Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.08 Кб
Скачать

37. Н.Хрушевтың *жылымық* жылдарындағы қазақстан.

Согыстан кейынгы жылдарда пісіп жетылып келе жаткан қоғамға өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл – әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 ж сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын сүргін науқаны біраз баяулады. 1953 ж мамыр айыннан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар , жеке тұлға мен халықтың тарихытағы рөлі , сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтылы бастады. 1954 ж қазақстандағы тың жане тыңайған жерлерды игеру дің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге улкен әсерін тигізді. Бул наукан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын , ұлттық табиғи ресурстардың ерекшелігін білмейтін. Сондықтанда наукан нәтижесі экалогиялык демографиялық , рухани зардаптар алып келді.

Қазақ ауылдарының құлдырауы , қазақ мектептерінің жабылуы , жердің эрозияға ұшырауы ,семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынық аймағына айналуы жане оның халық денсаулыгына кері әсері , ұлттаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды. Кеңес одағы бойынша 1954 ж 13,4 мл н гектар тың жане тыңайған жерлер жыртылды . оның 6,5 млн гектары , яғнии 50 пайызын . Қазақстанда тен 1954-1955 ж 1 жыл ішінде қазақ өлкесінде жана 337 совхоз құрылды . Ақмола Көкшетау Повлодар Сол. Қаз. Жерлерінде совхоз қурылды . тың жане тыңайған жерлерді игеру зардаптары да болды . 1960 жылдарга карай қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн гектар жер жел эрозиясына ұшырады . Республикада қазақ халқының улесі 30 пайызға дейін төмендеп ұлттық тіл , салт- дәстүр, мен халықтың әлеуметтік инситуттарының жойылып кету қаупі туды .

1962 ж Н.Хрущев бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп , Ақмола қаласы Целиноград деп озгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылыгын нығайту жолдары да қарастырылды. 50 ж соңында қазақстанда 36.4 млн нан астам мал басы болды . Сонымен * Хрущев онжылдығы* 1953-1964 ж бір жағынан ХХ съездегі *Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы * қаулы кабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшкленуге, екінші жағынан , валютаристік жане субективтік шешімдер аркылы эканомиканы экстенсивті жолымен дамыту әрекетімен тарихта қалды.

38. Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық маселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.

Қазақ кенестік социалистік республикасы - бурынғы КСРО қурамында болған одақтас республикалардың бірі, ол 1920 ж26 тамызда құрылды жане алғашқы келде Қырғыз АКСР деп аталып РКФСР құрамына кірді ,. 1936 ж 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. ЛСРО ның Азиялық бөлігінің оңтүстік батысында орналасты , солтүстігінде РКФСР мен , оңтүстігінде Түркмен КСРмен ,Өзбек КСРмен жане Қырғыз КСРмен , шығысында қытаймен шектесті , батысында КАспий теңізі . Қазақ КСР-ы жер көлемі жағынан РКФСР мен Украйнадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724.9 мын км 2 Астанасы – Алматы қаласы – әкімшілік жағынан 19 облыска 210 ауданга болынды 82 каласы болды

1937ж наурызда республика кенестерінің тотенше 10 съезі өтіп конситутциясы қабылданды . Қазақ кСРның мемлекеттік ө кіметі – Жоғарғы кеңес пен республика укіметі ХКК құрылды. Бұрынғы алты облысқа қосымша жаңадан Қостанай ,СОл . қаз 1936, Гурев, Қызылорда Павлодар , Жамбыл , Семей ,Ақмола ,облыстары . 1944 жылы жаңадан Көкшетау , Талдықорған облыстары ашылды .

