Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айтбаев.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Үлгінің конструктивтік- технологиялық сипаттамасы

Аяқ киім арналуы – ерлердікі

Аяқ киім түрі – қысқа қонышты бәтеңке

Ұстастыру әдісі – желімдеу

Кесте 1

Бөлшектер құрылымы

№

Бөлшек атауы

Жұптағы саны

Материал

Қалыңдығы, мм

МЕСТ,

1

Айналма

Жұлық

2

Хром мен иленген былғары

1,1-1,2

СТРК 1165-2002

2

Қоныш

2

Хром мен иленген былғары

1,1-1,2

СТРК 1165-2002

3

Бастырма бөлшек

4

Хром мен иленген былғары

1,1-1,2

СТРК 1165-2002

4

Жұлық астары

2

тик –саржа

0,8-1,0

МЕСТ 9196-93

5

Қоныш астары

4

астарлық былғары

0,8-1,0

МЕСТ 940-81

6

ІАБ

2

Астарлық былғары

0,8-1,0

МЕСТ 940-81

7

Блочкасты бөлшегі

4

тик –саржа

0,8-1,0

МЕСТ 9196-93

8

Жұлықтың астараралық бөлшегі

2

термобөз

0,-6-0,8

МЕСТ 9196-93

9

Блочка астараралық бөлшегі

4

термобөз

0,-6-0,8

МЕСТ 9196-93

10

Қоныштың астараралық бөлшегі

4

термобөз

0,-6-0,8

МЕСТ 9196-93

11

Негізгі ұлтарақ

2

СЦМ

2,0-2,5

ТЖ 2721-480

12

Салмалы ұлтарақ

2

астараралық былғары

1,0-1,1

МЕСТ 940-81

13

Өкше сірісі

2

былғарылық карта

1,8-2,4

ОСТ17-82

14

Тұмсық сірісі

2

термо

1,8-2,0

МЕСТ 9196-93

15

Тегістегіш

2

мата қалдықтары

1,8-2,8

МЕСТ 19196-96

16

Ұлтан

2

полиуретан

15-35

МЕСТ 172144-95

17

Бау

2

Мақталық

МЕСТ 17-397-81

3. Бұйымның асты бөлшектерінің сызбасын тұрғызу

3.1 Негізгі ұлтарақ контурын жобалау

Қалып ізінен жазба алу үшін, қалыпты қағаз бетіне орналастырып, ойық ізінің контурын көшіріп аламыз. Контурға 7-10 мм әдіп қосып жаңа контур сызамыз да, ішкі контурға перпендикулярлы етік терендігі 15-20 мм, Арақашықтықтары 10-15 мм қималар жасаймыз.

Қамғаздан жасалған қимаүлгіні қалып ізіне желіммен жабыстырамыз да із қабырғасынан асып кеткен жолақтардың шеттерін қаламмен белгілейміз. Қимаүлгіні қағаз бетінен ажыратып алып оны қалын қағаз бетіне жайып желіммен жабыстырамыз да белгіленген контур бойынша қиып аламыз. Осылай қалып ізінін жазбасын аламыз.

Өкше сірісі жақсы қалыптасуы үшін ұлтарақ ұзындығын өкше бөлігінде “y” мөлшерге қысқартады. Оның мөлшері ұлтарақ қалындығы мен қалыптың өкше аймағындағы бүйір бетінің қисықтығына тәуелді. Бүйір бетінің қисықтығын 2 бұрышы сипаттайды. Бұл бұрыш қалып бүйір бетіне жанама өтетін сызықпен осы қимадағы қалып ізіне тұрғызылған перпендикуляр арасында пайда болады.

Ұлтарақтың қысқарту мөлшерін және ұлтарақ ұзындығын мына формулалар арқылы табамыз:

Jn = tcт tgα = 2,2 * tg20˚ = 2,2 * 0,36 = 0,792 мм

Бұл аяқ киім түрінде астының құрылымына қалыпталған түйін қолданылады, яғни негізгі ұлтарақ + шолақ ұлтарақ + табанорта сынасы біріктірілген түйін. Осыған орай, қатан шолақ ұлтарақ жобалау қажет.

3.2 Қалыптанған ұлтанның сызуларын жасау

Бұл ұлтандарды жобалау негізі болып ұлтарақ контуры табылады. Қалыпталған ұлтандарды жобалауды оның ішкі контурын сызудан бастайды.

Ұлтарақтың бойлық және ендік өлшемдерін мемлекеттік стандартқа сәйкестігін тексеріп болғаннан соң оның бетіне із осін салады. Ось ұлтарақтың өкше және тұмсық бөліктерінің ең шеткі нүктелерінен өтеді. Қағаз бетіне тік сызық жүргізіп оны іздің осі мен беттестіреді де ұлтарақ контурын сызып алады.

Ұлтарақтың өкше бөлігінің ең дөңестік нүктесінен ось бойынша аралықты белгілейді. Ол ұлтарақтың өкше бөлігінде ығысу өлшеміне тең. Ығысу өкшелік мына формула арқылы табады.

Мұндағы: Д-табан ұзындығы, мм, Вк - өкше биіктігі, мм.

О нүктесінен ось бойынша жоғары қарай мына аралықтарды белгілейді: өкше бөлігінің ортасына дейін 0,18Д, сыртқы шоғырға дейін 0,62 Д; шоғыр ортасына дейін 0,68 Д; ішкі шоғырға дейін 0,73Д.

