Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ ЖАУАБЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.83 Кб
Скачать

1. 1. Жоғары мектеп психологиясының пәні және міндеттері Жоғары мектеп психологиясы педагогикалық психологияның бөлімі болып табылады. Сонымен қатар жоғары оқу орнында оқыту мәселелерін шешуде жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, еңбек психологиясы, клиникалық психология, заң психологиясы, психофыизиология, және тіпті экологиялық психология салаларының білімдері қолданылады.Жоғары мектеп психологиясының пәні жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігінің психологиялық заңдылықтары мен жағдайлары болып табылады. Бұл жинақталған пәнде бірқатар зерттеу пәндерәі мен жеке мәселелерін бөліпр қарастыруға болады: оқу іс әрекетінің психологиялық құрылымы, білім алушылардың танымдық процестерін қалыптастыру, кәсіби қабілеттер, тұлға сапалары, іскерліктері мен дағдалары, студженттердің жеке психикалық және психифизиологиялық ерекшеліктері, оқушылардың дифференциалды-психологиялық сипаттамалары, оларды диагностикалау әдістері, студенттік және оқытушылық ұжымды қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары, педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері. Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic-әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек 18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi. Психологияның негізгі міндеті – психикалық әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. 2.ЖМП басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі. Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет», - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие. 3. Білім берудің қазіргі кездегі концепцияларыБүгінгі таңда қоғамның білім деңгейі мен санаткерлік әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие болып отыр, ал адамның білімділігі, кәсіби біліктілігі, шығармашылыққа талпынысы және кәсіби даярлығын жетілдіруге бейімділігі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады. 1992 және 1999 жылдары қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты Республикада білім беру саласын демократияландыру, гуманизациялау, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай тың мәселелер қаралуда. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы» бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы» жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді [1]. Ғылым және білімді дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның ішінде педагогика саласында ең үздік саналатын ғылыми зерттеу жұмысына берілетін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар. Білім беру саласында Қазақстанда Халықаралық байланыстар кеңейтілуде. Жыл сайын мыңнан астам қазақстандықтар шетелдің ЖОО-ларында оқуда және ғылыми кәсіпорындарымен тәжірибе алмасуда, соның ішінде Президенттік халықаралық «Болашақ» стипедиясы бойынша иегелер саны да жылдан-жылға көбеюдеБасты жаңалықтардың бірі, Астанада Назарбаев университетінің ашылуы болып табылады. Бұл халықаралық білім ордасы Елбасының «интеллектуалды ұлт» қалыптастыру бастамасының бір қадамы ғана. Десек те, елеулі қадам. Бұл оқу орны Президенттің өзі айтқандай Лондон мен Сингапур арасындағы әйгілі оқу орнына айналмақ. 12 жылдық білім беру мазмұныны ңнегізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 4. Шетелдерде ЖОО білім беруді дамытудың тенденцияларыКез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп өркендеуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған.Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай суреттеуге болады:Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді;Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзгеріп отырады;Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың белсенді үрдісі жүріп жатыр;Төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде;Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады.ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позизияны қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады. Ғаламдастыру соңғы он жыл ішінде адамдар санасында және тәжірибеде қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ғаламдастыру үрдісінің әсері халықаралық білімге ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және технологиялық байланыстар енгізуде айқын көрінеді. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген. Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. 5. Студенттік топтың рөлі. Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Тұлғаныңқалыптасуына, азаматтық позицияныңқалыптасуына Университеттегі Студенттердіңөзін-өзі басқару органының рөлі өте маңызды. Себебіжаңа әлеуметтік-экономикалық ортадақызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің,  олардыңқоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердіңөзін-өзі басқаруы, жастардыңқоғамдық бiрлестiктерi, еріктілер ұйымы – бұл әлеуметтік серіктестер немесе әлеуметтік әріптестер. Яғни мақсаты мен міндеті айқындалған, өз құндылықтарын айқындай білетін орта. Бұл Университеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін орта. Студенттер – ұтқыр және əлеуметтік топ, өзінің ұлттық жəне əлеуметтік құрылымымен жасына қарай, ерекшеленеді, сонымен бірге сол уақытқа тəн ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мəртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Əлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады. Студенттердің əлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді: 1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, əлеуметтік-мəдени əрекеттердің əртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету; 2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтығы – елдердегі жоғары оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу; 3) студенттерді оқуға келгеннен бастап əлеуметтік-мəдени əрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның əлеуметтік мəдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану. Қазақстан Студенттер Альянсы ҚСА-ның негізгі міндеттері:

  • студенттер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оларды ұлтжандылыққа баулу;

  • студенттердің күш-жігерін топтасқан арнаға бағыттау;

  • студент жастардың мүддесін қорғау;

  • студенттер ортасына білімділікке ұмтылуды қалыптастыру;

  • Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға әрекет ету;

  • «Қазақстан 2030» стратегиясын дамытуды практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға қолдау көрсету;

  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосу.

