Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.

70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.

71. М.Мақатаевтің өлеңдері.

Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнелен-бей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні.

Бұл – ақынның табиғаты. Өлең ең әуелі тап осындай табиғаттан жаратылса керек, ол сонда ғана табиғи; әйтпесе, жазып отырған кісінің өзін-өзі күштеуінен туған шығарма оқушыны да тебірентпейді.

М. Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе?» кітабындағы махаббат жырлары сезім жалаңдығынан, парықсыздықтан атымен аулақ, өзек өртердей оттылықтан шынайылықтан тұратын шығармалар.

М. Мақатаевтың махаббат лирикасын оның жалпы, суреткерлік тенденциясынан, былайғы творчествосынан бөлек қарау орынды болмас еді. Олар да - шын мәніндегі асқақ азаматтық дауысқа ие жырлар.

М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына – баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен-сазы да ақын көкірегінің толғаныс-тебіреністен жасаған; бәрі де адамның өз дем, өз тынысындай шынайы, табиғи. Мұнда әккі қасапшының пышағындай жаланған жалаң техника жоқ, өмір мен соған елтіген көңілдің қас-қабағын баққан үйлесімді шеберлік бар. Әдетте ішінде жақсы өлеңі көп кітап көп те, ішінде бірде-бір жаман өлеңі жоқ жыр кітаптары аса сирек ұшырасады. М.Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе?» жинағы сондай айда-жылда бір ұшырасатын аса сиректің бірі».

Жалпы Мұқаңның көзі тірісінде осындай ақадал пікір білдіріп, талантты танып, оның жақсылығын айтып нұрын тасытқан Әбіш ағаға біз, бүгінгі ұрпақ, қашан да алғыс айтуға тиіспіз. Мұқағалидың бүкіл шығармашылығына берілген зор бағалардың бірі де осы болса керек. Өйткені оны ақын көзі тірісінде оқып, қанаттанған, шабыттанған шығар. Өзі туралы мұндай бағалау сирек болғанмен, Мұқағали өзінің қазақтың аса дарынды ақыны екенін, өзінің ешкім аласарта алмайтын биіктігін білген. Бұл оның көзін көргендердің айтқанынан түйсінгеніміз, өлеңдерінен түйгеніміз.

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ол дүниеден озғалы бері тоқтаусыз айтылып та, жазылып та келеді. Бірнеше ғылыми диссертациялар қорғалды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы хақында сөз болғанда, Мұқағалидың өлең, дастандарына соқпай өту мүмкін болмай қалды. Ақын жырлары мектеп, жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларынан ойып тұрып орын алды.

Оның өзі қайтыс болғаннан кейін «Өмір-өзен» (1979), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (екі томдық) (1982), «Шолпан» (1984), «Жырлайды жүрек» (1989), «Күнделіктері» (1991), Үш томдық шығармалары (1991-1993) «Жылап қайттым өмірдің базарынан» (1994), «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» (1999), «Аманат» (1999), Төрт томдық шығармалары (2002) кітаптары жарық көрген сайын Мақатаев поэзиясы оқырманмен етене жақын қауышып, әр қазақтың сырласына айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]