- •1. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері. Java бағдарламалау тіліне кіріспе
- •1.2 Басқа тілдерден артықшылығы
- •1.3 Жұмыс орнын дайындау
- •1.4 Мәліметтер типі
- •2. Java виртуалды машинасының қолдану әмбебаптылығын және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану
- •2.1 Виртуалды Java - машина, байт - код , jit - компиляциясы
- •2.2 Java тілінің алфавиті. Алгоритмдеу және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану.
- •3. Компонентті қолдана отырып қосымша құру
- •3.1 Java.Awt пакетін қолданып қосымша құру және өңдеу.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.4 Мәліметтер типі
Мәліметтер типі – белгілі бір мәндердің жиынтығы. Мысалы, бүтін сандардың жиынтығы (Z) немесе нақты сандардың жиынтығы (R)
Java – қатты типтелген бағдарламау тілі. Демек барлық айнымалылардың анықталған типтері болуы керек, ол өте маңызды. Бұл жерде негізгі сегіз кірістірілген мәліметтер типі бар. Олардың көбісі сандарға арналған. Басқа типтерді системалық пакеттерден табуға болады және бағдарламалау барысында өзіміздің мәліметтер типтерімізді анықтауға болады.
1. Бүтін сандар (Integers)
2. Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point)
3. Символдар типі (Characters)
4. Логикалық тип (Boolean)
Бүтін сандар (Integers). Математикадағыдай Java-да бүтін сандар бөлшек бөлігі жоқ сандар. Java тілінде бүтін сандар үшін 4 тип қарастырылған.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
int |
4 байт |
–2,147,483,648; 2,147,483, 647 |
short |
2 байт |
–32,768; 32,767 |
long |
8 байт |
-9,223,372,036,854,775,808; 9,223,372,036,854,775,807 |
byte |
1 байт |
–128; 127 |
Көп жағдайда int типі тапсырманы шешу үшін жеткілікті болады. Бірақ егер бағдарлама үлкен сандармен жұмыс істейтін болса, онда long бүтін сан типін таңдасақ болады.
Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point). Өзгермелі нүктесі бар типтер, яғни нақты сандар, бөлшек бөлігі бар сандарды сипаттайды. Бұл мәлімет типінің екі түрі бар.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
float |
4 байт |
шамамен ±3.40282347E+38F |
double |
8 байт |
шамамен ±1.79769313486231570E+308 |
Байқасаңыз double типі float-қа қарағанда екі есе көп орын алады. Демек double типі санды екі есе дәлдікпен көрсетеді.
Символдар типі (Characters). Символдар типі char кілт сөзі арқылы белгіленеді және 1 байттық символдар мен әріптерді сақтай алады.
Логикалық тип (Boolean). Логикалық типтің екі ғана мәні бар: true (ақиқат) және false (жалған). Бұл тип логикалық шарттарды бағалау үшін қолданылады. boolean кілт сөзі арқылы белгіленеді.
Мәліметтер типтерімен танысқаннан кейін сол типтерге тиісті мәндерді сақтайтын айнымалылар керек. Ал кез-келген айнымалының өзіндік типі болу керек. Сонымен айнымалыны жариялау үшін алдымен оның типін содан кейін айнымалының атын жазамыз. Мысалы:
double zhalaky;
int demalysKunderi;
boolean bitti;
Естеріңізде болса барлық командалар үтір нүктемен аяқталады.
Айнымалының аты кез-келген әріптерден, “_” және “$” символдарынан басталуы мүмкін. Бірақ сандардан бастап жазуға болмайды. Және кез-келген ұзындықта бола алады. $2, ComputeArea, area, radius және showMessageDialog деп айнымалыны атауға болады. Бірақ 2A және d+4 деп айнымалыны атай алмаймыз. Java символдардың регистріне сезімтал тіл болғандықтан x және X айнымалылары екі бөлек болады. Java-да “аплет” ұғымы web бетте орындалатын кішкентай бағдарлама ретінде қарастырылады. Қолданушының компьютеріне жүктелген соң, ол браузер арқылы қолданушымен өзара әрекет жасап, белгілі бір тапсырмаларды орындайды.
Және айнымалылар келесі кілт сөздер бола алмайды.
abstract default goto package this
assert do if private throw
boolean double implement protected throws
break else import public transient
byte enum instanceof return true
case extends int short try
catch false interface static void
char final long strictfp volatile
class finally native super while
const float new switch
continue for null synchronized
Айтқандай айнымалылар бағдарламада мәліметті сақтау үшін қолданылады. Мысалы келесі бағдарлама шеңбердің ауданын есептейді:
class ComputeArea {
public static void main(String args[]) {
int radius = 1;
double area = radius * radius * 3.14159;
System.out.println("The area is " + area + " for radius " + radius);
}
}
main() методының ішіндегі кодқа тоқталайық. Бірінші жолда radius деп аталатын бүтін сан типі айнымалыны жариялап оны 1-ге теңестірдік: radius айнымалысы 1 деген санды сақтайды. Келесі жолда бөлшек типті area айнымалысын жарияладық және шеңбердің ауданын табу формуласына теңестірдік. area айнымалысының типі неге double екендігі түсінікті шығар?! Десекте, шеңбердің ауданын табу формуласы (PI*R^2) нақты санды қайтарады (бүтін санды бөлшек санға көбейткенде бөлшек сан шығады). Ал егер шеңбердің ауданын сақтайтын айнымалы бүтін сан типті болса, онда есептеу нәтижесінің бөлшек бөлігін жоғалтамыз. Ал ол есептің жауабымен сәйкес емес.
