Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

2.Тестке қойылатын талаптар

«Тест» - ағылшын тілінен аударғанда «тексеру», «сынау», «сыналу» деген мағыналарды білдіреді. Балаларды тестілеу даралық айырмашылықтар көрсеткіштерінің өлшемі ретінде түсіндіріледі.

Отандықжəнешетелəдебиеттердепсихологиялық тест ұғымының сипаттамасы əртүрлі болып берілген. Психологиялық тест – мінез-құлықты іріктеудегі объективті жəне стандартты өлшемдер болып

табылады. Тест –стандартты, уақыты шектеулі, психологиялық даралық ерекшеліктерді сапалық жəне сандық көрсеткіштерін анықтауға жəне жеке адамның психологиялық қасиеттерін бағалауға

бағытталған ерекше құрал. Ол тапсырмалар немесе сұрақтар жиынтығынан тұрады жəне жиі кездесетін мінез-құлық түрлерін анықтауға арналған. Барлық анықтамалар ортақ кезеңдерден тұрады.

1) Тест психодиагностикадағы жобалау, стандартты өзіндік есеп беру, сұхбат сияқты өлшемдік əдістерімен қатар жүреді.2) Тест жеке адам қасиеттерімен интеллект ерекшеліктерін

өлшейтін əдіс.3) Тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік көрсеткіштері жағынан жоғары деңгейде.Əрбір тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік талаптарын қанағаттандыруы керек. Психологиялық тест нəтижесі объективтік өлшем мен оның алғашқы көрсеткіштерінің бағалануы зерттелінушінің субъективті пікіріне тəуелсіз болып табылады.Тапсырмалардың өткізілу процедурасы мен нəтижелердің өңделуі белгілі ережелерге сүйенеді. Психологиялық тесттердің жүргізілуіне қойылатын талаптар:1) Нəтижелері нормаға сəйкес болуы тиіс жəне тесттерді салыстырмалы түрде жүйелі өткізу.2) Тесттер қорытындысының бағалануы жүйелі болуы тиіс.3) Тест нəтижелерін өңдеу жəне көрсеткіштеріне сəйкес нормаларының орындалуын анықтау.Психологиялық тесттердің стандартизациялау үш кезеңнен тұрады:I кезең – психологиялық тесттерді жүйелі стандартизациялау жəне диагностикалау процедурасы деп аталады:1) Тестілеу жағдайы (орналасу орны, аудиториядағы жарықтың дұрыс болуы жəне басқа да сыртқы факторлар негізге алынады). Таным процестерінің көлемін анықтау барысында кері əсер ететін сыртқы факторлардың болмағаны дұрыс деп есептейміз.2) Əдістеме мазмұнын ұсынудың ерекшелігі (дауыс ырғағы, сөйлеу жылдамдығы). Мысалы, «Он сөз» тестіндегі əрбір сөз уақыт интервалынан кейін ұсынылуы тиіс.3) Стандартты стимул материалы. Мысалы, əдістеме қоры-

тындысы берілген материалдардың мазмұнына тəуелді болады. Мысалы, Роршах тестіндегі карточкалар өзіндік түстермен бейнеленген.4) Тестті орындау уақытының шектеулігі. Мысалы, ересек адам

үшін Равен тестін орындау уақыты 20 минут.5) Тестті орындауға арналған арнайы бланктардың болуы тестің өңдеу процедурасын жеңілдетеді.6) Диагностикалық тест процесі нəтижелеріне əсер етеді. Мысалы, экспериментатордың респондентке «дұрыс жауапты» айтып беруі, əрекетіне қолдау білдіруі жəне т.б. жағдаяттарды жатқызуға болады.7) Тестке қатысушы респонденттің тəжірибесіне тигізетін əсері. Егер респондент бірнеше рет тесттен өткен болса, ол өзіне сенімді болады.II кезең. Психологиялық тест стандартизациясына тесттің орындалуын бағалау жүйелілігі мен алынған нəтижелердің өңделуі жатады. Аталған кезеңде респонденттің жас ерекшелігі, жынысы ескеріледі. Тапсырманы орындау нормалары мен алынған көрсеткіштер салыстырылады.III кезең. Тесттің орындалуы нормаларға сəйкес анықталадыжəне мамандықтардың ерекшелігіне байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]