Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.08 Кб
Скачать

57.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі

Қазақстан сан ұлттардың ынтымағы жарасқан бейбіт ел. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын,сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулағынсыз мүмкін емес.Яғни, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.

Ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі-тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі-оның салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтаудың елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдардың бірі-Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. ОН бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институттар халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді.Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты-нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамай, қандай әлеуметтік тапқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін,халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

58. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық ой-өрісін ашудың маңызы. Полиция полковнигі Мирлан Қызылов Қазақстан Республикасының 2015 жылғы ақпандағы "Қазақстан мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы қабылданған болатын. Аталған заң рухани, мәдени, білім алуы, кәсіпқой қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін олардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады. Жыл сайын оқу ордаларына облыстардың түкпір-түкпірінен білімдерін жоғарылатуға, таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болуға талапкерлер түсуде. Сол оқу орындарында білім алып жатқан тыңдаушыларымыздың білім деңгейін жоғарылату, ғылыми-зерртеу жұмыстарына қатысудағы белсенділігін арттыру, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, облыстық, республикалық деңгейлерде өткізіліп жатқан әртүрлі бағыттағы шараларды тарату, олардың өсуіне жол ашу үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда жастарды ақпараттық қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналатыруға, демалуға, әлеуметтік оңалуға және жас отбасыларын қолдауға, олардың құқықтарын жүзеге асыруға біпталай жұмыстар атқарылып жатқанын айта кету қажет. 59. Қауіпсіздік мәселелері котексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Біздің мемлекетіміз "өркениеттің қиылысы" деп бекер айтылмаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлеуметтік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті. 2003 жылы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен әртүрлі діндер басшыларының тұңғыш съезі болып өтті. Съездің мақсаттары мен мұраттары, діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдниетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдау болып табылады.Қазігі таңда мемлекеттік саясаттың негізігі қағидаларына барлық ұлт өкілдері мен конфессияаралық топтары тең құқықтар ұсыну, сонымен қатар діни ұйымдар менолардың мәдени орталықтарына өмір сүру үшін қолайлы жағдай құру болып табылады. Сол себепті, біздің мемлекетіміздің Елбасы Қазақстанның конфессиялық әралуандығы және этномәденилығына ерекше көңіл аударады.Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтылыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдықтың кең қолдауын иеленіп отыр. 60. Елбасының "Халық тарих толқынында" тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясындағы қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз. Халқымыздың тәуелсіз ҚР атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білу бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білу де соншалықты маңызды. Өйткені, тарих –ұлттың жады. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих – ұлт тәуелсіздігінің кепілі. Сондықтан ұлттың тарихты зерттеуде ғылыми қоғамдастықтың алдында "Халық тарих толқынында" ғылыми зерттеу бағдарламасы жүзеге асыру міндетін қойды. Ғылыми бағдарламаның мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы,этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті тұр: еліміздің азаматтарының мінез – құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық – методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр.Ұлт Көшбасшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Халық тарих толқынында" деген бағдарлама қазір өмір сүріп отырған ортаға, халық пен оның тарихына деген көзқарасына, Отанына сүйетін азаматтарға түбегейлі өзгеріс әкелетініне толық сенімдімін. 61. Мәдени мұраны зерттеудің біртұтас жүйесін құру, фольклор, дәстүр, әдет – ғұрыптар туралы баяндаңыз. Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйымдасуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаумен болатын сабақтастықта жатыр. Елсасы айтқанадай, "Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттық өзегі болу қажет". Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасына, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт – дәстүрлерін; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құру. Қазақ мәдениеті мен салт – дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт – дәстүрінен көп ілгері болып келеді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды. Ұлттық тәрбие көздері; фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет – ғұрып, салт – дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге – өсиеті бар мақал – мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады, яғни, бұл орайда салт – дәстүрлерді үйрету жастарға ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор болып қалыптасуы үшін көп әсерін тигізеді. Сондай-ақ ежелгі ата-бабаларымыздың заманынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды бабалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын жастарға дәлелмен жеткізу. Сондай-ақ халық педагогиканың мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі болып,бесік жырын, фальклорын дана халқымыздың ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитын жастар санасына берік орнатуға тиіспіз. 62.Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым – Елбасының Ұлытау төңірегінде берген салиқалы сұхбатын талдаңыз.Елбасның Ұлытау төңірегінде ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, әдебиеті, мәдениеті, экономикасы мен болашағы жайлы айтқан Нұрсұлтан Әбішұлының көлемі пікірлеріне еліміздің тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде.Елбасымыз бұған дейін де Қазақстанның түрлі өңірінде болған сапарларында журналистерге сан алуан сұхбаттар беріп, сол өңірдің арғы-бергі тарихы мен болашақтағы дамуы жайлы талай мәрте келісті ойларын ортаға салған.Ал одан бұрын киелі Түркістан жерінде зиялы қауымның басын қосып, қазақтың тарихы,тілі,руханияты жайлы тереңнен толғаған әңгіме өткізген-еді. Әсіресе, дін мәселесіне,оның ішінде ислам дінінің ұлағатына қатысты әлі оңы мен солын танып үлгермеген жас ұрпаққа қарата ұлтымыздың ұлы басшысы ретінде тереңнен толғаған тағылымды пікірлерін ортаға салған болатын.Жалпы, Елбасы-Қазақстанның ғана емес,бүкіл дүниежүзілік беталыс бағдарын, оның алда орын алуы әбден мүмкін екенін болжай білетін кемеңгер қайраткер. Оның “Сындарлы он жыл” кітабында БАҚ, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдеулерінде жаңа тағына жамылған “исламдық қауіп-қатер” деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіксіз қайталанатын болып жүр,-жейді.Негізінен Ұлытау төріндегі әңгіме бұрынғы сұхбаттан өзгерек. Біріншіден, Ұлытау-ешбір әлсіреусіз біздің арғы-бергі бабаларымызға құтты қоныс болған қасиетті мекен. Екіншіден, Елбасы- Ұлытау өңірін ерекше жақсы білетін адам. Оның жастық шағы , азамат болып қалыптасқан кезі Сарыарқа төрінде өтті. Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін саралап шықты.Төртіншіден, Елбасымыздың кейінгі 20 жыл ішіндегі сұхбатында Қазақстанның өз ішіндегі коммуникация мәселесіне айрықша мән беріп келді.Елбасы сұхбаты барысында мынаны атап көрсетті. “Отанды қорғау дегенде,әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді,шешеңді,бауырларыңды, балаларыңды,немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихынды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр.” 63. Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз.Қазақ хандығының 550-жыл-біздің ұлтымыз үшін ерекше күн. Қазақ хандығы дегеніміз – ұлттық мемлекеттік деген сөз. Бұған дейінгі мемлекеттер біздің ұлан-ғайыр даламызда пайда болған,өскен, өркендеген.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, Қазақ хандығы бұдан бес ғасыр жарым бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ,ғұн,үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік қағандығы,Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. “Арғы дәуірлерге бармай-ақ,таза түркілік заманымызға зер салар болсақ,әйгілі Рим империясы құлап,Еуропадағы осы күнге мемлекеттердің нобайы да әлі қалыптаса қоймаған,ал Қытайда үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан 6 ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы Түрік қағанаты атты қуаты,күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небәрі жарты ,ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке билік жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп,өз ішінде билікке талас басталғанда,әуелі батыс және шығыс болып ажырап, кейін оғыз,қыпшақ,қарлұқ болып бөлініп,жауларына жем болды,”-деді Н.Ә.Наразбаев.”Бәріміздің киелі атамекеніміз бар,ол-қазақтың Ұлы даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол-Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз,мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты,озық ойлы,жасампаз халық бар. Ол – ер-жүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлкетті Мәңгілік Ел жасау”-деген екен Елбасы.Қазақ хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері ол Алтын Орда – Жошы Ұлысының жалғасы,Жошы ұлысы – Шыңғыс хан қағанатының заңғы мұрагері екендігі шығады. Қорытындылай келсек, тәуелсіз мемлкетіміздің алдыңғы бастауы сонау Алтын Орда дәуірінен бері жалғысып келе жатқанын дәлелдейміз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]