Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

3.Жалпы жəне арнаулы қабілеттер диагностикасы

Жеке адамның жалпы жəне арнайы қабілеттерін дамыту мен оның диагностикасын талдау, ең алдымен, «қабілет» ұғымының мəнін терең түсініп алуды талап етеді.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер» деп əрекеттің талаптарын қанағаттандыратын жəне үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» (А. Н. Леонтьев). «Қабілеттер» – білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» – дейді А. В. Петровский. «Қабілет» – іс-əрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нəтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады акаде- мик Т. Тəжібаев . Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дəлелдейді. Репродуктивті (өнімсіз) – іс-əрекетті не білімді берілген үлгі бой- ынша қабылдау жəне меңгере алу деңгейі. Шығармашылық – жаңа нəрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді: жалпы қарапайым қабілеттерге: Барлық адамдарға тəн қабі- леттердің психикалық бейне- сінің негізгі формалары: түйсік, қабылдау, есте сақтау, эмоцияға берілу, ойлау жатады. Жалпы күрделі қабілеттерге: Жалпы адамдардың əр түрлі іс-əрекетіне сай қабілеттілік деңгейі; ойын, оқу,еңбек, қарым-қатынас.Арнайы қарапайым қабілеттерге: Барлық адамдарға тəн емес ерекшеліктер; əуенді есту, нақты көз мөлшер, қайсарлық, мағынасы бойынша есте сақтау. Арнайы күрделі қабілеттерге: Барлық адамдарға тəн емес қасиеттер; кəсіби, специфи- калық, ерекше. Психология ғылымында арнайы қабілеттердің екі топтамасы болады. 1) психикалық функциялар түрі бойынша (моторлы, сенсорлы). 2) іс-əрекет түрлеріне байланысты (техникалық жəне кəсіптік, яғни белгілі мамандыққа сəйкес артисттік, көркемдік жəне т.б.).

4 Билет.

1.Кіші мектеп жастағы балалармен жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.

Практикалық психологтар графикалық тесттер мен әдістерді жиі қолданады. Әсіресе балалармен қарым-қатынас жасау қиын болса, сол кезде бұл әдістің пайдасы тиеді. Бұл кезде сұраулықтар мен дәстүрлі әңгімелер тиімді болмайды.

Волгоградтық психолог Т.Ю.Андрущенко графикалық анықтаудың арнайы әдістерін құрастырған. Біріншіден, графикалық іс-әрекеттің нәтижелері бойынша баланың проблемеларын анықтап іске асырады, екіншіден, аяғына дейін сезінбеген, дифференцияланбаған уайымдарды , оларды тудырған себептермен қосу, үшіншіден, пайда болған қиындықтардың анализін жүргізу. «Менің араласатын ортам» – бұл әдіс баланың құрдастарымен, ата-аналармен, оқытушылармен іс-әрекеттің ортасымен сипатын анықтауға арналған.

Әңгімені бастағанда, консультант: «Мен білемін, әр адам бейтаныстың сұрақтарына жауап бергісі келмейді. Сол үшін сен өз өміріңді суретте бейнелеп бер, ал содан кейін біз сенің өміріңнің қызықты моменттерін талдаймыз», – деу керек. Мұндай ұсыныс баланы қызықтырып, күдігін жоққа шығарады.

1.Кіммен, қай жерде күні бойы қарым-қатынас жасайтыныңды елестетіп көрейік, бейнелеп бер, әр адамға орын тауып бер ( «үй» ).

Консультант шеңбер салады, баламен ақылдасып, екіге бөледі (қарым-қатынас сфералары). Екі сектор пайда болады: «мектеп», «мектептен тыс» . Горизонтальдық сызық «құрдастар» , «ата-ана» секторларын анықтайды.

Әңгіменің мақсатына байланысты әр қатынас сфераға белгілі бір кеңістік беру мынадай болуы мүмкін: Мысалы, мектепте: балалар, мұғалімдер; мектептен тыс: ауладағы балалар; үйде: туысқандар. Басқа жағдайларда жоғары және төмен жартышарлар көңілді қарым-қатынастардың сфералары болады (+) және көңілсіз қарым-қатынастар (–-).

2. Енді әр «үйге» адамдарды «орналастыру» керек.