6. Студенттік ұжымды психологиялық зерттеу Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің - "психологиялық мектебі". Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген. Студенттер деп жоғары және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын айтамыз. Бұл әлеуметтік кәсіби категорияның тарих бетінде пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда алғашқы университеттердің ашылуымен байланысты. Студенттердің негізгі әрекеті -оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби еп-дағдыларды үйренуге ұмтылуы. Студенттік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам зиятының (интеллекті) ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады. Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимунда (ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен. Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді. Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен. Студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады. Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді. Әлеуметтік-психологиялық аспекте студенттердің басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады. Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді. Студенттер педагогткалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы-контексті жүйе болып табылады. Студенттік шақ -адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.). 7. Студенттер арасындағы шиеленіс "Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда "қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал "қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы. Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27] Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді. Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС. Бұл қақтығыстың көп таралған түрі. Құрылымы жағынан ол әртүрлі болып келеді. Көптеген жетекшілер оның негізгі ерекшелігін сипаттардың ұқсас болмауы деп санайды. Шынында да, мінез-құлық, көзқарас, өзін-өзі ұстау дәрежесіне орай бір-бірінен ажыратылатын жандар кездесіп жатады. Кейде өте терең зерттеулер осындай қақтығыстардың негізінде объективті себептер жатқандығын айтады. Бұл күрес көбіне шектелген ресурстарға: материалдық құрал, өндіріс алаңдары, құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде, жұмысшы күшіне және т.б. жағдайларда өріс алады. Кез-келген қаржы қоры үшін басқа емес, сол ғана қажет деп санайды. Қақтығыс басшы мен бағынушы арасында, мәселен, басшы бағынушыға ақылға сыймайтын талап қойған кезде, өз-өзіне сенімді болған жағдайда жетекші жұмысшысы толық күшін жұмсап, жұмыс істегісі келмейді деп есептейді. 8. ЖОО оқытушының педагогикалық қабілет ерекшеліктері Жоғарғы мектеп оқытушысының педагогикалық қабілеттері және педагогикалық шеберлігі Педагогикалық қабілеттер жалпылай түрде В.А.Крутецкийдің жалпы анықтама берді: 1. Дидактикалық қабілеттер – балаларға қол жетерлік оқу материалын беру қабілеті, матералды және мәселені нақты түсінікті етіп түсіндіре білу, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды белсенді өз бетімен ой қозғау. 2. Академиялық қабілеттер – ғылым саласына сәйкес қабілет (математика, физика биология әдебиет т.б.) Қабілетті мұғалім өзінің пәнін оқу курсының көлемі бойынша ғана емес, одан да терең және кең түрде біледі, әрдайым ғылымда болып жатқан жаңалықтардан хабардар, өз материалын еркін меңгереді, көп қызығушылық туғызады, шағын болса да зерттеу жұмысын жүргізеді. 3. Перцептивтік қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі әлеміне ену қабілеті. 4. Сөйлеу қабілеттері - өз ойын нақты, анық жеткізе білу, мимика паномимиканы пайдалана білу. 5. Ұйымдасмтырушылық қабілеттер – біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдасмтыру қабілеті, екіншіден, өз жұмысын дұрр\ыс ұйымдастыру білу. 6. Авторитарлық қабілеттер – оқушыларға тікелей эмоционалды-еріктік әсер ету қабілеті. Олардың алдында белгілі бір беделді иелену. 7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті, оқушыларға дұрыс ыңғай табу, педагогикалық такт. 8. Педагогикалық қиял (немесе болжамдық қабілеттер) – бұл өз әрекеттерін, оқушы тұлғасын тәрбиелік жобалауда алдын ала көре білу. 9. Зейінін іс-әрекеттің әр түрлі түрлеріне бөле білу. Жоғарғы мектеп оқытушысының дидактикасы және педагогикалық шеберлігі Дидактика педагогқа төрт сұрақтың жауабын табуға көмектеседі: кімді оқыту керек? Неге оқыту керек? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Сонымен қатар дидактика оқытудың мәне мен заңдылықтарын, принциптері мен бағыттарын, әдістер жүйесі мен қойылған міндеттерді жүзеге асыру құралдарын қарастырады. Жорғары мектеп мұғалімінің пдидактикалық білімі. Ол оқытушыға оқыту процесінің барысы мен нәтижелерін шартталған тәуелділікті талдауға көмектеседі. Мұғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада іс-әрекет (мысалы, басқару, өндірістік, педагогикалық) стилі – оны орындаудың түрлі жағдайларында көрінетін тәсілдердің, әдістердің тұрақты жүйесі. Ол іс-әрекеттің өзінің өзгешелігімен, оның субъектінің даралық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталады (И.В. Страхов, Н.Д. Левитов, В.С. Мерлин, Е.А. Климов және т.б.). Психологиялық тар мағынада іс-әрекеттің даралық стилі – «бұл типологиялық ерекшеліктермен шартталған тәсілдердің орнықты жүйесі, ол берілген іс-әрекетті неғұрлым жақсы жүзеге асыруға ұмтылған адамда қалыптасады, ...өзінің (типологиялық шартталған) даралығын іс-әрекеттің сыртқы заттық шарттарымен неғұрлым жақсы теңдестіру мақсатында адам саналы немесе стихиялы түрде әрекет жасауға мәжбүр болатын психологиялық құралдардың даралық-өзіндік жүйесі». Осы анықтамада оның «іс-әрекеттің неғұрлым жақсы орындалуын қамтамасыз етуші амал-тәсілдердің жеке өзіндік тіркесі» екені ерекше атап көрсетіледі (В.С. Мерлин). Іс-әрекет стилі, объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық құрамын, іскерліктер мен дағдыларды қамтиды (В.Э. Чудновский) Педагогикалық іс-әрекет стильдерінің түрлері: Өктемшілдік стиль. Демократиялық стиль, Либералдық стиль. 9. ЖОО оқытушысының іс-әрекетінің тиімділігін арттыру Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - студенттердің теориялық білімді өмірде еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Ол үшін оқытудың психологиялық мазмұнын жете зерттеген дұрыс деп ойлаймыз. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі түсінікті де. Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеттерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы перспективалық бағыттарына сәйкестендіру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Әлемдік білім беру жүйесіне ену үдерісі біздің елімізде 2003 жылдан бастап кредиттік оқыту технологиясының енгізілуімен байланысты болып отыр. Бұған дейін Қазақстан «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қатысуы кредиттік оқу жүйесін шын мәнінде іске асыруды белсене қолға алу жолдарын анықтауға негіз болды. Болон процесіне қосылу қазақстандық білім беруге жаңалықтар әкелді, атап айтқанда: білім алушылардың өзі қалаған жерде оқи алуы, білімнің кез-келген ұлттық білім беру жүейсіне сәйкес келуі, білім беру формалары мен бағдарламаларының түр-түрінің қолданылуы, халықаралық сынақ ауысымын жасауға мүмкіндіктің ашылуы, дипломдардың жалпыеуропалық үлгілерге сәйкес келуі. Оқытудың психологиялық мәселелері көптеген ғалымдардың зерттеулеріне арқау болған. «Оқыту-оқу» түсініктерінің арақатынасын талдайтын қазіргі заманғы теорияларға сүйенсек, «әрекеттестік» мағынасын береді. Осы тұжырымның әдіснамалық сипаты бұл түсініктерді бір-бірімен байланыстыра, өзара әрекеттестік бейнесінде қарастырады. Оқытуды ұйымдастыруда оқыту мен оқудың тікелей және жанама әрекеттестігін қамтамасыз ететін білім мазмұны, әдіс-тәсілдер және оқытуды ұйымдастыру формалары таңдап алынуы қажет. Сонда ғана болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ететін білім беру мазмұнын ұйымдастыру арқылы оқыту процесін алға жылжыту мүмкіндігі туады. Оқыту – бұл индивидке қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету әдістерін ұйымдастыру жүйесі. Оқыту процесін жетілдіру мәселесі психолог ғалымдар С.Л. Рубинштейн, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.Б. Ительсон, т.б., сондай-ақ еліміздің ғалымдары М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде зерттелген. Егер оқыту процесін іс-әрекет мазмұнында қарастырсақ, оқытудың психологиялық құрылымы жан-жақты талдауды қажет етеді. Л.Б.Ительсон индивидтің спецификалық іс-әрекеті - оқудың - мынадай функцияларын атап көрсетеді: 1. Пассивті қабылдау және сырттан келген ақпаратты меңгеру: студент ақпаратты қабылдаушы және дешифратор рөлін атқарады. Ол педагогтың қалыптастырушы әрекеттерінің объектісі болып табылады. Үйретудің негізінде хабарлау және дайын ақпараттарды айтып беру мен оқу әрекеттерін көрсетіп беру жатады. 2. Ақпаратты өз бетімен белсенді іздеу, аңғару және қолдану: оқушы өзін-өзі реттеуші селектор мен ақпараттар генераторы рөлін атқарады. Ол - өзін дамытушы қызығулары арқылы қалыптасып келе жатқан субъект. Оқушы өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарына сай келетін ақпараттар мен әрекеттерді таңдап қолданады . 3. Сырттан келген ақпаратты іздеуді, аңғаруды, қолдануды ұйымдастыру: оқушы басқарылатын селектор мен реттелуші ақпарат генераторы рөлін атқарады. Оқушы – педагогикалық әсер етулердің объектісі мен танымдық іс-әрекеттің субъектісі болып табылады. 10. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады. Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болѓанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын. Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болъгп келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқьш үйрену арқьлы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жаѓдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ѓана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады. Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан–жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді. 11. Педагогикалық қарым қатынастағы кедергі тудыратын жағдайлар Педагогика мен психология ғылымындағы маңызды проблема - қарым-қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына байланысты көптеген ойлар ежелден сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала. Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу әрекетіндегі маңызы жайлы ресейлік ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.А.Леонтьев, А.К.Маркова, В.А.Кан-Калик, Е.В. Цуканова, В.В.Рыжов, Л.А.Поварницына еңбектерінде терең зерттелген. Қарым-қатынастағы кедергі, қиындық – бұл субьективті құбылыс, белгілі бір субьектінің жағдаяттардың қарама-қайшылығын күрделілігін сезінуі. Сондықтан бір адам үшін туындаған қиындықты басқалардың байқамауы да мүмкін. Іс- әрекеттегі кедергілер деп адамның жоспарланған қарым-қатынасты жүзеге асырудағы іркіліске кезігуін айтады. Нәтижесінде мұндай іркіліске ұшыраған адам басқаның әрекетін қабылдамайды. Қиындықтар іс-әрекеттегі үзіліс, аялдау оны әрі қарай жалғастырудың мүмкін еместігінен байқалады. Мұндай қиындықтардың туындауы проблемалық жағдаяттардың пайда болуына ықпал етеді. Яғни, С.Л.Рубинштейн айтқандай, қиындықтар ойлауды қозғаудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетте кедергілер адамның интелектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы деп қаралады. Өйткені адам туындаған «қиын» жағдаяттан шығу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, осыған орай педагогикалық психологияда қиындықтардың атқаратын функциясы позитивті және негативті деп екіге бөлінеді. Педагогикалық әрекеттестіктегі қиындықтар немесе кедергілер жалпы психологиялық тұрғыдан алғанда мағыналық, эмоционалды, когнитивті, тактикалық болып бөлінеді. Мағыналық кедергі оқушының белгілі бір әрекетіне байланысты жасалған ескертуге құлақ аспауы, берілген тапсырманы түсініп тұрып, орындамауы салдарынан туындайды. Мұндайда оқушыға қолданылған педагогикалық шаралар әсер етпейді. Мағыналық кедергі жағдайында белгілі бір іс-әрекетіне 42 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ескертпе жасалған кемшілікті оқушы әлден соң қайта қайталайды. Мысалы, сабақ барысында студент лекция жазбай, басқа жұмыстармен айналысып отырғанда, педагогтың ескертуіне мән бермейді. Мағыналық кедергінің болуы педагог тарапынан жүргізілетін шараларға оқушының әсер етпеуі салдарынан педагогтың бүкіл оқу-тәрбие жүйесін жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Педагогикалық практикада педагогтың көмек көрсету ыңғайын біле тұра мағыналық кедергі салдарынан оған қарсылық көрсететіндігі көптеп байқалады. Сондықтан педагог үшін мағыналық кедергіні жою жолдарын қарастырудың маңызы зор. Мағыналық кедергінің туындау себептері сан алуан. Мағыналық кедергілердің негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларына, сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі болып табылатын педагогтың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Педагогикалық кедергілердің бірінші бағыты педагогикалық міндеттерді анықтау және шешу қиындықтарымен, жіберген кемшіліктерді ескермеумен және қайталаумен, педагогикалық әрекетті анық және толық жоспарламаумен сипатталады. Нәтижесінде сабақ мазмұнсыз, тартымсыз өтіледі. Оқушы тұлғасына әсер етудегі педагогикалық қиындықтар оны толыққанды тұлға ретінде қабылдамауынан туындайды. Сөйтіп оқушы немесе студент қарым-қатынасқа толық араласпайды, нәтижесінде екі жақта да қанағаттанбаушылық сезім, дискомфорт пайда болады. А.К.Маркованың пайымдауынша педагогикалық іс-әрекеттегі қиындық педагогтың продуктивті (нәтижелі), шығармашылық, репродуктивті (нәтижесіз) жұмыс формаларын үйлестіре алмауынан, педагогтың сол кедергілерді жеңе алмауымен немесе тіпті жеңгісі келмегендігінен туындайды. В.А.Кан-Калик, А.К.Марковалар анықтағандай педагогикалық іс-әрекеттегі қиындықтар төмендегі жағдайларға байланысты: • қолданылатын тәсіл басқаларымен еш байланыспайды; • педагог бір-бірімен байланыспайтын бірнеше тәсілді қолданады; • қолданылатын әдіс білімденушілердің мүмкіндіктеріне сәйкес емес; • қолданылатын әдіс педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес емес. Педагогикалық кедергілердің келесі бағыты педагогтың өз әрекеттерін өзінің субъективті ерекшеліктерімен түзете алмауына байланысты. Яғни, педагогтың өзіндік бақылауы, өзіндік коррекциясы төмен болады. А.К.Маркова айтқандай мұндай педагогта: «рефлексияның жетіспеушілігінен және өзіндік сынның төмендігінен көрінеді, яғни мұғалім өзіне оқушыны түсінуге және оған ықпал етуге кедергі жасайтын себептерді өз бойынан көре алмайды, оқыту мен тәрбиелеудегі проблемаларды өз жұмысының кемшіліктерімен байланыстыра алмайды». Үшінші бағыттағы қиындықтар педагогикалық қарым-қатынаспен байланысты. Мағыналық кедергілердің себептері педагог тарапынан сарапталмайды, ондай себептерге түзету қажеттігін түсінбейді. Мағыналық кедергілерді жою жеке тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдерді қолдану барысында, қандай жағдайларда және қандай тәсілдерге байланысты мағаналық кедергінің пайда болғанын анықтау керек. Мұндай жағдайда оқушы ұқпаған немесе қабылдамаған әдіс-тәсілдерді өзгерту – негізгі қағида болу керек. Оқушы педагогқа сеніммен қарап, қолданылатын әдіс-тәсіл педагог үшін емес өзіне пайдалы екендігін ұғынуы керек. Егер мағыналық кедергі педагог қолданатын тәсілдерге емес оның жеке тұлғасына ғана байланысты болса, мағыналық кедергіні басқа адам (басқа педагог, директор, декан) арқылы шешілуі керек. И.А.Зимняяның «Педагогикалық психология» еңбегінде студенттердің қарым-қатынасындағы кедергілердің ерекшеліктері, сонымен бірге, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы бірінші курс пен бесінші курс аралығындағы ол қиындықтардың өзгеру динамикасы жайлы мағлұмат берілген. Студенттердің 49 пайызы көпшілік алдында сөйлей алмауы салдарынан, 71 пайызы болып жатқан құбылыстардың ішкі түйсігінде қалыптасқан елеске сәйкес келмеуінен, бұрын жатық, дұрыс көрінетін жалпы мінез-құлық, жест, мимиканың қысылып қолдануы себебінен кедергілерге ұшырасады екен [2, 359]. Л.А.Поварницына студенттер қарым-қатынасындағы қиындықтарды алты топқа бөледі. • Бірінші топтағы қиындықтар студенттердің өзін қалай ұстауды, не айту керектігін білмеу салдарынан туындайды. • Екінші топтағы қиындықтар студенттің қарым-қатынастағы серіктесін түсінбеушілігінен туындайды, яғни қарым-қатынастың перцептивті жағы жеткіліксіз қалыптасады. 43 № 3 (76) 2010 • Үшінші топты сөйлеушіні қарым-қатынасқа қатысушы серігінің түсінбеуі және қабылдамауынан туындаған қиындықтар құрайды. • Төртінші топтағы қарым-қатынас қиындықтары сөйлеуші басынан кешіретін қысылу, ыңғайсыздану, сенімсіздік сезімдеріне негізделген. • Бесінші топтағы қиындықтар студенттің қарым-қатынастағы серігіне көңілі толмау, тіпті сол жайында уайымдауды бастан кешіруімен байланысты. • Алтыншы топ адамның жалпы қарым-қатынасқа көңілі толмауына байланысты қиындықтарды қамтиды. Осыған орай автор студенттердің түрлі әлеуметтік салалардағы, оқитын курсына (біріншіден үшіншіге дейін) және тағы басқа факторларға байланысты қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін талдайды. Үлкендермен араласқанда студенттер қарым-қатынастағы серігін түсінбеу қиындығына сирек кездесетіні (14,2%) және де өзін қалай ұстауды, қарым- қатынас пәнін білмеумен байланысты қиындықтармен (29,6%) жиірек кездесетіні көрсетілген. Студенттер дос-жарандарымен қарым-қатынас барысында екінші және үшінші топтағы қиындықтарды тез жеңеді. Бірінші курстан үшінші курс аралығында ата-аналарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау қиындықтары сақталып қалады, ал танымайтын адамдармен араласуда қиындықтардың күрт төмендеуі байқалады. 12.Педагогикалық қабілеттің құрылымы. Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу),дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі) 13. Студент пен оқытушының қарым қатынасының психологиялық ерекшеліктері  Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын оқытушы студентпен, студент оқытушымен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде оқытушы  үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, студент — білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы – сөз.Студенттермен жұмыс істейтін оқытушылар вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі — мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі ұстаз болса да, студенттермен қарым-қатынас жасау, әр студентті білу, оларды тану, әр студентті іс-әрекетке тарту, оларды сөйлеттіру педагогтарға оңай жұмыс емес. Студенттердің қалаған адамы (идеялы), үлгі беруде жағымды әсер ететін адамы болуы керек. Студенттің жеке басын тәрбиелеуде және қорғауда өзара әрекеттестік қатынасты жете ұғыну үшін, біздің психикалық өмірімізде екі маңызды құбылысты білуіміз қажет. Бұл – Рефлекция және эмпатия. Эмпатия — өзгелер қайғыға ұшырағанда солардың ауыр халінің, эмоционалды жағдайының өз басына түскендей күй кешуі. Рефлекция – бұл басқа адамдардың сізді қалай қабылдауы. Рефлекция  мен эмпатияның төмен деңгейде болуы – мұғалім мен студент қарым-қатынасының болмауы себебінен туады. Қазіргі ұстаз үшін ерекше маңызды мәселе, оның кәсіби сапасы  яғни еңбексүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік, тәртіптілік, мақсат қоя білушілік, жетістіктерге жете алу жолдарын таңдау, ұйымдастырушылық, табандылық, өз еңбегінің сапасын жоғарылатып отыруға ұмтылу, әділеттілік жатады. Мұғалім талап қойғыш болуы керек. Оның талап етуі міндетті түрде түсінікті, орынды, сыпайы болуды қажет етеді. Мұғалімнің студенттерден өзі игермеген қасиеттерді, білімдерді талап етуіне болмайды. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз не? Зейін аударудың, көңіл бөлудің негізі неде? Сіз аудиторияға кірген кезде студенттер қажетті түрде өзінің барлық тұрпатымен сізге назар аударуы керек. Бұл бағыттағы сіздің бірінші қадамыңыз- топтың қызығушылығын туғызу. Бұл психологияда (самопрезентация) өзін-өзі жарнамалау деп аталады. Көбінесе осы қатынаста тамаша әдіс-тәсілдер қолданылмай қалады. Сабақтың конспектісі, көрнекі құралдарының бәрі бар және жақсы, мұғалімнің өзі материалды жоғары деңгейде меңгерген, ал сабақ қызық емес. Себебі неде? Нақты айтқанда, жеке адам мен жеке тұлғаның байланысы болмауынан. Міне, сондықтан топпен қарым-қатынас жасауда топтың және жеке студенттің психологиялық жағдайын есепке алу керек. Өз мақсатына жете алмаған сабақтың бірнеше себептері болуы мүмкін:

