Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

3.Психодиагностиканың даму тарихына сипаттама:

Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға бо- лады. Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шыжылдарықалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды.

Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Де- мокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыра- тын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.

ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 12 (аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған.

Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейп- циг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты пси- холог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінез- құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым болып қалыптасады.

Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде ай- нала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клини- каларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жа- сады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборато- рия құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла ба- стады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді.

Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жа- насатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз.

Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиаг- ностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы – алғаш ретжеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды. Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек фран- цуз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды.

Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэт- тел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сай- ын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест түрлері берілді.

Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формула- сын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]