Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.8 Кб
Скачать

2)Ресей Думасы және ұлт зиялылары Озғанбаев Ө. (Ақтау, Қазақстан) ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің қоғамдық-саяси өмірінде күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістер орын ала бастады. Соның ішінде назар аударарлығы қоғамда буржуазиялық-демократиялық даму жолына көшіруге бағытталған өзгерістер болатын. Осы орайда Мемлекеттік Думаның шақырылуы сол дәуірдегі ірі саяси әлеуметтік оқиғаға айналған еді. Осынау жоғары заң шығаратын органның 12 жыл (1906-1917 жж.) арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына енген халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың зор көрінісіне айна болды. Мемлекеттік Дума ғасырдың бас кезінде Ресейде құрылған партия фракцияларының және аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің бас қосқан, Ресей империясындағы маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден-бір өкілетті форум болатын. Ол – Ресей Империясының алғашқы Парламенті рөлін атқара бастады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің әзірлігіне мұрындық болуымен бірге оның идеялық бастамасының негізінде қалады. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы өткір қойылды, ол үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ, ендігі уақытта жеке батырлар қол бастап, қылыш- найзамен көтеріліске шығу нәтиже бермейтін еді. Қазіргі жағдайда қалыптасқан саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла жаңа нысандары қажет болды, ең негізгісі, халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат- мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оның заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын, мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ол күш халқы үшін өмірдің барлық игіліктерінен бас тартып саяси күрес майданына шыға бастаған ұлттық интеллигенция болатын. Осы ғасырдың басындағы халқымыз өміріндегі көкейтесті мәселелерді парламенттік бейбіт жолмен шешуге әрекеттенген, сөйтіп большевиктердің қантөгіс арқылы билікке келуіне балама көзқарас идеясын ұстанған ұлттық саясаткерлеріміздің тарихы жете жазылатын мезгіл жеткенін ескеруіміз керек. Билік басындағылардың атына демократиялық мазмұндағы хаттар мен жеделхаттар да келіп жатты. Қарқаралы қаласының тұрғындары атынан келіп түскен хатта: біріншіден, жақын арада Мемлекеттік Думаны шақыру, онда жалпы ашық әрі жабық дауыс беру; екіншіден, іс жүзінде жеке адамның шын мәнісіндегі дербес құқын, ар-ұждан, сөз, баспасөз, жиналыс өткізу және ождан бостандықтарын мойындау; үшіншіден, үкімет тарапынан болатын әскери жағдай мен күшейтілген қарауылды жою. Әрі қарай олар жалпы халыққа бірдей білім беруді енгізу, жергілікті басқаруды реформалау, жұмысшы және шаруалардың әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуін талап етті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына толық жауап беру жолындағы қозғалысқа атсалысқан ұлттық интеллигенциямыз 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы қоғамдық- саяси қызмет майданын таңдап алуларына шешуші ықпал жасады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы Ресей федерациясы халқы үшін қоғамдық сананың ояну кезеңі болғаны тарихтан мәлім. Ресей империясы құрамында болған қазақ халқына мұның өзі тікелей қатысты тарихи құбылыс болуымен қазіргі және келешек ұрпаққа құнды құбылыс болып табылады. Қазақ қоғамының сол тұстағы саяси дүниетанымының оянуына, оның өмірдің өзі алға қойған проблемаларына сай дамуына «Алашорда» халықтық демократиялық ағымы бірте- бірте бүкілхалықтық сипатқа ұласуымен зор екпін, тың серпін қоса білді. Жоғарыда аталған дәуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-білімге көптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі өнеркәсіп және ғылым мәдениеттің көрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Казанда, т.