Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі

Тіл мен әдебиеттің «алтын ғасырының» соңын ала келген М.Мақатаев сынды тұлғалардың ұлттық санасында Абайдан Әуезовке дейінгі ұлағаттылық пен сөз өнерінің озық үлгілері тұрды. Ол әдебиет майданында Абай салған дәстүрмен өз қоғамындағы тарихи, мәдени өзгерістерді, жеке адам бойындағы эмоциялық қалып-күйлерді өз таным-түсінігі тұрғысынан қарап, дәуіріне үн қоса білді. М.Мақатаев шығармашылығы қазақ өлеңінің тақырыптық-идеялық жағынан жаңа сатыға көтерілгенінің көрсеткіші. Сол себепті де ақын «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» дейді. Ақынның суреткерлік шеберлігін айқындау жолында оның шығармаларындағы көріктеу амалдары мен көркемдік әдістеріне зер салып, көз жүгіртелік. М. Мақатаевтың әдеби шығармаларында оның тілдік ерекшелігін көрсететін көріктеу құралдары көптеп кездеседі. Соның бірі – теңеу. Мұқағалида -тай, -тей, -дай, -дей тұлғалы теңеулерде табиғат суреттері, құбылыстары, аң-құс атаулары лингвомәдени позициядан теңестіріледі. Мысалы, ақынның мына бір өлең жолдарында: ….Жолбарыстай атылып тізгінді алдың, Жігіт жүрек қыз едің, жігіт жүрек, – делінеді. Бұл жерде ақын «жолбарыстай» теңеуімен жылдамдықты суреттесе, «жігіт жүрек» сөзі де әдемі теңеу тұлғасына келеді. Осы теңеудегі негізгі ерекшелік онын әрекетпен байланыстылығында болса керек. Бұған дейін жолбарысқа теңеу Мағжан ақын жырларынан ғана кездескен еді. Оның өлеңдерінде қазақ танымындағы дәстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) жетіп артылады. Мысалы: Жапырақ – жүрек, жас қайың! Жанымды айырбастайын… *** Шешем менің - иілген сүрау белгі Дауылдар майыстырған мына белді. деген ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ - суретті сөз болып табылады. Метафора табиғатында бейнелік ұқсастық құндылықтары жатса керек, өйткені, сол ұлттың өкілі ғана метафораны жылы қабылдаса, ал басқа ұлт өкілі селт етпеуі мүмкін. Мәдени, рухани ұлттық құндылықтар сөздердің бір-біріне сәуле түсіріп, ауысуына қашанда өз әсерін тигізіп отырады десек артық айтқандық болмас. Құбылыстар ұлттық санада тоғысқан метафоралық қолданыстың өмір сүруіне алып келеді. Тілдегі құбылыстарды ауыстыру шексіз процесс. Сол себепті метафоралық қолданыс қоғамдық өмір, құрылыс өзгеріп, дамыған сайын жаңаша рең ала береді. Мұқағалидың танымдық метафораларында өзін айқындықта көрсету орнына, көбіне «қарапайымдылықты» қалайды. Бұл да ақынның өзіндік қолтаңбасы болса керек. М.Мақатаев – Абай үлгісімен өзіндік «мен» - автор образы арқылы ұлтына үгіт-насихат, сын айтатын сипатынан оның жаршы, насихатшы, ақын екендігі аңғарылады. Ақынның өзіндік «мені» – күрделі ұлттық таным. Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден,.. – *** …Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, – дейді, ақын ақындық табиғат, биік бітімімен. Сонымен, М.Мақатаевтың тілдік тұлғасы оның тіліндегі шоқтығы биік, қадау-қадау көркемдегіш құралдарды пайдалануымен ерекшеленеді. Онда дәстүрлі, жекелік метафоралардың, сөз-символдардың қолданысы оның тілдік қуатының тағы бір қасиетін байқатады. Ал шығармаларының халық жанына жақын болуы ақынның тілдік тұлғасының халықпен рухтас екендігінде болса керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]