Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

37 Билет

1Кәсіби психодиагностқа қойылатын талап.

психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық аппаратын дұрыс пайдалануға,психодиагностиканың теориялық концепцияларын орынды қолданып зерттеудің  мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға , экспериментті ұйымдастырып жүргізуге , нәтижелерді өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді. Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті практикалық немесе ғылыми зерттеуге сәйкестігін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екендігін : қандай да болмасын тесттің құрылымы , интерпретация ерекшеліктері туралы сонымен қоса нақты осы тест қандай парадигма  шнңберінде шығарылып пайдалануға ұсынылып отырғанын беледі.Сондықтан , практикалық психолог мамандығын меңгеруде «Психодиагностика негіздері» дәрісі негізгі дәрістердің бірі болып есептеледі , өйткені ол тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу әдістеріне бағытталған. - Қазіргі психодиагностиканың концептуалды және методологиялық қағидаларменымен таныстыру; - Тесттерді құрастыру тәсілдерін іс жүзінде меңгеру; - Психодиагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; - Кәсіби дағдылар мен іскерліктерді меңгеру.

2. Психологиялық қызметті құру туралы қаулының маңыздылығы.

Кодекстің негізгі мақсаты – психологтың кəсіби қызметіне байланысты оның құқықтары мен міндеттерін айқындау. Психологтың күнбе- күнгі қызметінде кездесетін əртүрлі проблемалары мен келеңсіз жағдайларды шешуді іскерлік пен біліктіліктің белгісі болуға тиіс. Ол – қоғамда орынсыз қолданылған психологиялық əрекеттерден қорғауға, психологтың жеке басының абыройын сақтауға кепілдік. Кодекс «Балалар құқығы» Женева конференциясымен заңдылық негізде құрастырылған. Бұл кодекс психологтың кəсіби қызметінің барлық түріне шектеусіз жол ашады. Психологты білім саласына жұмысқа орналастырғанда, оны осы кодекспен таныстыру міндет. Кодекстің қағидаларын сақтау педагог-психологпен енгізілуі мүмкін. Психо- лог қызметінің Кодекске сəйкестілігі аттестациялау ескеріледі. Егер психологтың Кодекс процестерін өрескел бұзған кездері болса, ол психологтың қызмет бабына сəйкес еместігін бағалаудың əсері бо- луы мүмкін. Псиохолог қызметінің негізгі этикалық қағидалары Бұл қағидалар: - Құпиялылық; - Білгір-біліктілік; - Жоғары жауапкершілік; - Этика жəне заңдылық; - Психологияны кəсіби насихаттау; - Клиенттің амандығын, тұлғасын сақтау; - Кəсіби одақтастық (қоғамдастық) құру. Клиентті ізденіс-зерттеулердің мақсатыжəне қорытындыларымен хабардар ету

3. Әлеуметтік - этикалык талаптар (принциптер)

Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:

- Ұстамдылық және Шыдамдылық.

- Жоғары мәдениеттілік деңгей.

- Жағдайды талдау біліктілігі.

- Коммуникативтік біліктілігі.

- Мінез-құлықтың икемділігі.

- Кәсіби әдептілік.

- Конфликтология негіздерін білу.

- Өзін ұстау біліктілігі.

- Ұйымдастырушылық біліктілігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]