- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
Жазмыш
Қасырет кітабы
Дүниенің ең басты жұмбағы-адам. адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенімен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ. әу баста қандай жұмбақ болсақ, қазырде сол жұмбақ қалпындамыз. ал өнер адамдары, дарын иелері, әсіресе ақындар- болмысынан бөлек, табиғатынан тілсім, қайталанбас құбылыс, ункюм. олар кеиде белгілі бір шығармаларының белгілі бір сәттерінде ақырын-ақырын ашылғандай болады. бірақ ондай сәулелі сәттер көп адамның санасына ся қоймайды. ақынның аты-жоны өзгермеиді демесек, өзі үнемі өзгеру үстінде, құбылу үстінде, керек десеңіз, өзін-өзі жоққа шығару үстінде, жаңғыру үстінде ғұмыр кешеді. оның өзі өмір сүруге ұқсамайды. оның өмірі- беинеттену, азап шегу, тіпті у ішу. ақын-жазушыға байланысты пөртрет деген сөзді жиы пайдаланамыз. сол сөздің өзі, ұғымның өзі ақын аталатын айрықша ерекше құбылыстың сексен сегіз қыры түгіл, бір қырының бір белгісін берсе беретін шығар. бере алмауы да мүмкін. менің бұл пікіріме біреу келісер, біреу келіспес. қайткенде де оны айтпасқа болмайды. қырық кісі- бір жақ, қыңыр кісі - бір жақ демекші, алпыс адам-быр жақ, ақын өзі бір жақ.
қысқасы, «жазмыш»-ақындар және ақындық қасырет туралы дара козғарас. бұл мәселеге мүмкіндігінше тереңдеп бару, түсініп бағу.Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде «жазмыш» сөзі туралы мынандай анықтама берілген: «Діни наным бойынша әуеден белгіленіп қойылады-мыс дейтін талай тағдырдың бұйрығы». Қанша томдық болса да, сөздік бұдан артық не дей алады?! «Жазмыштың» орысша баламасы - «рок». Орыс ағайындар бұл сөзді калай түсіндіреді екен деп, Владимир Дальдің сөздігіне үңілдім. Ол да негізгі мағыналардың бірі ретінде - «судьба, предопределение, участь неминучая, суженое» - деп ұғындырыпты. КСРО Ғылым академиясы Орыс тілі институты шығарған орыс тілінің төрт томдык сөздігінде тіптен ықшам: «Судьба (обычно злая, грозящая бедами, несчастьями и т. д.)», - дей салыпты. «Жазмыш» - жалпы философиялықта категория ғой деп, біраз ғалымдармен сөйлесіп көріп едім, жартымды ештеңе ести алмадым. «Барымен - базар» деген, осы үш беделді сөздіктің бар айтуымен ғана шектеле тұрамыз. Дінге сен, сенбе. Атеистбол, болма - бәрібір! Қай халық, қай ұлт болмасын дәл осы «жазмышта» адам
еркінен тыс, иесіне де, басқаға да бағынбайтын бөлек және ерекше құдіретке ғана байланысты күш-тағдыр жатқанын мегзейді. Ал, енді, өз еркіңмен дара пікір айтайын десең, осы анықтамалардан онша ұзап кете алмайсың. Көне, өте көне замандардың бірінде өз ортасына әбден белгілі бір философтың басына бүркіттің шеңгелінен шетінеп шыққан дәу тасбақа түсіп, сеспей қатқан екен. Ол тасбақа бүркіттің шымыр шеңгелінен шынында да босап кетті ме, әлде бүркіттің өзі тастап жіберді ме, әлде бір құдірет түртті ме? Кездейсоқ шығып кетсе, неге дөл осы жерде, философ кетіп бара жатқан тұста шығып кетеді? Тастап жіберсе, бүркіт философтың басынан басқа
басты неге таңдамайды? Рас, аңыз бойынша ол философтың басы бір тал шашы жоқ, жұмыр, жұмыртқадай жап-жалтыр екен. Егер оны бас емес, тас деп ойлаған күннің өзінде ондай бастың бүкіл Грекияда біреу-ақ болғаны ма? Жалғыз-ақ болған күннің өзінде сонау шырқау биіктен козғалып бара жатқан пенденің тас төбесінен дәл ұру - ақылға сыймайды. Қарапайым адам, міндетті түрде, оған Алланың өзі араласқан деп түсінеді. Қалай десеңіз де, соның логикасы дұрыстау! Джон Теннер деген АҚШ-та бір жазушы болған. Тоғыз жасында үндістер ұрлап әкетіп, отыз жыл солардың ішінде өмір сүрген. Солардың тілін, дінін, дәстүрін кабылдап, қабырғасы қатқан. Кейін оны өзінің оңаша лашығында қаннен-қаперсіз жатқан кезінде нәсілшіл отандастары айуандықпен өлтіріп кеткен. Жазмыш. Таза жазмыш. Ешқандай логика жоқ. Басқа баланы ұрламай, неге соны ұрлайды? Джон
Теннер үндіс емес. Ақ нәсілдің ұрпағы. Ендеше оны неге нәсілшілдер өлтіреді? Түсіндірме сөздіктерде айтылғандай: әуеден белгіленіп қойылған тағдыр демеске амал жоқ.
