- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
Қазақ әдебиеті әлем әдебиетінде өзіндік орны бар, жоғары әдебиеттердің бірі деп есептеймін, бағалаймын. Ол әдебиет туралы хабарым да бар, өйткені мен қазақ мектебінде оқыдым, қазақ ұлтына жақынмын. Әдебиетіміздің бір осал жері бар нәрсені дұрыстап көрсете алмауымызда. Қазіргі кезде шетелде әдебиетімізді дұрыстап білмейді деуге болады. Шетелде Олжас Сүлейменов, Әбдіжәміл Нұрпейсов, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Рахымжан Отарбаев сынды қаламгерлерді білуі мүмкін, ал қалған қаламгерлеріміз туралы білмейді. Бұның себебі жазушыларымызды шетелге аудару, насихаттау мәселесі төмен, аудармашылар жоқ. Аудармашылар бар болғанның өзінде олар шығармаларды орыс тілі арқылы тәржімалайды. Бұл нәрсені мықты тәсіл деуге болмайды. Мұхтар Мағауинның соңғы жылдары жарық көрген шығармалары шетелде аударылуы қажет, себебі ондай жазушыларымызды сөз жоқ оқылады деп есептеймін. Қазіргі кезде орыс тілінде жазатын бір топ қаламгеріміз бар. Мысалы Ермек Тұрсыновтың «Мамлюки» деген романын таяуда оқып шықтым. Бұл шығарма төрт тілге аударылды деп естідім. «Мамлюки» романы төрт тілмен шектелмей, көптеген тілдерге аударылу ләзім. Өйткені бұл әдебиетіміздегі мықты, басқа елдерге ұялмай көрсететін романдардың бірі деп баға бере аламын. Шетел бұл шығарманы сөз жоқ оқиды деп ойлаймын. Ол роман туралы көбісі білмейді, себебі ешкім оқымайды, хабары жоқ. Мен «Мамлюки» романының қазақ тілінде де, орыс тілінде де оқыдым. Одан басқа Дүйсенбек Накипов деген жазушы бар. Ол жазушы постмодернизмнен асып авангард ағымына арнасын бұрған. Мен Накиповтың шығармалары жөнінде жаздым да, айттым да. Әдебиетімізде ондай шығармаларды оқымайды, ал шетел оқырманын бұндай дүниелер қызықтырар еді. Дидар Амантай шығармалары туралы елдер «тілі жұтаң», қазақтың «тамыры жоқ» деп әйтеуір сынап жатады. Менің ойымша Дидар Амантай нағыз шетелге аударылуды қажет ететін жазушы. Менің түсінігімде көптеген қазақ қаламгерлері бұрынғы жылдардың сарынымен жазып келе жатыр. Суреттеу, көпсөзділік, батырлар, билер, бектер сынды тарихи романдар шетелді қызықтырмайды, олар ондай дүниелерді қазіргі кезде оқымайды. Жазудың ескі тәсілінен арылып, жаңаша тәсілге көшу керек. Одан басқа жақсы көзге түсіп жүрген бір топ жас қаламгерлер бар, олар: Асылан Жақсылықов, Нұрғали Ораз, Айгүл Кемелбаева, Мадина Омарова, Әсел Омар (Мәскеулік), Марат Қоңыров (орыс тілінде жазады), Лира Қоныс, Асылбек Ықсан. Асылан Жақсылықовтың шығармаларын турасында мен көп жерлерге жаздым. Асыланның дүниелерін көп ешкім түсіне бермейтін, құйтырқысы көп жазушылардың бірі. Қазақ қаламгерлері жаңаша жазу тәсіліне әлі үйренбеген. Бізге Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлердің жазу тәсілін дұрыс деп санайды. Бұл жазушылар сөз жоқ классиктер, бірақ қазіргі кезде ондай тәсілді уақыты жоқ оқырман оқымайды. Әдебиетімізде сын мен проза жанрлары төмен тұр. Менің ойымша шетелде оқылуы үшін ұлттық тақырыптардағы шығармалар жазуылуы керек. Себебі шетел оқырманын ұлттық қасиеті, тамыры, көзқарасымен қызықтыра білу қажет. Бүгіндері саясатты, билікті сынайтын шығармалар қажет. Мысалы Тынымбай Нұрмағамбетовтың соңғы жылдары жарық көрген шығармалыр маған қатты ұнап жүр. Нұрмағамбетовтың ұлттық бояуларға қанық дүниелері болашақта аударылса шетел оқырманы өте жақсы оқылар еді деп есептеймін.
