- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
Жазушының прозадағы үшінші көлемді туындысы — «Шырағың сөнбесін» романы. «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, «Шырағың сөнбесін» романында соны соқпаққа түсіп, соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті, әрине, ал-уан тағдырлар, әрқилы көңіл-күйлер шарпысы арқылы баян етті. Бұл — бір. Екіншіден, соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы – қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
Жәдігердің образы ұяң, біртоға болып көрінгенімен, негізінде күрескер, жігерлі адам. Отбасының, әулеттің тәрбиесін, тек деген нәрсені осы жерде көрсетеді. Бәкизат пен шешесінің қылықтары, Жәдігер мен шешесінің қылықтары бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Дәстүр, намыс дегеннің барлығы Жәдігердің шешесінің бойында, ұғымында бар. Ал Бәкизаттың шешесінде ол жоқ. Мұның барлығы детальдар ғой. Үлкен нәрсені толықтыру үшін, сюжеттік желілерге жан-жақтан қосылып жатқан детальдар ғой. Былай алып көріңіз: Арал бұрынғыдай толып, шалқып тұрсын. Жағасы сауық- сайран болсын. Ел көшпеген, ау салып балық алып келген сайын той болып жатсын. Сол кездегі махаббат басқа болар еді. Сол махаббат тура Мырзекеңнің іздеп отырғанындай махаббат болар еді. Себебі, ол кезде адамның жаны басқа. Айналадағы тіршілікке, болып жатқан оқиғаға байланыссыз алып қарауға болмайды. Егер сол байланыспен алып қарасаңыз, ол махаббат басқа болады. Сүйген қызы немесе жігіті үшін өз-өзіне қол салып жіберуі, теңізге батып кетуі де мүмкін, мысалы. Романтикалық махаббат, былайынша айтқанда. Ал Арал тартылып, ел көшіп кетіп жатса, өздерінен туылған екі бала да кемтар болса, халық та қиналып жүрсе, ол жерде қандай махаббат болуы керек? Онда осы романдағыдай ауыр да астарлы махаббат болуы мүмкін. Оның да айырмасын көруіміз керек қой.
32 – сұрақ Ә. Кекілбаев прозасындағы сана ағымының көрінісі
1970-80 жылдардағы қазақ прозасында модернистік эстетиканың әбден орнығуы неомифологизммен тығыз байланысты. Қазақ әдебиетінде ескі аңыздары қайта жандандыра отырып көркем игеру, мифтік сюжеттерді көркем сюжетке айналдыру тарихы ХІХ ғасырдың басталады.
Фольклорлық мұралардан нәр алып, қазақ әдебиетінің классиктері қалыптастыра алған мифологиялық ойлау жүйесі із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Ол дәстүр 1970-80 жылдар прозасында жаңа мән иеленіп, реалистік принциптер аясынан табыла бермейтін сипат алды. Енді аңыздық желілер, мифологиялық кестелер тарихи-реалды уақытқа негізделген түрде ғана емес, шығарма логикасынан шет тұра да беретін автономдық мағынасын күшейте бастады. Сонымен қатар мифологияланған образдар архаикалық сананың қайта жаңғыруы ғана емес, түрленуі кейпінде көрініс тапты. Мифологизмді енді қазақ жазушылары болмыс жұмбақтары мен өмірдің мәнісі туралы философиялық ой айтудың тәсілі тұрғысынан өрістетті. Бір сөзбен айтқанда, неомифологизм құбылысы аталмыш кезеңнің модернистік сипатын толықтыра түскен тәуелсіз әдеби ағымдардың біріне айналды.
Мифологияға жаңаша интеллектуалдық қатыныс тұрғысынан үңіліп, мифтік қолданыстарға жаңаша эстетикалық қуат дарыту айнала келгенде мифологизмді дүниетанымның өзегіне айналдырудан туындайды. Қазақ прозасының аса айқын түрде көрінген «мифологиялану» үдерісі туынды құрылымы мен бейнелеу, баяндау сипаттарына ірі өзгерістер ала келгенін өзіміздің ғалымдар да айта бастады [1, 22-26].
Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Күй», «Ханша-дария хикаясы», О. Бөкейдің «Айпара-ана», «Жасын», «Құм мінезі», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жетім бота», Р. Сейсенбаевтың «Шайтанның тағы», «Өлілер құмды кезіп жүр», С. Санбаевтың «Ақ аруана», Т. Әбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды», М. Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз», «Ғажайып бала» т.б. туындыларында мифологиялық жүйелер мен аңыздық құрылымдар арқылы адамзаттың мәңгілік рухани құндылықтары турасында философиялық жинақтаулар жасалып отырды.
Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесі мен «Аңыздың ақыры» романындағы асқан дәулет пен мансапқа қол жеткізген, айналасын қаһарлы зәрімен билеп-төстеген тиран-кейіпкерлердің шексіз трагедиясы өткен ғұмырдың баянсыздығы мен тіршілік тұрлаусыздығын саналаудан туады.
Алайда модернистік әдебиетте өмір шындығын бейнелеу дәлдігі, уақыт пен кеңістік теңдігі негізгі шарт емес-ті. Жазушы сюжет, образ логикасынан тыс монологтық формалар арқылы өзінің эстетикалық концепциясын айғақтай алады. Осындайлық көркемдік модель «Аңыздың ақыры» романында да іске асады. Романда сюжет доминанты мүлде сезілмейді. Нақты шындықтан қол үзуге дейін баратын сана ағымы көрінісі туындының жүлге-жұлынын ұстап тұратын басты тәсілге айналады. Бұл шығармалардағы сана ағымы эгоцентристік тұлғаның психикалық үдерістері түрінде беріледі. (М. Мағауиннің «Көк мұнар», Д. Исабековтың «Қарғын» романдарында да осындай тәсіл жүзеге асады). Ой толқындары көркем бейненің өткендегіні таразылау, яғни жадыда қатталып қалған мәліметтерді ояту, сол арқылы жаңа ақиқаттарға (ол абсурдты болса да) көз жеткізу күйінде бейнеленеді. Бұл жердегі «сана ағымы» «өзіндік сана ағымына» айналады. Жер-жаһанның жартысын тітіренткен Алмас ханның өткен күн мен бүгінгі халді салыстырудан тапқан жаңалығы – «аспан мен жердің арасындағы баянсыздықтан басқаның» болмауы
33 – сұрақ Қ.Мырзалиевтің философиялық лирикасы
Қадыр Мырзалиев өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осыдан, поэзияның поэзиясынан – лирикадан тапқан.Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Қадыр Мырзалиев – өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талант.Қазіргі оқырманның интеллектуалдық деңгейі биік, эстетикалық талғамы жоғары. Олар кез келген қаламгерден әдемі ырғаққа, шымыр да селкеусіз ұйқасқа құрылған өлең ғана іздемейді, әр шығарманың астарынан өзіне ой салар философияны, өзі бұрын көп біле бермейтін ғылыми пайымдаулардың поэтикалық үлгісін, сол арқылы сөз зергері тұжырымдаған соны байлам, тың шешім іздейді. Меніңше Қадырдың қадырын арттырып, өзгелерден өзгешелеп тұратын да осындай ой мен сезімнің тұтасқан бір бүтінге айналып, өлең өмірінің әр кезде де жаңаша сипатта көрінуі, шығарма шешімінің әрқашан да біз күтпеген тұстан келіп шығып, ойлануға итермелеуінде деп түсінемін.Ол нені жырламасын, бізге беймәлім әлемнің әр түкпіріндегі аң мен құсты, жан-жануарлар мен жәндікті сөз етсе де, ақын ойы, оның өзі өлеңге объект етіп алған дүниесі бізге таныс нәрседей, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай анық та айқын болып келеді. Ол қай-қайдағы бегомот па, керік пе, мүйізтұмсық туралы айта ма оларға өзіміздің қазақы теңеулер мен салыстыруларды шебер пайдаланады. Керек болса, олардың әр қилы қасиеттерінің өзін қазақы ұғымдармен сараптайды.Ақынның «Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» деген өлеңіне көз жіберіп көрелік:
Мүйізтұмсық!
