Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.77 Кб
Скачать

2.Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.

Тапсырмаларды орындату үшін əр оқушының қолына тапсырма-лар жинағы жəне жауап парағы беріледі. Оқушылар жауап параққаөздері туралы мағлұматтарды толтырғаннан соң, оларға тапсырма-лар кезегімен орындатылады. Зерттеу жұмысы топпен жүргізілетінболса, барлық балалар əр тапсырманы бірдей бастап, бір уақыттааяқтауы керек. Сондықтан берілген уақыт аяқталғанда тапсырманыжинап алып, келесі блокты орындау уақыты басталғаны айтыладыжəне оны орындау ережесі түсіндіріледі.Оқушылардың ақыл-ой дамуын анықтау тестінің əр субтестісінжеке дара қолдануға болады. Мысалы, «артығын тап» субтестбаланың ұғымдық қорын бағалауға, заттардың ортақ қасиеттерінанықтауға жəне абстракциялануға қабілетін зерттеуге ыңғайлыжасалған тест болып табылады.

3.Iq деңгейін қалай көтереді?

IQ – интеллект дамудың сандық көрсеткіші. Ол формула бойын-

ша есептеледі.Ақыл-ой жасыIQ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _* 100хронологиялық жасыМатематикалық-статистикалық аппараттық даму барысында IQ-дің сандық көрсеткіші, стандартты IQ көрсеткіштерімен ауыстырылады. Векслер ең бірінші болып IQ стандарттық шкаласын ендірді.Талдау барысында жалпы IQ көрсеткішіне сүйенуге болмайды. Субътест бойынша нəтижелер профилін талдау мазмұндықмəлімет береді. IQ-дің мəні қандай субътестте нəтиже орташа, төменекендігін анықтауға мүмкіндік бермейді, сондықтан субътесттерді бөлек қарастыру керек. Ч. Спирменнің зерттеу нəтижелері, интеллект тесттердің арасында жағымды корреляция бар екендігі анықтады. Ч. Спирмен пікірінше, жағымды корреляцияның интеллект əрекеттердің ортақ факторлардың бар болуымен байланысты.Бұл факторды Спирмен немесе «G» фактор деп атады. Спирмен со-нымен бірге, іс-əрекеттің бір түріне тəуелді, басқа факторлар да барекендігін атап көрсетеді (S фактор). Терстоун (көпфакторлы теория)зерттеуі бойынша, тесттер арасындағы корреляцияның анықталуытек бір «G» факторымен түсіндірілмейді. Ол 12 факторды анықтап,«алғашқы ақыл-ой қабілеттілігі» деп атады.

