Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі

«Боран» романында кейіпкерлер де, оқиғалар да мол болғанымен, негізгі желі екі адамның төңірегінде өрбитіні аян: Қоспан мен Қасболат. Бұл екеуі – кешегі майдандастар. Ал бүгін біреуі – қойшы, екіншісі – аудан басшысы. Одан әріге тереңдесеңіз, қойшы – жағымды кейіпкер, ал аудан басшысы, өкінішке қарай, қазіргі туындыларда да жиі кездесетіндей, тым солқылдақ, тым жалтақ кейіпкер. Солай-ақ шығар. Бірақ, сол дәуірде, социалистік мұраттар адамзаттың ар-намысына айналуға тиіс болып отырған шақта, ірі партия қызметкеріне тіл тигізу күпірлік саналатын кезде, бұлайша жазу, қалыптасқан стеоротиптен бас тарту, жұмсартып айтқанда, әдепсіздік, қаттырақ айтқанда, саяси қателік еді. Неліктен оқырман ірі партия қызметкерінің тұлғасынан жерініп, әншейін бір қойшының бейнесін артық санауы тиіс? Рас, шопан өмірі, оның алабасқын боранмен арпалысы, мемлекеттің немесе ірілі-ұсақты басшылардың шопандарға көзқарастары туралы кейін талай ащы шығармалар жазылды. Бірақ Ерназардың сегіз ұлдан басқаша Ер Төстігі секілді, «Боран» романының да қазақ прозасындағы орны қашанда бір бөлек екені күмәнсіз. Және тек қазақ прозасы деңгейінде ғана ма?.. Жоқ. Бұл роман сол кездегі орыстың ең талғамшыл, ең еркін ойлы, сол себепті де тиражына шек қойылған, мысалы, сол кездегі көсеміміз Л.И.Брежневтің отаны болып саналатын Днепропетровск облысында таратуға мүлдем тыйым салынған, кейін бас редакторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Александр Твардовский мен сол шақтағы редакция алқасы тұтасымен жұмыстан қуылған «Новый мир» журналында жарияланған болатын және бұл журналда бұған дейін ешбір қазақ жазушысының туындысы жарияланбаған да еді.

«Романның идеялық-көркемдік бітімінде табиғат ортасы мен мінезі, жер-су көрінісі, құбылған ауа райы айрықша қызмет атқарады. Қысқы даланың үскірік аязы мен ақ түтек бораны – шығарманың басты кейіпкерлеріне үлкен қиындық әкеліп, әрқайсысының жан дүниесіне қозғау салады. Сыртта табиғат дүлейі ысқырына соқса, кейіпкерлердің ішкі әлемі де мазасыз: ішкі-сыртқы аласапыран бірін-бірі толықтырып, күшті тартыс арнасын құрайды. …Жазушы табиғат құбылысын осындай көркемдік мақсатта, әдеби фон ретінде алады. Боран – әрекет, қимыл-қозғалыс. Боран – характердің ашылу кілті. Боран – символ кілті. Табиғат үскірігі – бір кездері халыққа ауыр тиген заман ызғырымен де астарлас секілді. Қырылған қой – бір кездегі солақай саясат салдарынан боса көшкен бүтін бір халықтың тағдырынан да елес беріп өткендей»

Шығарма кейіпкерлері

Қоспан – шопан

Құмар - колхоз председателі

Жаңыл – әйелі

Қасболат - әр түрлі қызметтегі адам

Қаламұш - Мінайдар шалдың кіші баласы. Жаңылға көбірек үйір боп, бауыр басып кетті. Қоспанды аға, Жаңылды апа деп өз үйінен гөрі көбіне осылардың қолында болды. Сол кезде елуден асқан өз әкесі Мінайдарды ата дейтін. Шын аты — Ғалымжан. Еркелетіп кішкентайында Қаламүш деп атаған, биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр.

Мұрат - Атын әкесі қойған. Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала. Өзі толық және сүйегі ірі болғандықтан шомбал қара. Өскен сайын әкесінен аумай барады. Ол да Қоспан сияқты томпақ, қой көзді. Тек көз құйрығында бір қуақы ұшқын жылтырап тұрады. Мінезі сотқар, ойнап жүрген балаларды сабап тастайды. Мұрат тентек болғанымен ақкөңіл, бауырмал. Қолындағы кішкентай нанын бірге ойнап жүрген балаларға бөліп береді. Өзі зерек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]