- •9.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
- •13.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15.Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •20. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.
- •1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік
- •2.Сібір,Орал,Жетісу қазақтары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялықкүштер басым
- •21.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш»қозғалсының тарихи мәнін талдаңыз.
- •I орыс ревалюциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.Алаш қозғалысының басты мақсаты-қазақ елінің өзін-өзі басқару,дербес мемлекет құру,
- •22. Қазақстан тарихнамасында алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.
- •23. Қырғыз акср-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз.
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •25.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •28.Кеңес өкіметінің білім мен ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар іс.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын талдаңыз
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз.
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз
- •37. Н.Хрушевтың *жылымық* жылдарындағы қазақстан.
- •38. Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық маселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.
- •52. Экспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор.
- •54.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз
- •55.2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз
- •56.Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз
- •57.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі
- •64.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.
1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз.
Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу енді-енді өріс ала бастады.Қазіргі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қоғамның бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға ,Қазақстанның сын ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс.Әсіресе ,Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы ,қоғамның саяси ,экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалар үрдісі ,ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс.
Тәуклсіз Қазақстан тарихы –бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады.Өкенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз тарих ғылымының қоғамның бүгіні мен ертеңіндегі маңыздылығын нақты анықтап тұр.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпенділерінің мемлекетін дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы,Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрамында өмір сүрген тәжірбиесі құрайды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының төрінде Қазақстан халқының жаңа мемлекет құраудағы төзімділігі,ізгілігі еңбексүйгіштігі шешуші рөл атқарады.Ең бір қиын кезеңдерде де Қазақстан азаматтары жарасқан ынтымақ-бірлігімен соғысқа, жанжалға жол бермеді.
Қазақстанның шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне небәрі 25 жыл ғана болды.Осы аз ғана уақыттың қазақ келешекте өмір сүріп,күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын,өз шыққан тегін, ата-бабаларының тарихы тәжірбиесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қорыта айтқанда,Қазақстан тарихы пән ретінде жастардың дүние танымдарын,азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді,яғни өз елінің елінің,өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.
2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
Кешегі Кеңестік республиканың қулауы мен орын алған Қазақстандағы ұлттық қатнастардағы түбірлі өзгерістер ҚР азаматтарының ұлттық,әлеуметтік-саяси бірегейлік сана –сезімдерінде дағдарыс нышандарын тереңдете түскені белгілі.КСРО ыдырағаннан соң көптеген ұлттар қазақ жерлеріне әкелінді.Олармен бірге өмр сүріп келе жатқанымызға қазірде 100 жыл болды.Қазақстанда 150дей ұлттар болса ,олардың басым бөлігі түркі халықтары(қазақ,өзбек,тәжік,қырғыз,түрік т.б.).
Біздің еліміздің ерекшелігін айта келе ,Н.Назарбаев бірегейлік мәселені екі деңгей тұрғысынан шешу қажет дейді.
«Бірінші деңгей ,ол Қазақстан халқын біртұтас азаматтық және саяси бірегей қауымдастық ретінде қарастыру болмақ.Суперэтникалық қауымдастық емес,ең бірінші орында нақ осы халық ретінде...» -делінеді Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында еңбегінде.Демек көрсетілген алғашқы кезеңде мемлекет тек таза формальді бірлескен жалпыға ортақ құндылықтар негізінде біріккен саналы деңгейдегі жаңа бірлестік болмақ.
Екінші деңгейі қазақстандық және шетелдік қазақтардың ұлттық бірегейлігімен тығыз байланысты. Осы жерде қазақ ұлтының ішкі ұлттық бірегейленуі мәселесі шеше отырып, бірегейленудің алғашқы деңгейі – қазақ халқының азаматтық және саяси топтасуы мәселесін әсте естен шығаруға болмайды. Олар өзара тәуелді байланысты.
Қазірде ҚР қанша ұлт өкілдері бар, бірақ әр ұлттың тілі, сенімі бөлек болғанымен, оларға ортақ нәрсе бұл – туған жер. Сол үшін бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырмыз.
3.Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орны.
Тарих-ол халықтың жады,ол біздің рухымызды көтеріп,болашаққа жол сілтейді.Отанымыздың тарихын оқу,зерттеу,бізге қай жерде тұрғанымызды,туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды Отанымыздың келешегі мен бүгініне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады. Тарихты білу адамның тұлға болып қалыптасуында ерекше орын алады. Себебі, тарих Отан – ана мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге тарих – Отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу – әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттыұ мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт – дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Өз халқының өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік мәні зор.
4. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз.