2 Билет

1. Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы

Тəжірибиелік психология мен психодиагностиканың ғылыми практикалық пəн ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жүзеге асты. Олар психофизика, психо- диагностика, психометрика, психотехникамен тығыз байланыста болды. Психодиагностиканың тарихы XIX ғасырда клиникалық даму кезеңінен басталды. Осы кезеңнен бастап психиатрлар мен дəрігерлер жан дүниесі сырқаттанған адамдарды ауруханаларда сырттай бақылау жасай отырып, нақты сипаттамалар береді. Пси- ходиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау əдістері пайда болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ба- сында орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды. Əлемдік білімнің дамуында Рессейдегі психологияның дамуы өзіндік орынға ие болды. Осы кез- де эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды. 1-кезең – 20 жылдардың басы мен 30 жылдардың ортасы. Бұл кезеңде К. Н. Корнилова, Л. С. Выготский, П. П. Блонның көзқарастары мен белгілі бір əдістемелері ғылыми-əдістемелік тесттердің даму жағдайын қалыптастырды. Революцияға дейін пси- хологтар мен педагогтар көптеген зерттеулері мазмұндық тұрғыда біріктіріліп жүргізілді. Олар П. П. Блон, Г. И. Россолимо, А. П. Не- чаев, А. М. Шуберт еді. Зерттеушілердің көзқарастары мен жалпы қызметі əлеуметтік жағдайларды қамтыған психологиялық тесттерді пайдалану болды. 1910 жылыРесей психологыГ. И. Россолимо өзінің ақыл-ойды дамыту тестін тұлғаны бағалаудың «психологиялық профилдік» əдістемесі жолымен жасады. Бұл əдістеме Ресейде жəне басқа шетелдерде кеңінен тарады. Американың психологиялық ас- социациясы Роберт Эриксонның басқаруымен «Армиялық интел- лект» тестін жасады. Интеллектіні зерттеудің алғашқы топтық бұл 16 тестіне «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» мазмұнымен 1 млн 727 мың американ солдаттары қатыстырылды. 2-кезең – 30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы. Бұл кезеңде əдіснамалық жəне теориялық мазмұндағы есте сақтауға арналған тесттер кеңінен пайдаланылды. Ауқымды теориялық жəне тəжірибелік жұмыстар, психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық бағытта ұйымдастырыла бастады. Солардың ішінде, Герхард Витциактың екі іргелі монографиясы «Психодиагностика негіздері», «Преодаление учебной неуспевае- мости» жəне Юрген Гуткенің «Оқытудағы интеллектуалдық диагно- стика ерекшеліктері» еңбектерінің маңызы ерекше болды. Сонымен қатар, К. Гутьяраның «Психикалық қасиеттердің өлшемі», «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе» ұжымдық еңбектері жарық көрді. 3-кезең – практикалық психологияда сандық жəне сапалық тест əдістерін қолдану. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық əдістерді қолдану қажеттегін дəлелдеуге қадам жасады. Олардың алғашқысы болған Б. М. Теплов өзінің «СССР-дағы психологиялық ғылым» атты мақаласында психодиагностикалық зерттеудің маңыздылығын баса көрсетеді. К. К. Платонов зерттеу əдістері бойынша бағалаудың үш түрін ұсынды: механикалық, формальды, құрылымдық. Ковалев пен В. И. Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу əдістерінің қорытындысына дəл жəне анық қол жеткізудің жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Л. Выготский, Ж. Пиаже, Дж. Брунер балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапа- ларды анықтау тестілерін дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Б. Ананьев жəне т.б. еңбектері, соның ішінде, іс-əрекет психология- сы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орынға ие болды. Сол кезеңде психология іс-əрекет барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызметі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Л. С. Выготскийдің (1896-1934) жан мəселелерін баяндайтын мəдени-тарихи теориясы ілімнің түрлі аспектілері 1982- 1984 жылдары Мəскеудің «Педагогика» баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мəселелер: 1. Жоғары психикалық функциялардың даму тари хы; 2. Жасөспірім психологиясы; 3. Жалпы психология пробле- малары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл жəне жазбаша тіл), көптілділік мəселелері қарастырылған. Тəуелсіз еліміздегі тіл мəселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары бүгінгі күнгі өзекті мəселе екенін ескерсек, осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мəселелері, соның ішінде көптілділікті балалық шақта қалыптастырудың мүмкіндіктері үнемі зерттеу нысаны болғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің «Сөйлеу мен ойлау» проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, арақатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар. Л. С. Выготский «Диагностиканы өрістету жəне қиын баланың педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін анықтау үшін қолданылған психометриялық сынақтардың ғылыми маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тəсіл арқылы қалыпты мек- теп оқушыларының ақыл-ой дəрежесін зерттеу қате қорытындылар беріп, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мен ақыл-ой дамуында кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып шатастырылуы мүмкін деді.Психодиагностикалык əдістемелер ішінде белгілі болып сана- латыны «интеллект тесті», интеллектуалды дамудың жас мөлшерін анықтауға арналған əдістеме. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде жалпы туа пайда болған қабілеттер кез келген тапсырманы дұрыс орындаумен анықталады..