  1. Мұғалім оқушылардың психикалық жағдайына бара-бар келмейтін хабарларды беруі.

  2. Мұғалім студенттермен қарым-қатынастың қажетті деңгейін ұйымдастыра алмауы.

  3. Мұғалім өзара әрекеттестік оқу үрдісінде студенттерге психологиялық әсер етуді, педагогикалық қарым-қатынастың маңызды қызметі ретінде алып қарамауы.

Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге сүйенсек, жалпы студенттермен қарым-қатынасқа түсіп жүрген оқытушыларды екі топқа ( студенттермен қарым-қатынас жасауы оңай және студенттермен қарым-қатынасы қиын) бөлуге болады. Студенттермен қарым-қатынас жасауы оңай болу себебі:

  • өз тобындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуі;

  • баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

  • мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;

  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтығында, нақтылығында;

  • оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.

Студенттермен қарым-қатынас жасауы қиын болу себебі:

  • авторитарлық стильді пайдалануында;

  • балаларға салқындық танытуы;

  • балаларға әлеуметтік жағынан бөлуі;

  • балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;

  • бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едім. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар:

Біріншіден, қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Мұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мәселен, «Тыныш отыр», « Немене бәрін білесің бе?», « Сен қашаннан бері білетін болдың?», «Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың»,т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.

Екіншіден, оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды.

Үшіншіден, студенттердің іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен студент арасында дау-жанжал болып жатады.

             Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

  • студенттердің өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескеру;

  • мұғалім өзінің көңіл-күйінің болмауын қадағалау;

  • қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

  • бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

  • қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;

  • сөйлескенде жеке студенттің пікірін сыйлау;

  • қиын, қыңыр, қырсық студенттермен тіл табысу.

 Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер т.б:

  • қарым-қатынаста мұғалім студентке, студент мұғалімге сену;

  • қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу;

  • жеке тұлғаның маңызды сапасы — әзілдей білу.

Студенттермен байланысқа түскен кезде «жоғарыдан — төмен» қатынас құруға болмайды. Топтың психологиялық атмосферасын жете ұғынуға ұмтылу, ол үшін студенттерді бақылай білу, көзқарасынан, ым-ишара, көңіл-күйінен түсіну, өзіңізге студент көзімен қарауға тырысу. Мұғалім студенттердің қатарында емес, жоғарыда емес, олардың арасынан табыла білуі және бірге болуы керек.Әрине, педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып, жүргізілуіне байланысты болады.

