Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурет шыгар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.26 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:13.10.2014ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы:Алтын күз

Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, яғниғ жоғары жағы жіңішкеретінін, төмен жағы жуан болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңінен салуды үйрету, саусақ қимыл-қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімділігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитафон, баяу әуенді күйтабақ.

Билингвальді компонент: алтын күз- золотая осень,сары алтындай- как желтое золото; жомарт-добрый

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

-Балалар, сендерді аналарың не деп еркелетеді? Сендерге қандай жылы сөздер айтады?

Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педогог күз мезгілі туралы тақпақ оқып, осы тақырыпта әңгімелеседі. «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков)

Алтын, алтын, сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр.

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Педогог балаларға күз мезгілініңбелгілері туралы айтқызады.

Сергіту сәті.

«тамып, тамып, тамып, тамып» деп айтып отыра кетеді.

Суретке қарап, сурет салғызады.

  • Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жасаймыз, төмен жағы жуандау болып келеді, бұтақтары екі жақ шетіне, діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді.

Бұған қосымша балалар жерді, бұлтты, күнді салады.

-Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық сызамыз, қылқаламның бүкіл ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз. Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз.

Сұрақтарға жауап береді. - Күз мезгілі.

  • Алтын күз дейміз.

  • Жаңбыр жауып тұр.

  • Ағаштар қозғалып тұр.

Жапырақтар түсіп жатыр.

  • Аспан бұлттанып тұр.

  • Күн суыта бастады.

Педогогпен бірге қимыл көрсетеді.

Дәптерді ашып, жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды. Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз. Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр, жапырақтың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып, жапырақтар саламыз.

Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз. Саусақпен көк түске бояймыз.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

-Балалар, бүгін біз не жайлы сурет салдық?

-Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар.

Балалар алған суреттерін әңігмелейді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді.

түсінеді: күзгі ағашты, онық бөліктерін анық етіп салуды.

қолданады: ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.