Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.

Эпикалық жанр – әдебиеттің айрықша түрі эпостан немесе эпикалық поэзиядан жасалынатын жанр түрі.Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады.

Эпос (грекше epos – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді:

1. Шағын көлемді;

2. Орта көлемді;

3. Кең көлемді.

Шағын көлемді эпикалық жанрға миф, аңыз, ертегі, мысал (басня), новелла, әңгіме, очерк, фельетон жатады. Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері); кейін римляндарға ауысқан. Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіресе қиял аралас фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Аңыздар әр халықта бар. мысалы, қазақ халқында Асан қайғы туралы аңыз, орыс халқында «суы- сүт, жағасы бал қаймақ» өзен туралы аңыздары бар. Аңыздар кейде ел аузында, кейде жазба түрде тарихта болып өткен белгілі адамдар не оқиғаларға негізделіп қалыптасады. М. Горкийдің «Изергиль кемпірі» мен С. Мұқанотың «Патшаны қуған батыры», А. Твардовскийдің «Москва туралы баладасы» мен Х. Ерғалиевтің «Аңыз атасы» ел аузында аңызға айналған шындықтарға негізделген. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі әң қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, мазаққа айналдырылып, сықақпен саналады.

Новелла (итальянша novella – жаңалық, соны сөз) – бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш,өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Шағын эпостың әңгімеге жақын түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, ірлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнелуге тиіс. Фельетон (французша feuilleton – парақ) – бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған. Орта көлемді эпикалық жанрға повесть, поэма жатады. Повесть. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгереді. Повестте шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстарды кеңірек, біраз дамыта суреттеледі. Поэма (грекше poiema – туынды) – өлеңді повесть, өмірде болған, не болуы тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Кең көлемді эпикалық жанрға роман, эпопея, проза жатады. Роман – күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драмажанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды. Мысал ретінде М. Әуезавтың «Абай жолы» туындысын, Л.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік”, М.Шолоховтың “Тынық Дон” шығармаларын алуға болады. Проза - қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]