллигенттерінің өкілімін. Жоғарыда айтылғандай, қырғыз (қазақ) ұлтының саяси басшылары патша үкіметіне қарсы күресті. Патшалық кезінде қазақтардың басынан не кешкенін басқадан гөрі біз жақсырақ білеміз.
Қазақтарда өмірдің өзі социализм мен коммунизмді қалыптастырды, оларда айқын түрде таптық жіктелу мен жеке меншіктік қатынас орнықпады, сондықтан қазақ халқы социалистік құрылыстың соншалықты қажеттілігін әлі толық сезіне қойған жоқ... Мені орталық өкіметпен келіссөз жүргізу үшін жіберілген Алашордашылардың Торғайдағы бөлімшесінің делегаты ретінде Кеңестік Ресейге барып, барлық саладағы мемлекеттік реттілікті және Декларацияда айтылған Ресей халықтарының құқықтарына сәйкес қазақтың ұлттық мәселесіне құрметпен қарай бастағанын көрген соң, Кеңес өкіметі Колчак диктатурасынан артық деп шын жүректен айта аламын және жолдастарымды да сендіре аламын, біз қателескен жоқпыз».[27].
А. Байтұрсыновтың бастамасы бойынша Казревком 1919 жылдың жазы мен күзі аралығында Алашорданың басқа мүшелерінің Кеңес өкіметі жағына өту, бұл отудің шарттары, сондай-ақ алаш қозғалысына қатысушыларға тұтастай рақымшылық жасау туралы мәселені бірнеше дүркін талкылады.[28].
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында белгілі болғанындай, А. Байтұрсынов пен оның жақтастарының Алашорда белсенділеріне рақымшылық жасау туралы мәселені табанды түрде талап етуі өз нәтижесін берді. 4 қарашада Түркістан майданының Әскери революциялық кеңесі рақымшылық жасау туралы қаулысында былай деп атап көрсетті: «Кеңес өкіметіне тікелей немесе жанама түрде қарсылық көрсеткен барлық қырғыз (қазақ) халқы өкілдеріне толық кешірім беріледі». Одан әрі рақымшылық жасаудың шарттары нақтыланды:
өз атынан немесе басқа да барлық қазақтармен бірге Кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынын білдірген өтініші;
ақ гвардияшыл қазақтарға барлық көмек беру түрлерін дереу тоқтату және қырғыз (қазақ) даласында жасырынып жүрген ақ гвардияшыларды Кеңес өкіметіне ұстап беру;
бейбіт халықты тонап, қалыпты өмір сүруге кедергі келтіретін ақ гвардияшыларды түбірімен жою ісінде Кеңес әскеріне көмектесу».[28].
Сол кезде, қарашада, Түркістан майданының саяси бөлімі Алашорданың Батыс бөлімшесінің отрядтары үшін «Кеңес өкіметіне сенімсіздік жойылсын!» деп жазылған үндеухат басып шығарды. Үндеу хатта майданның Әскери революциялық комитетінің Кеңес өкіметіне қарсы күрескендердің бәріне рақымшылық жасайтын хабары расталды. «Сіздердің әрқайсыңызға кешірім туралы қаулы белгілі болар. Қырғыз халқы оған өз жауабын беруге тиіс. Әркім ұсынысты талқылап, Кеңес өкіметін мойындағаны жөнінде анық, түбегейлі және адал жауабын берсін».[29].
Шығыс Майданда Колчактың негізгі күшінің талқандалуы Батыс, Солтүстік-Шығыс Қазақстан және Жетісу жерін ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарынан азат етуге қолайлы жағдайлар туғызды. Қазақстан аумағы 1919 жылдың соңында ақ гвардияшылардан толық азат етілді.
Азамат соғысының ең соңғы майданы — Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды. Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда қосемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигізді, алаш полктерінде толқу туғызып, ондағы жігіттер «халық милициясы» қатарынан кете бастады. Бұл үрдіс Кеңес өкіметі жағына А. Байтұрсынов пен оның жақтастары өткеннен кейін жаппай сипаталды.
Алаш белсенділерінің Кеңес өкіметі жағына шығуымен оларды алда тағы бір трагедиялы белес күтіп тұрды. 1920 жылы қаңтарда 59-дивизияның ерекше бөлімі Семейде Ә.Н. Бөкейханов пен Алаштың облыстық басшыларының үш мүшесін тұтқынға алды. Тұтқындау Ақмола облысының бірқатар қаласында да орын алды. Казревком басшылығы Алашорда белсенділеріне күш қолдануды тоқтатуды өқтініп Омбыға бірнеше рет хат жолдауға мәжбүр болды.[30].
