Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.08 Кб
Скачать

52. Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы

EXPO-2017 халықаралық мамандырылған көрмесін Астанада өткізу- Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі.Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама мемлекет басшысына тиесілі.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО- 2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы “Болашақтың энергиясы” деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және “………” технологияға арналған. Астанада бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықарлық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр EXPO-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономиикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.

Елорданың және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуына ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсету ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО- ауқымында салынатын нысандар болашаққа Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

53.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор.

Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзіретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мемлекеттің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білі беру стандартына сәйкестендіру қажеттілігімен айқындалады.

Қазақстанның жоғары мектебі әлемдік білім беру деңгейіне қол жеткізу және біртұтас білім беру кеңістігіне енуге ұмтылады.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның білім берудің халықаралық стандарттық жіктеліміне сәйкес келеді. Мамандарды даярлау үш деңгейлік : бакалавр-магистр-РһD доктор моделіне өту толық іске асырылды.Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және кепілдік беру жүйесі құрылды.

2009 жылы бакавлариат-магистратура-доктарантура білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқі орындарынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуші бекітілді.

Бакалаавриат бұл жоғары білім баспалдағының алғашқы сатысы, яғни 11 жыл мектеп бітіргеннен кейін университетке түскен соң бакалавр атанасың. Оның ерешелігі- студент өндірістік тәжірибеге бағдарланған, яғни, іргелі даярлануда таңдаған бағыты бойынша кең білім ала алады.Университетті 4 жыл оқып, бітіргеннен соң білімін жалғастырып келсе магистратураны 2 жыл көлемінде оқиды.Бұл жоғары кәсіби білімнің үшінші сатысы.Одан соң философия докторы немесе PhD-доктор – бұл докторлық диссертацияны қорғайтын тұлғаға берілетін жоғары ғылыми дәреже. Әлем елдерінде (АҚШ, Еуропа және т.б.) PhD дәрежәсә жоғарғы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]