- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
1973 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген трилогияның мұқаба беті
Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып қауышса, оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартады.
«...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді»[8]– дейді жазушы.
Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.
Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспендігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихын эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.
«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.
«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.
Романның «Күйреу» аталатын үшінші, соңғы кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына Еламан әжептәуір күмән келтіреді.
Трилогияның екінші кітабы «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді.
Екінші кітаптың сюжеті мен композициясы бас кейіпкер характерінің осы ерекшеліктерінен туындайды. Сюжет әлеуметтік дауылдың қарсаңындағы ісініп-қабына бастаған теңіздей теңселген ахуалды бейнелеу барысында шиыршық атады. Бұрынғы самарқау ырғағынан жаңылған кейіпте. Композиция сюжеттің сабақтас оқиғаларынан құралады. Әлдебір үлкен оқиға аяқтала бере, ширыққан сюжет суреті публицистика әуеніне ауысады. Суреттелген оқиғаларды тың ойлармен түйіндейді. Эпикалық сюжеттің ішкі драмалық, күрделі-психологиялық сипаты өзгеріп, ақырында талдама-жинақтаушылық реңк алады.
«Қан мен тер» трилогиясы Тәңірберген тағдырының соңғы күндерін суреттейтін үлкен тараумен аяқталады. «Ақтар Аралдан шегінгелі Тәңірберген төтен бір халде». Өстіп басталатын тарау тұтастайын ішкі монологтен тұрады. Тәңірберген бар дүниеден баз кешкен. Аяр залым, айлакер қу бұрын ойына алғанын істемей қоймаушы еді. Иті қырын жүгірген соң амалы құрыды. Не істесе де, ойлағанынан кері шығады. Өзінің халіне көлденеңнен тосырқай қарайтынды шығарған. Ішкі монолог ұйтқыған құйындай.
Кейіпкер қай жерден қапы соқтымға ұшырайды. «Үстіңдегі үйіңді жығатындай беті қатты заман бұны төсегінде тыныш жатқызбады». Шалқарға айдап келді. Осы жерде ұсталып қалды. Шегінген генерал Черновтың әскерін құм арасымен бастап алып шығатын кісі керек болып, опасыз досы Темірке саудагер лайықты ешкімді таба алмағандай, Тәңірбергенді нұсқап иек көтеріпті. Басында ақтарға Алтықұдыққа дейін жол көрсетсем, арғы жағына өздсрі бір лажын істер деп ойлап еді, қателесіпті. Ұлықұм, Кішіқұм бойына баруға тура келді. Ол жерден де аман алып шығып еді, ендігі жолын қырсық шалды... Сусыз қаталаған шақта, бар көз өзіне шұқшиып зәресін алып барады. «Ну, гад! Құдық қайда?» – деп ақ офицер жанын мұрнының ұшына келтіріп тұр.
Нұрпейісов психологизмі бұл тұстарда ерекше шабыт алады. Психологиялық мінездеме көркемдік талдауға ұласқанда бақыты күйген кісінің бар пәлені жазмышқа артуы дұрыс па деген сауал туады. Жақсы болсын, жаман болсын, көп харакет істететін адамның пешенесіне жазылған мінезі – характері. Бәрінсн де бұрынғы өр Тәңірбергенге қосымша жаңа табалаушы Тәңірбергеннің шыға келгенін айтсаңшы. Монолог-тексеріс монолог-айыптауға ұштасып, кейіпкер санасын әбдсн сансыратқан. Сансыраған сананың, мәңгүрттенген ахуалы қандай болушы еді? Тәңірберген өзін-өзі жерлейді. Ақылдымын, айла-амалым мен қулығымды бәрінен асырамын деп жүрген жігіт өзін аяусыз кіналап сөгеді. Заманың түлкі болғанда, тазы боп шалу есіне кірмепті. Сол үшін өзін өзі айыптайды. Әсіресе, қызылдарға қарсы шыққанына өкінеді. «Қызылдарға осынша күшпен Колчак түк істсй алмай жатқанда, есалаң сорлы-ау сен күл шашып пе бітірмексің?»[14]
Жаны күйзелген Тәңірберген өстіп өзімен-өзі ішкі диалогке кірген мезетінде тірі пенденің істеп жүрген ісінің бәрін тәрк ететіндей. Бара-бара өмірдің өзінен түңіледі. «Өмірдің түк қасиеті қалмапты-ау», – деген гөй-гөйге басады. Сүлесоқ, енжар, құлықсыз. Көкірегіндсгі ежелгі жауларына деген кектен де ада. Осы дүниеде өзінің де бар-жоғы, өлі-тірісі бәрібір. «Иә, маған, бәрібір» – деді Тәңірберген». Жынды кісіше өзімен-өзі сөйлесетін кейіпкер әуеніне автордың мұңды мақамы қосылып, психологизмнің ең бір күрделі сатысына көтеріледі. Ішкі монолог жиі-жиі ішкі диалогке ауысады. Тәңірберген «өң мен түстей бір халде». Тайталас ойының кезбейтін жері қалмаған тәрізді. Дүниенің төрт бұрышын аралайды. Кербаланың шөлінде қаталаған Хұсайын туралы қиссадағы аңыздарды есіне түсіреді. Әркіммен қызу айтысқа түседі. Бір жұлқысуға жарамаған ақ патшаға наразы. Тағы бірде «бар пейілі малға, байлыққа ауып, болған үстіне болса екен деп құнығып жүргендерді» кекетіп мысқылдайды. Өзі ше? Өзінің олардан асқан жері қайсы? – деп кейіпкер өзін де аямайды.