Қазақстанның батысында да іс оңды болмады. Казревком құрған комиссия (С. Мендешев, Иванов) Алаш белсенділерінін жағдайын зерттеп шығып, қызыл қазақтар мен алашордашылар бірігіп жұмыс істей алмайды деген қорытындыға келді. Комиссия мүшелері Досмұхамедовтер мен олардың серіктестері шындыкқты айтпай отыр деп күдіктенді. «Алашорданың Батыс бөлімшесінің кеңестер жағына өтудегі ойы Кеңес өкіметінің идеясына қолдау көрсету емес, оның одақтасы оралдық қазақтар жағдайының тығырыққа тірелуі, сондай-ақ Орал облысынан қашып кету жоспарын іске асыру мүмкін еместігінен» деп есептеді. Қазақтар арасында «Кеңес өкіметі ханды (Досмұхамедов Жанша) мойындапты, Орал облысын басқаруды Батыс бөлімшесінің мүшелеріне беретін көрінеді, халық бұған риза емес екен» деген кауесеттарайды.[31]. Шын мәнінде Батыс бөлімше туралы мұндай қорытындыға келу — саяси рақымшылық жасау принципін сақтай отырып, Алаш белсенділері Ә. Бөкейханов пен оның жақтастарын Қазақстанның саяси аренасынан кетіру еді.
Комиссия пікірі 1920 жылғы наурыздағы Казревком қаулысына негіз етіп алынды. Онда былай делінді: «Жолдас Бегімбетовтың баяндамасын тыңдап және құжаттармен танысып, Алашорданың Батыс бөлімшесінің жауапты басшыларымен қазіргі жағдайға байланысты олардың біртіндеп Кеңес өкіметі жағына шығу жағдайы мен мезгілі жөнінде алдын ала сөйлесіп алып, сондай-ақ Алашорданың Батыс бөлімшесінің бірқатар жауапты қызметкерлері Орал облысында Орал қазақтарымен және басқа да буржуазиялық қоғамды жақтаушылармен бірлесе әрекет етіп отырғандарын ескеріп, рақымшылық жасалғанына қарамастан, бұдан былай олардың қырғыз (қазақ) аумағында қалуы жергілікті жерлерде қазақтарды кеңес құрылысына тарту ісіне зиянын тигізері анық; екінші жағынан, олардың кейбіреуі қылмыскер болуы да мүмкін, ондай жағдайда олардың қылмысты іс-әрекеттерінен зардап шеккен халықтың Кеңестік сотқа жүгінетінін ескеріп, Ревком қаулы етті:
Қырғыз (қазақ) өлкесінде Кеңес өкіметі мықтап орнығып алғанынша, Алашорда ұлттық үкіметі Батыс бөлімшесінің жауапты басшылары қазақтың еңбекші бұқарасынан аластатылсын.
Жанша Досмұхамедов,
Халел Досмұхамедов,
Иса Көшкінбаев,
Кәрім Жәлелов,
Берікқали Атшыбаев Мәскеуге немесе басқа орталық губернияларға жіберілсін.
Алашордалықтардың барлық дүние-мүліктері, қазыналық немесе жеке меншік болсын, ай жерде екеніне қарамастан, бұдан былай ревкомның ерекше нұсқауы шыққанша тіркеуге алынсын, ревком мүлікке жауап беретін бірден-бір құзырлы орган болып табылады.
Алашорда үкіметін және соған қарасты барлық органдарды біржолата таратудан туындайтын барлық мәселелерді Ревком жақын арадағы мәжілісінде шешсін, газет арқылы халыққа жария етілсін, онда Ревком мен Алашорданың арасында ешқандай келісімнің болмағаны, алашордалықтардың дербес құқықтарына қол сұқпау және бұрынғы саяси сипаттағы іс-әрекеттері үшін рақымшылық жасау өз күшін сақтайтыны айтылсын.
Алашорданың Батыс бөлімшесі белсенді қызметкерлерінің Ревком мүшесі болуына, сондай-ақ басқа да жауапты қызметтерге қойылуына жол берілмесін».[32].
Көріп отырғанымыздай, Ревкомның бұл шешімі Алаш көсемдері аңсаған қазақ қоғамындағы ұлттық келісім мен ауызбіршілік идеясын қабылдамай, өлкедегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың тапты принциптерін негіз етіп алған. Бұл «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріненкетуге мәжбүр болғандығын көрсетеді.
Алаш қайраткерлері 19—20-жылдары саяси аренадан кетсе де, Қазақстанның мәдениеті мен ғылымын және халық шаруашылығын дамыту ісіне елеулі үлес қосты.
Кеңес өкіметі бірнеше мәрте жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20—30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияға ұшырады.