Мүйізтұмсық!
Керемет!
Зообаққа бара қалсаң көре кет!
Кішісі бар,
Үлкені бар…
Үлкені
Кем дегенде бір машина береді ет.Ақын — мүйізтұмсықтың біздің елде кездеспейтінін тәптіштеп жатпай- ақ, оны зообақтан көруге болады деген емеурінмен ғана түсіндіріп өтеді де, оның үлкен екенін «бір машина ет береді» деген қазақы пайымдау арқылы түсіндіреді. Меніңше қазақтан басқа ұлт өкілінің дәл осындай салыстыру жасауы мүмкін емес шығар.Осынау жазықсыз хайуанның жер бетінен жойылып бара жатуының себебін де кестелі өлеңмен сәтті баяндайды.Етінде емес бірақ та бар мәселе!
Енді қайтып өркені оның өсе ме!
Мүйізінен дәрі- дәрмек жасасаң,
Деген сөз бар:
Жасарады қартайған,
Әжім түскен,
Ажарынан әр тайған.
Деген сөз бар:
Оралады тағы да
Кәрияға
Күш- қуаты ортайған.Мүйізтұмсықтың қырылу себебі де өз құлқынына ие бола алмайтын пенденің пендешілігінде екен. Бірақ пендешіліктің асқындап, жазықсыз аңға ажал болып тиюіне негізгі себеп өсек қана. «Дұрыс емес десе де бұл ғалымдар кейбіреулер сенеді осы өсекке» десе де сананы жаулап алған өзімшілдік пен соқыр сенімнің жетегіне ергендер, қара басының қамы үшін күллі дүниені қараң қалдыруға даяр. Адамгершілік, саналылық деген асқақ ұғымдар бәз біреулердің уақытша тоят алар ләззаты үшін аяққа тапталуда. Неліктен? Оған ақын былайша жауап береді.О адамзат!
Қарамаймын дініңе,
Қайтер еді берік болсаң тіліңе!
Бір білместің айтқан сөзі
Жазықсыз
Жетіп жатыр миллионның түбіне!
Иә, адам ойының адал арнадан шығып бұзылуына, қолын қандап күнәға батуына себеп болған бір-ақ ауыз сөз екен. Адамдардың бойындағы тоқтамға, көнуге ырық бермейтін жыртқыштық қасиеттің құрбаны болған мүйізтұмсықтардың тағдыры ойлап отырсаң кейде сол адамдардың өз тағдыры секілді. Мәселен, «Қызыл кітап» поэмасында «ізім-ғайым жоқ боп кеткен ел де бар, халық та бар»- деп Қадырдың өзі айтпақшы, адам баласының өткен өмір тарихы да бүгінгі іс-әрекетін, таным-түсінігін түзеуге сабақ болар емес. Адамның ақыл-ойы жетіліп, қоршаған ортаның құпия сырларына қаныққан сайын, олардың өлі тбиғаттан ажырар, сол өз анасы іспетті табиғатқа қаскөйлік көзқараспен қарауы бүгіндері барша жұртшылық болып ойласатын маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасыр меғдарында қатарынан қаздай тізілтіп ондаған кітап берді: «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман- ай», «Алмас жерде қалмас» т.б.Қадыр өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұны- адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым- қатысы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Бұлардың қай- қайсысы да тақырып- мазмұн ретінде жаналық, емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын, Қыдырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын- соңды ешкім айтпаған соны мағынада, тың пішінде көрінеді. Мәселен, бір өлеңінде «биікке шықпағандардың биіктен құламайтыны» оқыс айшықпен ойнақы кестеленіп, бір өлеңде «қателесем деп қорқудың өзі- қателік» екені ұтымды жеткізілсе, енді бір өлең даңқ, туралы: даңқ деген де бір шың секілді, шың басына шыға алмай, «етекте қалғандардың іші күйсе, басына шыққандардың басы айналатынын» майда, жұмсақ юмормен аңғартады.
35 – cұрақ. С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Жабайы алма» повестері – соғыс өртіне шарпылған балалық шаққа қойылған рухани ескерткіш.
«Жусан иісі» повесі халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс – тіршілігін шынайы сомдаған. Шығарма сюжеті Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен. Жазушы Аянның ішкі болмысынан, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасынан таратып баяндайды. «Жусан иісі» повесі қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .
Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасы». «Тау бөктері тұтасқан жабайы алма болатын.Соғыс жылдары біз, жас балалар , қалың бөргезге қол-аяғымызды қызыл-ала жоса ғып жырғызып, ұзақты күнге алмадан алма таңдап,сол бөктерде тентіреп жүруші едік» деп басталғаннан, оқырманды бірден тереңге, оқиғаның желісіне еріксіз сүңгітіп жібереді.Бір ауылдың адал да,әр адамның жан серігіне айналған Көкінай атты итті образдау арқылы,жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, қайтпас көңіл, жығылмас төзімін Көкінай образымен бірлесе отырып, ең бастысы осы күнде екінің бірінің бойынан табылмайтын адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды.Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат,Тоқтар, Нәзира,Әжібектер бейнесінен бүгінгі жастармен, бүгінгі ұрпақпен тоғысатын ортақ жағдаятқа тап боламыз.Ол- пышақтың екі қапталындай , өмір бойы бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық.Қай оқырманның болмасын бұл шығарманы оқығанда кейіпкерлермен бірге қиналып, бірге қуанғанына шүбәм жоқ.Сөз байласқан екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның бір-біріне деген ыстық, пәк махаббатын жарқ етіп,ағып түскен жұлдыздай десе де болады.Сүйгені соғысқа,жауға аттанып, арада бірнеше уақыт өткенде қара қағаз да келіп үлгереді.Сол сәтте, «әттеген-ай,неге ғана бұларға тағдыр қосылуды жазбаған екен»деп, тамағына кеп тірелген өксікті де байқамай қаласың.Бұл тек қана сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес,бұл сол заманның,сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет,қайғы еді.Жазушының құдіреттілігі, қиялға берілмей,повесті тұтас бір дәуірдің немесе кезеңнің тыныс – тіршілігін,өмірін,қаз-қалпында осы бір туындысына сыйғыза білуінде.Әсте, дау жоқ, бар кейіпкерді бақыт шыңына шығарып,әдемі қиял,көңілге жақын оймен де өрбітіп, осы туындыны әсерлі жазуға болатын.Бірақ,одан не ұтамыз?Көбіміздің басты кемшілігіміз қоғамда болып жатқан шындыққа тура қарауға тайсалатынымыз.
