Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

43 Билет

1.Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.

2.Психодиагностиканы құпия сақтау принципі.

Бұл принцип, негізінен, ержеткен шақтағы адамдарға керек. Егер жеткіншек жастағы бала туралы сөз болса, мысалы, мектептің жоғары сынып оқушылары туралы моральды жəне заңдық жауапкершілікті та- ситын бала үшін жауап беретін олардың психодиагностикасының нəтижесін айту үшін оған ата-ана немесе туысқандарының міндетті түрде келісімі қажет. Құпияны ашу тек эксперименталды зерттеу бөлігі сияқты ғылыми мақсатта психодиагностикада өткізіледі, бірақ бұл жағдайда дұрысы, публикацияда зерттелінушінің нақты есімін жəне фамилиясын көрсету ұсынылмайды.

Психодиагностикамен кəсіби маман ретінде шұғылдану үшін міндетті түрде келесі моральды-этикалық нормалар сақталуы керек:

1. Ерекше жағдай соттық немесе медициналық практикада айтылған заңмен шығару, яғни психологиялық зерттеулерде адамды еріксіз зерттеуге итермелеуге болмайды.

2. Психологиялық тестті жүргізу алдында адамға зерттеу процесі кезінде өзі туралы информацияларды, яғни өз ойларын жəне сезімдерін еріксіз беруі мүмкін екенін ескерту керек.

3. Кез келген адам, егер бұл заңда айтылмаса, өз тесттеу нəтижесін білуге, сонымен қатар қайда, қалай жүргізілуі жөнінде толық білуге құқы бар.

4. Психологиялық тесттеудің нəтижесін кім зерттеуді дұрыс түсіну формасында жүргізсе, зерттелінушіге ұсынады.

5. Тестілеуде жеткіншектік жасқа дейінгі балалардың тестілеу нəтижесін ата-анасы немесе туысқандарының білуіне хұқы бар.

6. Егер тестілеу адамның психологиялық даму деңгейін анықтау мақсатымен, яғни конкурстық сұрыптау немесе жұмысқа қабылдау барысында өткізілсе, онда зерттелінушінің тек тестілеу мақсатын ғана емес, сонымен бірге, қандай негізде тестілеу қорытындысын шығаруға болатынын білуге құқы бар.

7. Психологиялық тестті практикада қолдануда негізгі жауапкершілік ұйымдарда оны қолданушылар мен психологтарға жүктеледі.

3.Тестке қойылатын талаптар

«Тест» - ағылшын тілінен аударғанда «тексеру», «сынау», «сыналу» деген мағыналарды білдіреді. Балаларды тестілеу даралықайырмашылықтар көрсеткіштерінің өлшемі ретінде түсіндіріледі.Отандықжəнешетелəдебиеттердепсихологиялық тестұғымыныңсипаттамасы əртүрлі болып берілген. Психологиялық тест – мінез-құлықты іріктеудегі объективті жəне стандартты өлшемдер болыптабылады. Тест –стандартты, уақыты шектеулі, психологиялық даралық ерекшеліктерді сапалық жəне сандық көрсеткіштерін анықтауға жəне жеке адамның психологиялық қасиеттерін бағалауға

бағытталған ерекше құрал. Ол тапсырмалар немесе сұрақтаржиынтығынан тұрады жəне жиі кездесетін мінез-құлық түрлерінанықтауға арналған. Барлық анықтамалар ортақ кезеңдерден тұрады. 1) Тест психодиагностикадағы жобалау, стандартты өзіндік есепберу, сұхбат сияқты өлшемдік əдістерімен қатар жүреді.2) Тест жеке адам қасиеттерімен интеллект ерекшеліктерін

өлшейтін əдіс.3) Тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік көрсеткіштеріжағынан жоғары деңгейде.Əрбір тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік талап-тарын қанағаттандыруы керек. Психологиялық тест нəтижесіобъективтік өлшем мен оның алғашқы көрсеткіштерінің бағалануызерттелінушінің субъективті пікіріне тəуелсіз болып табылады. Тапсырмалардың өткізілу процедурасы мен нəтижелердің өңделуібелгілі ережелерге сүйенеді. Психологиялық тесттердің жүргізілуінеқойылатын талаптар:1) Нəтижелері нормаға сəйкес болуы тиіс жəне тесттерді салыстырмалы түрде жүйелі өткізу.2) Тесттер қорытындысының бағалануы жүйелі болуы тиіс.3) Тест нəтижелерін өңдеу жəне көрсеткіштеріне сəйкеснормаларының орындалуын анықтау.Психологиялық тесттердің стандартизациялау үш кезеңнентұрады:I кезең – психологиялық тесттерді жүйелі стандартизациялаужəне диагностикалау процедурасы деп аталады:1) Тестілеу жағдайы (орналасу орны, аудиториядағы жарықтыңдұрыс болуы жəне басқа да сыртқы факторлар негізге алынады). Таным процестерінің көлемін анықтау барысында кері əсер ететінсыртқы факторлардың болмағаны дұрыс деп есептейміз.2) Əдістеме мазмұнын ұсынудың ерекшелігі (дауыс ырғағы, сөйлеу жылдамдығы). Мысалы, «Он сөз» тестіндегі əрбір сөз уақытинтервалынан кейін ұсынылуы тиіс.3) Стандартты стимул материалы. Мысалы, əдістеме қоры-

тындысы берілген материалдардың мазмұнына тəуелді болады. Мысалы, Роршах тестіндегі карточкалар өзіндік түстермен бейнеленген.4) Тестті орындау уақытының шектеулігі. Мысалы, ересек адам

үшін Равен тестін орындау уақыты 20 минут.5) Тестті орындауға арналған арнайы бланктардың болуы тестіңөңдеу процедурасын жеңілдетеді.6) Диагностикалық тест процесі нəтижелеріне əсер етеді. Мы-

салы, экспериментатордың респондентке «дұрыс жауапты» айтыпберуі, əрекетіне қолдау білдіруі жəне т.б. жағдаяттарды жатқызуғаболады.7) Тестке қатысушы респонденттің тəжірибесіне тигізетін əсері.

Егер респондент бірнеше рет тесттен өткен болса, ол өзіне сенімдіболады.II кезең. Психологиялық тест стандартизациясына тесттің орын-далуын бағалау жүйелілігі мен алынған нəтижелердің өңделуі жа-

тады. Аталған кезеңде респонденттің жас ерекшелігі, жынысы ескеріледі. Тапсырманы орындау нормалары мен алынғанкөрсеткіштер салыстырылады.III кезең. Тесттің орындалуы нормаларға сəйкес анықталадыжəне мамандықтардың ерекшелігіне байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]