Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз

Көркемдік Ойлау өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. Мұның ғыл.-теориялық ойлау жүйесінен өзгешелігі бар. Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні - дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік түрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-түрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй қүбылыстары және киял ыркымен жүзеге асатын суретті, бейнелі үғымдар синтезі Көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсен- ділігі, эстетикалық сезімінің кемелдігі, сергектігі, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық, түтанғыштық қасиеттер Көркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Көркемдік идея. Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сөзіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» , «Алыстан сермеп...», «Ғылым таппай мақтанба...», «Болыс болдым, мінеки...» секілді таңдаулы көркем туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер - білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесепатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Және осы идеялар ақын шығармалары тақырыбының ең басты күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен келешегі, поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойларымен сабақтас өріледі. Өйткені Абай поэзиясының басты тақырыптары, идеялық нысанасы ұлы ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады. Абай поэзиясының идеялық құндылығы алдымен айналадағы өмір, болмысты, қоғамдық құбылыстарды мейлінше кең қамтып, нақтылы бейнелеуінен, ел тағдырына, өміріне қатысты ең маңызды әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде, озат арман-мақсаттар тұрғысынан толғай білуінен танылады. Әрине, поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы жағдайлардан алған әсерлер түрінде туған идея болып келеді. Жалпылама жағдайға қатысты қорытынды - түйін, ақыл-кеңес, насихат болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озат идеялылықпен ұштасып жатады. Ақынның шығармаларының қай-қайсысында да өмір шындығы әр қырынан көрінетінін, алынған тақырып, айтылған ой, идея ақынның көңіл күйі, жан сезімі әр түрлі нақтылы көркемдік шешімін табатынын ескеру керек. Шынайылық тұрғысынан да, идеялылығы тұрғысынан да әр поэзиялық шығармаға әр түрлі өлшеммен келіп, жанрлық, тақырыптық, композициялық өзгешелігіне сәйкес талап қойсақ болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]