Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурет шыгар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.26 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу

Тақырыбы: Дәмді алмалар

Мақсаты : Алманың суретін сала білуді үйрету. Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті, ыдыстағы алманың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитафон, баяу әуенді күйтабақ, сурет дәптер.

Билингвальді компонент: алма-яблоко, алуан- разнообразие,әртүрлі-разный , әр түсті-цветной

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қызыл-жасыл, қарасын,

Қолға кезек аласың.

Қарандашпен әртүрлі,

Алуан сурет саласың.

Міне, қандай көп еді,

Ұштай біл де, ұстай біл.

Түрлі өрнек төгеді.

(Н. Айтов)

Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді, қылқалам мен қарандашты естеріне түсіріп, ұстап көріп, сұраққа жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тақтаға «Күз»мезгілінің суретін көрсетіп, күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту, үшін әңгіме жүргізеді. Педогог сурет бойынша әңгіме құрайды:

  • Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Алма туралы сұрақ береді, оның пішіні, түсі, дәмін айтады.Педагог алманы салу жолдарын айтып, түсіндіреді.

«Домала,», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

«Әр түрлі», «алуан түрлі» сөдерін қайталатады.

(Баяу ойнайтын әуен қоюға болады)

-Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз.Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып, жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз.

Бой сергіту.

Қолды үстелге қоямыз

Саусақтарды санаймыз

1,2,3,4,5 – 1,2,3,4,5

Екі қолды қос.

(Балалар толық жауап беруі тиіс, бір рет хормен айтады, сосын жеке-жеке сұрау қажет.)

  • Қазір күз мезгілі. Себебі айналаның барлығы сары түсті болып тұр.

Күзде жемістер, көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Мысалы: Алма-домалақ, қызыл алма, дәмді алма, алмада көп дәрумен болады т.б.

Балалар педагогтің айтуы бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды.

Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Педагог сұрақтар арқылы оқу іс- әрекетін пысықтайды.

-Қараңдаршы,балалар,алмаларымыз әр түсті болып шықты .Қызыл,сары,жасыл алмалар – бір сөзбен әр түсті ,алуан алуан түсті деп атауға болады.

«Алуан» сөзін қайталатып айтқызады.

Балалар жұмысын талдап, мадақтайды.

Балалар толық жауап береді.

Жеке жеке жауап алынады.

Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма-жеміс, ол ағашта өседі.(Дыбыстарды дұрыс айтпаса, педогог өзі қайталап, балаларға қайталатады.)

Күтілетін нәтиже:

жасайды: алманың суретін өз еркімен салуды;

түсінеді:үлгі бойынша қарап жоғарыдан төменге қарай бояу әдіс-тәсілдерін;

қолданады:алма суретін салуға дағдыланды