1954 ж орталықтын шешымымен тың жане тыңайған жерлерді игеру басталды . РКФСР Украйна Белларрусия т.б республикалардан тың игеруге 640мың адам келді . Тың игерумен бірге өнеркәсіпте қауырт дамыды . 200ден аса ірі өнеркәсіп орындары ашылды . 1970 ж республика да әкымшілік өзгерістер болып , жаңадан Торғай ,Маңқышлақ Жезқазған облыстары құрылып , облыстар саны 19ға жетті. ҚазКСР КСРОны құрайтын , толық тең құқылы 15республиканың қатарында саналғанмен , ҚазақКСРО укіметінің билігі шектеулі болды . Көптеген аса маңызды өзгеріс орындары Мәскеуге тікелей бағынды . Қарулы куштер орталықтың қолында болды. Кеңес құрамына кеңінен орын алған келеңсіз құбылыстар ҚазКСРда да кеңіне орын алды. Оған орталықтың жергілікте халықпен есептеспей , республика басшылыгын өзі тағайындау қосылды. 1991ж КСРО тарады да , Қазақ КСР тәуелсіз республикаға айналды.

39. 1955,1962 ж шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз.

* Ел көшін бастау- маған сын , міне қостау –елге сын * деген президентіміздің сөзін ту еткен қандастарымыз елге қайта оралу үдерісін бастады. Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде түгелденніп жатырмыз. Әділдігі – шетелге қашуға мәжбүр болып , төрткүл дүниеге тарыдай тарыдай шашылған қазақтын өз еліне қайта оралуында . Өміршендігі м-мың өліп мың тірілген қазақтың жаңа сапалық , сандық өлшемге жетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамуында .

Атамекеннен айырылған қазақтардың қайта олралуы кеңес дәуіріндеде орын алғанын айтуымыз керек. Соның ішінде 1950 ж Қытайдан қайта оралғаг репартиаттарға ерекше қарауға болады. Қытай халық Республикасы 1955ж 17 қыркүйекте * Шекарадан тыс жердегі кеңес азаматтарын репариациялау жане оларды КСРОда еңбекпен қамту туралы* қаулы қабылдайды. Осы қаулы лар Қытайдан Шыңжаң –Ұйғыр автаномиялық ауданы мен т.б аудандарынан қазақ , ұйғыр , дүнген , орыстар қайта оралды. 1955ж Қытайдан қоныс аударған репартианттар ресми құжаттарда *кеңес азаматтары * деп аталды. Олар Харгос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан әрі қарай Іле, Алагөз,Отпар станциялары жанынан құрылған қабылдау- бөлу пунктері арқылы қабылданды. Көшіп келген кеңес азаматтарына көмек ретінде отбасы басына 3000 сом , мүшелеріне 600 сом қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банктен жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін ,мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.

Сонымен, 1955ж тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ , Қазақстан кеншарларына 240 отбасы көшіп келді. Қытайдан келген кеңес азаматтары ,Көкшетау, Павлодар ,Қостанай ,Батыс Қазақстан ,Ақтөбе облыстарына жіберілді. Себебі олар мал шаруашылығымен айналысатын.

1962 ж жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдан Іле –Қазақ Автаномиялық облысынан өткендердің саны 100 мың болды көпшілігі қазақтармен ұйғырлар . Шекара жабылды .

Партиялық жане үкіметтік органдар репарианттарды еңбекпен қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету , орналастыру жане тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін мейлінше қадағалауға тырысты . Қытайдан көшіп келгендерге арнайы жеңілдіктер жасалынды Қазақ КСР МИнистрлер кеңесінің 1962 ж 24 мамырдағы қаулы негізінде әрбір келген адамға 40 сом мөлшерінде көмек 1 сом тәулік ақы және азық- түлік , өнеркәсіп тауарлары беріліп, көмек көрсетілді.

40. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа турлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар жане олардың сатсіздігін ашып корсетіңіз .

Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі 1960ж алғашқы жартысында жаңа қарқынмен жургізілді. 50 ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасымен қосалқы бөлшектер шығарды. Ірі орталықтармен сес-тер салу нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру жақсара бастады. Бұл жұмыс электр станциялары жақын жатқан Шығыс Қазақстан, Семей, Солт. Қаз. Облыстарында жақсы жүрді. 1970 ж Қазақстан одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9 пайызын , Күріштің- 2406 пайызын, өндірді. 1970 ж ауыл шаруашылығының сапалық өндірісін , материалдық- техникалық базасын , нығайту мамандандыру, мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Жерді суландыру мен химиялық жолмен нығайтуға көп көңіл бөлінді. Сондада ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру қарқыны төмендей берді. 1971-75 ж ол 13 пайызға дейін құлдырады. Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесі н өзгертуге әрекеттенгендер болды . Алматы облысында Еңбекші қазақ жане Күрті аудандарында кеншар директоры болған И.Н.Худенко басқарудың жаңа турлерін енгізуге тырысты . ол фермерлік шаруашылықты құруға әрекеттеніп , қағазбастылыққа шек қойды. Халықтың еркін еңбектенуіне жағдай туғызды. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, тәртіп нығайды.

Қазақстан қой саны жане қой өнімдерін өндіруден Ресей Федерациясынан кейінгі 2- ші орында тұрды. 1975 ж соңында 34,6 милн қой мен ешкі болды. Одақ бойынша республикада өндірілетін өнім улесі ; жүн 24 ; жүн -24 пайыз, қой еті -23,3 пайыз, қаракөл елтерісі-34 пайыз . Қзақстанда ет өндіру мен дайындауда қой етінің улесі 25-30 пайыз аралығында болып отырды . 1960 ж соңында қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587-сі салаға арнайы мамандандырылды.

1971 ж Семей облысы Шұбартау ауданында комсамол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып , бастама көтерді. Қой өсіруші комсамол - жастар бригадалары құрыла бастады. Мал шаруашылығы еңбегін ұйымдастырудың бұрын болмаған түрлері дүниеге келді . Компартия жастардың алдына қой санын 50 млнға жеткізүді мақсат етіп қойды. Жастар бригадалары бұл міндетті орындай алмады. Республика мал саны көбеймей керісінше азайды .

41. Экалогиялық дағдарыстар Семей палигонындағы ядролық сынақтардың зардаптапын талдаңыз.

Қазақстанның көптеген аудандары , бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хәл кешіп отыр .Қоршаған ортаның зиянды зардаптарымен , техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары үлес қосып отыр; Батыс Қаз. мұнай , газ конденсат кен орындары , Өскемени қорғасын- мырыш комбинаты, Өскемен титан- магний комбинаты, Лениногор полиметал комбинаты , Жамбыл суперфосфат зауыты, Павлодар альюмини зауыты , т.б. Экалогиялық апат аймағында отырған ел ең алдымен , ауыз су тапшылығын коріп отыр . Теңізбен қоса ,Арал өңіріндегі жергілікті тұрғындарды құтқару керек . Өйткені елді мекеннің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр , ал қалған тұрғындар мем лекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Түрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, буйрек, бауыр, т,.б аурулардың корсеткіші республикаданда жоғары болып тұр. Қазақстан экологиясы ушін Семейдегі полигон әкелген зардаптары орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500ге жуық бомбаның сойқаны , адамдарды ақыр заман індетіне шалдықтырып , жер ананы осымен тайдырып жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа зиян әкелып улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап , орта азияны ядролық тозаңға тұншықтырып , халықтың түбіне жетер еді. Осы полигон маңындаға қазақтардың көбі, дарігерлердің озі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғ жуық жалғасқан атом полигоны жер суды ойрандап аурулардын шығуына жол ашты.

42. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз.

Тоқырау жылдары деп аталатын кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардыңортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде социалисттік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл сайын КОКП- ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор көріне бастады.

Қазақ елі тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет, өнер саласында көптеген жетістіктерге жетті. 1978 жылдың ең маңызды жаңалығы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төралқысы республиканың жаңа конституциясы жобасын «Бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды және Кеңестік Қазақстанның соңғы конституциясы қабылданды.

Сонымен қатар тоқырау жылдарындағы «Жас тұлпардың» ықпалымен көптеген елдерге танымал болған ансабльдер: Гүлдер, Айгүл, Дос-Мұқасан.

