Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы

Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады. Драматургиядағы шығармалар – әдебиет оқырмандары мен театр, кино көрермендеріне арналған көрнек өнері (көркемөнер) рухани құндылықтары. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты. Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді.

Қазақ драматургиясының жаңа толқын қаламгерлермен толығу кезеңі – XX ғасырдың 60-70 жылдары. Бұл кезеңдегі қазақ драматургиясына қосылған қаламгерлер (Қалтай Мұхамеджанов, Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази (Әкім Әшімов), бұлармен ілесе Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Оразбек Бодықов, Дулат Исабеков, Асқар Сүлейменов, Софы Сматаев, Төлен Әбдіков, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жолтай Әлмашұлы, Роза Мұканова, т.б. каламгерлер қазақ драматургиясының көркемдік-эстетикалық қазынасын байыта түсті.

Қазақстанның жаңа әдебиетіндегі драматургия саласы әлем өркениетіндегі классикалық үрдістерді жаңғырта жалғастырған сипатымен байқалады. Көркем әдебиеттің байырғы салаларының бірі болып саналатын қазіргі қазақ драматургиясындағы туындыларды уақыт талабына орай ғылыми-теориялық зерттеулер аясында жаңаша зерделеп, жан-жақты қамтып қарастыру – өзекті мәселе. Уақыт еншісіндегі осы өзекті мәселенің зерделеуіндегі жаңа ізденістеріміз жалғаса береді.

11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі

12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

«Көркем шығармада тек бір ғана әрекет етуші тұлға бар - бұл жазушы, яғни мақсаты мен ой-пікірін арқалаған кейіпкер...» (О.Бөкейдің аяқталмаған мақаласынан)

Менің «Қар қызы» деген повесім бар. Оның қысқаша мазмұны мынадай: ауылда мал азығы таусылып қалады да, үш жігітті тым шалғайдан трактормен шөп әкелуге аттандырады. Әкелері соғыста өлген, өздері соғыстан соң туған үш жігіт ДТ-54 деп аталатын трактормен 40 градус суықта, діттеген жеріне жете алмай қар шағылдардың арасында адасады, қар тұтқынында қалады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің екі арасындағы мәңгі аяқталмас майдан басталады. Суыққа үсіп, ұйқы меңдеп енді-енді өлейін деп жатқанында повестегі бас кейіпкер Нұржанды Қар қызы келіп оятады. Олардың тірі қалуына себепкер болған - сол аңызға айналған Қар қызы. Ондағы Нұржан - өзім. Бұл болған оқиға, мектеп бітірген соң көп жыл тракторист болып істегенмін. Әрине, Қар қызын түсімде ғана көрдім, сыңсып салған әнін естігендей болғанмын. Бір ойдан оқушы бұл оқиғаға сенбеуі де мүмкін, ал мен сенемін. (Болгарияның «Родопски устрем» газеті қойған сұраққа жауап)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]