- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі — әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиет пен өнердегі типтілік дегенді кейбіреулердің жеке-дара проблема қып бөліп әкетіп, оның маңында жан түсшбес жаңылтпаш қисын қалыптастырмақ боп, қай-қайдағы қасаң қағидаларды тізеге сап иіп құ-растыруы әсіресе кісі қынжылар нәрсе болатын. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уакыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады. Мұның өзі, сайып келгенде, әдебиетшінщ әдеттегі әрекеті, яки творчестволық процесс. Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, талғампаздық керек. Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң-иірімдерін ғана емес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланады. Бұл ретте, мәселен, Хемингуэй әдеби творчествоны айсбергке балайды. Айсбергтің су бетінде көрініп тұрған бөлегі — су астында жатқан бөлегінің тек жетіден бірі ғана болады екен. Сол секілді қаламгердің белгілі бір көркем шығармада жазып көрсеткен жайларынан көрсетпеген жайттары әлдеқайда артық, көп болғаны жақсы. Шығармаға қажеті шамалы, “альп тастауға болатын нәрсенің бәрін алып тастай берген жөн,— дейді Хемингуэй,— олар су астына кетеді де, біздің айсбергімізді орнықтырып, нык бекіте түседі”.* Бұл, әрине, шартты айтылған пікір, бірақ талғампаздық тұрғысынан өте дұрыс қойылған талап. Сонымен, әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Мұның өзі типтілік проблемасы — әдебиеттін, жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне ‘беретін жадағай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең творчестволық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады. Шындық кұбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.
Билет №3
Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
Әдебиет теориясы көркем әдебиетің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Ә-тің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып білуге болады. Ал осы теорияны қалыптастыру үшін тарихының маңызы зор. Өйткені оның тарихы жеке алғанда бір елді, жалпы алғанда бүкіл адам баласының тарихында көркем ә-тің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын атам замандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап сарапқа салатын да ә-тің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой-өрісіне байланыстыра зерттейді. Олай етпей, ауыз ә-нің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын әділ бағаланып, әдеби дамуындағы өзіне лайық орын алуы мүмкін емес. Яғни әдебиет теориясын нәзік түсінбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сырын өрбіту мүмкін емес. Егер болашақта әдебиет саласында мықты маман болғымыз келсе, оның 3 саласында жетік меңгеруіміз керек. Жетік меңгерушілер деп Белинский, Чернышевский, Добролюбов сынды ғалымдарды айта аламыз.