Бүгінде ол – өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан шоғырлы ұжымдар болды. Шетелдерде өнер көрсетіп, талайлардың таңдайын қақтырған ұлттық ансамбльдер биік белестерді бағындырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.

1975 ж сонымен қатар Олжас Сүлейменовтың жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Бұл кітабында «Игорь жасағы туралы» жырға талдау жасалған. Алайда «Аз и Я» кітаы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды.

43. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз.

Қайта құру кезеңі – Совет Одағының коммунистік партия билеушілерінің 1985-1991 жылдарындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО- да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер орын алды. Бұл идеяның қозғаушысы –КОКП ОК бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Пленумда Горбачев баяндама жасап , социалисттік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі.Қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып , өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып , машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1.7 есеге арттыру міндеттері белгіленді.

Экономикалық салада дағдарыстың белгілері ;

1. Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.

2. Ғылыми- техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.

3. Бақылаусыз басқару аппараты.

4. Инфляция

5.Тауар зәрулігі.

44. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз.

Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. 1990ж1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Өзін компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында 50-60мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социялисттік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгу сияқты мәселелер талқыланды.

1991 ж қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болатын Қазақстан Халық Конгресі партиясы болды. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.

Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы , «Айша» , «Ақ отау» және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Республикада 1991ж барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізінде бірлестіктер жұмыс жасады.

Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» «Поколение» «Лад» «Азамат» азаматтық қозғалысы кең көлемде қызметімен ерекшеленді. 1989-1994 ж аяғында Қазақстанда 500- ге жуық қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде тіркелді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы , Қазақстанның социалисттік партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы,Қазақстан Республикасының партиясы Қазақстан Коммунистік партиясы т.б құрылды. 2002ж елімізде 16 партия тіркелді.

45. Кеңестер одағының ыдырауы және ТМД ның құрылуы.

1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды1929 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жасалды. 1934 жылы алғашқы бесжылдық жоспарды мезгілінен бұрын орындау қорытындылары қаралып, 2-бесжылдық жоспар жасалды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.

46.Тарихи –мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің ролі мен маңызын талдаңыз

Ескеркіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп келешек ұрпаққа тәлім –тәрбие беруде маңызы зор.1983 ж ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы «18 сәуір – тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күні» деп бекітілді. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында Сыр елінде де үлкен жұмыстар басталды. Соңғы екі жыл ішінде Сығанақ және Жаркент қалашығының қорғау аймағы белгіленсе, бүгіде Қорқыт ата ескерткіш кешені бойынша қаулы жобасы дайындалды. Алдағы уақытта Шірік Рабат және Жент қалаларында осындай жұмыстарды атқару кезегі тұр.

2004 ж Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставциялау, консервациялау , мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жасалып, қабылданды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі Арыстанбаб,

Абат-Байтақ, Есімхан, Қара сопы, Ысқақ ата, Қараман ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция абылай хана» кешені сияқты ескерткіштерінде жұмыстар атқарылды, 26 ғылыми қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата- бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөздері, дастандары, ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де, өнерлі , адамгершілігі жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Қазір еліміз Тәуелсіз мемлекетке айналғалы, елдің рәміздері белгіленгенін білеміз. Рәміздер адамзаттты тәрбиелеуде улкен тәрбиелік мәнге ие.

47. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты.

Қазақстандық бірегейліки пен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты « Қазақстан -2050» стратегиясысының, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100нақты қадам баршаға арналған қазңргң заманғы мемлекет» Ұлтжоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама мынадай басты қағидаға негізделді;

  1. Негізгі бағыт- ел президенті Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы

  2. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясысының біріктіруші құндылық тары –азаматтық теңдк, еңбексүйгіштік адалдық, 5ылым мен білі мге құрмет, зайырлы ел

  3. Қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын үрдіс. Ол әрбір азаматтың этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланаыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. «Біздің бір ғана Отанымыз, бір ғана атамекеніміз бпр- ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл саналы таңдаудың мәнін ұғыну- бірігудің басы негізі.

