Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsess.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.02 Кб
Скачать

16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда

17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тір­шілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жарадар болып қайтса да ақын 58 кітап жазған екен. Тәні ғана емес, жаны да мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық оты­нан, жан сұлулығынан ажыратпаған. Әсіре­се, соғыс тақырыбында жан сарайың­ды өртеп өтер өлмес, өшпес өнеге үлгіле­рін жасап қалдырды. Бұл тақырыптағы қазақ поэзиясының алтын қорын байытқан «Түбірлер», «Соғыстан қайт­қан солдаттар» өлеңдерін ауызға ал­сақ та жетіп жатыр. Қасиет пен киеге суа­рылған мұндай өлеңдер ақынның жыр кітаптарында молынан ұшыра­сады.

18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі

Мұқағали жырларының тақырып­тық ауқымы тарау-тарау және өте кең. Сонымен бірге, оларды мынау табиғат лирикасы, мынау атамекен, туған жер жайында деп, мынау Отан туралы, ал мынау көңіл-күй лирикасы деп аражігін ажырата қоюға да болмайтынын байқау қиын емес. Өйткені, туған жер, табиғат, Отан – көңіл-күй перзенттік мөлдір сезім бірінен-бірі туындап, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай үйлескен біртұтас ғажайып сұлу асқақ әлем. Поэзиядағы қайталанбыс Тәж-Мақал сәулет ескерткіші іспетті. Сондықтан, ақынның Жер-Ана, Отан, табиғат, балалық парыз жайындағы өлеңдері деп бөлуімізді шартты түрде деген жөн.

Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді.  Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде  Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті.  «Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам, Тау деген ана туған дара тұлғам… Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен, ұстап алып, қыранның қанатынан» деп ақиық ақын өзін мүлде жаңа қырынан танытты.

Туған жерді сүю, сиқырлы табиғатының қадір-қасиетін сезіну Мұқағали жырларында ерекше көрініс табады. Туған жерінің алтын бұлағын «менің әрбір қан тамырым емес пе?» – деп атамыз ежелден қасиет тұтқан қанға теңеуі де тегін емес. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерді қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған. Ақынның туған жердің қадір-қасиетін терең сезінуіне, тебірене жырлауына ата-бабаларымыздың осы қасиеті сіңсе керек.

Расында да, «Туған даласын шөл етуге қимайтын» бұлақты қалайша жан иесі демейсің. Өйткені, оған ақын адамға тән мінез, қылық, әрекет берді емес-пе? Жерді анаға теңеу әріден бар ұғым. Осыны Мұқағали ақын «Ұқсайсың» деген өлеңінде жаңа қырынан танытады. Туған жердің әрбір тал-шыбығын, көз жетпес көк тіреген шыңырау құзын, тасқындап, таудан құлай аққан өзенін, әрбір тасын еш нәрсеге айырбастамайтын ақын ойын өлең жолдарынан аңғарамыз. Туған жердің шаттығына қуанып, күйігін өзінің қайғымдай көтеремін деген ақын пейілі туған жері үшін жүрегін де жұлып беруге бар. Бұл ақынның туған жерге деген ыстық махаббатынан туған жыр.

Жиі енеді.    Қарасаз.     Біздің жақтын іңірі.    «Жалаң аяк жар кешіп...»      «Бір әңгіме козғашы ауыл жайлы...»     «Апырым-ай, Туған жер-ай...»     «Айхай, далам!,...»    «Туған жер сағындырды, келді есіме...»   «Еш нәрсенің керегі жоқ!...»    Ескі ауылды еске алу.    «Сиыр айдап өріске ертеңменен...»   Туған жерім.     Шибұт шыңыңда.      Сағынам, Шибұт, сені де.    Сүйемін өскен отанымды!     Отан туралы.    «Елім!...»    Туған жер тудырған ой.     Шибұтта. деген сияқты өлеңдері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]