Біз тарихқа деректі мәліметтері бар уақытты жатқызамыз. Тарихтың ұзақтығы, шамамен, 5000 жыл. Тарих – әрқашан адамға мәлім өткен шақ, сол шақты игеру алаңы, өзінің шыққан тегін түйсіну. Сол сияқты қазіргі Қазақстан тарихы тек пайда бола салмағаны белгілі. Яғни, дәл қазіргі заман Қазақстан тарихы әуелгі сақ, ғұн, қаңлы заманымен байланысты, яғни сол заманнан бастау алады. Мысалы, Әбілғазы ханның Түріктер шежіресі және Түрікмендер шежіресі деген шығармаларында оғыздардың, қыпшақтардың, қаңлылардың алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға қатысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік этнонимдерінің этимологиясы келтіреді, сондай – ақ Қазақстанның тарихы географиясы жөніндегі мәселе қозғалады. Яғни, сонымен қатар селжұқтар, қарахандар, хорезмшахтар және т.б. Қазақ териториясында мекендеген. Содан кейінгі моңғолдардың түрік халықтарының тарихнамасында атқаратын рөлі зор. Осыған байланысты Гердлевскийдің мына сөзін көрсеткен жөн: Түрік халықтарының тарихын дұрыс түсіну үшін моңғолдарды зерттеу қажет; ол түріктердің рулық құрылысы мен олардың әлеуметтік – экономикалық жағынан ұйымдастыруын да түсіндіруге тиіс.Қазақ ордасының алғашқы жинақтары – Қасым ханнын қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолы жинақтарының тәуелсіз қазақ жерінде алатын мәні зор. Сол заңдарды басшылыққа ала отырып жаңа заңдар қабылданды.
5. XX ғасыр басындағы қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
20ғасырдың басында Қазақстанда Марксизмнің тарауы басталды.Оған өлкеде әлеуметтік – экологиялық қатынастың әлсіздігі және жұмысшы тобының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарды, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благаевтар тобынан келген Каритонов, Қарқаралы мен Семейде социал – демократ Домашевич, Кочаревская болды.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұңғыш маркстік ұйымдар негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай ұйым Петропавл теміржолында, 1902 жылы орынборда құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласында саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. 1 орыс рев. Кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық халықтары да көтерілді. Орталық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға - 1905 ж. Қанды жексенбі Петербургтегі оқиға.
1905ж. Ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдірген алғашқы қарсылықтар болып өтті.
1905 жылы 1 мамырда Верныйда,Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер болып өтті. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына Дулатұлы белсене қатысты. Қазақ еңбекшілерінің саяси көзқарастарының өсуіне Қазаг саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдердің әсерінен Қазақстан қалаларында – Верныйда, ОРалда т.ю. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал – демократия ұйымдардың басқаруымен патша билігі жойылсын , бостандық жасасын деген саяси ұрандармен өтті.
6. 20 ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді. Әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттың сана сезімінің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халықтық қасиетінен айырылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да сақталып қалуы да мүмкін емес. Елдің бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты болуын, халықтың берекелі байлығын жариялаумен ұлттық идеяны мемлекеттік саясат билігіне көтергендер қатарында Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар тұр. Қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарап, оның ұлттық рухпен үндескен тарихи әлеуметтік кеңестігін өздеріңнің рухани шығармаларында сақтап қалған. Сонымен қатар, жырауларды есімізге түсірген кезде, сол дәуірде ел , адам жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойлаған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады.
7. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастыр.
1. Дүниежүзілік ядролық қаруды тоқтату жөнінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы. Ядролық қаруды таратпау жөнінде бас Штаб пәтерді Мәскеуден Астанаға көшіруі.
2.1992ж. наурыз айынан БҰҰ мүше болды БҰҰ ҚР президенті Н.Назарбаевтың экстремизм мен терроризмге қарсы күресу жөнінде Дүниежүзілік БҰҰ жолынан қоғамдық күрес құрып оған Дүниежүзінің бюджетінің 1 пайыз аудару ұсынысы. БҰҰ ның штаб пәтерін Қазақстанға көшіру.
3. Уранды бейбітшілік мақсатқа қолдану жөнінде байытылған уранның банкісі Қазақстанда сақтау жөніндегі ұсынысы.
4. Экономикалық санкцияларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке қолданбау жөніндегі саясатпен экономикалық ара жігін ажырату жөніндегі ұсыныс.
5. ДҮниежүзілік қаржы саясатын өзгерту туралы ұсыныс.
6.Ұлы Жібек жолын жаңарту арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолын тез арада бітіріп, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығу туралы ұсыныс.
7. Климаттың өзгеруіне байланысты Париж келісіміне қол қоюы.
8.Дүниежүзілік жасыл экономикаға көшу жөніндегі және балама энергияларды салу жөніндегі экспо – 2017 көрмесін өткізуді қолға алуы.
9. Еуропадағы ықпалдастық іс – қимыл шаралар жөніндегі парламенттік ұйымына төрағалық етуі.