б. қалаларда орта және жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады. Олардың бәрі дерлік тікелей саясатқа бет бұрды дей алмаймыз. Әйтсе де қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат сол қоғам тұсындағы саясаттан мүлдем тыс қала алмайтыны, әрқашан заман ағымын зерделеп отыратыны хақ. Оқып- тоқып, қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды жалқы сәтке де ұмытқан жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы әлеуметтік- саяси саладағы теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да шешуші қадамдар жасауға бекініс жасайтын. Ол үшін қазақ халқының Ресей қоғамында өзге халықтармен қай салада да тең орын алуына жетісуі өте-мөте қажет деп бекінетін ілгергі лектегі қазақ жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін мекен еткен қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімн оятып, оларды әлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген дұрыс қорытындыға тоқтады. Осынау ұлттық рухымызды оятып, тас-түйін бірлікке жету тек қана ұйымдасқан іс- әрекет керектігін бұқараның көзін жеткізу үшін ХХ ғасыр басындағы білім-тәрбиелі жаңа заман талабын дұрыс түсінген қазақ жастары мынадай түбегейлі міндеттерді шешуді өз алдарына және қазақ қоғамы алдына қойды: петицияларды осы мақсаттарда пайдалануға қатысу, жергілікті жерлерде қазақтарға арнап газет-журналдар шығару, кітап бастыру, орыс тілін меңгеріп, білім алу, сол білімін заң саласында мамандануға ұмтылу, Ресейдегі депутаттық орындарға қазақ ұлты өкілдерінің көбірек сайлануларына атсалысу. «Алашордашылар» аталған ХХ ғасыр басындағы зиялы қазақ жастары бұл тарихи міндеттері биігінен абыройлы көрінді. Рас, бұл жеңіс оларға оңайға түскен жоқ. Олардың бәрінің түбіне Ресей үкіметі, қалды-кешегі Кеңестік үкімет басшылары жетті. Бірақ, олардың бастағаны қасиетті де ұлттық, халықтық ісі бұл күндері салиқалы салтанат құрып, ардақты азаматтарымыздың рухын асқақтата түсіп келеді. Ал «Алаш» қозғалысының өз бағдарламасы және оның орындалу барысы жөнінде кейбір деректер мен ойларымызды ортаға салмақпыз. Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б.Қаратай, Б.Құлман, Б.Сыртанұлы, А.Тұрлыбайұлы, М.Шоқай, Ж.Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым көпшілігі Ресейдің бас қалалары Санкт-Петербург пен Мәскеу, сол сияқты Қазақстанмен көршілес Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси әрекеттерге сол жерлерде араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуының бастау көздеріне айналғанын анықтау үшін жоғарыдағы құжаттың мәні зор. Бұл дерек, сондай-ақ, қазақ зиялыларының алғашқы легі Халел Досмұхамедұлы, Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратай, Бақыткерей Құлман, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы сияқты ірі өкілдерінің көпшілігі Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс кезіндегі орын алған саяси хал-ахуалға сергектігін әрі сын көзбен қарағандығын һәм қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді. Дала өлкесінде 1905 жылғы жаз айларындағы түрлі жәрмеңкелер мен жайлаулардағы мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен басқосулар, оларда қабылданып, тиісті үкімет орындарына жіберілген саяси-әлеуметтік рухани-демократиялық талаптар қойған арыз- тілектерді (петициялар) оқып, білу арқылы кеңірек ұғына аламыз. Жан аямас отарлық езгідегі қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер батыста – Оралда, орталықта – Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста – Жетісуда, яғни қазақтың кең даласының барлық аймақтарында жазылды. Патша өкіметі қазақ даласын отарлау саясатын жүргізгенде әр түрлі кезеңге орай, түрліше әдіс, айлалар қолданып отырған. Түпкі мақсаты шикізаттың мол қоры саналатын ұлан-байтақ даланың байлық көздерін басыбайлы, түбегейлі иемдену еді. Ол үшін тұрғын халқын сахараның байырғы тіршілікке оңтайлы сулы-нулы шұрайлы елді-мекендерінен құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып, оның орнына Ресейдің халқы көп шоғырланған аймақтарынан мұжықтарды күштеп әкеп жерсіндіруге тырысты. Осыған орай отаршыл әкімшілік қол астындағы халықты жан-жақты кіріптар ету үшін, мақсатты ойын жүзеге асыру жолында әр түрлі заңдар мен низамдар шығарып, елдің ішкі ерекшеліктерін жойып, дәстүрлі ел билеу жүйесін өз пайдасының ыңғайына көшіруге күш салды. «Бұл рұқсаттың өзі де іс жүзінде үлкен қиыншылықтармен беріліп, мешіт салу, медреселер мен мектептер ашу жөніндегі тілектер көп ретте жауапсыз қалады. Соңғы кездерде қазақтардың діни рухани істері тұрғысында тартып отырған қысымшылықтарын санап айту қиын». Ресейден ағылған мұжықтарға беріп тауысқан соң, енді егінге жарамсыз жайылымдық жерлерге жабысты. Қалайда бұратана санаған халықты жайлы орнынан қуып, тақыр мен шөлге бостыруды көздеді. Олардың босаған жеріне орыс мұжығын орналастыру қарқыны өрши түсті. Қазақ халқының этникалық-рухани белгісін мүлдем жойып, шоқындыру арқылы ассимиляцияға түсіру жолына да бағытталған шаралар ыждағаттылықпен жүріп жатты. 1912 жылдың 5, 26-сәуірінде болған Қасиетті Синод кеңсесінде мынадай қаулы қабылданды: «Қазақтарға отырықшылық нормамен жер бергенде бөлек ауыл болып отыруға тыйым салынсын, міндетті түрде орыспен көрші болсын. Сол кезде ысходта қандай мәселе қаралса да, орыс дауысы басым болады. Сонда православие иісі сіңіп, қазақ тез шоқынады». Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның көшіне еріп, өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру – кезек күттірмес міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысалмен» үлгі беріп, «Масасымен» шағып, Міржақып Дұлатұлы «Оян, қазақ!» деп маң даланың көгінде ұрандап, жар салды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дәріс берді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани көсем тұлғалардың отты мақалаларынан күш алып, жігерін жаныды. Патша жандармериясы қаншалықты бақылауға алса да, олардың алған бетінен қайтпай халқының азаттығы жолында күресе түскенін аңғару қиын емес. Ұлт зиялыларының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы сынды бұл тобы патша өкіметі тұсында да, кеңес дәуірінде де талай мәрте жер аударылып, абақтыға жабылды, құғын-сүргінге ұшырап, ең соңында «халық жауы» ретінде атылып тынды. Мұнан біз халқының бақыты үшін тарихи қажеттіліктен дүниеге келген қайсар да өр ұрпақтың өкілдері – жаңа сапалы өркениеттің талабына сәйкес от-жалында әбден шыңдалған ұлттың шын мәніндегі саяси-рухани көсемдерінің қатал заманның сынына шыдап, елеулі оқиғалардың бәрінен өздері бастаған ел-жұртты шетінетпей абыроймен алып шыққанын көреміз. Келімсектердің қазақ даласына өздерімен бірге алып келген «мәдениеттердің» бірі – араққұмарлық еді. Оны қоныс аударушылардың елді мекендеріндегі маскүнемдікке салыну фактілерінің кең етек алуынан байқауға болады. Мысалы, 1910 жылы Михайловка станциясындағы 200 семья тұрғындары 5000 шелек арақ ішкен және жергілікті тұрғындарды да бұл әдетке баули бастаған. 1905 жылы 6-13- қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. «Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ) тіліндегі мектептер құғын-сүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М. Крыловтың 46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті». Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймай-ақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұң- мұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастап-ақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Отаршыл үкіметтің қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмыс-бітімін құғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әртүрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің ата-қонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халыққа автономиялық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті. Ресей