  4. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы-мәдени этникалық тілдік және діни әралуандыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар.

48. Н.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі халықтары мен ерекшеліктері туралы саралары

Қазақстанның даму жолы –саяси тұрақтылық бейбітшілік және өркендеу.

Президентіміз Қазақстан халқының сенімді ұлы және нағыз көшбасшысыекнін өзінің бүкіл өмірі мен қызметі арқылы дәлелдеп берді. Елбасының даналығы мен саяси көрегендігін біз мақтан тұтсақ, басқа мемлекет халықтары қызыға қарайды. Қазақстан халқының гүлденген келешегінің кепілі болатын жағдайлар да осылар – саяси тұрақтылық, ашық аспан және экономикалыық өрлеу.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан даму жолында» керек деп білген нәрселерін нақыл сөздермен берген;

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»

Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар.

Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады.

Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан тәртіп пен еңбек сапасы айырықша маңызды.

Бүгінгідей жаһандану жағдайына мемлекет пен адам озық бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет...

Біздің жоспарымыз ғылым мен білімге ұмтылып,

Елдің болашағын болсақ, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.

Әр адам басқа ұлт болса да, оларда Қазақстанның төлқұжаты бар, осы елде туып өсті. Бірлігіміз болса, біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Бұған дейін осылай болған, бұдан кейін де солай болуға тиіс.

49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары,экономикалық дағдарыс әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі , жұмыссыздық қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсәп салалары ауыр индустрия , жеңіл өнеркәсіп біртіндеп тоқтай бастады . Материялдық ресурстардың жоқтығынан кәсіпорындар қаржының жетіспеушілігінен дағдарысөа ұшырады. Халықтың тұтынатын тауары күрт азайып,мұнай мен көмір өндіру қысқырды.металлургия өнеркәсібінде шойын,болат құю азайды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кеміді.Өндірістің құлдырауының себебі, одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастың үзілуіне және дайын тауар өндіретін,машина жасау салаларының жоқтығында.Бұл қиыншылықтар мен кемішіліктерді жою үшін 1999жылдан бастап қаз. Үкіметі елдің өнеркәсібін жақсартуда шаралар жүргізді. Жеңәл онеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, хими өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы жасалды.Өтпелі кезеңде 90жылдары ауыл шаруашылығында дағдарыс болды.себебі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдердің арасындағы үлкен алшақтық еді.Және колхоз бен кеншарларда тез арада жекешелендіру науқанының зардабы тиді.Егіншілік өнімдірі азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды, осыған байланысты мал басы да азайып кетті. Осыған байланысты халықтың арасында жумыссыздық қаупі туындады. Халықтығ тұрмыстық жағдайының нашарлауына алып келді. Әлеуметтік салада тұрмыс деңгейінің нашарлауы,әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы,күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардық шиеленісуі, маскүнемдік пен нашақорлық, ұрлық,парақорлық жағдайлары экономикаға кері әсерін тигізді.

50. жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттары

Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

— экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;

— нарықтық қатынастарды құру және дамыту;

Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.

Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ. Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:

-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;

-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;

-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;

-жеке кәсіпкерлікті дамыту;

-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;

-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;

-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

51. Индустриялы- инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.

Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI-ші пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.

Көрсеткіштер:

2020 жыл деңгейінен өңдеу өнеркәсібінің өндіріс деңгейі 43 пайызға

Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны 1,4 есеге

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге

Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,1 есеге

Өңдеу өнеркәсібінде энергия жұмсалуы 15 пайызға төмендеді

Өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамту 29,2 мың адамға көбейді.

700-ге жуық ақмолалық жаңа цемент зауытында жұмысқа орналастырылады; 24 қазанда үдемелі индустриалды дамуы бойынша өткізілген Үйлестіру кеңесінің отырысында Шығыс Қазақстан облысында 11 жоба бекітілген; индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын; Жамбыл облысында 4,6 млрд теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды, т.б жұмыстар іске асырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]