34 – сұрақ. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінің көркемдік ерекшелігі
Б.Соқпақбаевтың осындай артына өшпес із қалдырған шоқтығы биік шығармалардың бірі - "Менің атым - Қожа" повесі. Ол - қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Халықтың, жас оқырмандардың шынайы ықыласына бөленген сәтті туынды."Менің атым - Қожаның" көркемдік ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен назар аударатынымыз құрылымының тосындығы, өзгешелігі. Көркем шығарма құрылымы сөз болғанда, әңгіме сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі. "Дүниеге келген әрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы анықталады. Сюжет нақтылы көрінісін композициядан тапса, іс әрекет ізімен шығарма құрылысының жасалатыны да анық.
Повесте оқиғалар жүйесі мектеп оқушысы Қожа Қадыров төңірегінде өрбиді. Шығармада оның іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым - қатынасы суреттеледі. Сюжеттік даму Қожаның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізделген 4 тараудағы Майқанованың өзінен үлгерімі төмен, сыпсық Жантасқа жолдама беріп, Қожаға бермеуі оның теріс жолға түсуіне себеп болады. Қарап отырсақ, педагогикалық қызметтегі объективтік бағалаудың сәл сәтке болса да әлсіреуі - бала тәрбиесіне әсер етеді екен. Егер сюжеттің негізі тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағы психологиялық тартыс сюжетті өрістетудің тәсілі тәрізді. Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалған Қожа жайлауға мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде, Сұлтанмен кездеседі... Одан әрі шығарма сюжеті ширақ өрбіп дамиды. М.Горькийдің анықтауы бойынша, шығарманың тартымды, әсерлі болуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығуына байланысты.
37 – сұрақ. І.Есенберлин «Жанталас» романындағы Абылай хан бейнесі және тарихи шындық
«Жанталас» романы қазақ тарихына бірқыдыру шегініс жасап, талай хандардың хикаятын Бұқар жырауға баяндатып барып, болашақ Абылайдың жас кезін әңгімелеуге көшеді. Сырт күйін ғана көрсетіп қоймай, характерін ашуға кіріседі. Жасы қырықтарға тақаған Бұқар жырау Төле бидің түйешілері – Сабалақ атанған Әбілмансұр мен Ораз атты құлды тұрған қостарында кезіктіреді. Шұбат ішіп әңгіме-дүкен құрады. Осы жерде «шоқша сақалды, кең маңдайлы» Бұқар жырау «адамға тесіле қарайтын үлкен сұрғылт көзді, ат жақты, ақсұр жігіттің», яки болашақ Абылайдың он бес жаста деуге келмейтін, «қозғалыс-қимылында бір паңдық, тәкаппарлық байқалатын» тегін адам емес екенін аңғарады. Болашақ ханның характерін нанымды суреттеуге жазушы нені негіз етті дейтін емес, тірегі мықты: Бұқарекеңдей куәгері бар. «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» деп басталатын толғауында Бұқар: Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің. Абылай атың жоқ еді, Сабалақ атпен жүр едің. Оны да көрген жерім бар. десе, сол Бұқарекеңнің «көрген жерінде» творчестволық алғыр қиял қуатымен бояуы қанықты жанды сурет жасалған. Он үш жасында Хиуа базарында құлдыққа сатуға апарған жерінен қашырып құтқарған, әке орнына әке, шеше орнына шеше болып жүрген Ораз құлды Сабалақ-Әбілмансұр, сырын білгенді аямайтын төре тұқымының дәстүрі бойынша жазықты етіп жазалаудан тайынбақ емес. Осыны сезген Бұқардай кейіпкер тас бүйрек мінезіне бір жағы таң қалса, екінші жағы жүрегі суылдап зәресі ұшады. Жазушы Абылайдың жан түкпіріндегі, жүрек тереңіндегі сырын ақтара отырып, сол кездердегі замана шынын аша білген. Абылайдың төре тұқымына тартқан аяуы жоқ жойқын характері кейін ол ел үстінен қарайтын дәрежеге жеткенде де әлсін-әлі сезіліп қалады. Пугачевшіл Керейді ат құйрығына байлап жазалайтынын суреттеуінде Шоқан Уәлихановтың «Ни один хан не имел такой неограниченной власти, как Аблай. Он первый предоставил своему произволу смертную казнь, что производилось прежде не иначе, как по положению народного сейма...» деген тұжырымына сүйенген бе дерсің.Роман Абылай хан характерінің жарқын жағына көбірек үңілген. Абылайдай алып тұлғаның ірілік, әділетшіл қасиеттерін ардақтаған. Абылай образының ұлылық күші жеке дара қасиетінде ғана емес, сайып келгенде, халықта, халықтың қайнаған ортасынан шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сынды батырларда екенін жеріне жеткізе бейнелеген.Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы барысында бірлік жоқ жерде тірлік жоқ дейтін қасиетті идея туды. Осы өмір шындығы және хан мен жыраудың, қазіргі тілмен айтқанда, жоғары билік пен рухани элитаның жарасты ынтымағы жайлы ой жазушының шығармагерлік ұста-дүкенінде қорытылып, көркем шындыққа айналады.Жоңғарлардан Түркістан, Сауран, Созақты азат еткен соғыстағы қазақтың үш жүзінен шыққан батырларды бастаған Абылай жорығы сәтті аяқталады. Бұл – ел бірлігінің жемісі еді. Қазақтың сол кездегі атақты батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Батыр Баян, т.б. батырлар мен Абылай бастаған қырық мыңға таяу қалың қол терістіктен оңтүстікке лап қояды. Майдандағы ауыр қанды айқастың қазақтың пайдасына шешілуін қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық ерлігінің арқасы екені романда жеріне жете көрсетілуі үстіне, оның саяси астары да шебер ашылған. Бұл үш жүздің басының мол қосылған жорығы еді деп түйеді роман. Өз кезегінде Ілияс Есенберлин осы пікірді Абылай ханның аузына салады. Өзінің жорыққа не себепті кешігіп келгенін айтқан Баянға Абылай: «Жоғалтқаның көп болса да, үкімің адал екен. Халық намысы ер құнынан артық, – деді, – қайғың тек өзіңдікі...Ал ата жолы бәріміздікі. Одан таймағаның – бәріміздің абыройымыз». Ашу үстінде хан Абылай жазықсыздан жазықсыз Ботақан деген жігітті зынданға тастайды. Ботақан намысқой еді. Абылайдың босатқанын місе тұтпай, мені көрге тыққан жеріңнен шықпаймын деп өзін-өзі жарып жібереді. Мұндай сұмдыққа жаны түршіккен халық дүр көтеріледі. Әнеки, осы тұста Абылай ханның саясатқа алғырлығы, керек кезінде айыбын мойнымен көтеретін ер мінезділігі сезілмей қалмайды. Ол кешірім сұрап, Тәуке ханның «Жеті жарғысына» сәйкес ер жігіттің құнын төлеп, асын өткізуді өз мойнына алады. «Жанталастың» соңғы ширек бөлегінде Абылай бастаған қазақ қолдарының елімізге Жоңғар мемлекетінің көзін жойып, енді Қазақ еліне сұғынған қытай шеріктеріне, тағы бірде қоқан сыпайларына, қалмақ бір шапса, қазақ ауылдарын екі шабатын қырғыз манаптарына қарсы жеңісті соғыстары, Абылай сұлтанның елге қадірі асып, Әбілмәмбет өлген соң Орта жүзге, одан кейін Үлкен ордаға хан сайланғаны суреттеледі.
