Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері

Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз. Сыншы-ғалым Б.Кәрібаеваның: «Өнер-өлең жарығымен халқымыздың тарихи психологиялық қойнауын Қадыр еркін ақтарған ақын» (4,182-б.) деген пікірі ақиқат. Қадыр ақын қазақ поэзиясында ұлттық ұғымға негізделген тұтас көркемдік ойлау жүйесін қалыптастырды, қазақ халқының ұлттық көркем образын мүсіндеді.

Қадыр Мырза Әли – қазақ поэзиясын ұлттық нақыштармен әрлеген, ұлттық көркемдік ойлау дәстүрін жалғастырған және жаңа көркем образдар тудырған қайталанбас тұлға. Қазақтың ұлттық поэзиясына, өз көркемдік әлемімен, өз таңбасымен келген Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы әркез әдебиеттану ғылымы мен сынының назарын аударып жоғары бағасын алып отырды. Ақын шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихына өшпес мұра ретінде енген.

Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау ұлт ақынына тумысынан тән нәрсе. Әрі бұл қасиеттің өлеңдерінен толық көрініс алуы да заңдылық. Өлеңдерімен ұлтымыздың мінезін, болмысын, табиғатын танытып, қазіргі қазақ лирикасының эстетикалық деңгейін көтерген ақындарымызды атар болсақ, тағы да ең алғаш аузымызға Қадыр Мырза Әли оралады. Себебі ақын поэзиясы ұлттық ой-сананы, дүниетанымды сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен, асқақ та өршіл рухпен береді. «Қазақ — осы!» деп ұлтымызға тән жақ­сылы-жаманды қасиеттерімізді сара­лап, бол­мыс-бітіміміздің ішіне үңіледі. Елін шексіз сүй­ген талантты ақын, білімді тұлға екендігін мойындатады. Атап айтсақ, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде:

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой.

Дос келді деп,

Жасап жатыр анық той.

Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы міне,

Танып қой!

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған

Сүйетүғын қазақ осы,

Қараңдар!

Қазақ осы:

Күй шығарып,

Ән салып,

Көкпартартып,

Қыз қууға жаралған, – деп қазақтың қандай халық екендігін қонақтарға таныстыра келе:

Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды – тіл» дейтін... – деп нені қалап, нені қастерлейтінін айтады. Халқымыздың жатырқауды білмейтін қонақжай, жомарт, қолы ашық, тойшыл, думаншыл, батыр әрі ақын халық екендігін көтеріңкі леппен мақтана жырлайды. Бұл өлеңнің әр шумағы халқымызға тән ұлттық болмыс пен мінезді жан-жақты аша түседі.

Бабалардың шоқ басқан табанымен

Бірдей екен жақсысы жаманымен.

Бір жаманы — тынымсыз көше берген,

Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,

Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.

Бір жаманы — кетпенге орашолақ

Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,

Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.

Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,

Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,

Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.

Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,

Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,

Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.

Бір жаманы — сонда да үй салмаған,

Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]