- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
“Образ” – деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші көркем сөз мағанасында, екінші – адам образы - тип мағанасында.Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз.Екінші “адам образы”- тип мағанасында қолданамыз. Бұрын образ деп ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды.Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қана қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен орнтасы дәл келетін көп адамдарға тән іс әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең коректі, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп, көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материялды жинақтаудан әдеби тұлған ы даралауға дейін барады.Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шынндығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал “образ –эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалғанадам өмірінің әсем суреті”. Образ жасау – тек таланттыға тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы - тип” дейді Белинский.Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі “инемен құдық қазғандай” қиын әрекет.
Билет №4
Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
Әдебиет теориясында әдіс мәселесінен көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығар. Алдымен, әдіс деген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер әшейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт оздырудың керегі жоқ, өйткені бәрінікі — бір ұғым. “Әдіс — творчестволық тәсіл” дейді Б. Щербина. “Творчестволық тәсіл дегеніңнің өзі не нәрсе,— дейді Л. Тимофеев,—оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?”.Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние таным категориясымен қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.Г. Абрамович “әдіс — шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова “әдіс — өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” дейді.Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ” десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екеуінің ара жігі айқын екенін, яғни “әдіс - ағымнан әлдеқайда кең, ұғым” екенін айтады.Шынында, қалай өзі? Айталық, романтизм немесе реализм… Осылар ағым ба, әдіс пе? Біреулер әдіс десе, біреулер ағым дейді; ал үшінші біреулер әрі әдіс, әрі ағым деп, екеуіне бірдей телиді.Байқап отырсақ, бұлайша бұлдыратып жүрген тек бүгінгілер ғана емес екен. “Менің бір байқағаным,— деп жазыпты бір кезде Пушкин Вяземскийге,— біздің бәріміздің романтизм туралы түсінігіміз барып тұрған бұлыңғыр”. Айтты-айтпады, “романтизм әр үйдің әруағы тәрізді,— деп жазыпты Вяземский Жуковскийге,— жұрттың көбі осыған ден қояды, әйтеуір осындай бірдеңе бар деп біледі; бірақ қайда сол, қай жерден көруге болады, саусақпен түртіп байқауға бола ма өзін?..”Қысқасы, романтизм жайлы әр тарап әңгіме сол Пушкин заманының өзінде ондаған жылға созылған, әйтседе “бірде-бірі мәселенің басын ашып бере алмаған, романтизм бәз-баяғы құпия һәм жұмбақ қалпында қалған да қойған” (Белинский). Содан бері, міне, бір жарым ғасыр өтті, бірақ романтизм хақындағы айтыс әлі толастаған жоқ. Бірақ біз романтизм мен реализмді әдіс деп танып, фольклористика мен әдебиет теориясы саласына ортақ әдіс екенін айтқымыз келіп отыр. Кез келген әдіс әдебиет теориясында аталады. Ал фольклористикада көрініс табатыны романтизм әдісі. Өйткені ол жерде жақсылықты аңсау, арман-мұраттарға ұмтылу бар. Мысалы, эпостардың барлығы да батырдың алапат ұлымдыққа қарсы күшін сипаттап, ақырында оның жеңуші, сүйген жарына қосылушы кейіпкер ретінде көрсетеді.