10. Шанхай Ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі бастамасы және оны іске асыруы.
11. Дүниежүзілік діндердің 1,2,3 съездерін Қазақстанда өткізуі.
12. ИНдия мен Пакистанды, Армения мен Азербайджанды, Ресей мен Турцияны бір үстел басына отырғызып, арасы үзілмейтін етіп жалғаған. ҚР Дүниежүзіндегі тарихта алатын орнын көрсетеді.
8. Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз. Ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл ұғымның екі қырына басты маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып түсінуі, ал екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз ұстанымдары, көзқарастары, құндылықтары жайлы жалпы әлемге жар салуы. Ежелгі дәуір мен хандық дәуірлеріндегі жыраулар шығармашылығындағы ұлттық идея мен мәңгілік ел ұғымының көрініс табуы қарастырылған, яғни аталған ұлттық идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу екенін білеміз. Ғылыми – көпшілік тарихи журналында: “Мәңгілік ел-түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...” – екендігін жазған. Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәнгілік ел саясатын Көк түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат қазіргі қазақ елінің бас ұранына айналуда. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идея қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. Біртұтас Түркістан идеясы, Түркістан конфедерациясы, Еуразиялық одақ идеясы, Жерұйық, Атамекен, Қазақ елі идеясы сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік ел идеясы – қазақ ұлтының мақсат – мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Қорыта айтқанда, қазіргі ұлттық идеяның тарихи бастауларын білудін маңызы адамзат қоғамы үшін өте зор. Себебі ұлттық идеяның кім, қашан ұсынғаны, қай уақыттан бастау алатыны, қалай қол жеткізгеніміз, жас ұрпақ үшін өте керекті дүниелер деп ойлаймын.
9.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х.Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды.
Ресейде білім алған ұлт зиялылары жоғарыда көрсетілгендей қазақты еуропа жолымен алып жүреміз, татарға қоңсы қондырмаймыз деген ағымның басында Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсынов болды, ал «Ислам түрік туының астына жиналамыз» деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды. Бұл ағым «Айқап» журналында бет алды. (1911 жылдан бастап шыққан «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды.) ХХ ғасырдың басында Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсіресе кадеттер партиясының әсері болды және кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясы құрамына еніп, мүшелікке өтіп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Ә.Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға белсене кірісті. Ал автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық іздерістерінің нәтижесі болғаны анық. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін көтеруі. Сонымен бірге ақпан ревалюциясы тұсындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілік үшін күрестері мен кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ зиялы қауымының ұлттық автономия мәселесін көтеруі сол уақыттың талабы болды. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған іс әрекеттері, ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру қызметері тарих беттері арқылы талдау жасау негізінде сол уақыттағы ұлттық идеялар, бүгінгі күнге бастан кешіріп отырған тәуелсіздікке жол салды.
10. Бірінші орыс революциясының қоғамдық – саяси қозғалысқа әсерін талдаңыз. 1905 – 1907ж.ж. ресейде бірніші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905ж. 9қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этногроф, тарихшы, шежіреші Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап “Қанды жексенбі”деген өлең жазады. Содан кейін автор қуғын – сүргінге ұшырап, Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болады. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семейде жұмысшылрдың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен далалық өлке орталығы Омбы қаласында наразылық шеруі шықты. Бұл кезеңде Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына тұсті. 1905 -1907ж.ж. жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғарғы жақтағы бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мысалы, 1902ж мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150жұмысшысы дала генерал – губернаторының атына арыз – шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлерріне көше бастады. 1904ж Зайсан уездіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905ж Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арда саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905ж 15қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай – ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ж.Ақбаев Семей түрмесіне қамалды. 1905ж желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай – ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле – шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді талап етті. Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі бас көтерілулері басталды. Капиталға қарсы “орыс – қырғыз одағы” құрылды. Бұл біріккен одақтың басшылары Б.Топорнин, Байшағыров, С.Невзаров сияқты жұмысшылар болды. 1906 ж маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс – жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907ж жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарыңың жұмысшылары шеруге шықты.
11. Әлихан Бөкейхан- ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
Жалпы әлемдік тарихты, оны құрайтын халықтар мен мемлекеттер тарихын зерделеуде әрбір ұлттың қалыптасуындағы көшбасшы тұлғалардың дәуірлік маңызына ерекше мән беріледі. Қазақтың хандық мемлекет құрылғаннан бергі тарихын саралағанда осындай бірнеше тұлғаны айтуға боларлық. Біздің ойымызша, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар, осы хандықтың халқын еселеп, территориясын анағұрлым кеңейткен Қасым, Хақназар, Есім хандар, ортақ хандық билік әлсірегенде жалпы қазақтың мүддесі үшін күрескен Абылай хан, хандық мемлекетті қалпына келтіруге майдан ашқан Кенесары хан, халқымыздың жалпы рухани мәдениетін, ой-танымын жаңа биікке көтерген Абай, тұтас ұлтқа ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ көркем сөзін соны деңгейге жеткізген Мұхтар Әуезов қазақтың сан ғасырлық тарихындағы осындай аса орасан көшбасшы тұлғалар. Бұл қатарда қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге бар ғұмырын арнаған, жаңаша сипаттағы саяси күресті ұйымдастырған, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН да тұрады.
