- •Аяқ киімнің конструктивтік ерекшіліктері
- •1.1 Резиналар
- •1.1.1 Каучуктер
- •1.1.2 Резиналық қоспалардың рецепттері
- •1.1.3 Каучуктерді вулканизациялау
- •1.1.4 Аяқ киім астының резиналық бөлшектерінің өндірілуі
- •2. Үлгінің конструктивтік- технологиялық сипаттамасы
- •3. Бұйымның асты бөлшектерінің сызбасын тұрғызу
- •3.1 Негізгі ұлтарақ контурын жобалау
- •3.5 Қалыпталған ұлтанның асты жағының сызуларын жасау
- •3.7 Қатаң өкше сірісін жобалау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
бет
|
Кіріспе |
2 |
1 |
Аяқ киімнің конструктівтік ерікшеліктері |
4 |
1.1 |
Резиналар |
5 |
1.1.1 |
Каучуктер |
5 |
1.1.2 |
Резиналық қоспалардың рецепттері |
6 |
1.1.3 |
Каучуктерді вулканизациялау |
7 |
1.1.4 |
Аяқ киім астының резиналық бөлшектерінің өндірілуі |
|
2 |
Үлгінің конструктивтік- технологиялық сипаттамасы |
10 |
3 |
Бұйымның асты бөлшектерінің сызбасын тұрғызу |
11 |
3.1 |
Негізгі ұлтарақ контурын жобалау |
11 |
3.2 |
Қалыптанған ұлтанның сызуларын жасау |
11 |
3.3 |
Қалыпталған ұлтанның ішкі контуры сызуларының әдіптерін есептеу |
12 |
3.4 |
Қалыпталған ұлтанның ішкі жағының сызуларын жасау.
|
15 |
3.5 |
Қалыпталған ұлтанның асты жағының сызуларын жасау |
16 |
3.6 |
Салмалы ұлтарақты жобалау |
16 |
3.7 |
Қатаң өкше сірісін жобалау |
16 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
17 |
КІРІСПЕ
Өмірге аяқ басқан үшінші мыңжылдық адамзаттың іс-әрекетінің барлық жағын белсенді түрде автоматтандыру, химияландырумен және т.б. Сипатталады. Бұл толығымен былғары бұйымдары өндірісіне, яғни жасанды және натурал былғарылардан жасалатын жеке тұтынатын заттарға жатады. Оларға аяқ киім, әр-түрлі былғары галантереялық және ер-тұрмандық заттар жатады.
Бұл бұйымдардағы ерекше орынды көбінесе әртүрлі синтетикалық және жасанды материалдар алады (технологиялық процесс химиялық сипатта бола бастайды). Дүние жүзіндегі барлық шығарылатын аяқ киімдердің 80-90% химиялық деп аталатын әдістермен шығарылатынын атап өтуге болады (желімдеу, құю,ыстық вулканизациялау). Осыған сәйкес шығарылатын аяқ киімдердің 80-95%-ның ұлтандары синтетикалық полимер материалдардан жасалады. Мұндай тенденция былғарыдан жасалған бұйымдардың химиялық технологиясының дамуына себеп болды. Одан өзгеше дәстүрлі «механикалық» деп аталатын технология натурал былғарыға және бөлшектерді біріктірудің механикалық әдістеріне бағдарланған (жіппен, шегемен, винттермен және т.б.).
Өндірістің технологиялық процесі деп операцияларды орындау кезінде өндіріс объектісінің күйі өзгеретін операциялардың жиынтығын айтады (материалдың, бөлшектер немесе олардың түйіндерінің және т.б.).
Операция деп, жеке жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшылармен орындалынатын, технологиялық процесстің біткен бөлігі айтылады.
Әртүрлі былғары бұйымдар өндірісінің технологиялық процесі бірнеше топ операцияларға бөлінеді:
материалдарды пішу;
бөлшектерді алдын-ала өңдеу;
бөлшектерді біріктіру;
бөлшектердің түйіндері мен бұйымдарын қалыптау;
бұйымдарды өңдеу.
Бұйымның конструкциясына, оның түріне, бөлшектер саны мен пішініне, олардың алдын-ала өңделу сипатына, бөлшектерді біріктіру әдістеріне байланысты берілген бұйымды жасайтын нақты технологиялық процесс құрастырылады.
