- •1 Билет
- •1.Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.
- •2.Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.
- •3.Iq деңгейін қалай көтереді?
- •2 Билет
- •1. Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы
- •3.Минисотты көпфакторлы тұлғалық сұрақнама (ммрі).
- •3 Билет
- •1.Психодиагностиканы құпия сақтау принципі.
- •2.Интеллектуалды дамудың психологиялық - педагогикалық диагностикасы
- •3.Жалпы жəне арнаулы қабілеттер диагностикасы
- •4 Билет.
- •1.Кіші мектеп жастағы балалармен жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.
- •2.Психологтың этикалық кодексі:
- •3.Оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың диагностикасын зерттеу әдістемесі
- •5 Билет
- •1.А.Бодолев,в.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы:
- •2.Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысында мониторинг нәтижелерін пайдалануы:
- •3.Психодиагностиканың даму тарихына сипаттама:
- •6 Билет
- •1.Психодиагностикалық зерттеулердің Ресейде дамуы:
- •2.Тақырыптық апперцивті тест (тат):
- •7 Билет
- •1.Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
- •2.Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары (аспектілері).
- •3. Психодиагностиканың оқыту пәні.
- •8 Билет
- •1.В. К. Гайде, в. П. Захаров бойынша психодиагностикалық əдістер топтамасы:
- •2. Психодиагностиканың кеңес дәуірінде дамуы
- •3.Математикалық қабілеттер:
- •9 Билет
- •1.Сыныптың диагностикалық картасын дайындау әдістемесі
- •2.Жанұяның кинетикалық суреті тесті.
- •3.Белгілі психологтар а.Н. Леонтьев, а.Р. Лурия, п.Я. Гальперин еңбектеріне шолу.
- •10Билет
- •3.Өзін - өзі бақылау, өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.
- •11Билет
- •2.Сұраулы әдістемелер және психодиагностикадағы оның орны: Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.
- •3. Суретті психодиагностикалық әдістемелер және олардың орны:
- •12Билет
- •1.Тест түрлері және оны қолдану салалары, тест жүргізу үшін қойылатын талаптар:
- •2.Зейінді дамыту үшін қандай арнайы жаттығуларды орындау керек:
- •3.Темпераментті анықтау тесттеры:
- •13Билет
- •2.Балалардың өзін-өзі бағалауының ерекшелігі
- •14Билет
- •1.Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін «аяқталмаған сөйлемдер»тесті қолданылады:« Аяқталмаған сөйлемдер » әдістемесі.
- •15 Билет
- •1.Психодиагностика туралы жалпы түсінік .
- •2. Тұлғаның- психологиялық- педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы .
- •3.Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері туралы.
- •16 Билет
- •1.Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
- •2. Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары (аспектілері).
- •3. Психодиагностиканың оқыту пәні.
- •17 Билет
- •1.Психодиагностиканың мақсаты мен міндеттері
- •2.Психодиагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары
- •3.Психодиагностиканың әдістемелік негіздері
- •18 Билет
- •1.Компьютерлік психодиагностика
- •2.Психодиагностиканың қысқаша тарихы
- •3.Психодиагностиканың ғылым ретіндегі қайнар көздері
- •19 Билет
- •1. Психодиагностиканың жағдайы(мәселелері) және олардың шешілуі.
- •2.Психологиялық қызметін құру туралы қаулының маңызы.
- •1.Психодиагностикалық әдістерге жалпы сипаттама
- •2. Психодиагностикалық әдістерге анықтама.
- •3.Тест –психодиагностиканың негізі
- •21Билет
- •1.Тесттің түрлері.
- •2. Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.
- •3. Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде
- •22Билет
- •1.Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.
- •2. Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.
- •3.Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы.
- •23 Билет
- •1.Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
- •24 Билет
- •3.Iq деңгейін қалай көтереді?
- •25 Билет
- •1.Өзін - өзі бақылау, өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.
- •2.Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.
- •26 Билет
- •1.Тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістері.
- •2.Тақырыптық апперцивті тест (тат):
- •3.Өзін-өзібағалаудың, мінездің, эмоциялық-сапаның, тұлғааралыққарым-қатынастардың психодиагностикасы
- •27 Билет
- •1. Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар
- •2. Кіші мектеп жастағы балалармен жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.
- •3. Жұмыспен қанағаттану әдістемесі туралы айтып беріңіз
- •28 Билет
- •1.Сыныптың диагностикалық картасын дайындау әдістемесі
- •3.Белгілі психологтар а.Н. Леонтьев, а.Р. Лурия, п.Я. Гальперин еңбектеріне шолу.
- •29 Билет
- •1. Кіші мектеп жастағы балалар жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.
- •2. Логикалық ойлау мен есті дамытуда қолданылатын зерттеу әдістемелері
- •3. Оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың диагностикасын зерттеу әдістемесі.
- •30 Билет
- •1.Қарым-қатынас қажеттілігінде қолданылатын зерттеу әдістемесі
- •2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысында мониторинг нәтижелерін пайдалануы.
- •3. Психодиагностиканың даму тарихына сипаттама.
- •31 Билет
- •32 Билет
- •1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)
- •2.Эксперименттік материалды өңдеу тәртібі :
- •3.«Кету» турлері және сипаттары
- •33 Билет
- •1. Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде
- •34 Билет
- •1.Сенсорлық бейнелеуге бағытталған қандай жаттығуларды орындау керек.