38 – сұрақ . І. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романындағы негізгі тартыстар
"Алмас қылыш" романы — ХВ ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық."Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады
39 – сұрақ. І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романындағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың образдары
40 – сұрақ. С.Мауленовтың табиғат лирикасы. психологиялық паралеллизм.
"Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" С. Мәуленов осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында адамды нағыз сыршыл сезіммен де, ойымен де, көркем бейнесімен де, бірден баурап алатын, шынайы поэзияның орорнығуына ең бір ықпал ете білген ақын.Күн ілгері озған сайын ақын соғыстың қайғы – қасіретін өз көзбен көрген аясын кеңейтіп, көргенін ойында қорытып, тіршілік философиясына байланысты жырлауды дағдысына айналдырды.Соғыс – ақын үшін өмір мен өлім айқасы, бақ пен сордың тайталасы. Соғыс бір өмірді обып жұтып жалмап жатыр, ал енді бір өмір сұрапыл соғыс ішінде, бұрқылдаған бомба, бықсыған түтін арасында сабақталып жатады.Ол соғыстан адамзатқа тән қасіретті көңіліне түйіп оралды. Көргені бар, көңілге түйгені бар ол бұл тақырыпта өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. Сырбай ақынның бұл тақырыпта «Қап – қара түн», «Қап – қара бомба», «Қара орман», «Қап – қара қайғы», «Түбірлер», «Майдан түн», «Майдан жолында», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Соғыс жолы» т.б. өлеңдері қазақ әдебиетінің қазына байлығы!С. Мәуленов – суреткер ақын. Ақын жырлары тұнған табиғат суреті. Табиғат тіршілік анасы. Тіршілік анасынатабыну, табиғатын тану, жанына еріп жырлау – ақын жүрегінің сұлулығы, тану көрекмдігі. Ақын өлеңдерінде табиғаттың ғажайып суреттерін «Ақ түн», «Апрель жаңбыры», «Жусан», «Түн», «Діріл», «Күз келеді жақындап...» т.б. өлеңдерінен көруге болапды. Табиғат лирикалары – ақынның жан сұлулығының жемісі.С. Мәуленов – табиғатында қапысыз лирик. Жылағанмен бірге жылап, қуанғанмен бірге қуанып, замандастарына жан сарайын ашып беріп кетті. Лирикалық жырларында көз жасы көп тамады. Ол өмірге ғашықтық белгісі, тіршілік сырын жылай жырлау – лириктерге қашаннан тән сарын. Жырдағы көз жасы ақынның образға кіруінің, кейіпкер жанына үнілунің бір жолы. Ақынның бұл санат лирикасы - өмірге ғашық, іңкәр үні десе болады.
41 – сұрақ. Т.Ахтановтың «Шырағасын сөнбесін» романындағы Назира бейнесі және соғыс зұламаты
42- сұрақ. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романы және қазіргі қазақ жерінің өзекті экологиялық проблемалары
«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркем романдардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп, сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғы парыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкі динамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшіл саясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіретке тап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағы жауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегі кереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Арал теңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пен консервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтің табиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллель өрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі. Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып, социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтік мәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз» романдарының жанры, поэтикасы.
43 – сұрақ О. Бөкеевтің «Қар қызы» повесіндегі Алтай бейнесі. Романтизм
Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Оның туған өңірі – еліміздің шығысындағы шұрайлы жер, табиғаты сұлу Шыңғыстай аймағы. Ол осы кіндік қаны тамған өңірді қара жердің қойнына енгенше сүйіп, тәнті болып өтті. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. “Сайтан көпір” повесіндегі мұз құрсауға түсіп қалған Аспан, “Ән салады шағылдар” повесіндегі қой отарын сұрапылдан аман сақтайтын шопан, “Қар қызы” повесіндегі ержүрек жас тракторшылар өз бейнелерінің биік парасатымен дараланатын тұлғалар.
44 – сұрақ Қ.Мырзалиев – балалар ақыны Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау ұлт ақынына тумысынан тән нәрсе. Әрі бұл қасиеттің өлеңдерінен толық көрініс алуы да заңдылық. Өлеңдерімен ұлтымыздың мінезін, болмысын, табиғатын танытып, қазіргі қазақ лирикасының эстетикалық деңгейін көтерген ақындарымызды атар болсақ, тағы да ең алғаш аузымызға Қадыр Мырза Әли оралады. Себебі ақын поэзиясы ұлттық ой-сананы, дүниетанымды сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен, асқақ та өршіл рухпен береді. «Қазақ — осы!» деп ұлтымызға тән жақсылы-жаманды қасиеттерімізді саралап, болмыс-бітіміміздің ішіне үңіледі. Елін шексіз сүйген талантты ақын, білімді тұлға екендігін мойындатады. Атап айтсақ, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде:
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой.
Дос келді деп,
Жасап жатыр анық той.
Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы міне,
Танып қой!
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған
Сүйетүғын қазақ осы,
Қараңдар!
Қазақ осы:
Күй шығарып,
Ән салып,
Көкпартартып,
Қыз қууға жаралған, – деп қазақтың қандай халық екендігін қонақтарға таныстыра келе:
Қазақ осы:
Дала дейтін,
Күн дейтін.
Қазақ осы:
«Өнер алды – тіл» дейтін... – деп нені қалап, нені қастерлейтінін айтады. Халқымыздың жатырқауды білмейтін қонақжай, жомарт, қолы ашық, тойшыл, думаншыл, батыр әрі ақын халық екендігін көтеріңкі леппен мақтана жырлайды. Бұл өлеңнің әр шумағы халқымызға тән ұлттық болмыс пен мінезді жан-жақты аша түседі. Қадір Мырза Әли шығармаларын әркез қадағалап, жоғары пікір айтып отырған академик С.Қирабаев: «Туған жер туралы толғанысты оның тарихы, салт-дәстүрі, халықтың жақсы мінездері жайлы ойларымен ұштастыруда Қ.Мырзалиевтің ізденістері өте бағалы. «Ой орманы», «Дала дидары» кітаптары қазақ тағдыры жайлы ақынды тебіренткен ойлардың біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән-мақсатын сезінуге бастайтынын көреміз. Ол шындыққа, құбылыстың сырына, дала тарихына ой көзімен қарауға үйретеді», (2,129-130 бб.) - дейді. Шын мәнінде Қадыр Мырза Әли шығармашылығында халқымыздың қанына сіңген мінезі, салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі молынан сөз етілетін өлеңдер көптеп табылды. Атар болсақ, «Домбыра», «Тарихи этнография музейі», «Киіз үй», «Қыз қуу», «Бір үзім нан», «Қалада тұратын қазақ қарты», «Қанға сіңген қасиет», «Ат жарыс», «Қазақша күрес», «Аударыспақ», «Айтыс», «Аударыспақ», «Тойтарқар», «Алаштың арманы» т.б. көптеген өлеңдерінде өз ұлтын жанындай сүйген лирик ақынның бейнесін елестетеміз.