Ол жағымды және жағымсыз адамдар болуы мүмкін. Сен олармен орналасқың келмесе де, амал жоқ араласады. Әртүрлі себептерге байланысты.

белгі көмегімен консультант барлық балалар мен үлкендерді еңгізе бастайды. Олар туралы барлық мәліметтерді баланың өзі айтып береді.

3. «Сенің араласатын адамдарыңның ішінен жақсы қарым-қатынастағы және нашар қарым-қатынастағы адамдарды белгіле. - көк пен немесе қызылмен штрихтау барысында консультант көп мәлімет алады.

4. Үлкен шеңбердің ішінде екі шеңбер салайық: біреуі – ортада, екіншісі–кішкентайы , ортаға таман. Ортасына өзіңді қойып, есіміңді жаз. Енді екі түсті қарындашпен қара – «жағымсыз» , ақшыл түсті «жағымды» , кім кімге қалай қарайды, кім көбірек қуаныш әкеледі тағы да сол сияқты. Баламен бірге консультант түстерге қарай, симпатия мен антипатия өлшеуін анықтайды. Егер симпатия мен антипатия анық болса, онда ортадан ( «Мен» баланың ) және сыртқы шеңбердегі –- белгісімен ( басқа адам) сәйкес түсті сызықүш интервал етіп жүргізіледі. Егер керісінше болса стрелкамен қарым-қатынас шектері қойылады бірінші немесе екінші шеңберге дейін. Әр жағдайда баланың қарым-қатынас партнердің көзқарас туралы сипаттама анықталып, стрелкамен бағыты мен анықтық өлшеуі белгіленеді.

« Кім кінәлі? » –- бұл әдіс әр партнермен қарым-қатынас жасау барысындағы пайда болатын және конфликттерді шешу үшін жауапкершілік өлшеуін баламен сезінуін анықтауға бағытталған. «Араласу шеңберін» бала шкалаларда анықтайды.( әр қайсысы 10 бөлікте тұрады).

– конфликттің пайда болуындағы әр қатысушының инициатива өлшеуін.

– конфликтті шешу үшін әр қатысушының инициатива өлшеуі ( ашық түспен белгіленеді).

– конфликтті шешуде әр қатысушының қарсы тұру өлшеуі (қара түспен белгіленеді). Өзінің іс-әрекетін және партнердің әрекетіне комментарий бергенде конфликттердің пайда болуына, дамуына және шешілуіне керекті себептер анықталады: достасуға сенімсіздік , түсініспеушіліктің қорқынышы және т.б. проблеманы талқылау баланың агрессия дәрежесін , партнерға, өзіне көзқарасының өзгертуін анықтайды.

« Менің өмірімдегі қуанышпен реніштер » – бұл әдіс уайымдардың басымдылық модальдығын анықтауға бағытталған.

1. Баланың туылғанынан қазірге дейінгі «өмір жолы» салынады, онда үйде болуы, бақшаға баруы, мектепке бару кезеңдері интервал ретінде бейнеленеді.

2. Екі кеңістік – сызықтан жоғары, төмен. Жоғарыда өмірдің жақсы, көңілді кезеңдер; төменінде – мұңлы, ренішті кезеңдер. Жиі \ сирек штрихтар уайымдардың , интенсивтігін білдіреді.

Субъективтік бағаның уақыт шкаласы баланың өміріндегі болған жағдайлардың маңыздылығын «сол жерде, сол кезде» көруге көмектеседі, дәулеттілік дәрежесін.

Дәулеттілік дәрежесі қуанышты кезеңдердің санын ренішті кезеңдердің санына қатынасымен анықтаймыз.1 ден көп өлшеулер қуанышты кезеңдердің басымдылығының белгісі. Егер 1ден кем болса, онда ренішті кезеңдердің басымдылығын білдіреді. Мысалы , қуанышты кезеңдер бала магнитафон немесе велосипед және т.б. сатып алумен байланысты , жаңа статусты алумен (оқушы аталуы , жарыста лидер болуы ),басқа біреуде досы пайда болуымен байланысты. Ренішті кезеңдерді біреуі бір затты жоғалтуымен, аурумен, екінші – « нашар » адамның пайда болуымен байланыстырады, үйден қашып кетуімен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]