Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.

Трагедиялық категория қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-қасірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы. Т р а г е д и я л ы категория да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терен, және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыстар өмірде де, өнерде де юморлық, не сатиралық қүбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада күлкілі жайлар әжуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен ‘ аяқ,талып отырады. Өйткені оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Сон-дықтан да қаһарман — халыктың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны. Мұндай трагедиялық, қаһарманнын, үлгісі ретінде адам мұраты үшін жанын пида ғып, құдіретті Зевспен ауыр айқасқа түскен Прометейді атауға болар еді. Прометей — әрі геройлық, әрі трагедиялық образ. Тіршіліктегі адам өмірінде сүюмен қатар жек көру, қуаныш пен бірге реніш, бақыт қана емес, қасірет те болатыны секілді, әдебиетте де трагедиялық образдар болған және бола бермек. Жалғыз-ақ бұлар әр түста әр сипатта көрінуі мүмкін. Айталық, Шолоховтын, Мелеховы; мұның трагедиясы біз жоғарыда атап өткен Прометейдің, трагедияеынан басқа, бөлек: Прометей — халық құрбаны болса, Мелехов — халық мүддесіне қарсылық құрбаны. Демек, әдебиеттегі әрбір трагедиялық образды оның, өмірі мен тағдырынын, логикасына қарап байыптау керек. Сондай-ақ трагедиялық қаһарман басынан кешетін трагедиялық күрес те әр алуан. Биік трагедия дейтіндер болады. Мұндайда қаһарман өз басындағы қасіреттен арылар, керек десе, қашып құтылар жол барын көре, біле тұра, жауыздықты өзінін, мерт “болуы арқылы жерлемек болғандай, ашық мәрттікке бағады (Шекспирдш, Гамлеті) немесе адамдық парызды өтеудің азапты жолын әдейі таңдайды (Треневтың Яроваясы) я болмаса өзін қоршаған қор өмірге қарғыс, лағнат айтып, көрер көзге кек отына күйеді (Островскийдің Катеринасы) т. б. Көне әдебиеттерде, әсіресе грек әдебиетінде, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық образға психологиялық дәлел болатын, көбіне, жазмыш еді. “Жазмыштан озмыш жоқ” дегендей, әдебиеттегі адамдар ылғи ғана жазмыш құрбаны боп отырады. Эсхилдың Климнестрасы, . Софоклдың Антигонасы, Эврипидтің Медеясы — бәрі де осындай тағдырдың адамдары. Бірақ, бір ескеретін нәрсе, осылардың бәрінде де жазмыш адамдарды әшейін тәңірге көзсіз табындыру үшін ғана алынбаған, адамдарды өз кезінің адамгершілік салты мен ғұрпына бағындыру үшін алынған. Міне, дәл осы идея қазақ әдебиетін-дегі де арғы-бергі трагедиялық образдарға шешуші себеп, болған! Мысалы, “Қыз Жібек” жырындағы Төлеген Бекежан қарақшының жауыздық құрбаны ғана емес, әкесі; Базарбайдың батасын аттап, әке мен бала арасындағы) көне тәртіпті бұзғаны үшін де жолы болмаған жан секілді. Қысқасы, осының бәрі, Маркс атап көрсеткендей, “көне тәртіп — қасірет” еікенін, “оған құрбан болу — трагедия” және трагедиялық образ туғызып отырғанын дәлелдей түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]