Мемлекеттік Думасы қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заң қабылдамады. Қазақ даласының болашағын ойлайтын ұлт зиялыларының саяси күрестері осымен шектеліп қалған жоқ. Әрі қазақ зиялылары үшін Дума жұмысына және оған қатысты саяси шараларға қатынасу ізсіз өтпеді. Ең бірінші, империя жағдайында Дума сияқты «өкілетті» органның ең алдымен, орыс алпауыттарының мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздері жетті. Екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың белсенді, мақсатты қимылы және саяси тұтастығы керектігін түсінді. Сол тұстағы қазақ зиялыларының көпшілігі жоғары оқу орындарының заң факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дәулеті оның көбеюіне себепші болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына қойған үлкен арман- мақсат болды. Саяси күрестегі елеулі жетістігі - 1913 жылғы ақпанда Дала өлкесінде «Қазақ» газетін шығара бастауы болды. «Қазақ» газеті – сахара халқының тарихындағы ұлттық- демократиялық төл мерзімді баспасөзі еді. Ол қолдан қолға өтіп, ауылдан ауылға тез тарап кетті. «Қазақ» газетін шығарушылар халқымыздың ұлттық тұтастығын сақтап, Ресей империясының отаршылдық саясатының салдарынан жойылып кеткен дәстүрлі мемлекетігімізді қайта қалыптастыруға ат салысты. Халықты саяси жағдайлармен таныстыруда баспасөз қыруар жұмыстар жасады. Газет беттерінде түрлі бағыттағы мәселелермен қатар Мемлекеттік Думаға сайлау ережелері һәм оның шет аймақтардағы ерекшеліктері, сондай-ақ, Қазақстан жайында жарияланымдар жарық көрді. Баспасөз беттерінде сайлау заңдарының халыққа қарсы сипатын ашып, науқан барысындағы жергілікті әкімшіліктің ара-тұра хабарын беріп отырды. Газет бетінде халықты патша әкімшілігінің отарлау саясатының қыр-сырына түсіндіріп, езгіден құтылудың әдіс-тәсілдеріне кеңес берді. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының газет арқылы үзілді- кесілді қарсы шығуы да жаппай қырғыннан аман алып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді. Қоғам дамуының әртүрлі сатысында жалпы жұртшылықты елең еткізген қайсы бір саяси оқиға, қоғамдық құбылыс әртүрлі бағаға ие болуы мүмкін. Осының бір мысалы, әңгімемізге арқау болып отырған Алаш қозғалысы. 1917-1918 жылдары халықтың ықыласына ие болған Алаш қозғалысы қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, ел азаматтарының Алаш партиясы, Алашорда үкіметіне ризашылығын білдіріп, құптап қол соққан кезі болса, 1930 жылдардан бастап, билік «Алашордашылар» деген атауды жексұрын етіп көрсетуге тырысты. Оған қатысы бар дегендерді атты, асты. Бұл үрдіс 80 жылдардың соңына дейін келді. Тәуелсіздік алған қазақ елі бұл атауға кеңес Үкіметі саясатына қарама қарсы бағыт жүргізіп, Алаш ардақтыларының есімдері жарияланып, олардың қиын да қауіпті жұмыстарына жаңаша баға беріле бастады. Ғылыми еңбектер жазыла бастады. Олардың алғашқылары болып Мамбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы», Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда», Дина Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия» еңбектері еді. Ғалым Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы Алаштың шығыс бөлімі туралы ғылыми еңбек жазса, екінші бір ғалым Сүлейменова Дәметкен Досмұханбетқызы Алаштың батыс бөлімінің қызметін ғылыми тұрғыдан жинақтады. Ұлттық интеллигенциямыз болса, туған халқымызбен бірге жасасып, бұрынғы Кеңестер Одағы дәуірінде саяси кемелденіп, жетілудің сындарлы сатыларынан сүрінбей өтті. Нәтижесінде атам қазақтың ғасырлар бойы армандаған, Алаш орда ұйымы да алдына қойған киелі арманын нақты шындыққа айналдыру жөніндегі ұлттық ұлы миссияның көшбасшылары бола білді. Елбасының дана басшылығымен Егеменді еліміздің Көк байрағы әлемде тұңғыш рет желбіреді. Желбіреп тұр. Осындай ғаламдық жеңісте тарихымыз төрінен орын алған Алаш орда ұйымы қалдырған із сайрап жатыр. Ол мәңгі, ол ескірмек емес, қазақ елімен бірге жасай бермек.