45 – сұрақ. Қ.Мырзалиевтің махаббат лирикасы
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны. Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып, Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық! Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары, Маңдайда емес, жүректе - Ғашықтардың жанары. Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп, Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп. Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
46 – сұрақ. Т.Ахтановтың «Боран» романы және жеке басқа табынудың зардаптары «Боранда» жазушының бұрынғы шағармаларынд: («Қаһарлы күндер», «Махаббат мұңы» т.б.) бой көрсеткеь стильдік өрнек калыптаса, тереңдей түскен. Ол - тұлғаларды өсу-өзгеру, диалектикалық дамуы үстінде көрсету, адал мінезіндегі құбылыстарды бейнелеп отыру. Мәселесі романның орталық қаһармандары: Қоспан мен Қасболаттын Жаңыл мен Қаламүштың әр кезендегі кескін-келбетін, міне айырымын қапысыз аңғарып отырамыз.Т.Ахтанов романында табиғат көрінісі қаһарманны-көзімен, көңіл түйсігімен орайлас беріледі. Баяндау ме кейіпкердің көңіл күйлері астарласа, қатарласа жүр отырады. Көлемі шағын романға бірталай тұлғаның өм тәжірибесі, тағдыры, күрес-тайталасы, өзара араласу тари: сыйып ісетуі кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін қат ғармониялы бірлікте беруге байланысты. Қаһарманн бүгінгісі мен бұрынғысын жымдастырып көрсетуі шына; шеберлікті дәлелдейді. Европа романдарының жак. тәжірибесін творчестволық жолмен пайдалана білу, б. көркем, қою тіл, суреттеп отырған оқиға мен ситуацияны же:. тексеріп білгендік, азаматтык тұрғының берікт. характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жак: мінездеу - жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа, жак.: жетістігі дегізеді.«Боран» романы арқылы келген тың тұлғалардың өзіше ерекшелігі, көркемдік сонылығы әдебиетіміз үшін жаңа деп есептеу керек. Сол үшін олардың бірнешеуіне жвкелс тоқталып өтпекпіз.Әдебиетімізге «таныс, бейтаныс» болып енген кей тұлғаның бірі - Қоспаң. Бұл кезге дейін де шығармаларда малшы адамның бейнесі кездесетін. Бірақ Қоспан солардың бәрінен де оқшау тұр. Мұның нег.: құпиясы - жазушының сендірмей қоймайтын көркем шындыққа жетуінен, тұлғаның түсін де, ісін де шеберлік аша білуінен. Біз Қоспанның түр ажарынан бастап әр кезле көңіл толқындарының да растығына сенеміз.Қоспан тек алдындағы семьясын ғана біліп, алаңсыз тіршілік кешіп жүрген жан емес. Оның көңілін теңіздей шайқайтын, жүрегін сыздататын оқиғалар өткен екен. Жаңа ғана қызметке араласып, ел қатарына қосыла бергенде соғыс басталып кетіп, Қоспан майданға аттаныпты. Онда борышын абыроймен атқарып, ақырында ауыр жарақаттанып, фашист тұтқынынан бір-ақ шығыпты. Қоспанның тұтқындағы өмірі де баяндалған. Сырт көзге қимылы, сөзі сараң осы адамның әр іс-әрекетінде қорғасындай салмақ, табандылық, адамгершілік ерлігі сезіліп тұрады. Әскерден қайтып, еліне келгенде, мұның алдынан «тұтқында болған» деген сөз кес-кестеп жүргізбейді. «Қайда барса Қорқыттың кері» дегендей Қоспанды қызметке алуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Оның қойшылыққа ауысу себебі осыдан. Автор қаһарманның басындағы шырғалаң мен сергелдеңді уақыт шындығына сәйкес етіп, ақиқат көрсеткен. Төрт күнге созылған боран өтінде бір қора қой соңынан өлермендікпен жүріп отырған, өлім мен өмір бёлдескен шақта, Қоспанның ойына ауық-ауық өткен тіршіліктің үздік-үздік эпизодтары келеді. Сонан біз оның үйлену тарихын, майдангерлік істерін, соғыстан кейінгі жай-күйлерін танимыз.Мейірімсіз дала боранының ішінде жалғыз қалған Қоспаңға өмірдің, адамдықтың, достыкгың, адалдықтың бағасы мен қадірі ерекше екшеліп елестейді; ол өткен емірінің белестеріне ой жүгіртіп қана қоймайды, істерінің сипатына да сын көзімен қарайды. Осындай кезде оның өмірінің ең нәрлі, мәнді тұстары қайта тізіліп келеді, жақсы дегенінің, жаман дегенінің айырым, парқы таразыға түседі. Оңашада өз ойымен өзі қалғанда, көлденең куә жоқ жерде жалғыз үкімші сана мен ар ғана болады. Бейнеті, қиындығы көп өмірдің қай беткейін алып қарағанда да, Қоспанның ешқашан ұжданын саудаға салмағандығы, адал өмір кешкендігі көрінеді. Ол майданда сылтау дегенді білмейтін таза жауынгер болыпты. Өз командирі Қасболатты аман қүтқару үшін, оққа кеудесін төсеп, жауды кідіртуге қалып қояды. Тұтқында жүргенде ол Отанына оралу үшін қолдан келген әрекеттщ бәрш жасайды. Еліне келгеңде ол «бұрынғы тұтқыннан» үркіп, қызмет бермегендерге жалынбайды; үнсіз, іштей шерленіп. маңдайына жазғанды болаттай берік сабырмен көтереді. Онын басынан кешкен хикаялар өз аузымен ешкімге айтылмаған. Ол өмірдің қандай да болсын кездейсоқтығына үйреніп, сырын сыртқа шашпайтын, жағдайдың шытырманын санамек пайымдап, ең қарапайым жолмен жүруге дағдыланған адам Қоспанның жүрегіне жазылған тарихы әлгіндей бораь: сүрапылы кездесіп, өлім табалдырығы жақындағанда ғанг еріксіз айтылған өсиеттей, ыршып шыққан сырлар, ақтык. адал түйіндер мен бағалар.Бұрын өмірдің қанша ауыртпалығын көрсе де, оны мойымай, қажырлылықпен көтеретін Қоспан боран кезінде іштей түлегендей жаңа бір рухани серпіліске түседі. Өмірде ақиқат пен жалғанның, қымбат пен арзанның парқы анықталып, бүкпесіз сырымен танылады. Қоспаннык санасындағы төңкерістің бірі - кейде араз, кейде дос болып жүрген Қасболаттың шын келбетін танып, оның нағыз сырын; көз жеткізгендей болуы. Ол сөз жүзінде бәрін тындырып жататын, бірақ елге, іске шындап беріліп қызмет істемейтік қысылтаяң кезде тайқып шығатын, ұятты белден басып кете беретін Қасболаттар ең залалды тип екенін көңілмен түсінел аз өмірінде көп алапатты, аумалы-төкпелі күндерді бастап өткізген, тағдыр салмағынан езіліп қалмай, өмірге сүйіспеншілік қабілетін сақтай білген, пәленің көбіне:-сабырмен, шыдамдылықпен, рухани таза қайратпен, адал еңбекпен құтылып отырған емендей берік еңбекші адау бейнесін жасауы - суреткердің ірі табысы.«Боран» романындағы аса қызғылықты, соны тұлғаны:-бірі - Қасболат. Мұны дағдылы әдетпен не ұнамды, н ұнамсыз кейіпкердің тобына қоса салу қиын. Мұның ~. өзіндік сыры, шыны бар, шытырман тағдырлы адам. Қасбола-бір кезде кәдімгідей іскер белсенді, ауылда советтік жак: тәртіптер тарату үшін білек сыбанып шыққан қызметкер болыпты. Туралық үшін табан тіреп күресерлік сенімі де болғанға ұқсайды. Ол бір заманда өзінің Әлиасқаров секілді ұстазының басына жат жала үймелегенде ағынан жарылып, араша түсіпті. Бірақ мұның бәрі өткен күннің елестері. Қазіргі Қасболат - мүлде басқа мінездегі адам. Қасболатшылық -өмірде кездесетін, қоғам бойындағы дерттің бірі. Жақсы қаулы алып, әдемі сөз сөйлеп, артынша ол қаулыны ұмытып кететіндер, протокол, документ жағын түгелдегенмен, қоғам, адам мұқтажын елемейтіндер аз емес. Щығарманың идеялық нысанасы осы келеңсіз құбылысты әшкерелеуге бағытталған.