Аяқ киім астының бөлшектері, негізінен, полимер материалдардан жасалады. Бұл материалдар аяқ киімнің пайдалыныстық сипаттамаларын едәуір жақсартып қоймай, сонымен қатар бұйымды декоративті түрде әшекейлеудің мүмкіншіліктерін де кеңейтеді.
Сонымен бірге, қандай да болсын бір полимер материалдан жасалған ұлтандар, аяқ киім астына қойылатын көптеген талаптарды толығымен қанағаттандырмайды. Бұл жағдай әр түрлі тығыздықтағы және әр түрлі химиялық табиғаттағы ұлтандық материалдардан тұратын аяқ киім астын жасауға мүмкіндігін берді. Мұндай аяқ киім астын қиыстырылған материалдардан жасалған ұлтан немесе қыстырма ұлтан деп атайды.
Материалдардың әр түрлілігі бұйымдарға қойылатын талаптардың кешенін едәуір дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік тудырады. Бұл аяқ киім астының біртұтас конструкциясын құрастыратын әрбір материалға тән қасиеттердің үйлесімділігіне байланысты. Күнделікті аяқ киімдегі қиыстырылған ұлтандар бұйым массасының азаюын, әр түрлі декорлау мүмкіндіктерін, жоғары төзімділікті және комфортты жағдайда пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнайы аяқ киімдердегі қиыстырылған ұлтандар, жоғары тұрақтылығын басқа жоғары немесе төмен температуралардың, сыртқы агрессивті ортаның және соққылардың әсерлеріне төзімділігін қамтамасыз етеді.
Қиыстырылған материалдардан жасалған ұлтандар өндірісі дәстүрлі процесстерден едәуір ерекшелінетін жаңа технологиялық процесстерді жасауға итерді.
Оқу әдебиеттерінде құрастырма материалдардан жасалған аяқ киім асты өндірісінің сұрақтары мүлдем қарастырылмаған. Мысалы, материалдардың тиімді қиыстырылған комбинациялары жоқ, аяқ киім астының қиыстырылған ұлтандарын қалыптау принциптері мен қолданылатын технологиялар қарастырылмаған.
Бұл салада соңғы жылдары, мерзімді баспаларда да көрсетілмеген, қалыптаудың жаңа әдістері пайда болды.
Осы оқу құралында, айтылған кемшіліктердің орнын толтыру мүмкіншіліктері қарастырылған.Оқу құралының бірінші бөлімінде ең маңызды қазіргі кездегі полимерлік ұлтандық материалдар қарастырылған. Ұлтандық материалдардың базалық полимерлері туралы қысқаша мәліметтер берілген және олардың үлгілі рецепттері келтірілген.Қарастырылатын материалдардан аяқ киім астының бөлшектерін қалыптау әдістері және қалыптанған бұйымдардың қасиеттері берілген.
Аяқ киімнің конструктивтік ерекшіліктері
Қысқа қонышты бәтеңке құрылымдарын төмендегідей бөледі: жұлығы басып тігілген (1 а сурет) қонышы басып тігілген (1 б сурет), лаофер (резеңкелі 1 ав сурет), лаофер типтес (тілшігінің астына резеңке тігілген 1 г сурет), сопақша ендірмелі (1 д сурет). Қысқа қонышсыз бәтеңке дайындамалары тұтас қоныштты (1 а және б суреттер) немесе қима өкшелікті (1 г және д сурет), тұтас жұлықты (1 а мен б суреттер) немесе қима тұмсықты, жұлықты (1 е сурет) болады. Қысқа қонышсыз бәтеңке дайындамаларын артқы сыртқы белдікпен немесе белдіксіз жасайды. Қысқа қонышты бәтеңкелердің киіліп-шешілуін жеңілдету үшін қонышта тілік жасалады, оған бекіту тетігі немесе созылмалы резеңке тігіледі. Қысқа қонышты бәтеңкені аяққа бау, белдіктердің, түйме, бастырма және т.б. тетіктермен бекітеді.
1 сурет. Қысқа қонышты бәтенкелердің конструкциялары
2 сурет. Желімді үстастыру әдісі
1 – дайындама; 2 – негізгі ұлтарақ; 3 – төсеніш;
4 – үлтан; 5 – желім жіктері
Аяқ киім аралас ұстастыру әдістері химиялық және механикалық әдістерінің үйлесуі болып табылады. Ұлтанды ұстастыруда кең таралғандарға шегелер және желіммен, жіптер және желіммен ұстастыру әдістері жатады.
