Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.

Драма (гр. dramo — әрекет) – көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді. Бұлар өзара суреттемек болған оқиғасын және оқиғаға қатысушыларды талғап алу түріне қарай бөлінеді. Трагедия(грекше – tragos – ескі, ode - ән, жыр.). Трагедия сахнаға арналып жазылады.Мұндағы көрсетілетін күрестің өзгешелігі,автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді.Трагедияның көпшілігі қаһарманның өлімімен аяқталады.Адамның жолындағы “жеңуге болмайтын” ең қорқынышты, ең маңызды күштер қайсы, - ол жазушының өмірді қалай танитындығына, таптық көзқарасына байланысты. Әр таптың жазушысы “жеңуге болмайтын” қиыншылықтарды өзінше түсінеді. Ескі гректердің трагедияларында (мысалы, Эсхилдың трагедиясында) жазмышпен, тағдырмен күресте қаһармандары өлім табады. Комедия (грекше komadia - күлкілі қызық, ән) - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақөпен сынап, айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, “өмірдің биік поэзиялық сәттерін” суреттемейді, қарапайым “күнделік прозасын, үсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын” суреттейді. Драма – сахнаға қоюға лайықтап жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Драмада әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінің кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейін туған. Трагедия адамның жеңуіне болмайтын, адамның күшінен тыс күштермен күреседі. Ал драмадағы қиыншылық ондай емес, мезгілмен, белгілі жағдаймен байланысты болып келеді. Мысал үшін Мұхтардың “Түнгі сарынын” алалық. “Түнгі сарында” байларға қарсы шаруалардың көтерілісін көрсетеді. Сол көтерілістің негізгі себептерін ашады. Ауыр дерттейбайлардың еңбекшілерді қанаушылығы еңбекші бұқараның революцияшыл қозғалысын туғызды деп дәлелдейді. Тартыстың белгілі бір мезгілде, осы сықылды жағдайда болғанын айтады. Бұл тартыста екі таптың өкілі етіп бірнеше адамдарды алады. Езілген еңбекші таптың өкілі етіп Жантас, Тәнекелер тағы басқаларды көрсетеді. Езуші таптың өкілі етіп Кәрім, Майқан тағы басқаларды алады. Бұ тартыста Жантас және сол сияқты бірнеше адамдар құрбан болады.

Билет №13

  1. «Пизондарға арнау» қандай туынды?

Көне дүниеде туған көркемөнер жөніндегі терең толғам мен адам таңқалғандай тамаша талғам әйгілі Рим ақыны Квинт Гораций Флакктың (б. э. б. 65—8 ж. ж.) “Поэзия ғылымы” деген теориялық поэмасында бар. Бұл шығарма алғашқы нұсқасында “Пизондарға хат” деп аталғанды. Пизон деген ақсүйектің екі улы болған, үлкені дарынсыздау драматург екен. Гораций “Поэзия ғылымында” соларға айтқан ақыл түрінде өзінің бүтін бір эстетикалық жүйесін саралап ұсынады. Ол алдымен дарынсыз әлдекімдердің ұялмай өлең деп жазатын бірдеңелерін “ұйқастырған тізерлеп, мағынасыз құр ермек” деп қатал сынай келе өнердегі идеясыздыққа қарсы ымырасыз күрес ашады. Одан әрі Гораций өнер туындысының ірге тасы мен қайнар көзі — парасат деп түйеді. Горацийдің көбіне-көп көңіл бөлгені — көркем шығарманың композиция-сы. Ол шығарманың шынайы, сұлу болуын талап етеді. Бұл ретте Горацийдің Пизон әулетіне арнап айтқан мына пікірлерін мысалға келтіруге болар еді:

— Егер,— дейді ол,— сурегші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның үстіне әлем-жәлем қауырсындар шанышса немесе денесі жұп-жұмыр әдемі әйелдің кеудесінің жоғарғы тұсына балықтың басын қондырып қойса, бұған күлмей шыдап тура алар ма едіңдер, достар? Пизон әулетшің кпаптары да осындай оспадар суретке ұқсас, олардың бәрі ауру адамның түсі секілді әрі-сәрі бірдеңелер ғана. Қітап та, адам тәрізді, оның аяғы мен басы бір жерде тұрмас болар. Гораций ақынның, жалпы суреткердің творчестволық қиялына қарсы болмаған, “бірақ құсты жыланға, жолбарысты қойға қосып, қойыртпақтауға” қарсы. Оның суреткерлерді әсіресе қатты сақтандырғаны — “құр сырты жылтыраған жалған бояу”; қолдан ғаламат жасамақ боп, “дельфинді орманға апару, қорқауды теңізге әкелу”. Өзінің өнер жайлы теориялық поэмасында Гораций ақындар алдына адам таңқалғандай дұрыс эстетикалық талаптар қояды. Олардың көбі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның талабы бойынша, өнер туындысының бәрінен бұрын көркемдік сапасы жоғары болуға тиіс, өнер туындысында орта қол дүние болмауға тиіс. Әрине, дейді Гораций, жер үстінде, айталық, юрис-консульт секілді, “әрі тарт, бері тарты” жоқ орта қолдықты қалайтын кәсіп не мамандық болады. Ал ақынға “орта колдықты адам түгіл, ағаш та кешірмей-ді”; поэзия — аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін допқа жуымайды, дейді Гораций әрі күліп, әрі қынжылып, ал өнер дегеннің не екенін білмейтін жарықтықтар өлімін сатып, өленге жармасатыны несі?..

Горацийдің жаңа жаза бастаған жас қаламгерлерге берер ақылы — асықпау, жазып сақтап қою, біраз уақыт өткен соң оған қайта оралу, жөндеу, қайта жазу, тағы жөндеу, оқырман жұртқа әбден қапым жоқ дегенде ғана ұсыну. Қысқасы, көне дүние ойшылдарының ішінде Квинт Гораций Флакк эстетикасының орны айрықша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]