- •Аяқ киімнің конструктивтік ерекшіліктері
- •1.1 Резиналар
- •1.1.1 Каучуктер
- •1.1.2 Резиналық қоспалардың рецепттері
- •1.1.3 Каучуктерді вулканизациялау
- •1.1.4 Аяқ киім астының резиналық бөлшектерінің өндірілуі
- •2. Үлгінің конструктивтік- технологиялық сипаттамасы
- •3. Бұйымның асты бөлшектерінің сызбасын тұрғызу
- •3.1 Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
- •3.5 Қалыпталған ұлтанның асты жағының сызуларын жасау
- •3.7 Қатаң өкше сірісін жобалау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.1.2 Резиналық қоспалардың рецепттері
Әр рецепттің негізі болып полимерлік негіздегі қоспаның маңызы болып табылады. Вулканизацияның физико-механикалық және эксплутациондық қасиеттерін анықтайтын каучук құрамы немесе каучуктер қоспасының құрамы болып табылады. Табанға арналған резиналарды дайындау үшін стиролды-бутадиен немесе стиролды-бутадиен каучуктерінің әртүрлі маркаларын (СКС-30, СКМС-30,СКМС-30РП және т.б.) қолданады. Былғарытектес резиналарды өндіру кезінде жоғары стиролды каучуктерді (БС-45 АКМ) қолданылады, сондай-ақ қоспаға жоғары стиролды шайырды (мысалы, дуранит), полистиролды, полиэтиленды енгізеді.
Аяқ киімге арналған қара резиналарының негізгі толықтырушылары көміртекті күйелер (ПМ-75, ПМ-15) болып табылады, ал түсті резиналардың толықтырушылары каолин және ақ күйе (БС-50, БС-150), аэросил-175, ультрасил болып табылады. Түсті табан реезиналарының төзімділік сипаттамасының жоғарылауы үшін және олардың тығыздығының төмендуі үшін толықтырушылардың (каолин және а күйе) комбинациясын қолданады. Резиналарға былғары тектес қасиет беру үшін қоспаға 7-8%-ға дейін талшықты толықтырғышты қосады. Резина бағасының төмендеуі мақсатымен қоспа құрамына 10%-ға дейін резина ұнтағын қосады.
Резинаға арналған негізгі жұмсартқыштар рубракс, канифоль, кумаронды шайыр, стеарин, майлы қышқылдар, вазелин, ұршық майы болып табылады. Табан резиналарының рецептерінде бірнеше жұмсартқыштардың комбинацияларын өте сирек қолданады, бірақ олардың маңызды компоненттері толықтырғыштардың дисперсиялауын жеңілдететін стеарин немесе майлы қышқылдар болып табылады. Жұмсартқыштар табан резинасының адгезиялық қабілетін төмендететін болғандықтан, оларды бұйым бетіне орын ауыстыра шығарылатын мөлшерде қосады (8..16%-ға дейін).
Табан резинасындағы күкірттің құрамы 1,5..20%-ды құрайды, ал вулканизация активаторы цинк оксидының – 2...5%-ын құрайды. Вулканизацияны үдеткіштері ретінде үдеткіш комбинациялары қолданылады. Төменгі вулканизациялардың алдын-алу үшін қоспаға 0,2..1,0% фталь антигидридын қосады.
Табан резинасының типтік рецепттері А қосымшасындағы А.1 – кестесінде көрсетілген.
Табан резинасының рецепті, басқа да композициялық материалдардағы секілді үнемі мінсіздікке жетеді. Сондықтан А.1-кестедегі мәліметтерді сериалы шығарылатын қоспалардың рецептурасын нақты түрде қамтып көрсетпейді.
Арнайы аяқ-киімнің астына арналған табан резинасының рецепттерді оған деген ерекше талаптарын спецификалық ерекшелігі болады. Арнайы аяқ-киімнің резинадан жасалған астының полимерлік негізін тым жиі келесі каучуктер құрайды.
майға төзімді, бензинге шыдамды, мұнайға шыдамды, жылуға шыдамды аяқ-киімдер үшін дифинилдитрилды каучуктер СКН-18М, СКН-26М, СКН-40М;
қышқылға шыдамды және сілтіге шыдамды аяқ-киімді өндіру үшін этилонполиенды үш еселі сополимерлер СКЭПТ-50;
аязға төзімді резиналар үшін стереореттеуіш бутадиен (СКД) және күрделі эфирлік топтармен (БЭФ-10Ц);
Резина қоспаларының полимерлік құрамын қысыммен құю үшін салыстырмалы жоғары емес жабысқақтыққа ие болатын СКД, СКИ-3 және БС-45АКН каучуктары құрайды. Бұдан басқа қоспа құрамына жұмсартқыштар мен термопластикалық полимерлді (полиэтилен, полифтирол) көп мөлшерде қосады.
