Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иит шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.46 Mб
Скачать

3) Берілгені: Кедергісі 135 ом резисторда 1мВт қуат бөлінеді.

Табу керек: Кернеудің абсолюттік деңгейін.

aон=20ln(Ux/U0)

30 Билет

1) Электрондық осциллографтағы үздіксіз сызықты және күтуші бұрмалау режимдері. Арналуы, сигналдарды осы режимдерде зерттеу тәсілдері.

2) Максвеллдің өлшеуіш көпір схемасы. Арналуы,тепе-теңдік теңдеулері

Жұмыс істейтін аспаптарда омдық (активтік) кернеу бөлгіштері реохорд не потенциометр түрінде жасалады. Өлшеудің дәлдігін көбейту үшін бір кедергі тұрақты не декадалық болып жасалады, ал екінші кедергі прецизиондық, азсатылық өзгеретіндей болып жасалады. Орауыштың өз индуктивін және сапалығының, индуктивті байланыс электр тізбектерінің өзаралық индуктивтігін және байланыс коэффициентін өлшеу үшін индуктивтік өлшеу көпірлер сұлбасы қолданады. Оның бірі Максвеллдің өлшеуіш схемасы. Максвелдің өлшеуіш сұлбасы төменгі және орташа жиілікте істейтін айнымалы токтың өлшеуіш көпірлер сұлбасы. Ол орауыштың индуктивтігін және сапалылығының, не өзаралық индуктивтікті өлшеуге арналған. Өлшеу кезінде индуктивтігі  Lx  және шығындық кедергісі RW орауыш шығындық кедергісі Rph үлгілі индуктивтікпен LN салыстырылады, сонымен қатар бұл сұлбада фаза жағынан да тепе-теңдік жасауға болатын болу керек. Барлық жағынан тепе-теңдік жасау үшін активтік кернеу бөлгіш қолданылады. Ол не сымнан жасалған потенциометрден тұрады не реактивсіз резисторларды (R3 және R4) қолданады (9.4 сурет).

               

 

    а – орауыштың индуктивтігін өлшеу сұлбасы;

б – өзаралық индуктивтікті өлшеу сұлбасы.

9.4 Сурет – Максвеллдің өлшеуіш көпір сұлбасы

Сұлбаның тепе-теңдік кезінде мына теңдеулер әділ болады:

Lx=LN*(R3/R4); RW=Rph(R3/R4); tgδL=(ωLN)/(Rph).      (9.10)

Өзаралық индуктивтікті өлшеу үшін екі орауыш бір-біріне қарсы жалғастырылады және олар өлшеуіш сұлбаның жоғарғы тізбегіне орналасады (9.4б – сурет).

Айнымалы ток кернеу көзінен ең алдымен L2 орауыштың орамасынан өтеді. Өзаралық индуктивтің арқасында L1 орауыштың орамасында кернеу индукцияланады. Егер L1 орауыштың өз индуктивтігі белгілі болса (егер L1 M) онда өзаралық индуктивтігі былай табылады

.                                            (9.11)

3) Берілгені: Кедергісі 600 ом резисторда 1мВт қуат бөлінген.

Табу керек: токтың абсолюттік деңгейін.

aот=20ln(Ix/I0)

31 Билет

1)Жиілікті өлшеудің резонанстық әдісі. Арналуы және өлшеу схемасы

Жиілікті өлшеу дегеніміз айнымалы токтың не кернеудің 1 секундтағы периодының санын табу. Жиілікті өлшеу үшін дірілдегіш(вибрациялық) өлшеуіш механизмдер, резонанстық әдіс, жиіліктерді салыстыру әдісі, электрондық санағыштар не көпірлік схемалар қолданылады. Резонанстық жиілікөлшеуіш- дірілдегіш өлшеуіш механизмдердің бір түрі (12.1 сурет).

 

12.1 Сурет – Резонанстық жиілік өлшеуіш: а) құрылғы: 1) – қыздырғыш орама (электрмагнит); 2) – металдан жасалған якорь (өзекше); 3) – болаттан жасалған тілшіктердің қатары; 4) – конструкцияның ұстап тұрғыш элементі; б) аспаптың шкаласы.

Тілшіктер қатары мен магниттен жасалған өзекше бір табанға бекітілген. Сондықтан өзекше электрмагнитке анда-санда тартылғанда бұл импульс табан арқылы тілшіктерге беріледі. Ал тілшіктер әртүрлі қатаңдығы бар болаттан жасалған тіліктерге орналасқан, сондықтан импульстың жиілігіне байланысты резонансқа түсіп кернеудің не токтың жиілігін көрсетеді. Мұндай жиілік өлшеуіштер мотор-генераторлық қондырғыларда қолданылады.

Тарату құрылғыларында (РУ) жиілік электрмагниттік жүйеде істейтін логометрлер арқылы өлшенеді (12.2 сурет).

 

12.2 Сурет. Электрмагниттік жүйедегі жиілік өлшеуіш:

а) өлшеуіш схема; б) аспаптың орауыштарындағы токтар

Логометрдің көрсеткіші токтардың бір-біріне қатынасымен табылады

α=f(I2/I1).                                                    (12.1)

Бір параллелдік тізбекке қосылған конденсатор мен индуктивтік орауыш резонанстық тізбек құрады. Екінші параллелдік тізбекке кедергі мен индуктивтік орауыш қосылған. Аспаптың екі параллельдік тізбектері екі түрлі болғандықтан (біреуі кедергі-индуктивтік, екіншісі сыйымдылық- индуктивтік), олардағы токтар, бір жағынан олардың толық кедергілеріне кері пропорционал болса, екінші жағынан, олардың жиілікке тәуелдігі әртүрлі. Сондықтан логометрдің тізбектегі орауыштардың параметрлерін қалап алып, токтардың тоғысқан жерінде оның көрсеткіші 50 Гц болуын қамтамасыз етеді. Мұндай қалқандық жиілікөлшеуіштердің басты қателігі 2,5%-дан аспайды. Электжабдықтау жүйесінде электрэнергияның сапасы жиілік арқылы стандартталған, сонда жиіліктің ауытқуы %(1 Гц) дан аспауы керек (не жиілігі тербелуі 0,2 Гц/с аспауы керек)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]