- •9.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
- •13.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15.Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •20. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.
- •1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік
- •2.Сібір,Орал,Жетісу қазақтары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялықкүштер басым
- •21.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш»қозғалсының тарихи мәнін талдаңыз.
- •I орыс ревалюциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.Алаш қозғалысының басты мақсаты-қазақ елінің өзін-өзі басқару,дербес мемлекет құру,
- •22. Қазақстан тарихнамасында алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.
- •23. Қырғыз акср-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз.
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •25.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •28.Кеңес өкіметінің білім мен ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар іс.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын талдаңыз
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз.
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз
- •37. Н.Хрушевтың *жылымық* жылдарындағы қазақстан.
- •38. Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық маселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.
- •52. Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор.
- •54.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз
- •55.2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз
- •56.Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз
- •57.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі
- •64.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.
15.Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 ж тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал «Айқап» шықса, наурыздан бастап «Қазақстан» газеті шыға бастады. Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды. Кеңестік тарихнамада айтылғандай ,журналдың өзімен қатар шығып тұрған «Қазақ» газетінен басты айырмашылығы таптың идеялық позицияларында емес, олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында, қаржы көздерін екі түрлі іздестіруілінде болды.Басқаша айтсақ, басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде н\е керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды. ХХ ғ бас. Ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп,ұлттық көлемде қоя білген, сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің өлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің, сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсете білді.
Журанал мен газеттің мақсат міндеттерінің бірлігі олардың мазмұн жағынан да жақын болуы әсер етті. Екі басылымға да тән ортақ тақырыптар: оқу-ағарту, білім беру, ғылым, өнер үйрену, жер, отаршылдық, отырықшылдық, әйел теңдігі, шаруашылық жүргізу , әдет –ғұрып, салт -дәстүр мәселелері, надандыққа ж\е партиялық бүлікшілікке қарсы күрес болды. Екеуінің де ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылдыққа көшу, қала болып тұру, бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған мәселелерде бір позиция болғандығы белгілі. ж\е екеуі де қаражат жетіспеуіне байланысты өз шығаруларын тоқтатты. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары болды. Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің, қоғамдық сұранысытың нәтижесінде пайда болды. ж\е екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін қарап отыр.
16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.
Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың , Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.
Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.
Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері
Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:
1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.
2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.
3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:
17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.
Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750 найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.
Торғай көтерілісі:
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып, күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әр жасақты басқаруға онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылдың 22 қазанында Амангелді Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды, қоршау кезінде генерал лейтенант А.Ловрентьевтің жазалаушы корпусы қалаға үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасады. Қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Бетпаққара ауданына шоғырланды. 1916 ж қарашаның екінші жартысынан 1917 жылдың ақпанының ортасына дейін жазалушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте, Бетпаққарада ірі шайқастар болды. Шайқас 1917 жылдың екінщі жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша үкіметі 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадрасы, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды төкті. Осыған қарамастан Торғай облысындағы көтеріліс патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Ал, Семей және Ақмола облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Осылайша қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып жаншылды.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ:а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.
Көтерілістің маңызы:
1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.
17. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. Қазақстаннан сыртқы көші-қон қозғалысының өршуі, ата-мекенді тастап ауа көшуі 1926-27ж.ж. басталды. Мысалы, Батыс Қазақстанда қоныс аударушылық 1927-28ж.ж. үдей түсті. Қыр жайлап, көшіп-қонып жүрген адай, табын тайпаларының отбасылары кеңес өкіметінің құрығынан және жұт салдарынан құтылмақ болып, Қарақалпақ, Түркеш жеріне көшіп барды. Қазақстандағы қиыншылық жағдайлардан өз ішіндегі көші-қон жағдайларының күшейе түсуі қазақ халқына әкелген ауыртпашылығы өз алдына, үкімет тарпынан жүргізілген қуғындау салдарынан және аштықтан қорыққан қазақтар республикадан тысқары жерлерге, Қазақстанмен көршілес республикаларға және Одақтас мемлекеттерге, арғысы шетелдерге жаппай көше бастады. 1931-33ж.ж. болған қызыл қырғыннан барлық шығын 3млн адам және қызылтабан басқыншылығынан барша халықтың 1900мыңы шетке қарай біржола үдере көшкен. 1930ж басынан 1931ж ортасына дейінгі кезеңдерде ғана Қазақстан жерінен 281280 шаруа қожалығы көшіп кетті, олардың елеулі бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстанның жеріне көшіп барды. Ашаршылық жылдары республика шегінен тыс жерлерге барлығы 1303мың адам көшті, олардың 616мыңы біржола кетті де, 414мыңы кейіннен Қазақстандағы жағдай түзеле бастаған уақыттарда елге қайтып келді. Олардың ішінде 200мыңға жуығы Қытайға, Ауғанстанға, Иран мен Түркияға өтіп кетті. Соныен бірге, 1927-28ж.ж. қысында әбден күйзелген Маңғыстау халқы Түрікменстан жеріне, одан әрі Иранға жұмыс іздеп, тамақ табудың жолымен басқыншылыққа ұшырады. Көптеген қазақтардың іргелес республикаларға ауып кеткендегі халық санақтарының мәліметтері де дәлелдейді. Егер 1926ж санақ бойынша басқа республикаларда тұратын қазақтардың саны 314мың болса, ал 1939ж олардың саны 794мыңға жеткен еді.
18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық ревоюцисы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетініңіз. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917ж Ақпан революциясының нәтижесінде Патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, отарлық езгіге қарсы көпжылдық күресінің нәтижесінде, жеңісімен аяқталды. 1917ж 28ақпанда М.В.Розликоның басшылығымен мемлекеттік Думаның Комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2наурыз күні мемлекеттік Думаның уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша Үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасады, Уақытша Үкіметтің ұлттық мәселесі бойынша қабылданған алғашқы актілерінің бірі 1917ж 20наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтқа қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша Комитеті мен Уақытша билік орындарын құру туралы 5наурызда арнайы қаулы жарияланды. Осыған байланыста жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола басады. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары өз әсерін тигізді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:”Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қyанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олдарды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша Үкімтке барынша қоддау көрсетуіне оның 1916ж 25маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуын тоқатуын, ал 7наурызда 1916ж көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М. Дулатов:”Сары әскер қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кіріскен еді. 10айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлт төңкеріс болмаса, не болар еді”,-деп жазған. Тұтастай алғанда, Уақытша Үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.
19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің алдындағы өзекті мәселелерінің бірі-жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілдіру, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтеріне кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды. Халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Сонымен, ұлттық идея-этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен армандарының, дүниетанымының,көзқарастары мен құндылқтарының кешенді жиынтығы. Қазіргі уақытта ұлттық идея қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуныа, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Ұлттық идея, ел Президенті Н. Назарбаевтың пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай “Қазақстан-2030” Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынандай басты тұғырларын анықтайды:1)eл бірлігі, 2)экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, 3)интелектуалдық жасампаз қоғам, 4)өркениетті мемлекет. Қазақ хандығы 1465ж құрылғаны-ғылымда әлдеқашан дәлелденген жайт. Ал қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайына жету үшін қазақ халқы түрлі қиындықтарды басынан өткізгені белгілі. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзім ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сараптамалар бұл міндеттер күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Н. Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды.. Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырды. Еліміздің Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 30-ж.ж. басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістердің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын біз аса көп сезе қоймадық