14. Жоғарғы оқу орнының оқу іс әрекетінің мазмұны. Педагогикада білім беру мазмұны - жеке тұлға қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырған және де жүйелі түрде білім алуы және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Білімді адам дегеніміз - ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдері меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, балошақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Я.А.Коменский оқытуды технологияландыруды жақтады. Ол оқытуды «механикалық ң болуын жақтады, оқытудың қанағаттандыратын нәтижелеріне әкелетін жол іздеуге тырысты. Я.Л. Коменский «Дидактикалық машинаға: 1. нақты қалыптасқан мақсат; 2. мақсатқа жету үшін нақты бейімделген амал; 3. нақты ережелер, амалдармен қалай қолдануды түсіндіретін нақты ережелер табу керекң деп жазды. Коменский дәуіренен бері педагогикада оқытуды жақсы қалыптасқан механизм ретінде жасауға көп мүмкіндіктер болды. Соңында оқытуды технологияландыру туралы ойлар толықтырылып, нақтыландырылды. Оқыту технологиясына жаппай енуді зерттеушілер 60- жылдардың басына жатқызылады. Шетелдің педагогикалық технологияны барынша танымал авторларына ДЖ. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Геис т.б. жатады. Оқыту технологиясының жолдары Ресейлік авторлардың П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызин, Ю.А.Бабанский, М.В.Кларин т.б. ғылми еңбектерде көрсетілген. Қазіргі кезде оқытудың бихиоверситік теориясы алға шығуда. Сонымен қатар оқытудың прагматикалық теориясының өкілдеріне: У.Джеймсом, Д.Дьюи жатқызамыз. Ал, оқытудың прагматикалық емес теорияларын жақтаушылар қатарында: А. Маслоу, Т.Роджерс, Н. Тейлент және т.б. бар. Ф.Бэконн сенсуалистік теорияны ұсынған. Л.В. Занков программалық материалды меңгеруде тез ырғақпен жүрген екенін дұрыс екенін айтты. Дамыта оқыту технологиясын Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және олардың көптеген шәкірттері дамытуға үлесін қосты. Д.В. Эльконин білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқытып, оқытуға жүйелі әрекеттестік бағыттың негізін қалады. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеяларға әр түрлі сабақтағы әрекеттік ситуациядағы оқушылардың рефлекциясын жеделдету идеясы да енеді. Ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік технологиясы П.Я. Гальперинның, Д.В. Эльконин, Н.Ф. Талызин теориясының негізінде жасалған. Осы теорияның авторлары білім, шеберлік пен дағды адамның әрекетінсіз меңгерілмейтіндігін, сақталмайтындығын түсінді. Практикалық әрекет нәтижесінде адамда мақсат, жоспар әрекетті, орындау тәсілдері туралы негіз қалыптасады. Сондықтан әрекетті қатесіз орындау үшін адам болып жатқан әрекеттің қандай аспектісіне көңіл аудару керек, нәтижесінде не болатындығын білуі қажет деп санаған. Бұл жағдай ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясының негізін құрайды. 15. Студенттерді тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері.. Бұл компоненттер бірнеше сипаттамаларға ие, себебі дамыта оқыту білім алушының жаңа тұлғалық сапалары қалыптасады. Бұл тек шартты түрде, себебі білім беру саласындағы практика бір бірімен тығыз байланысты. Бірақ оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, формалары, әдістерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбиенің мәнін түсіндіру үшін бұл педагогикалық категорияны, оның мәнін, мақсаттары мен міндеттерін біздің еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта жасауларды қарастырылады.

Білім берудің реформалануына байланысты және білім беру парадигмасының ауысуына байланысты тәрбие мәселесі ерекше орын алады. Жоғарығы оқу орнының қазіргі жағдайлары кеңестік дәуірден кейінгі білім беру кеңістігінде тәрбиелік компонент өз мәнділігін жойып алды. Тәрбиелеудің жаңа парадигмасы жаңадан орнығып, аксиологиялық мәнге иеленіп жатыр.

Бұл жағдайда тәрбиелеу процестері әлсіз және ерік-жігерді, педагогтардың кураторлардың, әкімшіліктің және нақты оқу орнының дәстүрлеріне байланысты.

Қоғамнывң дамуы барысында тәрбие мазмұны да өзгереді, бірақ әрқашан тәрбие субъектісі адам болып табылады, ал тәрбиелік әсер оны жетілуіне бағытталады.

Тәрбие түрлері.

Тәрбие – көпбағытты процесс, әрбір мақсат оның мазмұны мен әдістеріне сәйкес келеді. Тәрбиенің бағыты мақсат пен мазмұнға сәйкес келеді. Педагогикалық ғылымда дәстүрлі түрде ақыл-ой, құлықтық, эстетикалық, еңбек, денелік тәрбие бөлінд, ал қазір оған азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, экологиялық бағыт қосылды. Тәрбие процестері әр түрлі деңгейлерде жүзеге асырылады: әлеумет деңгейінде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтардаинтерперсоналды (тұлғааралық) және интраперсоналды (өзін өзі тәрбиелеу) деңгейінде жүзеге асырылады.

Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:

Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.

Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.

Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.

Нәтижесі өте елеусіз.

Болашаққа бағытталған үрдіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:

Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).

Адамның дамуы екі өзара байланысты үрдісті - оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастыруды талап етеді. Бұл екі үрдістің әр түрлі міндеттері бар, сондықтан бір бірімен қиылысса да, кейде уақыт бойынша қатар келсе де олар бір бірінен ұйымдастырудың әдістері және формасы жағынан үлкен айырмашылықтары бар.

Тәрбие үрдісі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дәл сол тиімді өзара әрекеті (ынтымақтастығы).

Тұтастық педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық үрдіс бөлімінде берілген білімдер жиынтығы тәрбие үрдісіне де тікелей қатысты. Тәрбие үрдісінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы зор. Бұған тәрбиеленушілердің интеллектуалдық өрісіне (олардың санасына), эмоциялық өрісіне (олардың эмоциялары мен сезімдеріне) және еріктік өрісіне (олардың әрекеттеріне, мінез-құлқына) жүйелі және жоспарлы ықпал еткен кезде қол жетеді. Егер осы компоненттердің біреуі түсіп қалатын болса, тәрбие өз мақсатына жете алмайды, ол біржақты сипатқа ие болады. Сондықтан тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - тұлғаға жан-жақты ықпал жасау, санаға, сезім мен мінез-құлыққа бір мезгілде әсер ету.

Я.А. Коменский “тәрбие мақсаты және міндеттері, оның маңызы және жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталуы керек’’

деген пікірде болды . “Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты”. Осы ойын “Ана мектебінің“ кіріспесінде өрбітеді. Тәрбиені мақсатты адам қалыптастырып және жетілдіретін үйлесімді үрдіс деп Я.А.Коменский тәрбие мақсатына сәйкес төмендегідей негізгі элементтерге бөлді Тәрбиенің мақсаты:

Адамға барлық заттарды білгізу – “ғылыми білім”.

Заттардың және өз-өзінің қожасы ету - “адамгершілік”.

Құдайға, заттарға, жаратушыға құлшылық ету – “діни тәрбие”.

Тәнін сау ету – “дене тәрбиесі” деп қарастырады.

