- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
Жалпы, ақын шығармаларында ешқашан желісі үзілмейтін, қай тақырыпқа жазбасын және туындыларының үлкен-кішісіне қарамастан – бәрін бір-біріне желімдеп, шашау шығармай тұтастырып тұратын бір ғажайып қасиет бар. Ол алтын арқаудың аты – Махаббат.
22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жарадар болып қайтса да ақын 58 кітап жазған екен. Тәні ғана емес, жаны да мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық отынан, жан сұлулығынан ажыратпаған. Әсіресе, соғыс тақырыбында жан сарайыңды өртеп өтер өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. Бұл тақырыптағы қазақ поэзиясының алтын қорын байытқан «Түбірлер», «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңдерін ауызға алсақ та жетіп жатыр. Қасиет пен киеге суарылған мұндай өлеңдер ақынның жыр кітаптарында молынан ұшырасады.
Сырбай − қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Өлеңдерінің ерекше бір қасиеті: ол ойын лирикалық герой арқылы, көбінесе өз атынан сөйлейді, өз қатынасын, өз көзқарасын, өз сезімін толғайды. Өз атынан сөйлеу, «мен» деп айту сәтті шыққан жағдайда ақын жырын оқушыға жақындата түседі. Ал сәтсіз болса, оқушы ақын пікірін, ақын сезімін қабылдамайды. Біздің әдебиет сынымызда соңғы кезге дейін лирикалық геройға тиісті баға берілмей келді. Ақын қандай нәрсені өз атынан жазу керек, қай жерде «мен» деп айту керек деген таластар да жоқ емес. Егер де ақын «мен» деп айтса, өз атынан сөйлесе, өз сезімін айтса, тар шеңберде қалып қояды, жеке бастың сезімін жырлайды деген пікірлер де бар. Меніңше, «ақынның қандай нәрсені өз атынан айтуы керек?» деген талас болмасқа тиіс. Өлеңнің тар шеңберде қалып қоюы, не болмаса өлең маңызының терең болуы ақынның өз атынан көптің сезімін бере білуінде. Өз басына жақын, өз басының сезімін қайғы-қуанышын жырласа немесе көпке ортақ саяси мәселелерді жырласа да тар шеңберде қалып қоюға болады. Ал, кейде жеке бастың қайғысын не қуанышын жырлауда, көпке ортақ тіл, көптің көңіліне жол табуға болады. Мысалы, осы жинағындағы Сырбай Мәуленовтің «Ұлыма», «Әкеме» деген өлеңдері жеке бастағы, ақынның өз басындағы жағдайдың негізінде құрылған сияқты. Ақын өз қайғысын, өз қуанышын жырлай отырып, көптің көңілін толғантар ой тастаған.
23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
Әзім – оқымысты ғалым болғысы келеді. Үлкен қалада, биліктің арасында жүргісі келеді. Бойы да, жаратылысы да соған сай келіп тұрады. Сол арманын Аралдың тартылып кеткен орнында да жүзеге асырғысы келеді. Біз бірдеңені ұмытып отырмыз. Бәкизаттың да сондай арманы бар. Жақсы жерде тұрсам деген арманын үнемі айтып жүреді. Оған Жәдігер жауап бере алмайды. Себебі, Жәдігердің ондай арманы да, ойы да жоқ. «Үлкен қалада тұрсам, қолымды жылы суға салсам» деген арманы жоқ. Ал ол арманға Әзім жауап береді. «Аралдың орнына қала саламыз. Екеуіміз сол қалада тұрамыз. Қолыңды жылы суға маласың да отырасың. Ол бүгінгі заманның қаласы болады. Әлемдік деңгейдегі қала болады» дегенді айтады. Бұл Бәкизаттың арманына Әзімнің беріп отырған жауабы.
Әзімнің тұлға ретінде өсу жолдары тамаша берілген. Ол алғаш келіп өзінің ағасының қолына түседі. Ағасы Алматыдағы үздік құрылысшы. Былайша айтқанда, қаланың тұрмысын жақсы игерген, соған сай жақсы жұмыс істей алады. Оны да біраз жазады. Жәй ғана аға ретінде емес, үлгі ретінде көреді. Ол не істейді, үлкенмен сөйлескенде қалай сөйлеседі, конференцияларда өзін қалай ұстайды, осының бәрін бақылайды. Кейін тура аумаған ағасы болып шығады. Бұл Жәдігердегі сана қайталануы арқылы беріледі. «Бұл бейнені қайдан көріп едім?» деп ойлайды. Ең соңында өзі Әзімге еріп барғанда, оның ағасын көріп, есіне түседі. Екінші, кейін Әзім тұлға болып қалыптасады, жетістіктерге жетеді. Қалай екенін білмейміз, әйтеуір бір институттың директоры болады. Міне, осы кезде ағасынан асып түседі. Ол былай: сыртынан қараған кезде маңғаз, сабырлы, үндемейді. Ал ішінде ит өліп жатыр. Жағымпаздардың мақтағанына да пысқырмайды, не ұнатқаны, не ұнатпағаны белгісіз. Сондай образдар өте көп қой қазір. Елемеген болады, бірақ арғы жағынан қалап тұрады. Содан оны толықтыратын тағы бір образ бар: руының атын қосақтап, Жуан Жақайымдеп алынатын кейіпкер бар. Жәдігер ең алғаш Аралға барғанда қарсы алған кісі. Кейін ол Әзімнің қасынан табылады. Білімді адам емес, әйтеуір кандидаттық қорғап алған. Бірақ ұйымдастыру жұмысына, жағымпаздыққа, Әзімнің жолын ашатын іскерлікке келгенде алдына жан салмайды. Естеріңізде болса, мынандай бір көрініс бар: Әзім басқаратын мекеме жер астынан су табылады да, соның картасын жасап шығады. Ол кейін Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылады. Осыған байланысты конференцияда картаны залға, үлкен қабырғаға іліп қойып, Әзім сыртынан төменгі жақтан бағып тұрады. «Ел не дер екен?» деп. Оның бәрін ұйымдастырып жүрген Жуан Жақайым жаңағы. Басында адамдар назар аудармаған болады. 2-3 сағаттан кейін өз жұмысына кіреді Жуан Жақайым. Тап қазір көргендей болып: «Мынау ғажап дүние ғой, не нәрсе?» деп, бір-екі адамды тартады. Түстен кейін ой-пікір осыған қарай ауады. Соңында Әзімді алып келеді, «халықтың ой-пікірі жақсы» деп. «Дәл осылай болатынын Әзім бес саусағындай білетін» деп жазады.