Қасболаттың өмір жолы, іс-әрекеті оның шын келбетін тануға мүмкіндік береді. Біз суреткердің ұсынған түсініктерімен ғана шектеліп қалмай, кейіпкердің ішкі қалтарыстарына да қаныққандай боламыз. Қасболаттың бір кезде адал жас болғандығына құп сенейік. Бірақ оның әккі, жылпос болып қалыптасуы тек кысаң атмосферадан, кінәсіз шеккен көп жаладан деу аздық етеді. Қиындық дегеннің неше атасын көрген Қоспандар адамгершілікті сақтай алғанда, ылғи белгілі қызметте, өмір бетінде қалқып жүрген Қасболаттарға не көрінген? Мұндағы басты себеп - Қасболаттың өз басын қорғау үшін ішкі сенімін аздырып, жағдайға бейімделуінде. Оның қара басының ғана қамын ойлаумен дағдылануы, халықтан, еңбектен қол үзуі, көпшілік мүддесінен әлде қашан аулақтап кеткендігіне байланысты. Оның тілегін, жанын халықпен байланыстыратын дәнекер жоқ. Ол таза еңбек етіп, шекесі терлемеген, нағыз еңбекші адамның көңіл күйін, арманыы түсініп жетпегегі әкім. Оның қамқормын, білемін дегені тілдің ұшы ғана. Мұндай тәсілмен Қасболаттар колхоз совхозға айналса да, совхоз өзгеріп тағы басқаша аталса да селт етпейді. Тек бас пайдасын ойлайтыңдар үшін мұрат, коммунизм, халық бақыты деген ұғымдар құр сөздер ғана. Міне Қасболат - совет қызметкері деген құр атқа ие, заты бөлекке айналған адам.Жалпы алғанда, тұлғалардың толық ашыларлық кезеңін, оқиғасын дәл екшеп көрсете білуі бұл шығарманың жинақтаушылық қуатын арттырған. Қай қаһарманды алып қарасақ та, мінез анықтығымен дараланғанын көреміз.Шығармада бастан-аяқ аты аталып, түсі түстелетін .кейіпкердің бірі - Жашіасбай. Белгілі қызметі жоқ, бірак аласапыран, алмағайып кездерде елге бүйіндей тиген. жақсылар үстінен арыз жаудырған, кесапат, бәлеқорлықты кәсіпке айналдырған, ішінің арамдығына қарамастан, керекті адам, қырағы ролінде келген Жаппасбайлар - елге келген жеті жұттың бірі. Жаппасбайлар әр кезде науқан, айқай-шу кезеңін күтіп отырады да, тыныш адамдарға өрттей тиеді. Олар Отан тыныштығы мен мүддесін көздеп қабырғасы қайысқан болып көрініп, ең төмен пиғылдарын орындап шығады. Сондағы олардың негізгі мүддесі - өзгелерді ажалға итеріп, дүниені еркін кешу. Барынша жаһил Жаппасбай тұлғасы да - өмірден алынған бейне.Революция кезеңі күрестерін өз басынан кешірген Әлиасқаров та, өмір табалдырығын жаңа аттаған Қаламұш та үлкен идеялық жүк көтерген бейнелер. Бұлардың ойларымен. сөздерімен автор көп шындықтың бетін ашады Әлиасқаровтың халық тағдыры туралы толғаныстарь: философиялық ойға толы. Автор қаһармандар аузымен қоғамдық ірі сұрауларға көркемдік жауап айтпақ болады.
47 – сұрақ. М.Мақатаевтың «Моцарт. жан азасы» поэмасының өзекті көркемдік идеялары Ақынның шындық құбылыстарды жинақтаудағы ерекшелігі - образдың жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Ақын поэзиясында адам бейнесін жасаудың амалы, алуан түрлілігі сол шығармасындағы көркем бейне сөздегі суретпен ғана бітпейді, оған қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Туған жерді сүю, сиқырлы табиғатының қадір-қасиетін сезіну Мұқағали жырларында ерекше көрініс табады. Туған жерінің алтын бұлағын «менің әрбір қан тамырым емес пе?» – деп атамыз ежелден қасиет тұтқан қанға теңеуі де тегін емес. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерді қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған. Ақынның туған жердің қадір-қасиетін терең сезінуіне, тебірене жырлауына ата-бабаларымыздың осы қасиеті сіңсе керек Расында да, «Туған даласын шөл етуге қимайтын» бұлақты қалайша жан иесі демейсің. Өйткені, оған ақын адамға тән мінез, қылық, әрекет берді емес-пе? Жерді анаға теңеу әріден бар ұғым. Осыны Мұқағали ақын «Ұқсайсың» деген өлеңінде жаңа қырынан танытады. Туған жердің әрбір тал-шыбығын, көз жетпес көк тіреген шыңырау құзын, тасқындап, таудан құлай аққан өзенін, әрбір тасын еш нәрсеге айырбастамайтын ақын ойын өлең жолдарынан аңғарамыз. Туған жердің шаттығына қуанып, күйігін өзінің қайғымдай көтеремін деген ақын пейілі туған жері үшін жүрегін де жұлып беруге бар. Бұл ақынның туған жерге деген ыстық махаббатынан туған жыр.
Тамыры иіп,
Тәтті бір ұйықтап алғасын.
Ана-шайына,
Дала-нөсерге қанғасын.
Далаға-диқан,
Анаға-адал жолдасы.
Тыңайтпақ болып,
Даярлап жатыр қалжасын...