3)XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпин реформасы 03 Қыркүйек 2013 6962 2 XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені  қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі. 4) Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

19051907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.[1]

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі

  • 2Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы

  • 3Жұмысшы қозғалысының күшеюі

  • 4Қазақстанда социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы

  • 5Ауыл тұрғындарының наразылығы

  • 6Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі

  • 7Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы

  • 8II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары

  • 9Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы

  • 10Дереккөздер

Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі[өңдеу]

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.[1]

Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы[өңдеу]

XX ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді.

1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті «Тауратты» қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болған. Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған.

1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына төмендегі мазмұнда хат жазды: «Біздің атам заманнан бері мекендеп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... «Құранымызды», қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз».

1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: «Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық».

1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады. Мұсылмандардың съезінде «Иттифак-әл-Муслимин» (Мұсылман одағы) атты Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен Шәймерден Қосшығұлұлы еді.

Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды.[1]

Жұмысшы қозғалысының күшеюі[өңдеу]

1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.

1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруді талап етті.

Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі баскөтеруі басталды. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» құрылды. Бұл бірлескен одақтың басшылары Б. Топорнин, JI. Байшағыров, С. Невзоров сияқты жұмысшылар болды. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір көбейтілді, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, азық-түлік өнімдерінің бағасы аз да болса арзандатылды. Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киімкешек, аяқ киім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.

1906 жылғы маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуілшілердің талабы жартылай да болса қанағаттандырылды. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907 жылдың жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарының жұмысшылары шеруге шықты.

Қазақстандағы жұмысшылардың мұндай баскөтерулері мен ереуілдері, әсіресе теміржолшылардың арасында кеңінен қанат жайды. Революция жылдарында өлкедегі темір жолдарда пойыздардың жүріп-тұруы талай рет тоқтап қалды. Темір жол жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін ешкімнің, ешқандай әкімшіліктің келісімінсіз-ақ өз беттерімен орнатып алды. Олар алғашқылардың бірі болып жұмысшы кәсіподақтарын құрды. Жұмысшылардың бекеттерге, жол бөлімшелеріне, кейде тіпті бүкіл темір жолға басшылық жасауды өз қолдарына алған кездері де болды. Олар патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы тұру үшін жауынгерлік жұмысшы жасақтарын құрды.[1]

Қазақстанда социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы[өңдеу]

Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды.

Ресейдегі революция Қазақстанда кәсіподақ қозғалысының пайда болуына да ықпал етті. Мұның өзі қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың саяси санасының оянып, арта түскенін көрсетті. Мәселен, 1905 жылғы қараша айында Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды. Оның басы-қасында болып, тікелей басқарғандар Н. Смуров, Н.А. Покатилов және Н.И. Ульянов сияқты жұмысшылар еді. Теміржолшылардың ең ірі кәсіподағы Орынбор—Ташкент темір жолында құрылды. 1906 жылы оған 6 мыңдай адам мүше еді. Кәсіподақтар жұмысшылардың жұмыс берушілер алдындағы құқығын белсене қорғады.

Солай бола тұрса да қазақ өлкесіндегі кәсіподақ және жұмысшы қозғалысы салыстырмалы түрде алып қарағанда әлдеқайда әлсіз еді. Өйткені олардың қатарында жергілікті жұмысшылар аз болды. Бұған жұмыс түрлерінің маусымдық сипаты да әсер етті. Фабрика-зауыттар әкімшіліктері қазақ және орыс жұмысшыларын бір-біріне қарсы қою, олардың басын біріктірмеу саясатын жанталаса жүргізіп бақты.

Ауыл тұрғындарының наразылығы[өңдеу]

Аграрлық саладағы толқулар негізінен қазақ ауылдары мен қоныс аударушы орыс шаруаларының деревняларында өріс алды. Бірақ ол ұйымдаспаған әлсіз сипатта өтті. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы бой көтерді.

Қазақтардың басым көпшілігі өздернің туып-өскен атамекен жерлерінен айырылып қалудан қауіптеніп, отырықшы егіншілікті кәсіп етті дедік. Қазақтар жергілікті өкімет билігіне отырықшы өмір салтына көшуге жәрдемдесуді сұрап өтініштер жаза бастады. Алайда ол өтініштері көп жағдайда қанағаттандырылмай, үзілді-кесілді кері қайтарылып жатты. Мәселен, 1899 жылы Омбы уезінің бастығы Ақмола облысының генерал-губернаторының атына жолдаған хатында былай деп жазды: «...егер мұндай өтініш берушілердің қатары барған сайын арта түсетін болса, орыс шаруаларына бөлінетін жер..., қазақ даласын отарлау жөніндегі мақсат іске аспай қалады».[1]

Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі[өңдеу]

Қазақ халқының азаттық күресіне ХІХ-XX ғасырларда қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.

1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті. Ондағы мақсат кадеттер үлгісімен қазақтың саяси партиясын құру еді. Ол партия қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті болатын. 1906 жылы Семей қаласында қазақтардың съезі шақырылды. Онда қабылданған негізгі бағдарламада дін бостандығы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қамтылды. Съезге қатысушылар сонымен қатар қазақ балалары үшін мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақстанға Ресейдің ішкі жағынан шаруаларды қоныс аудару үрдісін шектеу талаптарын да көтерді.

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы[өңдеу]

Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.

1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.[1]

Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».

Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.

Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.[1]

II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары[өңдеу]

Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.

Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.

Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы[өңдеу]

1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

6)

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]