Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер

Әдеби шығарманы экрандау – кинематографияда кең етек алған тәсілдің бірі екені белгілі. Қазақ киносындағы эк­ран­далу фольклорлық шығармалар мен қазақ әдебиетінің заңғарлары М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтер­мен байланысты. Одан беріде Ә.Нұр­пейісов, О.Сүлейменов, Ә.Тарази, Д.Исабеков, С. Елубаев сынды ақын-жазушылардың шы­ғармалары экранда көрініс тапты. Осы аталып отырған есімдер қазақ кино­сының даму үдерісіне, бүгінгі деңгейіне жетуіне зор үлес қосқаны анық.  Жоғарыда айтып өткеніміздей, өткен жылдардың үздік туындылары қатарына жататын «Шал» мен «Студент» фильмдері қазіргі қазақ киносындағы экрандаудың жаңа бір қыры болды. Бұған дейін шетелдік жазушылардан Шыңғыс Айтма­тов­тың «Қош бол, Гүлсары» фильмін Ардақ Әмірқұлов түсірген еді. Жақында ғана шыққан, Александр Бектың «Волоколам тас жолы» повесі бойынша Ақан Сатаев түсірген «Бауыржан Мо­мыш­ұлы» сериалын да осы қатар­ға қосуға болады. Режиссерлер шығарма­шы­лы­ғындағы мұн­дай талпыныс­тарды отандық кино­мыз­дағы жаңаша леп деп қабыл­дауы­мызға болатындай. Алдымен, экрандаудың бәрі алынған шығармасының аясынан шықпай, айна-қате­сіз, сол қал­пында түсіріледі деген сөз емес екенін айта кетейік. Егер фи­льм шығармамен аттас болса, онда режиссер жазушыны «жек­пе-жекке» шақырды деген сөз. Немесе тізе қосып жұмыс істеуге бел байлады деп айтайық. Ал егер фильм атауы кітаптың атауы­нан басқаша болса, онда шы­ғарманың желісі мен идеясы ғана қалып, қалған кейіп­кер­лер, кеңістік пен уақыт өлшемдері өзгерді деген сөз. Мұны айтып отырған себебіміз, сөз еткелі отырған екі фильмнің екеуі де шығарманың атауына қарағанда басқа­ша аталады. «Шал» фильмі Америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісімен түсірілген. Бірақ бұн­да теңіз жоқ. Шал ғана бар. Оның өзінде балықшы емес, зейнеткер шал. Қазіргі посткеңістікте өмір сүріп жатқан қазақ халқының табиғатына барынша жақын­да­тылған. Тұрмыс техникалары, өмір сүру дағдылары, бәрі бүгінгі заман. Повестегі Баланың орнына бұл жерде шалдың өз немересі алынған. Шал мен немеренің арасында болатын әзілдер бұнда немере мен атаның арасында қияңқы қалжыңға ауысқан(біраз орынсыздау да көрінеді). Ал теңізге шығуға қартайыңқырап қалған шалға Баланың жасайтын қамқорлығы бұл фильмде барынша жасырылған. Тек шал ұйықтап қалған кезде немересі барып үстін жабатын, жоғалып кеткен кез­де уайымдап, іздейтін көріністерде ғана байқалады. Екі туындының да оқиғасы басты кейіпкер – шалдың айналасында өрбіп, табиғат заңымен үндесіп жатады. Дала халқының ғұрпында өзгеше сипатқа ие болған қасқыр және теңіз жағасындағы халықтар тұрмысындағы балық; ой-жыралы, тау-тасты кең дала мен көк теңіз – мұның бәрі табиғаттың тартулары. По­вес­тегі балықшы шалдың акуламен арпалысы мен кинодағы Қасым шалдың (Ерболат Тоғызақов) дала тағысымен тартысы бір желідегі көріністер болғаны­мен, (Қасым қойын қорғаса, Сантьяго балығын қорғайды) режиссер көздеген мақсат басқа. Мақсаты – бір қарағанда тек басқа төнген қауіптен тайсалмай, өмір үшін күресті көрсету ғана сияқты. Бірақ адамның өзі де сол табиғаттың бөлшегі екенін, оның да өмір сүруге, өмір сүру үшін өлтіруге хақылы екенін де сезесіз. Сөйте тұра адамның тіршілік үшін ғана емес, басқа да мақсаттарда өлтіретінін ойлап, қынжыласыз. Жыртқыштардың тынышын алып, ақырында өзіне шабуылдауына себепші болған аңшыларды Қа­сым шалдың жазғыратыны да сондық­тан. Осы жерде режиссер жасаған туынды М.Әуезов­тің «Көксерегін» еске түсіреді. Жазу­шы көтерген басты мәселе осы фи­льм­де қылаң береді. Режиссер «Шал мен теңіздің» оқиғалар тізбегін желі етіп алғанымен, «Көксеректің» идеясын береді. Режиссер жергілікті халықтың салт-санасына лайықталып, халық тіршілігімен біте қайнасып жатқан көріністерді беру арқылы өзге елдің туындысын өз елінің діліне етене жақындастырған. Сол кеңіс­тікті осы тәсілдермен сипаттап, жеткізе білген. Қарапайым ауылға тән жадағай тұрмыс, сол тұрмыстағы ауыл тұрғын­да­рының мінез-құлқы, атасы мен немересі арасындағы сүйіспеншілік фильм идеясына мазмұн кіргізіп, тұздықтап тұр. Тағы бір ойды айтпасақ болмайды. Режссер осы тақырыпты алғанда, «Эрнест Хемин­гуэйдің «Шал мен теңіз» пове­сінің желісімен түсірілген» деген сөздің титрда тұруы – шетелдік шығарманың танымалдылығын пайдаланғандай әсер қалдырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]