Ақын тауды «Ана – жердің төсіне алып сәби жарасқан», бейнелейтіні- қандай әдемі жанды сурет. Жер кіндігін, Отанның алыптығын бұдан артық қалай сипаттау мүмкін. Ақын сезімі сізді де баурап, көкірек көзіңді ашып өтеді. Айталық «Қарасаз» өлеңін оқығанда көз алдыңызға бейнелі сурет елестейді. Қарасазда өткен ақынның әрбір мерейтойлары осы бір ойларға жетелейді.
Сен менің еліме бар, жерімді көр.
Жандар бар әр нәрсенің жөнін білер.
Қонағы бол, жыл сайын көріп жүрер,
Асылы бол, жыл сайын көріп жүрер,
Ардағы бол, артатын сенім, жігер!
Мені сұра бастаудан, жылғалардан,
Тоғайдағы көлшіктен, тұнбалардан,
Мені сұра сағымнан қуған арман,
Тал-шыбықтан сұрағын сырғаланған.
Таудан сұра, найзадай шыңдарынан
Шыға алмай таңсәріде Күн қадалған.Мұқағалидың ойлы лирикалары оқырманды ойға батырып, көңілге толқын ұялататын туындылар екені кімге де болса аян.Бүгінгі сыршыл лирика – жаңарған, жаңғырған кең өріс. Ақын оқушы көңілін ағынан жарылған сыршылдығымен жаулайды. Адам жанының қатпарына үңілу, терең психологизмге қол жеткізу шебердің ғана енші Ақын Мақатаев өмір құбылыстарын тереңдік, биіктік және кеңістік өлшемдері арқылы өрнектеуге, философиялық байламдар жасауға бейім. Ішкі сезім күйін шерткен, ұғысқан жүректің жан сырын суреттеуге арналған Мұқағалидың енді «Махаббат» диалогына үңілсек:
- Бұлдырасам сағымдай нетер едің?
- Жел боп қуып ақыры жетер едім
- Қайғы әкелсем басыңа нетер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін...
Бұл да лапылдаған, алып қашпа романтика емес, бүгінгі жастардың сүйіспеншілік сыры. Екі махаббаттың тең соққан жүрегіне жинақталған контрастық ойды сығымдап сыйғызады да, содан салмағы ауырлап кетпес үшін, әр жолға аздаған ғана әзіл бояуын қосады. Сөйтіп ант сияқты, ауыр қабылданар өлеңді әрі жеңіл, әрі мәнді қуаныш жырына айналдырып қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін, – дейді өлеңнін соңғы жолы.
49 – сұрақ. Мағауиннің «Жармақ» романы және неореалим
56 – сұрақ С.Мауленов поэзиясындағы соғыс тақырыбы
С. Мәуленов поэзиясы жайында М.Мұқанов туған ұлындай жақсы көреді, шығармашылығы жайында арнайы мақала жазды. Ғабит Мүсірепов: «Мен мені ескі өлең көшінің соны екен десем, жаңа өлең көшінің басы екенсің ғой»-деген ризашылығын білдірген.Қазақ әбебиетінде сұрапыл соғыстың сұмдығын көріп келіп қосылған аса бір қуатты толқын бар. Бабалардың намысты жырын қайта қолға алғызған сол қуатты топтың алдынғы легінде қазақ жырының абыройы, ажары, айбыны болған аяулы Сырағаң – ақын Сырбай Мәуленовтың ардақты аты аталатыны анық.С. Мәуленов осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында адамды нағыз сыршыл сезіммен де, ойымен де, көркем бейнесімен де, бірден баурап алатын, шынайы поэзияның орорнығуына ең бір ықпал ете білген ақын.Күн ілгері озған сайын ақын соғыстың қайғы – қасіретін өз көзбен көрген аясын кеңейтіп, көргенін ойында қорытып, тіршілік философиясына байланысты жырлауды дағдысына айналдырды.Соғыс – ақын үшін өмір мен өлім айқасы, бақ пен сордың тайталасы. Соғыс бір өмірді обып жұтып жалмап жатыр, ал енді бір өмір сұрапыл соғыс ішінде, бұрқылдаған бомба, бықсыған түтін арасында сабақталып жатады.Ол соғыстан адамзатқа тән қасіретті көңіліне түйіп оралды. Көргені бар, көңілге түйгені бар ол бұл тақырыпта өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. Сырбай ақынның бұл тақырыпта «Қап – қара түн», «Қап – қара бомба», «Қара орман», «Қап – қара қайғы», «Түбірлер», «Майдан түн», «Майдан жолында», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Соғыс жолы» т.б. өлеңдері қазақ әдебиетінің қазына байлығы!С. Мәуленов – суреткер ақын. Ақын жырлары тұнған табиғат суреті. Табиғат тіршілік анасы. Тіршілік анасына табыну, табиғатын тану, жанына еріп жырлау – ақын жүрегінің сұлулығы, тану көрекмдігі. Ақын өлеңдерінде табиғаттың ғажайып суреттерін «Ақ түн», «Апрель жаңбыры», «Жусан», «Түн», «Діріл», «Күз келеді жақындап...» т.б. өлеңдерінен көруге болапды. Табиғат лирикалары – ақынның жан сұлулығының жемісі.
57 – сұрақ Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасының идеясы
Т.Ахтанов қазақ әдебиетіне драматург ретінде де көп олжа салған қаламгер. Бүгінгі күннің шындығы негіз болған «Сәуле»(1968), тарихи тақырыпты арқау еткен «Ант» (1972) драма-дастаны ұлттық драматургиямыздағы салмақты дүниелер. «Ант» драмасы қазақ тарихындағы айтулы кезең оқиғасын суреттейді. Драма үш бөлімнен тұрады. Ол бөлімдер «Түнгі сыр», «Аңырақай», «Арпалыс» деп аталып, сол дәуірдің әлеуметтік саяси шындығы, күрес жолдары қым-қиғаш тартыстар арқылы ашылады. Пьесадағы басты тұлға Әбілхайыр хан. Қаламгердің қазақ сахнасына ұсынған «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу», «Әке мен бала», «Боран»,«Сәуле» атты драмалары, «Күшік күйеу», «Арыстанның сыбағасы» комедияларының ішінде «Ант» драма-дастаны шоктығы биік, көркемдік деңгейі аса жоғары, қазақ тарихи драма дәстүрін жалғастырумен қатар өзіндік
Т.Ахтановтың тағы бір өміршең дүниесі — басында повесть болып туып, кейін сахналық шығарма айналған «Махаббат мұңы» драмасы. «Махаббат мұңы», атауынан көрініп тұрғандай, мәңгілік тақырыпқа бойлайды. Бойлай отырып, махаббаттың мұң шағуының бірқатар қырларына зер салады.
