- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
81. С.Мәуленов поэзиясы.
С.Мәуленов поэзиясының табиғатпен тұтастығы ақын даналығының әрі ажырамас бөлшегі әрі адастырмас өлшемі. Ол өзінің поэзиясына нәр мен қуатты туған жер табиғатынан алады, сондықтан өзінің сөзін де, жырын да соған арнайды.
Ақын өлең жолдарынан табиғат құбылысының мінезін сезесің, әрі сыршыл лирик өзінің сезімін де қоса өреді. Ол үшін туған жердің көктемі ала бөтен ыстық.
Ақын көктем тақырыбына әр алуан жыр арнады. Оның әрбір өлеңі – жаңа бір дүниенің кілтін ұстатқандай. Бірін-бірі қайталай бермейтін көктемнің әр қилы суретін, көрінісін әр алуан қырынан аша жырлайды. С.Мәуленовтің қай өлеңін оқысаң да, үлкен эстетикалық ләззатқа бөленіп, жан дүниең жадырап сала береді. С.Мәуленов жырларындағы күтпеген жерден көлденең шыға келетін соны образдылық – бейнелік тосындық қазақ поэзиясының көркемдік тәжірибесін байытты. Болмысты, табиғатты, т.т. басқалар ауызға алмаған, “аңғармаған” қырынан таныту – ақындық қырағылықтың, суреткерлік мергендіктің жемісі. Мәселен: “Жазғы сурет” атты өлеңіндегі:
Көк жүзінде дөңгеленген кептердей,
Сүттей аппақ жарқырайды жазғы ай.
Аспан беті ашық жатқан дәптердей,
Ал жұлдыздар соған түскен жазудай.
...Жел қарғиды қарағайдан секіріп,
Соның лебі – бұтақтардың дірілі [2,191], –
деген жолдардағы алғашқы шумақтағы әдемі көрініске бәлендей таңдана қоймаймыз. Ал жел қарағайдан қарғып секіргенде, бірден елең еткізеді. Гәп – қимылда немесе қозғалыста емес. Мәселе желге “жан” бітіп, қарғып желпінуінде.Егер алғашқы шумақта, көзге елестерліктей нақты дәйек – суреттер салыстыру арқылы сабақтасып, суреттер ұжымының ұясындай әсер етсе, кейінгісінде бұтақтардың дірілінен басқа “қолға ұстарлықтай” ештеңе жоқ. Жел қарғып түскен де, кеткен де, жүрген де жоқ; қарғиды – демек, жалғасып жатқан процесс. Сенбеске лаж жоқ: дәлел – бұтақтардың дірілі. Ойнаған, ойқастаған, жортқан, жортақтаған емес, ағаштардың арасымен қарғиды. Бұрын-соңды көрінбеген қозғалысты түйсікпен танып, ақылмен шамалаймыз. Көзге көрнектеліп көрінбесе де, көңілмен аулайтын көркемдік әлемі өзгеге ұқсамайтын, өзгені еске салмайтын “біртуарлығымен” жаңаша.
Келтірілген шумақтардағы ой, сезім, табиғат, болмыс құбылыстарын көркемдік материал, мазмұн, әрі бейнелік толғанысты жеткізуге қажетті құрал ретінде пайдалану талабы жыл өткен сайын нығая береді. Адам мен қоғам бойындағы құбылыстарды, ерекшеліктерді ақын салыстыра, сабақтастыра жырлайды. Табиғат әлемі – С.Мәуленов үшін сарқылмас эмоциялық қуат, қанаттандырушы рух, түпсіз бейнелілік қазына.
С.Мәуленовтің табиғат лирикаларының тақырыбы әр алуан, бояу нақышы, бейнелеу машықтары, поэтикалық ізденістері де басқа ақындарға ұқсай бермейді. С.Мәуленов қазақ поэзиясына айрықша өнімді еңбек етіп, жемісті жырлар қалдырған талант.
82. С.Мұратбеков повестері.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. «Жусан иісі» повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады. Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.
Биылғы жыл бойы еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде, сондай-ақ оқу орындарында, әскери бөлімдерде аталған кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады. Сондай-ақ Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді. әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» 1961 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) атты әңгімелер мен повестер кітаптары басылып шығады. Автор өз шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді. Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