- •2.Валидтықтың түрлері мен критерийлері
- •3.Жоғары деңгейде сақтау және даму туралы ойлайтын жалпы қабілеттерді?
- •35 Билет
- •1.Бейнелеуді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды қолданыңыз:
- •2.Тестке қойылатын талаптар
- •3.Психодиагностикада компьютерді қолданудың тиімділігі
- •36 Билет
- •1.Зейінді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды орындау керек"қандай?"
- •2.Тест түрлері
- •3.Психодиагностика психологияның қандай әдістеріне сүйенеді?
- •37 Билет
- •1Кәсіби психодиагностқа қойылатын талап.
- •2. Психологиялық қызметті құру туралы қаулының маңыздылығы.
- •3. Әлеуметтік - этикалык талаптар (принциптер)
- •38 Билет
- •1. Психодиагностиканың жағдайы (мәселелері) және олардың шешілуі
- •2. Психодиагностика өзіне тән міндеттерді атаңыз
- •3 .Ресей мен Қазақстандағы психодиагностиканың жағдайы.
- •39 Билет
- •2. Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.
- •3.Өзін - өзі бақылау, өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.
- •40 Билет
- •1.Тесттің түрлері.
- •3.Математикалық қабілеттер:
- •41 Билет
- •1.Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.
- •2. Көңіл – күйді басқару 40 билетте
- •42 Билет
- •43 Билет
- •1.Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
- •2.Психодиагностиканы құпия сақтау принципі.
- •3.Тестке қойылатын талаптар
- •44 Билет
- •1.Зейінді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды орындау керек ( қандай) :
- •2.Кіші мектеп жастағы балалармен жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз. 4 билетте
- •3.Психологтың этикалық кодексі:
- •45 Билет
- •1.Валидтықтың түрлері мен критерийлері
- •2.А.Бодолев,в.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы:
- •3.Психодиагностиканың даму тарихына сипаттама:
- •46 Билет
- •2.Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
- •3.Тақырыптық апперцивті тест (тат):
- •47 Билет
- •1.Дж. Гилфорд моделі:
- •2. Психодиагностиканың оқыту пәні.
- •48 Билет
- •1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)
- •49Билет
- •1.Интелектуалды қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •2..Сыныптың диагностикалық картасын дайындау әдістемесі
- •3.Тестке қойылатын талаптар
- •50 Билет
- •1.Жанұяның кинетикалық суреті тесті.
- •2.Психодиагностикада компьютерді қолданудың тиімділігі
2.Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысында мониторинг нәтижелерін пайдалануы:
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг. Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторинг дегеніміз – «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі .
Мониторинг не үшін қажет?
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингтің түрлері өте көп:
өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі);
ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді);
қарым- қатынас формалары бойынша ( сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау);оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды).
Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе..
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
Мониторингтік зерттеудің әдісі:әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді.
Зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымның нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады.
Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады.
Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.
Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгірімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.
Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзеушілік қызметтер атқарады. Енді соның әрқайсысына тоқталайық.
Мониторингтің қалыптастырушы қызметінің нәтижесінде оқушының «дамуға жақын аймағына» ықпал ете отырып оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды . Әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін жеке талдауға, оқушының педагог назарынан түсіп қалу мүмкіндігін шығарып тастауға көмектеседі.
Оқу үрдісінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.
Алғашқы кезеңде мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан бастаймыз.
Келесі кезектегі кезең негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін анықтау, диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.
Диагностика әдістерін дәстүрлі (тестілер, сауалнамалар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант, т.б.) және дәстүрлі емес әдістер (бақылау, пікірлесу, т.б.) деп бөлуге болады. Педагогикалық мониторингтің екінші талдау – диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі. Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру барысында педагогикалық диагноз қою, себеп-салдарға тәуелділікті дәлелдеу және талдау жүзеге асырылады.
Алдағы негізгі ой - мақсатты, даму мүмкіндіктерін болжай отырып жоспар жасау, болжау кезеңінің әрекеті болып табылады.
Әрекеттік-технологиялық кезеңінде педагогикалық үрдісті түзету іске асырылып, баланың дамуын тежейтін немесе оның ынтасын әлсірететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет.
Аралық-диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.
Соңғы қорытынды – диагностикалық (аяқтаушы) кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтен алынған мақсат және міндеттер сәйкестігі, логикалық талдауға негізделіп жүргізілген жұмыс нәтижесі анықталады.
Мұғалім өз мақсатына жеткен, жетпегеніне көзін жеткізетін тек сенімді әдісі бар болса ғана өзінің әдістерінің дұрыстығына, өз еңбегінің нәтижелігіне сенімді бола алады, ал керісінше жағдайда өз жұмысын жөндеуді қажет ететін анық мәлімет ала алмайды.
Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.
Білім сапасы көп айтылып жүрген шақта оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс-әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет.
Қорыта айтқанда,бастауыш мектептегі білім беру оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг жасау – ұстаз шеберлігін шыңдау және оқушы мен мұғалім біліктілігін арттыру деген сөз. Жетістікке кеткізетін бірден-бір жол – ізденіс, талапты еңбек екенін уақыт дәлелдеді. Олай болса, бастауыш мектепте оқу жетістіктерді бағалау, педагогикалық мониторинг жүргізу арқылы жеткен жемісті жолдар жалғасын табатынына сенімдіміз.