Швейцария педагогы, демократ И.Г.Песталоцци (1746-1827 жылдары) 50 жыл ұстаз болып, еңбекші халықтың балаларының тәрбиесі мен білімін өзгерткісі келді. 1774-1780 жылдары Нейгоф қаласында жетім балалар мекемесін, тарихтағы тұңғыш тәжірибе мектебін ашты. Ол тәрбие мақсаты баланы жан-жақты және үйлесімді дамыту деп білді. Осы мақсатқа жету үшін балаларға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беру керек деп білді, өз ойын нақты іске асырды.

Тәрбиенің мақсаты және оның негізгі принциптері туралы неміс педагогы А.Дистервег те (1790-1866) жазды. Ол педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік тәсілге қарсы күресті. Мектеп міндеті - ізгі адамды және саналы азаматтарды тәрбиелеу. Адамзатты да және өз халқын сүюге тәрбиелеу керек. Тәрбиенің ең басты принципін И.Г.Песталоццидан кейін табиғатқа сәйкестік деп санады.

16. Семинар сабағының психологиялық ерекшеліктері.Психологиялық әдістер және тиімділікті арттыру құралдару және қазіргі жағдайдағы оқыту сапасы

1.ЖОО дәріс ролі және орны

2. Дәріс құрылымы

3. Семинар сабақтар

ЖОО дәріс орны мен ролі. ЖОО дәрісі – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын меңгеруге қажетті бағдарды қалыптастыру. ЖОО өмірінде дәрісті көбіне «ыстық нүкте» деп атайды. «Дәріс » сөзі латынның «lection» - оқу деген сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі грецияда алғаш пайда болған. Ежелгі Римде өз жалғасын тапқан. Дәрістік оқыту формасының Ресейдегі даму тарихын М.В.Ломоносов алғашқы университетінің негізін қалаушы жазып кеткен. Онын пікірінше, шешендікке жүйелі үйрену үшін «кез келген материия туралы шешен сөйлеу білу керек» деген. Атақты лекторлардың қатарына М.В.Остоградскийды жатьқызуымызға болады. Ол дәрістің ғыолыми, әдістемелік жағына көп көңіл бөлген.

2. Дәріс құрылымы. Өзінің құрылымы бойынша дәріс бір бірінен ерекшеленеді. Бәрі айтылатын материалдың мазмұнына және сипатына байланысты. Бәрінен бұрындәріс жоспарын хабарлау және қатаң түрде сонымен жүру.

Осы дәріспен байланысты алдың дәрісті еске түсірген жөн. Мысалдар, фактілер, келтіру қажет. Жоғары оқу орны дәрісі көбіне ақпараттық болып келеді, оның өзінің бірнеше түрлері бар

Кіріспе дәріс студенттерді курстың мақсаты мен мәнімен таныстырады. Оның ролін, оқу пәндер жүйесіндегі орныны айтады. Мұндай дәрісте курсқа қысқаша шолу жасайды. Мұндай дәрісте ғылыми мәселелер, болжамдар, практикаға үлесі қойылады.

Семинар и практикалық сабақтар.

Жоғары мектепте оқыту процесі практикалық сабақтарды қарастырады. Олар пәнді тереңірек білуге арналған. Олардың формалары әр түрлі. Практикалық сабақтар студенттердің алынған білімді практикада қолдана білу дағдысын үйретеді. Төменгі курстарда практикалық сабақтар 2-3 дәріс сайын жүргізіледі. Практикалық сабақтардың мақсаты – білімді тереңдету, кеңейту, бөлшектерге бөлу, кәсіби іс-әрекет дағдыларын үйрету.

Практикалық сабақтар құрылымы көбіне бірдей:

• оқытушының алғы сөзі

• студенттердің түсінбеген материалдарына сұрақтарына жауап беру.

• жоспарлы түрде практикалық бөлік.

• оқытушының қорытынды сөзі.

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

Оқудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" — мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, — деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелср: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. "Оқыту әдісі" және "әдістемелік тәсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.

17. Студенттік жастың психологиялық сипаттамасы. «Студент» термині латын сөзінен шыққан, орыс тіліне аударғанда ізденуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді.

Студент белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде үш жағынан сипатталады:

1) психологиялық, психологиялық процестердің күйлердің және тұлға сапаларының бірлігі. Психологиялық жақтағы бастысы- психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттер)

2) әлеуметтік, мұнда қоғамдық қарым-қатынастар, сапаларда көрінеді.

3) биологиялық, оған жүйке жүйесінің түрі, анализаторлар құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинкттер, денелік күштер, тері түсі, көз, бой және т.б. кіреді.

Студенттік жас, адамның басты әлеуметтік потенциялын дамыту үшін сензитивті кезең ретінде

Б.Г.Ананьевтың тұжырымдауынша адамның негізгі социогенді потенциясы дамуы сенситивті кезең болып табылады. Жоғары білім адам психиткасына, оның тұлғасының дамуына мол әсер етеді. ЖОО оқыту уақытында студенттердің психикасының барлық деңгейлерінің дамуы жүреді. Ол адамның ақыл-ойының бағытын анықтайды, яғни ақыл-ой бағытын қалыптастырады, ол тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипатталады. ЖОО сәтті оқу үшін жалпы интеллектуалды дамуының жоғары деңгейін, соның ішінде қабылдау, ес, ойлау, зейін, танымдық қызығушылық және т.б. жоғары деңгейін талап етеді. Олар төмен деңгейде болатын болса, онда жоғары мотивация немесе жоғары қабілеттілік, орнықтылық, ұқыптылық есебінен компенсациясы мүмкін.

Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады [49, 255 б.].

Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің психологиялық метебінікі. Б.Г. Ананьевтің өзінің, Н.В. Кузьминаның, Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А. Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмпирикалық материалдары жинақталған, эксперименттер мен теоретикалық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субъекті ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің көпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген. Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты кәсіби-бағдарланған міндеттерді орындауға деген ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік болып табылады (А.А. Вербицкий).

Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құрумен байланысты болуы. Студенттік кез – адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекордтарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ «қайраткер», кәсіпқор ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнынында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады. Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілері алған мәліметтердің көрсетуінше, студенттік жас – бұл интеллектуалдық құрылымданудың күрделі шағы, ол өте даралық және әртүрлі. Осы жастағы адам интеллектісінің мнемологиялық «ұйытқысы» бір жағынан, үнемі «шыңдардың» немесе «оптимумдардың» кезектесуімен сипатталса [8, 346 б.], келесі жағынан осы ұйытқыға кіретін функциялармен сипатталады. Бұл дегеніміз, оқу тапсырмалары үнемі бір мезгілде меңгеріліп отырған материалдың түсінілуіне, ұғынылуна және студенттің есінде қалуы мен құрылымдануына да, оның сақталуы мен мақсатты өзектілігіне бағытталған. Мәселені осылайша қою бірқатар оқу-әдістемелік зерттемелерде бейнелеуін тапты, мұнда проблемалық міндеттерді орындауда оқу ақпаратының студент жадында қалуының, түсінілуінің және бекіп қалуының ажырамастығы көрстіледі. Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендендіру үнемі оқу ақпараттарының есте сақталуы және қайта жаңғыртылуымен қатар жүреді. Студенттік шақтың көрнекілігі бола отырып, студент ең алдымен оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде болады, оның өзі, бұрын көрстелігендей, ең алдымен түрткілермен анықталады. Түрткілердің екі типі көбінесе оқу іс-әрекетін сипаттайды – жетістік түрткісі және танымдық түрткісі. Соңғысы өз тарапынан адамның ой іс-әрекетінің табиғатына сәйкестене отырып, оның оқу-танымдық іс-әрекетінің негізі болып келеді. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуацияда пайда болады және студенттер мен оқытушылардың қатынастары мен өзара әрекеттесулері дұрыс болғанда дамиды. Оқытуда жетістік мотивациясы танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады.

Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеру енді оқу іс-әрекетінің пәні ретінде болмайды, ал кәсіби іс-әрекет құралы ретінде болады» [41, 14 б.]. Алайда сауалнама нәтижелері, техникалық жоғары оқу орны студенттерінің жартысында жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің жоқ екенін көрсетеді. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі таңдауларының дұрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын ұнатпайды [41].

Студенттің оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі елеулі көрсеткіші оның осы іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларын орындау ептілігі болады. Алайда, арнайы зерртеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің көпшілігі лекцияларды тыңдауды және жазуды, әдебиеттерден конспектілеуді білмейді (көп жағдайда лекциялық материалдың тек 18-20% ғана жазылады). Мысалы, В.Т. Лисовскийдің мәліметтері бойынша, студенттердің тек 28,8% ғана аудитория алдына шығып сөйлей алады, пікір талас жүргізуді 18,6%, проблеманың аналитикалық бағасын беруді 16,3% ғана біледі. Нақты әлеуметтік зерттеу материалында көрсетілгендей: студенттердің тек 37,5% жақсы оқуға ұмтылады, 53,6% үнемі тырыса бермейді, ал 8% мүлдем жақсы оқуға ұмтылмайды. Бірақ тіпті жақсы оқуға ұмтылғандардың өзінде 67,2% оқу үлгерімі жақсы емес [119]. Соңғы он жылдықта осы іскерліктер мен жалпы оқуға деген қатынастардың сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі тұсында олардың толықтай қалыптаспауының жалпы бейнесі сақталып қалды. Оқытушылар алдында студентті оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық міндеті тұр, бұл ең алдымен, оны өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру ептілігіне, толықтай оқу, қарым-қатынас жасау іскерлігіне үйретуді ұйғарады. Мәселені осылайша қою табысты оқуға қажетті оқу іс-әрекеттерін, оларды нақты оқу материалында орындау бағдарламасын анықтауды және оларды қалыптастыру бойынша жаттығуларды нақты ұйымдастыруды талап етеді. Бұл жерде осы әркеттерді үлгілі орындауды мұғалім студенттердің 1-курстағы оқуға бейімделу кезеңінің қиындығын есепке ала отырып, өзі көрсетуі керек. Студенттің жаңа құндылық бағдарларының, мотивтерінің және үрейлік сияқты даралық қасиеттерінің қалыптасуына оқытушының әсеріне баға жетпейді. Студентке, әлеуметтік кемелденген тұлға, ғылыми дүниетанымды тасымалдаушы ретіндегі қатынас, дүниетаным – бұл адамның тек дүниеге ғана емес, осы дүниедегі өзінің орнына деген көзқарастар жүйесі екенін есепке алуды ұйғарады. Басқаша сөзбен айтқанда, студенттің дүниетанымын қалыптастыру дегеніміз оның рефлексиясын дамытуды, өзін іс-әрекет субъекті ретінде, белгілі бір қоғамдық құндылықтарды тасушы, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде саналы түсінуін білдіреді. Өз кезегінде, бұл оқытушыны оқытудың диалогтығын күшейту жайлы, педагогикалық қарым-қатынасты арнайы ұйымдастыру жайлы, студенттер үшін өз көзқарастарын, мақсаттарын, өмірлік позицияларын сақтап қалуға оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу процесінде жағдай жасау жайлы ойлануға міндеттейді.

18. ЖМО-ның іс-әрекеттің психологиялық құрылымы Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

Қажеттілік

Белсенділік

Мотив

Іс-әрекет

Мақсат

Әрекет

Жағдай

(міндет)

Амал

Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.

А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол — іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни,  қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.

Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.

Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.

Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .

Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.

Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.  Саналы аңғарылған мақсат — мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады»,  яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.

Емтиханға даярланған студент «Ұлағат» журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.

Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.

Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.

Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.

Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.

Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.

Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.

Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.

Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.

Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.

Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.

Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.

Іскерлік —  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.

Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.

Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.

19. 20.Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері Жалпы педагогикалық сөздік бойынша субъект – басқа адамдарда және өзінде өзгеруді қамтамасыз ететін, заттық-тәжірибелік белсенділік пен танымды тасымалдаушы. Адамның субъектілігі оның өмір іс-әрекетінде, қарым-қатынасында, өзіндік санасында көрінеді. Бұл жерде сөз болып отырған дәстүрлі «оқытушы-студент», «студент-мұғалім» субъектілер қатынасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Оқытушы мен студенттің қарым-қатынас мәселесі дәл қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу нысанына айналуда. Бұл мәселені шешудің басты жолы психологиялық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады. Білім беру үрдісіне қатысатын мүшелердің әрқайсысының өзіндік міндеттері мен құқықтары бар. Оқытушының міндеті – оқыту технологиясын таңдай отырып, студенттердің білімге құштарлығын ояту, өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен айналысуын ұйымдастыру негізінде білім беру сапасын көтеру. Студенттің міндеті – оқу, сабаққа кешікпей келу, тәртіп бұзбау, білім беру үрдісі мен білім мазмұнына қанағаттану құқығы бар. Оқытушының әлеуметтік тұлға бейнесінің қалыптасуы психологиялық қарым-қатынас мәселесіне келіп тіреледі. Жеке адамның әлеуметтенуі өзінің қоғамына тиесілі өзара қатынастар, кәсіби әлеуметтік талаптарға байланысты болады. Демек, қарым-қатынас – студенттің тұлға ретінде жетілуіне пайдасын тигізетін құбылыстардың бірі, яғни, қарым-қатынас арасында өзге тұлғаларды қабылдап, олардың сөйлеу мәдениетіне бейімделеді. Қарым-қатынас барысында жеке адамның қоғамдық рухани және материалдық құндылығы қалыптасады, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналады, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым-қатынасын дамытады. Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне орай қарым-қатынас механизмдері, оны жетілдіру амалдары қызығушылық туғызып, зерттеудің қарқынды саласына айналуда. Адамның барлық қадір-қасиеті басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанынан байқалып тұрады. Оның бағыт-бағдары, білімді меңгеруі, есте сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Адамның қарым-қатынасына ұлттық ерекшеліктерінің әсері өте үлкен. Олардың психологиялық, педагогикалық алғышарттарын ашу қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттің әлеуметтенуі екі ұстанымға ие: еліктеу және иілімді. Болашақ оқытушының бейнесін қалыптастыру үшін студент кәсіби ортада педагогпен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарға ие болып, психологиялық ерекшеліктерге назар аудару қажеттілігі туындайды. Қарым-қатынасқа қажетті дағды мен икемділікті қалыптастыру үшін әлеуметтік фактор әсер етеді. Сондықтан да психологиялық қарым-қатынасқа әсер ететін жағдайлар мен факторлар бір-бірін толықтырады және байланыстырады.