58 – сұрақ Т.Ахтанов прозасының көркемдік ерекшелігі
59 – сұрақ Ж.Молдағалив поэзиясының тақырыптық ерекшелігі Жұбанның алғашқы жинағы «Жеңіс жырлары» 1949 жылы шықты. Жұбан әлі 29-да ғана еді. Сөйтсе де оның алғашқы өлеңінің ауқымынан алыстап, өскені көрінеді. Айналасы он-ақ жылдық тәжірибе оны ақын қатарына қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. Өлең жазу емес, окоп қазу күндерін өтті. Дегенмен, сол оқ пен от арасында өлең де жазылды - бірақ бұл соғыс шежіресі, соның күнделігі сияқты еді. Үзіліп қалған бейбіт өмірдің елесін аңсағандай, гүл мен күлген күннің өзін көрмей, бірақ барын сезінгендей жырлар туды. Бұл жай ақынды бірден есейтіп, әлеуметтік, саяси құлашы кең поэзияға бағыттады. Қалам үшкірлігі әлі де жастықты аңғартса, айтып отырған пікірі - өлім мен өмір арпалысындағы жанның ойын, көңілін сездіреді. «Отан», «Бір бассаң да алға бас», «Туған елге», «Қазақ», «Шығыста туған елім бар», «Жеңімпаздар сәлемі» деген 1942-45 жылдары жазылған өлеңдерден осы жайды аңғарамыз. Мұның бәрі - балғын ақынның есейіп қалған өлеңдері. «Жеңіс жырларына» енген осы және басқа өлеңдер, жырлар ақынның ойлы, қоғамдық мән-мағынасы биік поэзияға ұмтылатынын байқатады. Бұл жылдар сол сәттің ауыр, қиын- қыстау жағдайынан, сұрапыл қанды соғыс шындығынан туғаны анық: ақын күнбе-күнгі өмірден алыстап кете алмайды. Алыстау ғана емес, қайсыбір өлеңінде болса да, сол шындыққа соқпай, оны айтпай тұра алмайды. Мәселен, лирикалық өлең деп айтатын жас жанның ішкі көңіл-күйін сездіретін шығармаларының өзін алып қаралық. «Солдат сыры», «Ғафу ет, сұлу бойжеткен», «Баурыңа бас хатымды», «Сағындым, Жайық», «Махаббатты таңдасам», «Мәмилаға сәлем хат» және басқа майдан шебінде туған лирикаларында ақын өлеңге атау болған ұғымдар төңірегінде қалмайды. Сүйгеніне хат жазған лирикалық қаһарман махаббат жайын, ішкі сезімін, «сүйемін», «жанамын» деген көңіл толқуларын ашпайды. «Қан майданда жүр солдат, қамы үшін туған елінің», қалтада жүріп тер сіңген хатымды жиренбей оқы, «қадірі мол қасиет бар солдаттың ащы терінде» деп, өмірдің ащы шындығын білдіретін қатаң өлең жолдарын жолдайды. «Ғафу ет, сұлу, бойжеткен» өлеңінде «сендік емес жүрегім, кеңес қызын сүйемін», әйтпесе, «сүйеді кеңес қызын менің жаным» («Солдат қызға») деген жолдар ақындық биік тапқырлық болмағанымен, сол сәттің (1945 ж.) жәй-күйін аңғартатын, соғыс жорығымен көп ел-жұртты, оның адамдарын, ұлы мен қыздарын көрген лирикалық кейіпкердің әсіресе, елінсағынған, елдегі жарын сағынған жанның қалпын танытатын жолдар. Соғыстан кейін жазған «Махаббатты таңдасам» (1947 ж.) деген өлеңінің өзінде сүйген жар, ана, ер, елге арнаған махаббатын айта келіп, «ғашықтың жүрегімен халқын сүйген, кеңестің ардақтаймын азаматын» дейді. Осы айтылғандар ақынның ел басына аса қауіпті күндер туғанда ержетіп, соғыстың ыстығы мен суығына көніп, оны өз басынан кешіріп өскен, ерте есейген саналылық жайынан хабар береді. Ақын басқаша айта алмайды, басқаша сөйлей алмайды. Оның поэзиялық тілі соғыс тілімен, қатал күндердің қатал үнімен шыққан, жүрек пен ойды билеп алған отаншылдық сезімге суарылған. Соңғы жылдары Жұбан өзінің туған халқының жаңарған өмірін жырға қоса отырып, халық тағдыры, тарихи дамудың заңдылықтары туралы толғаныстарға көбірек толғанды. «Өлкем жайлы ойласам», «Қанат туралы толғау» атты өлең-жырларында ол туған жердің бүгінгі өзгерістерін ескі дәуір суреттерімен салыстыра отырып көрсетеді. Сол арқылы ақын адам мен уақыттың, халық пен қоғамның арақатынасын, күресін бейнелейді. Ескіні өзгерткен, уақытты өз ырқына бағындырған, қоғамды жаңартқан адам еңбегін ашады. Бұрын «Асан боп туған қазақтың Асан қайғы боп өлетінін» еске алып, бүгін «Асан боптуып қазекең жасайды Асан батыр боп» дейді. Сөйтіп Асан қайғы мен Асан батырды екі дәуір адамының нақты бейнесіне айналдырады. Жұбанның лириктік ізденістерінде ақын ойының байсалды тартып, өмір сабақтарының молайғаны, пікір байлығының артуы көбірек көзге түседі. «Бәйге», «Егер сен от болсаң», «Дарынсыз адам — данқ құмар» өлеңдерінде ақындық ойды жинақты жеткізген шеберлікпен қоса, тапқыр нақылдық та ұшырайды.
Егер сен от болсаң, лаулап жан, Бықсықта жылу жоқ, түтін көп. Күл-күбір, қоқсықтан аулақ жан Жалының көрінсін бүтін боп.
Жұбан — лирик қана емес, талантты эпик ақын. Оның ойшыл да сыршыл поэмалары қазақ поэзиясының елеулі табыстарына қосылады. Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сәлем», «Туған жер» сияқты поэмалары лирикалық толғанысқа, көтеріңкі пафостары сыршылдыққа толы келеді. Оларда ақын заман, адам, дәуір, өзгерістер жайлы терең толғанады. Лирикалық толғанысты дәуірдің кең жасалған эпикалық суреттерімен байыту арқылы Жұбан «Мен—қазақпын» поэмасында үлкен көркемдік табыстарға көтеріледі. Поэма қазақ әдебиетінің аса бағалы үлгілерінің қатарынан орын алады. «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры» атты сюжетті поэмаларында Жұбан оқиғаны драмалық тартыс арқылы өрістетіп, эпикалық кеңдікпен суреттейді. Оның алғашқысында Ұлы Отан соғысының батыры татар ақыны Мұса Жәлелдің ерлік образын жасаса, соңғы поэмасында феодалдық күңдіктен Совет өкіметі азат еткен қазақ әйелінің азаматтық есеюін көрсетеді.Жұбан Молдағалиев эпикалық жырларында қазақ поэзиясында бұрыннан қалыптасқан сөз өрнегіндегі бояуы қанық ұлттық нақышты, қазақ халқына тән поэтикалық ерекшілікті жаңа мазмұнмен байытып, еңселі бір белеске көтерген ақын. Бүкіл дүние өлеңінде есімі мағлұм Жұбан қазақ әдебиетіне өзіндік үн, нақыш әкелді. Бүкіл шығармашылығы біртұтас көрініп, алғашқысы мен соңғысы, үлкені мен кішісі бір үн, бір ән болып естіліп жатқан ақын поэзиясы әдебиетіміздің үлкен бір жетістігі, жемісі екенінде дау жоқ
60 – сұрақ. Д.Исабековтың «Әпке» драмасының тәрбиелік мәні
Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар,,," деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.
Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.
Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.
Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.
Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.
Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.
Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.
Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.
Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.
Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.
Қабен - өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.
Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер.
