- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
Асқақтық — жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Осы игерілмеген, кейде шамадан тыс қатерлі күштердің алдында тұлға еріксіз болып кетеді. Егер сұлулық еркіндік саласына жатса, онда асқақтық ерліктері мен ауқымды шығармашылығы адамдағы асқақтықтың объективті бастауларына жатады. Антика мен орта ғасырда асқақтық тек стильге қатысты сипат деп танылды. Осы үрдістің бастау көзінде жалған Лонгин жазды деп саналатын «Асқақтық туралы» (Б.з.I ғ.) трактат тұрды. XVIII ғ. екінші жартысында эстетикалық санаттама мәртебесіне ие болып, әдемілікке сайма-сай деп танылды. Асқақтық Э. Берк және оның ізін ала И. Кант тарапынан құзырлылық пен ұлықтықтың әлеуеті, ауқымдылығы, шексіздігі ретінде көрініс табуы болып саналды. Әдеміліктен өзгешелігі тынымсыз пайымдаманы, жан дүние алабұртуын, қиялды шарықтатып, ой ала құйындылығын тудыратын бейберекетсіздік, ретсіздікпен байланысты болып келеді. Кант асқақтық біздің әлеуетімізді оятады деген ой түйеді. Философ асқақтықты адами болмыс ретінде емес, табиғи стихия ретінде қарастырады. «Зәреңді зәр түбіне кетірер құзар шың, бұлтты аспан, жанартау мен алапат дауыл, тайдай толқыған мұхит толқыны жиылып келгенде біз асқақтық деп атайтын көңіл күй ауанын тудырып, бәрін бағындырған табиғатқа қарсы ұрыс салуға үндейді» деп жазады Кант[31]. Кант түсінігіндегі асқақтық әр ел мен дәуірдің өнері мен әдебиетінде кеңінен таңбаланады. Шекспирдің дауылын, Лермонтовтың «Мцыри» поэмасындағы пейзаждар немесе Толстойдың «Казактарын» (Оленинді Кавказ тауларының құзарлығының таң тамаша қалдыруын) еске түсірейік. Ф. Шиллер Кантты толықтыра түсетін арнайы еңбегінде адами әлемдегі асқақтықты қаһармандық көзсіздікпен байланыстырып. «Ұлық сол – кім қорқынышты жеңеді, асқақ сол – жеңілсе де, қорқыныштың не екенін білмесе» дейді[32]. Оның үстіне, Шиллер асқақтықты патетика және аффектімен байланыстырады. Ол «патетикалық-асқақтық» туралы сөз етіп, мысал ретінде, Софоклдің Медеясын келтіреді. Осы орайда М.Бахтиннің: «Патетикалық сөзде сөйлеуші өзін ақыр-соңына дейін ашады» дегенін еске алған орынды. ХХ жүз жылдықта асқақтық патетикалықпен өзінің көп ғасырлық байланысын солғындатып алды. Ол адамдардың жеке өміріне тән формаға еніп, байыпты да, жеке бастық интимді, кейде ой мен пікірді ауызекі «прозалық» жолмен білдіретін, енді бірде тіптен жақ ашпайтын сипатқа ие болды. Бұған дәлел, Матерлинктің («Аглавена мен Селизетта») және кейінгі Ибсеннің («Құрлысшы Сольнес») пьесалары. Сонымен бірге, патетикалық-асқақтық сөз өнерінен мүлдем қол үзген жоқ дейді Мария Цветаева. Ол В.Маяковскийде де ашық бой көрсетті. Егер Шиллер бойынша, асқақтық жеке тұлғалық сипатқа ие болса, ең алдымен, бет-бейнесі тұмшаланған тұлғалардың күй кешуі мен іс-әрекеттерімен байланысты дионистік көп жағдайда онымен үндеседі (екеуінде де адам стихияға тәуелді болып келеді). Ф. Ницше авторы болып табылатын «Музыкалық рухтан туған трагедия» (1872) трактатының арқасында ХХ ғ. эстетикалық санаттың қатарына қосылған дионистікпен асқақтық төркіндес болып келеді. Әдемілікті оның дәстүрлі ұғынымында философ антикалық санат пен эпоста айырықша көрініс тапқан аполлондық бастау көз ретінде сипаттады. Онда сезім шегі, ақылман тыныштық, басы асау еркіндік атойлайды. Бірақ адам табиғаты бұдан да басқа нәрсеге иелік етеді деп пайымдайды Ницше. Бұл дионистік адамның түпсіз тереңіне бойлайды. Фиолософтың ойы бойынша: аполлондық бастау көз стихия мен еріксіз пайымдау аясын жасырады, оның өзегі – елес пен алдану болып табылады. Дионистік – мерекелік мас болудың аясындағы (Дионис-Вакх шарап құдайы) түс көру мен арманның өрістеуі, беріле өліп-өшкен құштарлық, жан-дүниеңнің алас ұруы мен ес кетірер ынтықтық. Автор бұның бәрін Вагнер рухындағы классикалық емес Моцарттық музыка құдіреті төңірегінде эстетикалық дыбыстардың таңғажайыптығына теліді[33]. Ницшенің кейінгі еңбектерінде дионистік эстетика биліксіз тұра алмайтын бетер адамның /сверхчеловек/ (термин С.Қондыбайдікі) құндылығы ретінде ұғындырылды. «Заратустра солай деген» поэмасының қаһарманы «Әдемілік деген сонда мен өзімнің жан-тәнімен қалаған жерімде» деп мәлімдейді де, өзінің дерттерінің нышан-белгісін айқындайтын «пайымдауды» «бақылаудың қысық көзділігі» деп атайды[34]. Философ тәртіп пен ретке түсірілгеннің бәрін тыныш та, бейбіт қабылдау астарында пайымдау жатыр деп санайды.
