Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ ЖАУАБЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать

24. Студент тұлғасының даму ерекшеліктерінің әлеуметтік сипаты Студент тұлғасының дамуының ерекшеліктері

«Студент» термині латын сөзінен шыққан, орыс тіліне аударғанда ізденуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді.

Студент белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде үш жағынан сипатталады:

1) психологиялық, психологиялық процестердің күйлердің және тұлға сапаларының бірлігі. Психологиялық жақтағы бастысы- психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттер)

2) әлеуметтік, мұнда қоғамдық қарым-қатынастар, сапаларда көрінеді.

3) биологиялық, оған жүйке жүйесінің түрі, анализаторлар құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинкттер, денелік күштер, тері түсі, көз, бой және т.б. кіреді.

  1. Студенттік жас, адамның басты әлеуметтік потенциялын дамыту үшін сензитивті кезең ретінде

Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекшеқауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады.

Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.

25. Дәріс берудің психологиялық ерекшеліктері

Педагогикалық іс-әрекет, бұрыннан белгілі болғандай, түрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін, солардың ішінде ерекше орынды оқыту процесінің негізгі ұйымдастырушы бірлігі - дәріс сабақ алады. Мұнда мұғалім мен шәкірттердің біріккен іс-әрекеті өтеді.

Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға түседі. Осыған орай, мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді: мұғалім ретінде (жаңа материалды түсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырғанда), зерттеуші ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы ретінде (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында ән айтқанда немесе өлең оқығанда).

Л.Т. Охитина бойынша, сабақтың кең түрдегі түсіндірмесі:

«1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ал оқушы тұлғасына әсер ету үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «өту» үшін емес, ал осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір интеллектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапаларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

2. Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет шарт өзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түркі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген жағдайларда да сақталып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді.

3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың үйлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.

4. Кез-келген сабақтың орталық компонентті – шәкірттердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс - ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалық -синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктредің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылықтық шешу жүзеге асады.

5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес – сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі және т.б., сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни шәкірттердің даралық–психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» .

Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері): Шамалаушы,Ағымдық,Ретроспективті.

Шамалаушы. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Сабақтың психологиялық мақсатын қою (үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.).

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік)

Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекше-ліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу

Топтағы тұлға аралық қатынастарды есепке алу.

Ағымдық. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу

Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың оқу жұмысы-ның жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой бел-сенділігі, материалды меңге-ру сипаты және т.б.)

Ретроспективті. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы).

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы бел-гілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап

Сабақты ұйымдастыру мен оқушылардың ұйымшылдығы.Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы: а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй, б) сыныппен психологиялық контакт; 2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру, б) зейінді ұйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.