Ұлтарақтың өкше бөлігінің симметрия осін жүргізу үшін 0,18Д қимасының енін екіге бөліп (вг нүктесі) табылған бөлікті 0,68 Д қимасындағы контурдың сыртқы шетінен ішке қарай жатқызып д1 нүктесінің орнын табады. В1 және д1 нүктелері арқылы ұлтарақтың өкше бөлігінің симметрия осін жүргізеді.

Өкшелік бөліктің ең дөңестік нүктесінен бастап әр 10мм сайын қалып ізінің осіне перпендикулярлар тұрғызамыз. Жобалаудың негізгі тірегі болып қалыпталған ізбен ұлтан контурының жанасу контурын табу саналады. Демек, ұлтарақ контурына берілетін әдіптерді есептеу.

Әдіп шамасын мына формула арқылы табуға болады:

Мұндағы: - аяқ киім үсті бөлігінің бөлшектерінің жалпы қалыңдығы, мм; tст – ұлтарақ қалыңдығы, мм; қалып қаптал профиліне жанама сызықпен із нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасында пайда болған бұрыш, град; ку – дайындаманы қалыптаған кездегі бөлшектердің отыруын есептейтін коэффициент (0,75-0,9).

Бұл формуланы қолданып қалыптың мына қималарында әдіп шамасын есептейді: өкше бөлігінің артқы және қаптап жақтарында, табанортаның ішкі, сыртқы жақтарында, сыртқы, ішкі шоғыр бқліктерінде.Осыдан кейін П әдібін есептеуге кіріседі. Бұл әдіпті ұлтарақтың контуры мен перпендикуляр қиылысқан әр нүктеде есептейді. Бұл әдіп бұрышымен сипатталатын ұлтарақ контурының қисықтығымен байланысты « » бұрышы перпендикуляр және ол ұлтарақ контурын қиылысқан нүктеге тұрғызылған нормаль арасында пайда болады:

Табылған нүктелерді бір қалыпты қисық сызықпен қосып ұлтанның ішкі контурын алады. Ұлтанның ішкі контурының тұмсық және өкше бөлігін радиуспен шеңберлейді.

3.3 Қалыпталған ұлтанның ішкі контуры сызуларының әдіптерін

есептеу

Өкшенің артқы жағы,

Өкшенің қаптал жақтары

Табанортаның ішкі жағы,

Табанортаның сыртқы жағы,

Ішкі шоғырда

Сыртқы шоғырларда

Қалыпталған ұнтанның әдістерін есептеу

Өкшенің артқы жағы

Ұлтанның ішкі жағы

Табанорта бөлігінің ішкі жағы

Ішкі шоғыр тұсында

Ұлтанның өкшелік бөлігінің сыртқы жағы

Табанорта бөлігінің сыртқы жағы

Сыртқы шоғыр

Есептелген П және П / әдіптерін нормальдарда белгілеп, табылған нүктелерді бір қалыпты қисық сызықпен қосамыз. Тұмсық және өкше бөліктердің контурларын радиустармен өрнектейміз.Өкше бөліктің радиусын О1 ортасы іздің симметрия осінде жатады. Тұмсық бөлігінің былай табамыз. Ұлтарақтың осінде радиустың ортасын табамыз. Бұл радиус ұлтанның тұмсық бөлігінің контурының ең үлкен радиуспен қамтиды. Септелген радиустың доғасының ең шеткі түйісетін нүктесі және О2 орта арқылы тік сызық жүргіземіз.Бұл сызықта О3 қаптал радиустың ортасын табамыз. Ұлтанның ішкі контуры бойынша оң һ1, һ2.....һп және сол һ/1, һ/2.....һ/п перпендикулярдың бөліктерінің мөлшерін өлшейміз. Өлшеп болғаннан соң із бойымен өкше бөліктеріндегі шеңберлер роталары мен із жазбасының осіне дейінгі арақашықтықтарда анықтаймыз.

3.4 Қалыпталған ұлтанның ішкі жағының сызуларын жасау.

Ұлтанның ішкі жағының чертеждіконың ішкі контурына сүйеніп сызамыз. Ішкі контурға сыздықтың енін қосамыз, тегістегіштің, өкшенің алдыңғы сызықтары мен өкшенің қуыстарының чертежін сызып аламыз. Сыздық ұлтанның табанортасының ішкі жағынан басқа жалпы периметрі бойынша өтуі мүмкін.

Ұлтанның ішкі бетінде тегістегішті жобалаймыз. Ол қабырғалы тор секілді болады. Қабырғалар ұлтарақ осіне 450С бұрыштық болып орналасады. Немесе тұмсық-шоғыр бөлігінде шоғыр созығына параллельді тік сызық түрінде жобаланады.

Тегістегіштің қадамы 8мм, жоғарғы жағында оның қалыңдығы 2,5 мм, ал төмен жағында 3,5 мм тең. Тегістегіштің шеттері бірқлыпты болып түсуі жөн, оларды 15мм радиуспен шеңберлейді.

Тұмсық, шоғыр және табанорта бөлігіндегі ішкі контурдың шеттерінен тегістегіштің шетіне дейінгі аралық 18мм тең.

Тұтас ұлтандарды өешн мен қосып жобалаймыз. Өкшенің ұзындығы оның ең үлкен еніне тең болады. Өкше фронтының сызығы өкше бөліктің симметриялық осіне перпендикулярлы немесе 850С болып келеді. Содан соң оны радиуспен шеңберлейді. Ұлтанның ішкі контурынан өкшенің салмағын жеңілдетуге арналған қуыстарға дейінгі аралық 7 мм тең. Жеңілдетуге арналған қуыстарды бірнеше көздерге бөлеміз. Қабырғалардың қалыңдығы төмен жағында 3,5мм, ал шоғыр жағында 2,5мм тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]