2. Көңіл – күйді басқару

Сіз лас киімді киесіз бе?Әрине, оны жууға тастайсыз.Онда не үшін лас ойлармен және нашар көңіл-күймен өмір сүруді жалғастыра бересіз? Көңіл-күйді басқаруға болады және басқару керек.Өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізбен өз өміріңізді улайсыз және адамдармен қарым-қатынастарыңызды бұзып аласыз. Көңіл-күйіңізді бақылау мүлде қиын емес.Ең бастысы-кімнің қожайын екенін білу. Көңіл күй-«нөлде»… Жооқ, ыдыс-аяқтарды сындырып, жақын адамдарға айғайлап, жылаудың қажеті жоқ.Бұл көңіл-күй мәңгілік емес.Ол бүгінгі күннің тарихында жазылып қалады, ертең-ақ өмірдің келесі беті ашылады.Ертең жаңа күн, жаңа тарих, жаңа көңіл-күй басталады.Міне, солай өмірдің қиын есебі де өзінің жауабын табады.Ең бастысы-шешілмейтін түйін болмайды.Айнаға қарап күлімдеуді үйреніңіз.Көңіл күйді бақылау.Біздің көңіл күйімізге үнемі сыртқы ортадағы жайлардың әсер ететіні шындық. Әлдекімдермен ара қатынасымыз, басшылардың қас-қабағы, тіпті ауа райы жағдайы да көңіл күйімізге әсерін тигізіп жатады. Содан болар, адамдар көңілді көтеру үшін арақ-шарап ішу немесе жақын адамдармен дастархан басында әңгіме-дүкен құру сияқты шаралар қажет деп санайды. Шындығында медитацияны меңгерген адам сыртқы ортаға еш тәуелсіз-ақ көңіл күйін қалаған жағына бұрып, өзгерте алады. Көңіл күйді өзгерту үшін дұрыс тыныс алуды үйрену қажет. Терең және бірқалыпты тыныс алу, тәннің бұлшық еттерін босату арқылы көңіл күйімізді бақылауға және басқаруға мүмкіндік аламыз.

Рэйки тәсілі бойынша көңіл күйді басқару деген «қазіргі сәтте, осы арада болу» деп саналады. Өткен шақ пен болашақтың арасын үнемі кезіп кететін ақыл-ойымызды қазіргі шаққа шоғырлау арқылы шынайы бақыт пен қуанышты сезіне аламыз.1.«Қол алысу» жаттығуы

Қазір біз сынып ішінде ары-бері жүреміз. Қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы минут ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенін санаймыз.2. «Менің ерке есімім» жаттығуы.Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы-достары оны еркелетіп айтатын есімін айтып шығуы тиіс. Әр адам өзінің есімін жиі қайталап айтып, өзіне мадақтау сөздер айтып тұрғаны жөн.3. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы Ойыншылар бүгінгі көңіл-күйлері неге ұқсас екенін айтады. (Қай жыл мезгіліне, ауа-райына, жануарға). Көңілді, көңілсіз, жабыраңқы, түңілген. Бұл – көніл-күй түрі. Психологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша адам өзінің суық көңіл-күйін қарым-қатынас жасайтын адамына таратады екен. Біреумен әзілдескісі, сөйлескісі, өз әсерімен бөліскісі, ой идея келмегенде, адам жанын жабыңқы көңіл-күй жаулап алады. Ал бір жағынан үнемі көтеріңкі көңіл күйде болып жүру ортадағы адамға кері әсер етеді, оны жолықтырады. Басқа сөзбен айтқанда көңіл-күй сізді емес, сіз көңіл-күйді сол ортаға сай басқару керек екенін есте ұстау керек.5. «Сезімді тап» жаттығуы.Жағымда сезім: қуану, шаттану, сабырлылық, таң қалу.Жағымсыз сезім: қорқу, уайым, күйзеліс, кінәләу. Мұнан кейін аз ғана уақыт беріліп кез келген сезім түрін ым-ишара, қимылмен көрсетуін сұрайды. Басқасы бұл қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табуы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]