Әлихан Бөкейхан хандық дәуірден соң отаршылдықпен күрес қарулы көтерілістерге ұласып, соңынан бұл көтерілістердің бәсеңсіп, ақыры қазақ даласы патшалық Ресейдің қарамағына толықтай енген шақта, Абай айтқандай: «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп күйзелген шақта тарих сахнасына халқының басылған еңсесін, кеткен есесін, көмескіленген үмітін қайтадан жағуға сайланып шыққан ұлы тұлға. Алдымен Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев, Міржақып Дулатов сияқты серіктердің, кейінірек ұлт күрескерлерінің тұтас буынын соңына ерткен дәуір көшбасшысы Қошке Кемеңгерұлы кезінде атап жазғандай осы «топты баулыған» Әлихан Бөкейханов болды. Біз «Алаш қозғалысы» дегенде оның құрамына халықты оятуға бағытталған ағартушылық ойларды, жалынды публицистиканы, саяси-көпшілік шараларды, халықты ұйыстыруды, әр түрлі басқосуларды, кеңестерді, съездерді, отаршыл билікке ұлт мүддесін жеткізуді, партия, үкімет құруды, келіссөздер жүргізуді, қарулы күрестерді атаймыз. Ә.Бөкейхан осылардың қай-қайсысын да тікелей ұйымдастырды немесе белсене қатысты. «Қарқаралы құзырхаты», Мемлекеттік Дума, «Қазақ» газетінің ұйымдастырылуы, облыстық, жалпықазақ сиездері, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы, Уақытша, Сібір, Колчак үкіметтерімен келіссөздер, Уфа директориясы, міне, осылар сияқты Алаш қозғалысының ең негізгі оқиғаларының басында Әлихан Бөкейханов тұрды. ХХ ғасыр басында ұлтшылдық идеясы ғана халықты топтастыра алатын еді. Ұлтына ерекше жаны ашитын, оның отаршылдық қамытындағы тағдырын өзгертуге тәуекелге баратын ұлтшылдық көзқарастағы тұлғалар ғана азаттық күресін ұйымдастыра білетін еді. Осы кезеңде жоғары немесе арнаулы білім алған қазақ оқығандарының шоғыры қалыптаса бастады. Осы топты баулитын оған басшы болатын тұлғаны тарихи кезең тарих сахнасына шығарды. Ол – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болды.
ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 31 сессиясында Алаштың көсемі,көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды.
Ә.Бөкейханов ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың біртуар азаматтарының қатарындағы енрекше тұлға Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. Ол қазақ халқы үшін публицисит те, экономист те, ғалым да, этнограф та болды.
2016 жылы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы болса, 2017 жылы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы толмақ. Ә.Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері саясат жүзінде патшалық үкіметке де, Уақытша үкіметке де, кейінірек Кеңес үкіметіне де қазақтың өз азаттығы үшін күресе алатынын, өз абыройын қорғай алатынын көрсетті. Бұл жалпы халықтың жанына жігер, жүрегіне сенім ұялатты. Қазақ халқының дербес ел, азат ұлт ретінде өмір сүре алатынын, оны соған бастай алатын, басқара білетін елшіл, мемлекетшіл қайраткерлер қалыптасқанын көрсетті. Бұл әрбір халық үшін ең маңызды мәселе. Осындай халықтар ғана тәуелсіз ел болуға лайықты. Алаш қозғалысы, оның көсемі Әлихан Бөкейханның тарихи тағылымы да осында, ондай тұлғаға қандай құрмет болса да жарасады. Бұл – елдіктің айғағы.
12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы ,тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлсалған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз болып табылады.
Қазір біз Отанымыздың тарихын жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білім мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған алыптардың қатарында Ахмен Байтұрсынұлы ойып тұрып орын алады.
Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының ХХ ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі,ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлы өз замандасынан озық туады,жазық елді озық етемін деп халқының алдына шығып,өрге сүйрейді, жолында тұрған кесепаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың обыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек деп түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұшлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді,өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.
1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағы- Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі.
Ол күрескен кесепаттар-надандық ,қараңғылық, кертартпалық, отаршылдық. Осы надан,қараңғы ұйқыда халықты маса болып ызыңдап шағып оятуға бар күш-жігерін жұмсайды.
«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе- соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы Тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп,өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз , басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай азаматтарымыздың арқасында.
