Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IIT_shpordocx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.02 Mб
Скачать

14 Билет

1 Өлшеудің түрлері және әдістері

Түрлері

Тура өлшеуде өлшенетін шаманы тәжірибе нәтижесінен тікелей анықтайды.

Жанама өлшеуде өлшенетін шаманы анықтау үшін, сол шамамен функционалдық байланыста жатқан параметрлер тура тәсілмен өлшенетін, өлшеу нәтижелері бойынша өлшенетін шама есептеліп анықталады.

Жиынтықты өлшеуде аттас шамаларды бір мезетте өлшеу орын алады. Нәтижесінде теңдеулер жүйесі құрылып, өлшенетін шамалардың араларындағы байланыс теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.

Біріккен өлшеуде, әртекті шамаларды бір мезетте өлшеу орын алады.

Өлшеу әдістері депөлшеу принциптері мен өлшеу жабдықтарын қолдануды түсінеміз.

Тікелей бағалауда өлшеу нәтижесі өлшеу аспаптарының тікелей көрсетулерімен анықталады. Бұл тәсілдің дәлдігі төмен.

Өлшеммен салыстыру әдісінде, өлшем (мера) ретінде түрлі өлшеу құралдары алынады (линейка, гир т.с.с). Ал салыстрыушы құралы ретінде компараторлар, компенсациялаушы аспаптар қолданылады.

Дифференциалдық тәсілде өлшеу құралының кірісіне өлшенетін сигналмен мен өлшемнің арасындағы айырым беріледі

Нөльдік әдіс - дифференциалды әдістің бір түрі болып саналады.

Орын басу әдісінде өлшенетін шама мен өлшем аспап көмегімен кезекпенен өлшенеді.

«Нониус» әдісі өлшенетін шаманың мәні өлшемнің ең кіші бағалық бөліктерінен (цены деления) кем болып жатқанда қолданылады.

2 Компенсаторлар

Компенсаторлардың көмегімен айнымалы және тұрақты кернеулерді, ЭҚК, жәнеде кернеуге тәуелді өзгеретін басқада параметрлерді өлшеуге болады. Компенсаторлар әдетте қолмен немесе автоматты түрде теңгерілетін болып бөлінеді.

Көпірлік схемалардың және компенсаторлардың негізгі артықшылықтары мыналар: өлшеуді өте жоғары дәлдікпен жүргізуі; өлшеу тізбегінен қуат тұтынбайды; өлшенетін шаманың өте кең аралықтағы мәндерін өлшеуге мүмкіндік береді; жоғары сезімталдылығы.

Ток түріне байланысты көпірлер мен компенсаторлар айнымала немесе тұрақты ток тізбектері үшін арналған болуы мүмкін.

3 Өлшеу жабдықтарының қателіктері. Қателіктер классификациясы

Өлшеу қателіктері деп, өлшеу барысында жіберілетін қателіктерді айтамыз. Өлшеу қателіктері келесі түрлерге бөлінеді:

  • Абсолюттік қателік

  • Салыстырмалы қателік

  • Систематикалық қателік

  • Инструменталдық қателік

  • Методикалық қателік

  • Кездейсоқ қателік

Абсолюттік қателік деп, өлшенген физикалық шаманың мәні мен оның шын мәнінің араларындағы айырымды айтамыз

Салыстырмалы қателік сан жағынан былайша анықталады

(1.5)

Систематикалық қателік

Қайталап өлшеу барысында қателіктің сандық мәні тұрақты болса немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеріп отырса, онда ол қателікті систематикалық қателік дейміз.

Инструменталдық қателік

Бұл қателікті систематикалық қателікке жатқызуға болады. Қателік өлшеу аспаптарының конструкциялық кемшіліктерінен немесе өлшеу аспаптары параметрлерінің қалыпты жағдайдан ауытқуынан туындайды.

Методикалық қателік

Бұл қателікті де систематикалық қателікке жатқызуға болады. Қателік өлшеу тәсілдерін дұрыс қолданбау салдарынан туындайды

Кездейсоқ қателік өлшеу аспаптарының варияцияларынан, өлшеу нәтижелерін жуықтаудан, сыртқы ортаның өлшеу нәтижесіне тигізер ықпалынан т.с.с. факторлардың әсерлерінен туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]