- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Билет №5
Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы көркемөнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің, эрадан бұрынғы (бұдан былай “б. э. б.” деп, қысқартып алып отырамыз.— 3. Қ.) VI ғасырдан, ЯРНИ Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан — бірінші вавилон династиясы тұсында, яғни б. э. б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның досы Энкиду, олардың ерлік істері жырланады (И. М. Дьяконов аударып бастырған варианты “Гильгамеш туралы эпос” деп те аталады.—3. Д.) “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан— Адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем — маған сын Жауынмен өзің аиқасып өлсең — Адамсың *.Осынау екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың абзал да асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат — ерлік, өрлік, қай-сарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын, эстетикалық идеалын байқау қиын емес. XVII ғасырдың орта тұсында Баумгартен “Эстетика” деп ат беріп, айдар таққан әдемілік туралы ілімнің түп тамыры жалпы өнер тарихының тұңғиық тереңінде жатыр дейтініміз сондықтан.Тигр мен Евфрат маңында Гильгамеш батыр жырға айналған сол б. э. б. XX ғасыр шамасында Инд мен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі “Илиада” мен “Одиссеяға” барабар бір мың жиырма сегіз гимн шығарып, оларды “Ригведа” атанған он кітапқа топтастырып жатты. Гимндердің классикалық қо парылмалы тіліндегі әсем айшық-өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үніді хал-қында тіпті “Ригведаға” дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұқсайды.“Ригведа” гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, зстетикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары “Махабхаратаға”, одан келе “Рамаянаға” ұласады.“Махабхарата” — керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз кітаб-ындағы өлең көлемі — екі жүз он төрт мың жол, яки “Илиада” мен “Одиссеядан” (екеуін қосып есптегенде )сегіз есе артық.“Махабхаратаның” бір алуан (“Наль туралы”) аңызын кезінде В. А. Жуковский аударып, оның көркөмдік құнын В. Г. Белинский жоғары бағалағаны мәлім. Осы фактінің өзі-ақ көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық талап және талғам болғанын аңғартады. Екі поэмадағы бас кейіпкерлер—“Махабхаратадағы” Кришна, “Рамаянадағы” Рама мифтік нанымдар тұтқынында бұлыңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймай ды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бей несінде суреттеледі. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көр кемдік ерекшеліктеріне (лиризмге, символға, суреттілікке т. б.) қарағанда, көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық принцип және жүйе болғаны кәміл.Қысқасы, эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалып-тасқан; сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол-заң, ереже бойынша, үнді жазушы-лары өздерінің көркем шығармаларын әрқашан тек “Ригведа” гимндеріндегі, “Махабхарата” және “Рамаяна” дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы шарт болған. Баяғы бағзы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдеби-эстетикалық толғамдар, міне, осылай туған.Көне үнді өнері гана емес, алғашқы әдеби-эстетикалық байыптаулардың басы қайда жатқанын іздеп, Азиядағы басқа халықтардың көркемдік даму сырына тереңірек үңілсек, көне Қытайдың “Ән кітабы” (“Ши-цзин”), “Құбылу кітабы” (“И-цзин”) немесе көне Египеттің “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі” секілді тағы да бұдан үш мың жыл бұрынғы бабалар дәуірінің байырғы көне деректеріне көп кездесеміз. Эллада эстетикасы да бірден қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі пифагорлықтардың (б. э. б. VI ғ.) дүниедегі зат атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. .Мәселен, олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына бай-ланысты деп біледі де, музыканың математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл — идеалистік түсінік. Бұған керісінше, диалектикалық түсінік Гераклит Эфесский (б. э. б. 530—470 ж. ж.) толғамдарында жатыр. Пифагорлықтар секілді, Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол — сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі шартты: әп-әсем маймыл адаммен салыстырсак,— ажар’сыз, жексұрын да, ең әдемі адам құдаймен салыстырсақ,— маймыл. Атомдық материализмніқ негізін салушы, Карл Маркс гректер ішіндегі тұңғыш энциклопөдиялық ақыл иесі деп атаған атақты Демокрит (б. э. б. 460—370 ж. ж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі: “мөл-шерінен артық кету де, кем түсу де” оған ұнамаған. Күллі грек ойшылдарынық ішінде бірінші боп Демокрит адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Оның ойынша, адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген. Бұл — қызық топшылау. Әйгілі Сократ (б. э. б. 469—399 ж. ж.) ойларының Гераклит пен Демокрит пікірлерінен өзгешелігі, әрине,оның идеалистік сипатында. Дей тұрғанмен, мұның эстетикалық түсініктер-інде де назар аударар жайлар көп. Мәселен, Сократ әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Бұл ретте, Сократтың сұлулық жөнінде Крито-булмен айтысы әсіресе қызық.Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдар-ының бірі — Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427—347 ж. ж.). Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи “идеялар” жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе — пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең — қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, лұғатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердін, бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақат-танасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырған-ымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды: “сұлу нәрсе — сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлегі” *.
