- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі,партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан ,Керей хан
Жанталас романында -, Қасым хан , Хақназар хан , Абылай хан , Бұқар жырау
Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
Махаббаттың адамгершілік сабақтары.
Бұл жерде нағыз махаббат Жәдігерде. Бәкизат кезінде Әзімді сүйген. Әзім университетке түскеннен кейін қалада қалу үшін, өзінің ұстазының ба, әлде басқа біреудің бе, есі кемістеу қызына үйленеді де, Бәкизатты тастап кетеді. Ал осыған ренжіген Бәкизат өзі аса ұнатпайтын Жәдігермен ауылға қайтады. Бұл жерде өкпе, нала бар, керек десеңіз. Бәкизатпен алғаш кездескен кезін романтикалық деңгейге шығарып суреттеген. Мысалы, ол кезде Арал толы, Арал қаласының сыртында балық аулайды, тынығады. Сөйтіп жүргенде шашына бантик байлаған әдемі қыз келеді. Соны көрген Жәдігер басқа күйге енеді. Бірақ, өзінің досы өмір бойы ылғи жолын кесіп кетеді. Мынандай деталь береді: Жәдігер суда онша малти алмайды, мінезі де тұйықтау. Әзім малтығыш, қыздың алдына шығып, судың ортасында танысып кетеді. Сосын Жәдігерде тағы қазақи тәрбие бар. Ылғи да тартына береді. Жасықтық та бар, ол табиғатынан болу керек. Ал Әзімде о бастан бетбақтық бар. Ештеңеден сескенбейді. Өзін қашанда еркін ұстаған адамның мысы қашанда басып кетеді.
Осы шығарманың кульминациясы, шырқау шегі. Өте көркем аяқталған деуге болады. Үшеуі мұздың үстінде қалады. Адамның сезімдері ширығып-ширығып, шырқау шегіне жетіп, жекпе-жекке шығатын кезі келеді. Үшеуін мұз алып кетеді. Соңғы сәтте басын, жанын қорғап Әзім қашып кетеді. Мұздан секіріп үлгереді. Ал Жәдігердің құтылып кетуге мүмкіншілігі бола тұра, өзін тастап кетіп отырған әйеліне оралады. Мұзда Бәкизатпен бірге қалып қалады. Мынаны қараңыз, жазушылық шеберлігі ғой, ұстап тұрған детальдары бар. Жәдігер теңізге шығып бара жатқан кезде бір сұр торғайды ұстап алып, қойнына салып алған. Мұзда қалғанда кеудесінен жаны шығып бара жатады. Бәкизат та сол кезде кете алмай, айналып келеді. Жәдігер өлмесе екен деп тілеп, Аллаға жалбарынады, «өлмеші» деп жылайды. Сөйтіп отырғанда Жәдігердің кеудесінен жан шығады, денесі суып қалады. Сонда құшақтап жылап отырғанда, қолының асты жыбырлайды. Сезімі селт ете қалады. Жәдігер тіріліп кетті екен деп, ашып кеп қалса, бағанағы сұр торғай пыр етіп ұшып кетеді. Адамның сезімін ойнату ғой. Бұл бір әдемі кульминация ғой деп ойлаймын
