- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
87. Д.Исабековтің әңгімелері
Д.Исабековті тұтастай сатирик демесек те, жазғандарын езу тартпай оқу
қиын. Жазушы шығармаларында сатираны да, юморды да жиі қолданады. Жазушының «Есеп шот, түйетауық және дамино», «Ақырмаштан наурызға дейін», «Конфронтация», «Ай-Петри ақиқаты», «Талақан –186», «Ескерткіш» әңгімелерін шынымен де езу тартпай оқи алмайсың. Жылы юморға толы бұл әңгімелерде ауыл ӛмірінің тыныс-тіршілігі, замандастарымыздың іс -әрекет, мінез-қылықтары, түрлі келеңсіздіктер күлкі етіледі. Жазушы әңгімелеріндегі, жалпы, бүкіл шығармаларындағы айтуға жеңіл кӛрінгенмен, түсінген адамға ауыр тиетін әзілдері, тапқыр сөздері ерекше бағалы.
Повестер:
«Бір шөкім бұлт» «Күй» «Бәйгеторы» «Шыңырау» «Бәсеке» «Ханша дария хикаясы» «Құс қанаты» «Бір шоқ жиде» «Шеткері үй» «Автомобиль» «Баллада забытых лет» «Хатингольская баллада» «Колодец»
«Состязание» «Теплый снег» «Дом на окраине»
«Купы джиды» «Автомобиль» (рус.) «Призовой бегунец»
88. М.Мағауиннің әңгімелері.
Алпысыншы жылдары жазушылардың негізгі ұстанған жанры – әңгіме жанры болды. Р.Рүстембекова: «Алдымен осы жанрдың дамып, өрістеуіне айтарлықтай үлес қосқан жас жазушылар келіп қосылғаны дербес атап айтуға тұрарлық. Олардың өздерімен бірге әкелген жаңалықтары мен ізденіс табыстары, әрқайсысының өзіндік қолтаңбалары көңіл аударлықтай. Әсіресе тақырып өрісі, көтерген проблемалары жас жазушылардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді» [7, 14-15 бб.] - деп солардың қатарына М.Мағауинді де қосады.
Басқа да жазушылар сияқты М.Мағауин де өзі ауылда туып өскендіктен әрине, ауыл тақырыбында қалам тартқан еді. Жазушының «Сентябрьде» (1968ж) атты әңгімесінде ауыл тақырыбы мен әке мен бала арасындағы қатынас, және өз тарихы, діні, салты мен тілін ұмытқан қала келіні мен ауылдың қарты арасындағы оқиғаларға негізделіп жазылған. Бұл жайында С.Кирабаев былай деген: «Олардың көбі әдебиетке ауыл өмірін жырлай келді… Бұл тұрғыда М.Мағауиннің «Тазының өлімі», «Қара қыз»…тағы басқа повестері ауыл өмірі мен ауыл адамдарының характерін жаңа қырынан аша білуімен, идеялық көркемдік ізденістермен бағалы» [8, 160 б.]. Жас жазушы М.Мағауин қазақтың шыққан тегі, өзгенің тілі мен мәдениетіне еліктеп, мәңгүрттікке ұшыраған ұрпақты қатты сынап, соған байланысты керемет шығармалар жазған. Ғабит Мүсірепов: «Оның (Мағауиннің) алпысыншы, жетпісінші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен-таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде танытыпты. М.Мағауиннің сол тұста жазған «Әйел махаббатты», «Күтпеген кездесу» сияқты әңгімелерін, «Қара қыз» сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күн-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік-тағы…» [9, 113 б.] – деп жазушының бағасын аса жоғары етіп берген. М.Мағауиннің «Қара қыз» әңгімесіне назар аудара отырып Р.Рүстембекова: «Мұхтар Мағауин жастық, махаббат туралы жазғанда әрқашан интеллекті жоғары қояды. Мещандықтың шырмауынан шыға алмаған жайлы тұрмыс, биік мансап іздегендерді шынайы сезімнің адамдарына қарсы қояды» [7, 55 б.] – десе, С.Кирабаев: «Бұл ретте 70-80 жылдар прозасының жемісі болып табылатын М.Мағауиннің «Қара қыз», «Мұрагер», «Тазының өлімі», т.б. сияқты туындыларын моральдық-этикалық мәселені қозғаудағы, әлеуметтік маңыз алып кеткен тоғышарлық тәрізді қоғам өміріндегі кеселдегі сынға алуын ерекше бағалауымызға болады» [10, 84 б.] – деп көрсеткен.
Адамның жан дүниесіне нәр беріп, қуат сыйлайтын руханият әлемінің құдіреті жас Мұхтарды өзіне ертеден-ақ тартқан. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрінген жас талант араға жылдар емес, айлар сала отырып, жаңа туыңдыларын бірінен соң бірін ұсынады. 1961 жылы «Кешқұрым», «Әйел махаббаты» сияқты тырнақалды әңгімелерімен жұрт назарына іліккен ол университетті бітірер-бітірмеcтен, қалыптасқан кәнігі әдебиетшілердей жазушылық қаламына қалам сілтейді. Бірақ кейін көркем шығарма жазуды сәл бәсеңсітіп, ғылымға бет бұрды. «Жаңылысу», «Ватерлоо көпірі», «Ақша қар», «Тазының өлімі», «Көкмұнар» сияқты көркем шығармалары - айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көрген дүниелер. Бұл туындыларды арнайы атап отырған себебіміз Мағауин осы әңгіме-повеcтері арқылы-ақ қазақ прозасына жаңадан тың талант келіп қосылғанын әйгілеп үлгерген болатын.
