- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін, бояуын келістіре жасаған образы – Судыр Ахмет, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы. Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның өмірдегі еңбегі туралы ойға шомдырады. Өлім де адамның қалай өмір сүргеніне сын... Бұрау басын сындырмаған адамның өмірге келдісі не, кеттісі не? дегізеді.
Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз замана эпосы. Кезінде «Қан мен тер» романы жанрын эпопея жанрына қарсы қоюшылар табылды. «Ішкі драматизм сыртқы қабыршақты бұзып, мән-мағынаға бойлатады». Сондықтан бұл таза роман (роман чистых кровей») делінді.
Бұл көзқарасқа дау айтылды. Роман эпос, оның түрлері фольклорды да, лириканы да, тіпті сүреңсіз хабар, хроника, цифрларды да бойына сыйыстырып, жарасым таптырып, тамаша көркем поэзия болып шығатыны жайындағы ежелгі қағида еске алынды. «Қан мен терде» эпостың көп қасиеті табылатыны дәлелденді.
25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
7 сұрақты қараңыз
26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
Жазушының «Тас-бақаның шөбі» әңгімесі – әрі жақын ағайындас, әрі бала күндерінен бірге өскен құрбылас Қарабала мен Оңбайдың мінез-құлқын, кісілік қасиеттерін салыстыра отырып, үлкен ой түйетін ерекше туындысы. Жасынан алғыр, оқу мен сөзге бірдей жүйрік, өнерлі болып өскен Оңбайдың тағдыр-талайы бір бөлек те, біртоға, жуас, сабырлы, оқу-тоқу мен сөзге де қырсыз болған Қарабаланың жолы өз алдына дара… Оңбайдың көрмегені жоқ: ол – соғысты да көрген, одан шолақ аяқ болып оралғасын – колхозға басқарма болып та көрген, одан басқа да түрлі қызметтің тізгінін ұстап көрген!.. Оның талайлармен ұстасып, иті қырын жүрген жайы тағы бар… Кезінде соғысқа жарамай, ауылда қалған Қарабаланың «балға мен төстің айтысын тыңдап», өмір бойы ұсталық құрғаннан басқа көрген ештеңесі жоқ!.. Әйтеуір, ешкімнің бетіне жел болып келмепті, міндетті жұмысына адал болыпты!.. Ән екеш, ән дегенде де бар білетіні – «Қызыл азбан». Оны да Оңбай досынан үйренген!.. Оны да өзі әлденеге көңілденген сәттерінде ғана оңашада ыңылдап айтатыны болмаса, көп алдында «әу» деп ауыз ашып көрмепті… Былай қарағанда, Оңбай – лаулап тұрған от та, Қарабала сол оттан қалған шала секілді!.. Өмір шіркіннің жай ойға сыя бермейтін қайшылығын, бірақ бұлтартпас шындығын қараңыз!.. Өзі мүгедек, оның үстіне, аурулы болғасын – жеке машина сұраған Оңбайдың аудан басшыларына талай мәрте барып, тауы шағылған жайы бар!.. Ендігі жерде ондай жүріске жарайтын денсаулығы жоқ-ты… Сөйткен Оңбайдың, бір кездерде аузымен құс тістеген асау Оңбайдың бұл тұрғыда оның ширегіне де келмейтін қарапайым ұста Қарабаладан осы шаруаны тындыруды сұраудан басқа – амалы қалмаған!.. Мүгедек құрдасының көңілін қимай, ауданға аттанған Қарабала әлгі шаруаны бір күнде жайғап, машина берілетін рұқсат-қағазды алады да қайтады!.. Бұған – оның өзі де, Оңбай да таң қалады!.. Сөйтсе, кезінде Қарабала ұстаның қол қайырын әлгі аудандағы басшылар да көрген екен де!.. Қарапайым ұста, қашан болсын, алдына келген жанның меселін қайтаруды білмеген, еңбегін міндет қылуды білмеген екен де!.. Сонда, бар гәптің осы тұста болып шыққаны ғой!.. «Тасбақаның шөбі» әңгімесінің авторы адам өмірінің мән-мағынасын, оның өмірден алатын орнын осылай да бір зерделеп, қаламгерлік жолында тағы бір тың ізденіс танытып, жаңа сөз айтқан!..
«Өмір – күрес» деген қағида әлімсақтан бар. Ол – адамға тән: жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, жомарттық пен сараңдық, кісілік пен қараулық, кеңдік пен төрешілдік, туралық пен көлгірлік, ашықтық пен ішмерездік секілді бір-бірімен бітіспес қасиеттердің күресінен, солардың бірде-бірі, бірде-екіншісі жеңіп, мәңгілік тайталасқа түскен айқасынан тұратын майданды әлем!.. Сол майданның «соғысы» тоқтаған жерде – өмірдің де мән-мағынасы жоғалмақ!..