Аяқ киімді аралас ұстастыру әдістеріне шегені-желімді, сыздықты-желімді, сандалды-желімді, доппельді-желімді, сыздықты-тігілмелі, желімді тігілмелі, қайма-желімді, қайма-сыздықты, қайма-доппельді, қайма-сандалды-желімді, қайма желімді-тігілмелі, қайма-пресстік вулкандау, қайма-құйылмалы және т.б. жатады.
Төменде ұлтанды ұстастыру әдістерінің ең кең таралған әдістеріне қысқаша сипаттама берілген.
Ұлтанды аяқ киім үстінің керме жиегіне желімдену беріктігі жоғары, көп қайтанылатын июге және қоршаған ортаның әсерлеріне тұрақтылыққа иелі суға төзімді желімдермен ұстастырады. (2 сурет).
1.1 Резиналар
Аяқ киім өндірісінде резиналарды табан, өкше, нәл, ұлтан мен сыздықты дайындау үшін қолданады. Резиналар – 20 ғ. 50-шы жж дейін былғарылар үшін жалғыз альтернатива болып табылған аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған алғашқы синтетикалық полимерлі материалдар болып табылады. Резиналар 60-80-шы жылдары аяқ-киімнің төменгі бөлшектерін термопластрмен, құймалы полиуретандармен және ПВХ-пластикаттарымен формалау кезінде ақырындап технологиялық ығысуға ұшырады. Бірақ соңғы онжылдықта, жетілдірілген технологиялық қасиеттері бар резиналық қоспалардың және формалаудың жаңа тәсілдерін өңдеудің пайда болуынын арқасында аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған резиналарды қолдану қайта даму үстінде. Соңғы уақытта биік өкшелі аяқ киім өндірісі үшін арналған былғары тектес резиналар кең қолданыста. Резиналар құрамында каучук пен резина қоспасы болатын вулканизацияның өнімі болып табылады.
1.1.1 Каучуктер
Каучуктер резина бұйымдарын өндіру кезінде қолданылатын резина қоспасының негізгі ингредиенттері болып табылады. Олардың кең қолданыста болуы, аса күрделі емес күш түсу әсер еткенде, жоғары газ және жақсы су өткізбеушілік әсерінен және жақсы диэлектрикалық қасиеттері әсерімен аса көңіл аударылатын деформацияларға ұшырау қабілетіне байланысты. Температураның жоғары интервалында пайда болатын жоғарыэластикалық деформациялану қабілетіне байланысты каучуктер мен резиналар олардың негізінде жоғарғы молекулалық қосылыстардың, яғни эластомерлердің айрықша тобына жатқызылған.
Каучуктерді қасиеті мен қолдану аймақтарына байланысты жалпы тағайындалған және арнайы тағайындалған деп бөледі. Біріншіге стиралды-бутадиен, бутадиенді, изопренді каучуктер жатады. Тағайындалған каучуктер, негізінен қандай да бір айрықша техникалық қасиетке ие өнімнің өндірілуінде қолданылады, яғни ол қасиеттерге келесілер жатады: майға төзімділік, қызуға шыдамдылық, жоғары газ-өткізбеушілік қасиеттері және т.б. Каучуктердің бұл тобына нитрильді-бутадиен, полисульфит, құрамында фторы бар каучуктер, хлоропренді каучуктер, бутилкаучуктары жатады.
Каучуктердің еркшелігі бөлме температурасын тізбектердің аса иілгіштігі болып табылады. Бұл қатынаста олар пластикалық массалардың құрамына кіретін полимерлер тізбектерінің иілгіштігін әлде қайда асып түседі. Сондықтан макромолекулалардың иілгіштігі жоғарымолекуларлы қосылыстардың каучуктерге және пластмассаларға бөлінуінің негізгі белгісі болып табылады.
Каучуктер басқа полимерлерден шынылау температурасымен Тш және ағу температурасымен Та ерекшеленеді. Каучуктерде шынылау температурасы Тш бөлме температуратсынан едәуір төмен болады. Демек, ол натуралды каучук үшін -72ºС құрайды, ал ағу температурасы Та 180...200ºС тең. Сонымен, каучуктар жоғарғыэластикалық қасиетке термопластикалық полимерлерге қарағанда өте жоғары интервалдағы температурада ие болады.
