- •22. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге қойылатын талаптар
- •24. Студент тұлғасының даму ерекшеліктерінің әлеуметтік сипаты Студент тұлғасының дамуының ерекшеліктері
- •Студенттік жас, адамның басты әлеуметтік потенциялын дамыту үшін сензитивті кезең ретінде
- •25. Дәріс берудің психологиялық ерекшеліктері
- •26. Студенттердің тұлғасын жоо-да қалыптастыру ерекшеліктері
- •27. Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту болашағы
- •28. Оқытушының ұстанымы және педагогикалық қарым-қатынас стилі
- •29. Жоғары мектеп оқутышысының іс-әрекетін жетілдіру жолдары
- •68.Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
28. Оқытушының ұстанымы және педагогикалық қарым-қатынас стилі
Мұғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада іс-әрекет (мысалы, басқару, өндірістік, педагогикалық) стилі – оны орындаудың түрлі жағдайларында көрінетін тәсілдердің, әдістердің тұрақты жүйесі.
Педагогикалық стиль сипаттамасы, оның өзгешелігін бейнелей отырып, басқару стилін де, өзін-өзі реттеу стилін де, қарым-қатынас стилін де және мұғалімнің когнитивті стилін де қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет стилі кем дегенде үш факторлардың әсер етуін айқындайды: а) осы іс-әрекет субъекті – мұғалімнің (оқытушының) даралық-психологиялық ерекшеліктері, ол даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; б) іс-әрекеттің өзінің ерекшеліктері және в) оқушылардың ерекшеліктері (жасы, жынысы, мәртебесі, білім деңгейі және т.б.). Оқушылардың нақты оқу жағдайын ұйымдастыру және олардың оқу іс-әрекеттерін басқаруда субъект-субъекттік өзара әрекеттесумен сипатталатын педагогикалық іс-әрекетте бұл факторлар: а) өзара әрекеттесу сипатымен; б) іс-әрекетті ұйымдастыру сипатымен; в) мұғалімнің пәндік-кәсіби құзырлығымен; г) қарым-қатынас сипатымен де байланыстырылады. Бұл жерде В.А. Кан-Каликке сәйкес, қарым-қатынас стилі деп педагог пеноқушының әлеуметтік–психологиялық өзара әрекетесуінің даралық-типологиялық ерекшеліктері түсініледі.
Педагогикалық іс-әрекет стильдері ең алдымен, жоғарыда қарастырылған жалпы үш түрге бөлінеді: өктемшілдік, демократиялық және либералды-бетімен жіберу, сонымен қатар ол өзіндік «педагогикалық» мазмұнмен толтырылып отырылды. Олардың А.К. Маркова берген сипаттамаларын келтірейік.
Өктемшілдік стиль. Оқушы тең құқықты серіктес емес, педагогикалық әсер ету обьекті ретінде қарастырылады. Мұғалім бір жақты шешім қабылдайды, шешеді, өзі қойған талаптардың орындалуына қатаң бақылау орнатады, қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай өз құқықтарын пайдаланады, шәкірттерінің алдында өз әрекеттерін негіздемейді. Осының салдарынан шәкірттер белсенділіктерінен айырылады немесе оны тек мұғалімнің жетекші рөлі барысында ғана жүзеге асырады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында агрессиялылық пайда болады. Өктемшілдік стиль барысында оқушылардың күші білімдер игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі бұйрық, ақыл айту болып табылады. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән. Жетекшілік етудің осындай стилін ұстанған мұғалімдер басты назарды әдістемелік мәдениетке аударады, педагогикалық ұжымда көбінесе лидер болып келеді.
Демократиялық стиль. Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады».
Осы стильдердің әрқайсысы, өзара әрекеттесу серігіне деген қатынасты айқындай отырып, оның сипатын анықтайды: бағынудан – серіктестікке және бағытталған әсер етудің болмауына. Осы стильдердің әрқайсысының қарым-қатынастың не монологтық, не диалогтық формаларын ұйғаратыны маңызды. Педагог іс-әрекетінің қарым-қатынасында стильдердің сараланып жіктелінуінің енгізілу сипатын В.А. Кан-Калик ұсынған:
* педагогтың оқушылармен бірлесіп шығармашылық әрекетпен елігушілік стилі, бұл мұғалімнің өз ісіне, өз мамандығына деген қатысының әлпеті болып табылады;
* достық ықылас стилі, ол мұғалімнің сыныппен өзара әрекеттесу табыстылығының жалпы фоны және алғышарты болып табылады. В.А. Кан–Калик достық ықыластың тұрпайылыққа, ағайынгершілікке айналу қауіпіне, оның жалпы педагогикалық іс-әрекетке зиянды болуы мүмкін екеніне назар аудартады. «Достық педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес болып, бірақ педагогтың балалармен өзара әрекеттесуінің жалпы жүйесіне қарама-қайшы келмеуі керек»
* өктемшілдік стильдің көрінісі болып табылатын қарым-қатынас стилінің түрі - дистанция, ол оқушылардың тәртіптілігі мен ұйымшылдығының сыртқы көрсеткіштеріне қолайлы әсер ете отырып, тұлғалық өзгерістерге – конформизмге, фрустрацияға, өзін-өзі сәйкес бағалай алмауына, талаптану деңгейінің төмендеуіне және т.б. әкелуі мүмкін;
* қорқыту мен жарамсақтану қарым-қатынас стилі – оның өзі педагогтың кәсіби кемеліне жетпегендігін көрсетеді.
Мұғалімнің мінез–құлығындағы келтірілген стильдердің әрқайсысының басымдылық тарту жағдайын талдау негізінде В.А. Кан-Калик сегіз модельді қарастырады.