Қазіргі оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып, оның студенттерге психологиялық және педагогикалық әсер ету арқылы кеңейді. Оқытушы білім мен ақпараттың бағыттаушысы болып қана қоймай, педагог, психолог, психотерапевт болуы керек. Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі тәуелді. Оқытушының беделі – оқу-тәрбиелеу процесінің жетістігіне әсер ететін ұжымдастар мен студенттер және өзара қатынас барысында білінетін, ұйымдағы оның кәсіби, психологиялық, тұлғалық сипаттамасы. Оқытушының беделі - оның білімділігіне, адамгершілігіне байланысты болып келеді. Қазіргі таңда студенттерге оқытушының жеке тұлғасы, оның ашық, қайталанбас дербестігі тәрбиеленуші және психотерапевт ретіндегі беделі әсер етеді.

21. ЖОО-да психологиялық қызметтің рөлі Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психологиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер Қазан мемлекеттік университетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны мен формаларын анықтайды[3]. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің қалыптасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытуға ықпал жасаған факторларға білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның практикалық ұйымдастырылуын ғылыми негіздеу (К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф.Бурлачук, Ю.З.Гильбух, К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова, К.К.Обозов, Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан Н.И.Рейнвальд және т.б.) жатады.Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер, қолданбалы функциясы және психологиялық білімдерді насихаттау сияқты үш аспектісі қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеулерінде жоғары білікті мамандар даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін басқарудың қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті, студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне байланысты басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің қолданбалы функциясы психологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Аталған бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты, құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбірелдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп, кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар. Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.Э.Ф. Зеер атап ӛткендей, психологиялық сүйемелдеу дегеніміз тұлғаның кәсіптік қалыптасуын игеру, қалыптастыру, дамыту және түзету. Кәсіби қалыптасуда, психологиялық сүйемелдеудің ең басты тапсырмаларының бірі тек тұлғаға уақытында кӛмек кӛрсетіп, қолдау емес, осы үдерістің қиыншылықтарын ӛздігінен жеңіп шығуға, ӛзінің қалыптасуына жауаппен қарауға үйрету, тұлғаның кәсіптік ӛмірде толық субъект болып қалыптасуына кӛмектесу болып табылады.Психологиялық сүйемелдеу – бұл бір реттік шара немесе акция емес. Бұл – психологиялық қызметтің жүйелі ұйымдастырылатын және тұрақты орындалатын жұмысы.

22. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге қойылатын талаптар

Қазіргі кезде еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі эксперименттік режимде жүргізілуде. Әр оқу орны шетел және еліміздегі ЖООьтәжірибелерін зерттеп, оқу пәндері мен бағдарламалары

бойынша кредиттерді анықтағанда өз «шарттарын» қолданады.

Айталық, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де кредиттік жүйеге өту кезең бойынша жүргізілді:

1) кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу;

2) басқарушы кадрлар мен профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау;

3) кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және техникалық қамтамаларды әзірлеу;

4) 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриаттың жекелей бағыттары бойынша эксперимент түрінде енгізу (мысалы: 2004 жылы – экономика факультеті, 2005 жылы – заң және педагогика факультеті өтті);

5) кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалаврларды даярлау нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа факультеттерде қолдану туралы шешім шығару (2006 жылы басқа факультеттер өтті) [46].

Кредитік жүйеге ауысуға байланысты кездескен кемшіліктер мен қиындықтарға қарамастан Қазақстанның ЖОО-дағы реформалау үрдісін, университеттік білім берудің ұлттық және әлемдік дамуының бағыттарын зерттеу барысында мынандай оң беталыстар айқындалды:

– қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайлар үздіксіз білім берудің өзіндік құндылық идеясын, студенттердің және оқытушылардың ұдайы өз білімін жетілдіруін талап етеді;

– білім беру мазмұнының таңдамалы және көпдеңгейлі болуы;

– қоғам сұранысы мен әлемдік білім жүйесіне ену талаптарына сәйкес жаңа мамандықтардың, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;

– барлық мамандықтардың білім беру стандарттарының, типтік оқу бағдарламаларының кредиттік оқыту жүйесіне байланысты жаңаруы;

– барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендердің жаңаруы;

– ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үрдісінде аудиториялық жүктеменің қысқаруы, студенттің өздік жұмысының үлесінің артуы;

– студенттің оқуға уәждемесінің артуы және оқытудағы негізгі салмақтың оқытудан білім берудегі студенттің өзіндік әрекеті түріндегі оқуға ауысуы;

– оқытушының рөлінің өзгеруі және СӨЖ маңызы-ның артуына байланысты оқытушы құзіреттілігіне талаптың жоғарылауы;

– оқытуда интерактивті әдістердің, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялардың кеңінен қолдануы;

– пәнаралық байланыстың маңызының артуы.

Кредиттік оқыту жүйесі жинақтамалы болып табылады, бұл жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатылары бойынша бұрын жинақталған кредиттердің өспелі түрдегі есебінің

алынуын білдіреді.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асады. Әрбір пәннің көлемі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарттары мен үлгілік оқу жоспарларының негізінде кредиттермен анықталады. Осыған байланысты, әлемнің жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік оқыту жүйесінің функциясы тек білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу ғана емес, ол:

– білім сапасын қамтамасыз ету құралы, өйткені, кредит-сағат – студенттің оқу жұмысын өлшеудің негізгі бірлігі және оның нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын орындағанының көрсеткіші;

– СӨЖ ұйымдастырудың құралы, өйткені, ол студенттерді семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, өз бетінше жұмыс істеуін ынталандырады, әрі оқу курсы бойынша жинаған бағаның 60-80% ағымдық және аралық

бақылаудың нәтижесінен тұрады;

– студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер етудің құралы, өйткені, ол студенттерді аудиториялық сабақтарды босатпауға, өздік жұмыстарды уақытында тапсыруға мәжбүрлейді;

– оқыту әдістемесін бағалаудың құралы, өйткені, ол оқытушының оқу үрдісінде түрлі әдістерді, СӨЖ түрлері мен формаларын тиімді және үйлесімді қолдануының нәтижесін көрсетеді;

– сонымен бірге, ол оқу орнына түрлі қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық проблемаларды шешуге де мол мүмкіндіктер береді.

23. Іс-әрекет психологиясы

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсатқойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Балатамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте заттыигеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түріболады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл-ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.

Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл-ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкіпсихикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалғаауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқыәрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді,сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.

Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндеттіатқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.

Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекетарасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекеттеқалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекеттіреттеп отырады.

Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін әр түрлі саладажұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көругеболады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы,педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуыкездейсоқ емес.

Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге көмектеседі. Сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады,яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.

Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. Іс-әрекет түрлері.

Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек.Ойын. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетінқажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблемаболды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауғақажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағыбалалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырларбойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оныңотбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үйтапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңаміндеттер пайда болады.Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастапбаланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі.

Еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзініңнегізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдықғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі:еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімдіжасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерінқанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтанадамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.

Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетінқанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.